тарау. Математикалық модельдеу модель түсінігі



Pdf көрінісі
бет2/25
Дата02.01.2022
өлшемі447.73 Kb.
#452781
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
4 тақырып. Математикалық модельдеу

1.1-сурет. Модель анықтамасына мысал. Қасиеттер қиылысуының 

аймақтары штрихталған, объект үшін олар қалың сызықтармен,  

модельдер үшін жұқарақ сызықтармен шектелген. 



15

 

 



Жақсырақ жоспарлау қабілеттілікті тікұшақтың қағаздан жасал-

ған кішірек үлгісі модельдейді (2-модель) – арнайы қайыстырылған 

қағаз парағы. Бұл жағдайда қасиеттер қиылысуы аймағына осындай 

ұшуға жауапты қасиеттер кіреді, ал түс пен форманың маңызы бол-

майды.  Тікұшақ  қанаттарының  вибрациялануы  қабілеттіліктері 

математикалық  теңдеулер  көмегімен  модельденуі  мүмкін (3-мо-

дель). Бұл жағдайда тікұшақ  қанаттарының қозғалысы мен модель-

дік  теңдеу  шешімдерінің  тербелістік-толқындық  сипаты  дəлме-дəл 

түседі.  Ауада  қозғалу  қабілеттілігі  бойынша  тікұшақ  құсқа (5-мо-

дель)  ұқсайды,  бірақ  ұшу  принципі  құстарда  мүлдем  басқаша,  сон-

дай-ақ  биологиялық  жүйелердің  ұйымдастырылу  деңгейі  өзгеше, 

жоғары  болады.  Тікұшақтың  жеткілікті  деңгейдегі  толық  моделі 

ретінде кез келген басқа тікұшақтарды (4-модель) пайдалануға бола-

ды, бірақ толықтай өзіне ұқсас тек қана өзі бола алады. Келтірілген 

сурет те біздің анықтаманың моделі болады. 

Біздің  əрбіріміздің  басымызда  жинақталған  білімдеріміз  шкаф-

тағы киімдеріміздің жиынтығына – гардеробымызға ұқсаған болады. 

Осы жиынтық қаншалықты көп жəне сан алуан болса, соншалықты 

біздің болып жатқан оқиғаларды бағалау мүмкіндігіміз кең болады. 

Осы  ретте  мынадай  фантастикалық  аңызды  айта  кеткенді  жөн  көр-

дік. 

«... Терезенің сыртынан қатты ысқырынған дыбыс естіліп, соңы-



нан  үлкен  терезе  айнасы  шытынап  сынып,  жан-жаққа  шашырады 

жəне жаздың таза ауасымен бірге бөлмеге жартылай көмескі, дерлік 

көрінбейтін,  жағал-жағал  жəне  үсті  сұйықтық  секілді  белгісіз  бір 

нəрсе  ұшып  келді  жəне  тура  залдың  ортасына  топ етіп құлап  түсті. 

Дүкендегі  сатылымға  келгендердің  ішінен  фантастикаға  қызығатын 

біреуінің  аузынан  «Келгінді» – деген  сөз  шығып  кетті.  Қорқыныш-

тан  кері  шегініп  кеткен  сатушылар  мен  сатып  алушылар,  дүкенді 

жай  аралап  жүргендер,  оқиға  орнында  болған  екі  полиция  қызмет-

кері мен қайдан пайда бола кеткені белгісіз теледидар жүргізушілері 

белгісіздің  маңайында  аңтарылып  тұрып  қалды.  Ол  қозғалмады 

жəне уақыт өткен сайын ерте көктемдегі жəне кешкі күздегідей тере-

зенің айнасын алғаш жəне соңғы рет жуғандағыдай көрінбейтін бо-

лып бара жатты. 

Адамдар көбейе түсіп, дүкен тола бастады. Онда қызу талқылау 

жүріп жатты: Ғарыш бізге кімді жіберген? Фантастикалық əдебиетті 

оқымаған көпшілік белгісіз нəрсе адам деп ойлады, бірақ қандай да 

бір  деформацияланған,  өзгеше,  адамға  онша  ұқсамайды.  Бірақ  бұл 

жағдайда  оның  басы  болуы  керек  қой!  Алдыңғы  қатардағылардың 

ішінен  батылдары  мен  пысықтары  осы  пікірді  тексеріп  көруді 



16

 

 



ұсынды. Қандай да бір жаман нəрсені жұқтырып алып, күйіп қалмау 

үшін  сөрелердегі  жəне  дүкен  шкафтарында  тола  болған  киімдер 

модельдерін  оған  тиместен  өлшеп  көруге  келісті.  Жақын  тұрған 

шкафтардың  бірінен  бас  киімнің  түрлі  үлгілері  мен  өлшемдері  бар 

болып шықты жəне оларды оның үстіне кигізе бастады. Бас киімдер 

шынында  орнына  түсті,  алайда  толықтай  тегіс  емес,  бірақ  түсіп  те 

кеткен жоқ. Бəрінен орнына жақсы қонғаны жасөспірімдердің шаң-

ғылық  кішілеу  бас  киімі  болды.  Сондықтан  мұндай  дене  үшін 

кішкентай  болса  да,  адамдар  оның  басы  шынында  бар  деп  шешті 

(1.2-сурет).  Теледидар  жүргізушілері  көршілерін  жұлқылай  итере, 

келгіндінің  адамға  ұқсастығы  жайлы  жаңалықты  редакцияларына 

хабарлау үшін бірінші болып телефонға жүгірді. Осы арада алдыңғы 

қатарлардағы зерттеушілер логикаға сай адамға тəн басқа да сипат-

тардың  бар  ма  екендігін  тексере  бастады.  Аздаған  əрекеттен  соң 

оған  жейде  мен  шалбар  кигізді.  Бұл  енді  адамға  туыстас  тіршілік 

иесінің келуінің айқын дəлелі болды – бізде де қол мен аяқ бар. Ал-

дыңғы  қатардағы  белсенділер  күшімен  зерттеулер  тоқтаған  жоқ. 

Шалбардан  төмен  етік  кигізілді,  бірақ  олар  жақсы  қонып  отырған 

жоқ,  аяқта  айналып  тез  түсіп  қалды.  Таңдануға  болмайды:  себебі 

əдеттегіден өзгеше адам ұшып келген, мүмкін табандары жетілмеген 

мүгедек болуы мүмкін. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет