Когнитивтік, концептуалдық жəне формалдық модельдер
Жоғарыда атап өтілгендей, тұпнұсқа – объектіні күзетуде зерт-
теушінің басында объектінің қандай да бір ойша образы, оның идеал
моделі қалыптасады, оны ғылымда когнитивтік модель деп атайды
[56]. Мұндай модельді құра отырып, зерттеуші нақты сұрақтарға
жауап беруге əрекет етеді, сондықтан объект, құбылыс немесе
үдерісте маңызды болмаған жақтары оны ықшам жəне түсінікті
сипаттау, зерттеу мақсатында қарастырылмайды.
Когнитивтік модельді табиғи тілде бейнелеуді мағыналы модель
деп атайды.
Когнитивтік модельдер субьективті сипатқа ие, себебі олар
зерттеушінің «басында» оның алдыңғы барлық білімдері мен тəжі-
рибесі негізінде қалыптасады. Когнитивтік модель жайлы түсінікті
оны таңбалық формада сипаттап қана алуға болады. Когнитивтік жəне
мағыналы модельдерді эквивалент деп тұжырымдауға болмайды,
себебі, когнитивтік модельде зерттеуші сипаттай алмайтын немесе
сипаттағысы келмейтін элементтер болуы мүмкін. Сонымен қатар
егер мағыналы модельді басқа біреу сипаттаған немесе ол ұжымдық
шығармашылық өнім болса, онда оны интерпретациялау, түсіну дең-
гейі, сенімділік дəрежесі интерпретаторға байланысты айтарлықтай
өзгеруі мүмкін. Жаратылыстану пəндері мен техникада мағыналы
модельді көбінесе мəселенің техникалық қойылымы деп атайды.
Функционалдық белгілері жəне мақсаттары бойынша мағыналы
модельдер сипаттамалық, түсініктемелік жəне болжамдық болып жік-
теледі. Сипаттамалық модель деп объектінің кез келген сипатталуын
айтуға болады. Түсініктемелік модель не себептен бір нəрсе болып
жатыр деген сұраққа жауап беруді қамтамасыз ете алады. Ал бол-
жамдық модель объектінің болашақтағы жағдайын сипаттауы қажет.
23
Сипаттауда модельдеу объектісін зерттеумен айналысатын бі-
лімдердің пəндік аймақтарының түсініктері мен ұғымдарын пайда-
ланатын мағыналы модельді концептуалдық модель деп атайды.
Кең мағынада концептуалдық модель дегенде белгілі бір кон-
цепцияға негізделген мағыналы модельді түсінеміз.
Концептуалдық модельдер: логикалық-семантикалық, құрылым-
дық-функционалдық жəне себепті-салдарлы болып үш түрге бөлінеді.
Логикалық-семантикалық модель объектінің барлық белгілі
логикалық жəне қайшылықсыз тұжырымдар мен фактілерді қамты-
ған білімдердің сəйкес пəндік аймақтарындағы терминдер мен анық-
тамалардағы сипатталуы болып табылады. Мұндай модельдері тал-
дау логика құралдарымен сəйкес пəндік аймақтарда жинақталған
білімдер арқылы жүзеге асырылады.
Құрылымдық-функционалдық модельді құруда объекті, əдетте,
жеке элементтер немесе жүйе ішжиындарына бөлінетін тұтас жүйе
ретінде қарастырылады. Жүйе бөліктері бағыныңқылықты, жекелен-
ген есептерді шешудің логикалық жəне уақыттық тізбектерін сипат-
тайтын құрылымдық қатынастарды байланыстырады. Мұндай мо-
дельдерді бейнелеуде түрлі сызбанұсқалар, карталар мен диаграм-
малар кең пайдаланылады.
Себеп-салдарлы модель объект жағдайын түсіндіру мен болжау
үшін пайдаланылады. Бұл модельдер негізінен: 1) зерттелетін объек-
тінің құрамдас элементтері арасындағы негізгі өзара байланыстарды
анықтауға; 2) бір факторлардың өзгеруі модель компоненттеріне
қалай əсер ететіндігін анықтауға; 3) модель жалпы қалай жұмыс іс-
тейді жəне ол зерттеушіні қызықтыратын параметрлер динамикасын
адекват сипаттай алатындығына бағытталған болады.
Достарыңызбен бөлісу: |