тарау. Математикалық модельдеу модель түсінігі


 Модельдер классификациясы



Pdf көрінісі
бет4/25
Дата02.01.2022
өлшемі447.73 Kb.
#452781
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
4 тақырып. Математикалық модельдеу

1.2 Модельдер классификациясы 

 

«Модель»  ұғымының  бір  мəнді  еместігі,  модельдеу  түрлерінің 

көптігі мен олардың күн санап арта түсуі бүгінгі күнде барлық сала 

мамандарын  қанағаттандыратын  модельдер  классификациясын  құ-

руды  қиындатады.  Кез  келген  күрделі  құбылыстар  мен  үдерістерді 



19

 

 



классификациялау сияқты модельдерді классификациялау да күрделі 

жəне  көпжақты  сипатқа  ие.  Мұның  объектив  себебі – зерттеушіні 

объектінің, құбылыстың немесе үдерістің бір немесе бірнеше қасиеті 

қызықтырады. Сондықтан классификациялау негізіне көптеген түрлі 

классификациялық белгілерді: сипаттау тəсілі, функционалдық қыз-

меті,  құрылымдық  қасиеттері,  қолданыс  аймағы  жəне  т.б.  алуға 

болады. Модельдерді классификациялауда біз [11] келтірілген клас-

сификацияға жүгінеміз. 

Модельдеуді зерттеудің эмпирикалық жəне теориялық деңгейде 

пайдалану  модельдері  шартты  түрде  материалдық  жəне  идеал  деп 

бөлуге алып келеді. 

Материалдық модельдеу – бұл сондай модельдеу болып, мұнда 

объектіні  зерттеу  осы  объектінің  негізгі  физикалық,  геометриялық, 

динамикалық жəне функционалдық сипаттамаларын келтіріп шыға-

ратын оның материалдық аналогын пайдалану арқылы орындалады. 

Мұндай  модельдерге,  мысалы,  сəулет  құрылысындағы  макеттерді, 

түрлі  көлік  құралдарын  құрудағы  модельдер  мен  тəжірибелік  үлгі-

лерді пайдалануды келтіруге болады. 

Идеал модельдеу материалдық модельдеуден объектінің аналогы 

мен  моделіне  негізделмегендігімен  айырмашылық  етіп,  объектінің 

идеал, ойдағы моделін басшылыққа алады жəне əрқашан теориялық 

сипатта болады. 

Идеал  модельдеу  материалдық  модельдеуге  қатысты  бастапқы 

болғандықтан  (алдымен  адамның  санасында  идеал  модель  қалып-

тасады,  соңынан  оның  негізінде  материалдық  модель  құрылады) 

модельдеу түрлерін 1.3-суреттегідей беруімізге болады. 

Осы модельдеу түрлеріне қысқаша тоқталып өтеміз. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет