Модельдеу мақсатына қатысты математикалық
модельдер классификациясы
Модельдеу мақсатына қатысты модельдерді дескриптивтік,
тиімдеу
жəне басқарушылық деп бөлуге болады (1.12-сурет).
1.12-сурет. Модельдеу мақсатына қатысты классификациялау
Дескриптивтік модельдердің
мақсаты – модель параметрлерінің
өзгеру заңдылықтарын анықтау болып табылады. Мұндай модельге
Ньютонның екінші заңын пайдаланатын материалдық нүктенің оған
əсер етуші күш нəтижесіндегі қозғалысын келтіруге болады. Бастап-
қы уақыт моментінде нүктенің орны мен жылдамдығын (бастапқы
берілгендер), массаны (өзіндік параметр) жəне оған əсер етуші күш-
тердің (сыртқы əсерлер) өзгеру заңдарын беру арқылы кез келген
уақыт моментінде нүктенің жылдамдығы мен координаталарын
(шығыс параметрлері) анықтауға болады. Бұл модель шығыс пара-
метрлерінің кіріс параметрлеріне тəуелділігін сипаттайды. Сондық-
тан дескриптивтік модельдер сипаттамалық жəне мағыналық мо-
дельдері формаль модельдеу деңгейінде жүзеге асыруы болып табы-
лады.
Тиімдеу модельдері
қандай да бір критерий тұрғысынан модель-
денетін объектінің тиімді параметрлерін немесе қандай да бір
үдерістің тиімді басқару режимін анықтауға арналған. Əдетте, мұн-
дай модельдер бір немесе бірнеше дескриптивтік модельдерді пай-
далана отырып құрылады жəне мұнда ең жақсысын таңдау мақса-
тында шығыс параметрлері мəндерінің түрлі нұсқалары жиынтық-
тарын өзара салыстыруға мүмкіндік беретін қандай да бір критерий
болады. Кіріс параметрлерінің мəндерінің аймағына қарастырылып
Достарыңызбен бөлісу: |