Идеал модельдеу
Идеал модельдеу екі негізгі түрге бөлінеді: интуитивтік жəне
ғылыми. Бізді қоршаған ортаның жарқын интуитивтік моделіне кез
келген адамның өмірлік тəжірибесін келтіруге болады. Осы мо-
дельдеу түріне көптеген ғасырлар бойы жинақталған жəне ұрпақтан
ұрпаққа берілетін біліктер мен білімдерді (мысалы, ауруларды дəрі-
лік шөптерді жəне халықтық медицинаны пайдаланып емдеу
қабілеті) жатқызуға болады. Күзетілетін құбылыстардың себептері
мен механизмдерін түсіндірмейтін кез келген эмпирикалық (яғни
тəжірибе немесе күзету үдерісінде алынған) білімді де интуитивтік
деп айтуға болады.
Зерттеу объектісі жайлы интуитивтік түсініктерге (формаль
логика позициясы тұрғысынан негізделмеген) негізделген, формаль-
дауға келмейтін немесе оны қажет етпейтін модельдеуді интуи-
тивтік модельдеу деп атайды.
Интуицияның, интуитивтік модельдердің ғылымда алатын орны
ерекше, қандай да бір жаңа білімдерді оларды пайдаланбай алу
мүмкін емес.
Модельдеу объектісін күзету негізінде гипотеза ретінде қабыл-
данған минимал санды болжамдарды пайдаланатын, əрқашан логи-
калық негізделген модельдеуді ғылыми модельдеу деп атайды.
Ғылыми модельдеудің интуитивтік модельдеуден басты айыр-
машылығы модельдеудің өзінде қажет амалдар мен іс-əрекеттерді
22
орындауды білуде ғана емес, сонымен бірге мұнда пайдаланатын
«ішкі» механизмдерді де білу болып табылады.
Модель ретінде қандай да бір түрдегі таңбалық кескіндерді: сыз-
банұсқаларды, графиктерді, символдар жиынтығын жəне т.б., сон-
дай-ақ таңдалған таңбалық құрылымдар мен элементтермен орында-
латын амалдар заңдары мен ережелерін пайдаланатын модельдеуді
таңбалық модельдеу деп атаймыз.
Мұндай модельдерге мысал ретінде, кез келген алгоритмдік
тілді, химиялық формулалар тілін, музыкалық шығармаларды жазу-
ға арналған нота тілін жəне т.б. келтіруге болады. Таңбалық форма
ғылыми, сонымен қатар интуитивтік білімдерді де беру үшін пайда-
ланылады. Математикалық қатынастар көмегімен модельдеу де
таңбалық модельдеуге жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |