Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет28/35
Дата24.02.2016
өлшемі2.95 Mb.
#14826
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Использование персональных компьютеров при обучении учащихся 5-6 классов решению математических задач. //Сборник научных статей ІҮ Международного форума «Информатизация образования Казахстана и стран СНГ». – РЦИО, Алматы, 2006.–С.281-283.

2. 5-6 сынып оқушыларын математикалық есептерді шешуге үйрету //«Ұлт тағлымы» Білім және ғылым министрлігінің ғылыми журналы. – Алматы, 2007.– №6. – Б.97-100.

3.Оқушыларда математикалық есептерді шығара білу біліктіліктерінің қалыптасуының психологиялық негіздері // «Қазақстан жоғары мектебі» Білім және ғылым министрлігінің ғылыми журналы. – Алматы, 2007.– №1. –Б.23-26.


Аннотация. Анализ исследований по применению компьютеров в обучении математике приводит к заключению, что вопросы методики применения открытых компьютерных программных средств в курсе алгебры 7–9 классах являются актуальными. Кроме того, процесс создания компьютерных программ достаточно интересен и доступен учителю математики.

Аnnotation. Research analysis of using computers in teaching mathematics leads to the conclusion that using open computer programs while teaching algebra in 7-9 grades has not been looked into. Moreover, making computer programs is very difficult and not easily available to those teachers of mathematics who do not have computer skills. This leads to the necessity of researching ways to develop pedagogical computer means by using methods for those users not having computer skills and developing methodology of using them while teaching mathematics.


ӘОЖ 681.3.06
ПРОГРАММАЛАУ ТІЛДЕРІНІҢ БІР - БІРІНЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Туганбаева Г.Т, Еркебек Ж.Б.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Программалау тілі - мәліметті (деректі, ақпаратты) және олардың алгоритмін ЭЕМ-де өңдеуге арналған формальды тіл. Программалау тілінің негізін алгоритмдік тіл құрайды. Алғашқы программалау тілі ішкі машиналық тіл болып есептеледі. 

Паскаль тiлiн 1968 - 1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып - үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандарты кейiнiрек бекiтiлдi, ол сол кездері кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тiлдерiне қарағанда жетiлдiрiлген, жұмыс iстeyгe ыңғайлы тiл болды. Паскаль тiлi өзінің қарапайымдылығының және тиiмдiлiгiнің арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазiргi кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс iстей алады. Паскаль тiлiнде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жiберiлген қатенi тузету оңай. Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тiлiне аударылады), объектiк программаға түрлендіріледі де содан кейiн ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқacы болады, оның бiрiншiсi - алгоритмдiк тiлдегi алғашқы түпнұсқасы, ал екiншiсi - объектiк кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның алгоритмдiк тiлде жазылған алғашқы нұcқacы өңделеді. Қазiргi кезде Паскаль кез келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды



Программа құрылымы

Программа – белгілі бір программалау тілінің синтаксистік ережелеріне сәйкес жазылған нұсқаулар тізбегі. Демек, Паскаль тілінде программа жазу үшін программалаушы оның жазылу ережесін жақсы білу қажет. Паскаль тіліндегі программа жалпы мына түрде жазылады:

Программа тақырыбы;

Сипаттау бөлімі;

Begin

Орындалатын бөлім;



End.

  • Программа тақырыбы program қызметші сөзінен басталады. Ол программа атынан және параметрлерден тұрады. Мысалы:

Program esep1 (input, output);

Мұндағы esep1- программаға берілген атау. Программалаушы программа атын өз қалауынша бере алады. Программа атауы оларды екінші бір программадан ажыратуға қажетті көрсеткіш.

input, output – стандартты енгізу, шығару файлы.


  • Сипаттау бөлімінде программада кездесетін барлық берілгендердің атауы, типі, мүмкін болатын мәндері, т.б. хабарланады.

  • Орындалатын бөлімде вegin және еnd қызметші сөздері арасында операторлар тізбегі жазылады. Сол себепті, вegin (ашылатын) және еnd (жабылатын) қызметші сөздердің операторлар жақшасы деп атаса да болады.

Си- программалау тiлi

С++ тiлi BCPL және B тiлдердiң негiзiнде құралған және Си тiлiнен дамыған.

BCPL тiлi компилятордан жазуға және операциялық жүйенi бағдарламамен қамтамасыз етуге арналған. Бұл тiлдi 1967 жылы Мартин Ричард ойлап тапқан. Кен Томпсон В тiлiнiң көптеген мүмкiндiктерiн BCPL дубликатында және В тiлiн UNIX операциялық жүйелерiнiң алғашқы версияларын құру үшiн 1970 жылы Bell Laboratories-те DEC PDP-7 компьютерiнде қолданылды. BCPL және В тiлдерi қолдануға тиiмсiз болды. Онда мәлiметтiң әрбiр элементi жадыда бiр сөздiң орнын алады және мәлiмет элементтерiн өңдеуде бағдарламашыларға ауыртпалығын тигiздi.

Си тiлi В тiлiнiң негiзiнде дамыды. Си тiлiн Bell Laboratories-те 1972 жылы Деннис Ритчи DEC PDP-11 компьютерiнде жасады. Си BCPL және В тiлдерiнiң көптеген маңызды концепцияларын және мәлiмет типтерiн және басқа да қасиеттерiн қолданды. Си тiлi UNIX операциялық жүйесiн өңдеудегi тiл ретiнде кеңiнен танымал болды. Қазiргi таңда барлық операциялық жүйелер Си және Си++ тiлдерiнде жазылған. Соңғы он жылдықта Си тiлi көптеген компьютерлерде қолайлы болды.

Си++ Си тiлiнiң кеңейтiлген түрi. Оны 1980 жылдың басында Бъерн Строустроп Bell Laboratories-сында өңдеп шығарған. Си++ тiлi Си тiлiнiң бiрқатар қасиеттерiн реттеудi қамтамасыз етедi және ең маңыздысы объектi-бағдарланған бағдарламалық мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi. Бұл бағдарламамен қамтамасыздандыру әлемiндегi революциялық идея болып табылады.

Басқада бағдарламалық тiлдер көптеген қажеттi эффект бере алмағандықтан, Си++ алғашқыда ең жоғарғы деңгейдегi нақтылы оқиғалар үлгiлерiн өңдеу мақсаты үшiн құрылған тiл болды.

Си++ тiлiн құруда Си тiлiнiң сәйкестiгiн сақтап қалуға ерекше көңiл бөлiндi. Си++ тiлiнiң көмегiмен кең көлемдi бағдарламалық проектiлер құруға болады. Си++ тiлiнiң арқасында берiлген мәлiметтер типтерiне бақылауды күшейтуге және көптеген қосымша эффектiлердi жеңе алатын болдық. Си++ тiлiнiң ең маңызды табысы объектi-бағдарланған бағдарламалау болып табылады. Си++-тiң барлық жеңiлдiктерiн пайдалану үшiн негiзгi объектiлердi және олармен байланысқан операцияларды анықтап алу керек.

Программа құрылымы :

Программа мынандай элементтердің жиынынан тұрады. Процессорлардың командаларды, компилятор көрсеткіштері, хабарламалар мен анықтамалардан тұрады.

Тесттерінің компиляция алдында өзгертеді. Компиляторға көрсеткіштер арнайы құрал-саймандар (указатель), олар арқылы программа орындалады.

Айнымалыларды хабарлау – айнымалының атрибутын көрсетеді.

Айнымалыларды анықтау – оған ЭЕМ жадынан орын береді.

Функцияларды хабарлау – оның атын, оның формальдық параметрлерінің атрибутын көрсетеді. Cи тіліндегі программа орындалуы үшін кем дегенде бір функция болуы қажет. Егер бірнеше функция болса олардың біреуі бас функция болып, оның аты main () болуы мүмкін.

Мысалы:

I nt x =1;\* айнымалыларды анықтау*/

int y=2;

extern int printf (char*, …); \* функцияны хабарлау*/

main () \* бас функцияны анықтау */

{int r ;/* айнымалыларды анықтау */

int w;

z=y+x; .w=y-x;



printf (²r=%d\w=%d\n²,r,w);} 

Салыстыру

С және Pascal тілдері кең тараған программалар. Pascal тілі жаңадан бағдарламалауды үйрене бастаған адамдарға жеңіл түседі, көптеген Қазақстан оқу орнындарында 1-ші Pascal - тілін үйретуден бастайды.



Паскаль тілінің ерекшеліктері:

- Тілдің қарапайымдылығы оны тез арада жете меңгеруге мүмкіндік береді.

- Деректердің құрылысына қарай сандық, белгілік және екілік информациямен жұмыс жүргізуге және күрделі алгоритмді бағдарлама жасауға қызмет етеді.

- Жүйелік бағдарламалауда кеңінен қолдануына оның өте тиімді бағдарламалар құру мүмкіндігі септігін тигізеді.



Си тілінің ерекшеліктері:

- Тілдің машиналық кодына ұқсас болуы, программа кодының тез орындалуына мүмкіндік береді.



- Операторлардың қысқа жазылуы кодты тез теруіне мүмкіндік береді.

Кестелік түрдегі салыстырмасы:\\


Паскаль

Си

integer : A;

int A; "d"

real B,C;

float B,C; "f"

ch : char;

char ch; "c"

STR : string[ұзындық]; ұзындық <=255

char *STR[ұзындық] "s"

arr : array[10][20] of integer = (1,2);

int arr[10][20] = {1, 2};

flag : boolean;

си – да жоқ/ ол си++ бар - bool flag;

begin...end

{...}

write(x:5:2); x - real

printf("%-5.2f", x);

writeln("Жауап = ", x, ", y = ", y);

printf("Жауап = %d, y = %d", x, y);

x:=a+b;

x=a+b;

a = b - теңестіру

a == b

uses system - үнемі қосулы

#include

uses crt; - графикалық модуль

#include

dec X; - x = x - 1

X--;

inc X; - x = x + 1

X++;

{...} немесе {*...*} - комментария

Бүкіл жол - // ... немесе белгілі аралық /*...*/

A mod B

A % B

@A - адресті алу

&A

and

&&

or

||

xor

^

not A;

!A;

readln(x,y);

scanf("%d,%d",&;x,&;y);

if((a>b)and(b<10)) then
begin ...
and; 
else ...;

if(a>b && bb<10)
{ ...
}
else ...;

for i = 0 to 100 do ...;

for(i = 0; i b <= 100; i++);

for I = 10 downto 1 do ...;

for(i = 10; i >= 1;u--);

repeat
...
ubtil(a<>b);

do{
...
}while(a!=b) ;

while(a>=c) do begin
...
end;

while(a<=c){
...
}

shl; shr; - қозғалыс оңға, солға

<<;>>

procedure proc(a,b:char)
begin
... шақыру - proc("A","B");
end;

void proc(char a, char b)
{
... шақыру proc("A","B");
}

function func(a:integer,b:real):double;
begin
...
func := 0.001;
end;

double func(int a, real b)

...
return 0;
}

readkey;

getche();

x:=x+5;

x+=5; *=, /=, -=, %=

if y<10 then x:=20 else x:=40

x = (y<10) ? 20 : 40

casw x of
1 : inc t
else dec t; end;

switch(x){
1 : t++;break;
default : t--;}


Пайдаланған әдебиеттер:

1. Культин Н.Б. «Программирование в Turbo Pascal 7.0 и Delphi», С.-Петербург,1999.

2. Абрамов В.Г., Трифонов Н.П. Трифонова Г.Н. Введение в язык Паскаль: Учеб. Пособие.- М.:1988.

3. Абрамов С.А., Зима В.М Начала программирования на языке Паскаль. – М.:1987.

4. Марченко А.И., Программирование Turbo Pascal 7.0. 6-е изд. – К.: ВЕК+, 2000.

5. Березин Б.И., Березин С.Б. Начальный курс С и C++. — М.: ДИАЛОГ-МИФИ, 1996

6. Керниган Б., Ритчи Д. Язык программирования Си: Пер. с англ. — М.: Финансы и статистика, 1992.
Аннотация. В статье рассматривается особенности программирование языков.

Annotation. This article discusses features of programming languages.
ГЕОГРАФИЯ, БИОЛОГИЯ,

ХИМИЯ, ЭКОЛОГИЯ

ӘОЖ 59

Ж 26
ЛАНЦЕТ ТӘРІЗДІ СОРҒЫШТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ЖӘНЕ ТУДЫРАТЫН АУРУЫ МЕН ЕМДЕУ ЖОЛДАРЫ
Абжапарова А.С., Жаңабай Г.Ж.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Мал бауырындағы гельминт саны аз болса ауру белгілері білінбейді. Егер бауырда жүздеген, мыңдаған құрт болса, мал қатты ауырады және дерт белгілері айқындала түседі. Жануардың жем – шөпке зауқы нашарлайды, тамағында, кеудесінде жалқаяқ ісік пайда болады, бауыр көлемі ұлғаяды, іші өтеді, көзге ілінетін мүшелердің кілегей қабаттары ақсарғыш тартады. Дикроцелиоз ауруымен ауырған жануарларда пайда болатын белгілер: анемия, өт жолының бұзылуы, өсу мен дамудың тежелуі.

Дикроцелиоз ауруы Азия елдерінде, Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Америкада, Африка мен Австралияда және Қазақстанда да кең таралған. Қазақстанның оңтүстік өңірінде соның ішінде Жамбыл облысында тараған гельминтоз. Өзен-көл жағасында орналасқан аудандарда, Шу, Қордай, Рысқұлов және Меркіде малдар дикроцелиозға көп шалдығады.

Дикроцелиозды химиялық жолмен дәрі-дәрмектер арқылы және биологиялық жолмен өсімдіктерді қолдану арқылы емдеуге болады.

Паразит құрттармен күресу жолдарында олардың биологиялық ерекшеліктерін, эпизоотологиялық, диагностикалық және дұрыс антигельминттерді таңдау керек. Егер де бір антигельминтті пайдалана беретін болса, онда паразит құрттарға әсер етпей, дегельминтизацияланбайды.Жамбыл облысының паразит фаунасы және паразитоценоздың қалыптасуы оның климаттық жағдайларына және бейімделулеріне байланысты.

Ланцет тәрізді сорғыш жалпақ құрттар типіне жатады.Жалпақ құрттар типіне денесінен тек қана бір симметрия жазықтығын жүргізуге болатын екі жақты симметриялы (билатеральды) жануарлар жатады. Жалпақ құрттар үш қабатты. Онтогенез процесінде оларда ішекқуыстылар тәрізді екеу емес, үш ұрық жапырақшалары дамиды. Сыртқы қабаты түзетін эктодерма мен ішек пайда болатын энтодерма қабаттары аралығында үшінші ұрық жапырақшасы – мезодерма дамиды. Құрттардың денесі ұзынша келген және арқа-құрсақ бағытында қысыңқы (жапырақ, тақта, таспа тәріздес).Ланцет тәрізді сорғышдигенетикалық сорғыштар класс тармағы – Digenea өкілі.

Ланцет тәрізді сорғыштың морфологиясы

Ланцет тәрізді сорғыш - бұл құрттың денесінің артқы жағы дөңгелек келген, ал алдыңғы жағы үшкірлеу, ұзындығы 5-15мм, ені 1,5-2,5мм. Жартылай мөлдір ақшыл денесінде жатыр түтіктері көрінеді. Кутикуласының қылтандары болмайды. Сорғыштары бір-біріне жақын орналасқан. Ішек тармақтары қарапайым, дененің соңғы бөлігіне дейін жетпейді. Жұмыртқасы сопақша, мөлшері 38-45х22-30, скорлупасы қалың қақпағы кішкене, жетілмеген кезінде сарғыш, кейіннен қою қоңыр. Қой, сиыр, ешкі, қоян, шошқа және сирек адамдардың бауырында паразиттік тіршілік етеді[4].



Құрылысы мен физиологиясы. Дене формасы жапырақ тәрізді. Сорғыштары ойыстау болып, шет қабырғалары бұлшықет талшықтарынан құралған, сақина тәрізді бұлшықеттерімен көмкерілген. Денесінің алдыңғы және құрсақ бөлімдерінде бір-бір сорғыштары бар, яғни ауыз және құрсақ сорғыштары. Олар бекіну мүшелері болып табылады, себебі осы сорғыштары арқылы құрттар иесінің денесінде бекініп тұрады.

Ас қорыту жүйесі. Денесінің алдыңғы жағындағы аузы эктодермальды жұтқыншаққа, ал ол жіңішке өңешке жалғасады. Энтодермальды ортаңғы ішек өңештен басталып, дененің бүйірімен артқа қарай созылып тұйықталған екі тармақтан құралады.

Зәр шығару жүйесі – протонефридиялы. Денесінің ортасында немесе екі бүйірінде негізгі түтіктері орналасқан, олардан ұштарында толқындалған алаулы жұлдыз тәрізді клеткалары бар көптеген тарамдар шығады. Негізгі түтіктер денесінің артқы жағындағы қуыққа, ал ол зәр шығару тесігімен сыртқа ашылады.

Қан айналу және тыныс алу жүйесі жоқ.

Нерв жүйесіжұп ми ганглиясынан тұрады. Одан дененің алдыңғы жағына және ауыз сорғышына қарай нервтер, сонымен қатар артқа қарай үш ұзына бойы нерв бағаналары тарайды. Ұзына бойы бағаналар сақина тәрізді өсінділермен өзара байланысып, ортогон типіндегі нерв жүйесін түзейді.

Сезім мүшелері құрттардың паразиттік тіршілік етуіне байланысты өте нашар дамыған[4].

Жыныс жүйесі гермафродитті, жақсы дамыған.

Көбеюі және дамуы.Олардың салған жұмыртқалары өт жолы арқылы ішекке түсіп, иесінің ішегінен нәжіспен араласып сыртқа шығарылады.Дикроцелияның жұмыртқасының мөлшері (0,038-0,045 х 0,022 – 0,030мм) қара –қоңырқай түсті бір жақты қақпақшалы, қарапайым ассиметриялы болып келеді. Ары қарай даму үшін жұмыртқа суға түсуі керек. Су ішінде жұмыртқадан денесі толқынды эпителимен жабылған личинка-мирацидий шығады. Мирацидий тұмсықшасы арқылы ұлу денесіне еніп, оның ішкі мүшесіне енеді. Мирацидий кірпікшелерін тастап, формасыз, қозғалмайтын қапшық тәрізді спороцистаға айналады. Бұл көбею қабілеті бар, жыныстық жүйесі жетілген сатысы. Спороцистаның денесіндегі партеногенетикалық жұмыртқалары әрбіреуі бөлініп, келесі – редия деп аталатын ұрпаққа айналады. Спороцисталар сияқты редияның денесіндегі партеногенетикалық жұмыртқалары бөлініп, редияның ішінде жаңа ұрпақ – церкариялар пайда болады. Ары қарай дамуы үшін церкариялар екінші аралық иесіне – құмырсқалардың (Formica туысынан) ішегіне түсуі тиіс. Құмырсқаларда церкария соңғы метацеркария сатысына айналады.

Дикроцелияның иесі. Дикроцелиоз паразиттік тіршілік етуіне байланысты дамуы үш иеде жүреді - дефинитивті (нағыз), аралық және қосымша.

Дефинитивті (нағыз) ие. Нағыз иеге түрлі сүтқоректілер (ірі қара малдар, тіпті адамдар да бола алады), дикроцелияның толық пісіп жетілуі нағыз иеде жүреді.

Аралық ие. Былқылдақ денелілер моллюскалар, ұлулар бола алады. Өйткені олардың ағзаларында партогенетикалық жолмен дамыған паразиттердің церкариялары қалыптасады. Былқылдақ денелілердің негізінен 25 мың түрі бар оларға тәжірибе жасау барысында 90 түрден паразит табылған. Сондықтан дикроцелияның дамуына моллюскалар өте ыңғайлы.

Қосымша ие. Бұны көбінесе құмырсқалар атқарады. Олардың организмдерінде трематодтың бесінші дернәсілдік сатысы метацеркария дамиды. Нағыз иеде метацеркария ауруды тудыруға өте қабілетті болып келеді.

Нағыз және аралық иедегі басқа құрттармен дикроцелияның қарым қатынасы.

Дикроцелия жануарлар организмінде тікелей және жанама түрде басқа гельминттер мен микроорганизмдердің түрлерімен байланысқа түседі. Негізгі иенің организмінде дикроцелия фасциоламен және бауырдағы және өт жолында паразит тіршілік етіп жатқан паразиттермен байланыста болады. Дикроцелия бауырда тіршілік етуіне байланысты ішектің микрофлорасының құрамын өзгертуге әсер етеді. Иеде болатын түрлі паразиттерге әсер етеді.



Дикроцелия жұмыртқалары мен дернәсілдерінің сыртқы орта жағдайларына төзімділігі. Жұмыртқаларының төзімділігі. Дикроцелияның жұмыртқаларының өзіндік ерекше құрылысы бар. Ол топырақтың жағдайларына бейімделуі ұзақ уақытты қажет етеді. Карбол қышқылы, концентрациясы 5% формалин ерітіндісі, тіпті 96% этил спирті де дикроцелия жұмыртқаларының тіршілігін жояды. Дикроцелияның жұмыртқалары құрғақшылыққа төзімді 18-20° бір апта бойы құрғатса да тіршілігін жоймайды. Тоңазытқышта сақталған бауырда дикроцелиоз - 235 күн, ал мұздатқышта - 40 күн, тұзды ерітіндіде - 3 күнге дейін тіршілігін жоймайды. Дикроцелияның жұмыртқалары төменгі температуралардың ауытқуларына төзімді. Құрғақшылыққа да, ыстық климатқа да дикроцелияның жұмыртқалары кемі 3,5-12 айға дейін тіршілігін жоймайды.

Эпизоотологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері

Эпизоотологиясы: дикроцелия ланцет тәрізді қос сорғышы бар кең таралған гельминт. Дикроцелиоз ауруы барлық еуропа елдерінде Азия елдерінде, Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Америкада, Африка мен Австралияда және Қазақстанда да кең таралған.Қазақстанның оңтүстік өңірінде кең тараған гельминтоз. Дикроцелиоз малға тек қана өрісте жұғады. Тау бөктерінде дикроцелидің аралық иесі ұлулар, сондай – ақ трематодалардың қосымша иелері – құмырсқалар жиі кездеседі. Дикроцели жұмыртқалары ыстық, суыққа өте төзімді келеді. Ұлулар мен құмырсқада құрт ұрпақтары 3 жылдай сақталады. Дикроцелиозбен төрт түлікпен қатар шошқа, және кеміргіштер ауырады.

Патогенезі: Бауырды жайлаған сорғыштар жалжып орындарын ауыстырып отырады, сөйтіп өт арнасын бітеп тастайды. Соның нәтижесінде сұйықтықтың күшеюі бөлініп өт жолы зақымдалады. Бауыр мүшесінде сонымен қатар бүкіл ағзада қан айналу жүйесі бұзылады. Өт жолының зақымдалуы, ас қорыту жүйесі мен ішкі органдарымен ұлпалардың қызметінің бұзылуына әкеледі. Дикроцелиозбен ауырған жануар организміне гельминттер өзінің тіршілік әрекетінде қоректік заттармен, экскреттер мен секретте бөлу арқылы әсер етеді. Дикроцелия және олардың тіршілігіне қажетті өнімдер зат алмасу процесіне өте қатты әсерін тигізеді. Қоректік заттар қарын-ішек жолдарында физико-химиялық және биологиялық заттарды өңдеуінің төмендеуі нәтижесінде зат алмасу бұзылады. Дикроцелиоздың патологиялық процесс зәр шығару жүйесіне де әсерін тигізеді. Зәрдің физико-химиялық әсері өзгереді, нефрит, нефрос ауруының дамуына әкеліп соқтырады. Бауырдың ұлпалары мен оның қызметтерінің бұзылуы патологиялық кезеңдерінің өзгерістері, ауруларының белгілерінің пайда болуы көптеген факторларға байланысты: яғни дамудың стадияларына инвазияларының интинсивтілігіне, нағыз иенің, түрдің ерекшелігіне және олардың иммунитетіне, жануарлардың қорегі мен оларды күтіп баптау деңгейіне байланысты.

Клиникалық белгілері:Мал бауырындағы гельминт саны аз болса ауру белгілері білінбейді. Егер бауырда жүздеген, мыңдаған құрт болса, мал қатты ауырады және дерт белгілері айқындала түседі. Жануардың жем – шөпке зауқы нашарлайды, тамағында, кеудесінде жалқаяқ ісік пайда болады, бауыр көлемі ұлғаяды, іші өтеді, көзге ілінетін мүшелердің кілегей қабаттары ақсарғыш тартады. Дикроцелиоз ауруымен ауырған жануарларда пайда болатын белгілер: анемия, өт жолының бұзылуы, өсу мен дамудың тежелуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет