Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары



Дата29.02.2016
өлшемі149.6 Kb.
#33506
Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі

2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы
І.АҚПАРАТТЫҚ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ

Ауданда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» -атты Жолдауын аудан тұрғындары арасында насихаттап түсіндіру аудандық ішкі саясат бөлімінің басты міндеттерінің бірі болып саналады.

Үстіміздегі жылдың 11 ақпан күні Елбасы Жолдауына байланысты аудан активінің жиналысы өткізіліп, онда Жолдауды жүзеге асырудың іс–шаралары және ақпараттық қолдаудың медиа–жоспарлары бекітілді.

Жолдауда атап көрсетілген басым бағыттарды тұрғындар арасында түсіндіріп, насихаттау мақсатында 34 адамнан тұратын 4 аудандық, 271 адамы бар 68 ауылдық ақпараттық–насихат топтары құрылған. Топ құрамына жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері, қоғамдық пікір иелері, белсенді жастар тартылған.

Жолдау жарияланғаннан бері ақпараттық – насихат топтарының мүшелері аудан тұрғындары арасында түрлі формадағы 297 кездесулер, «дөңгелек үстелдер» мен семинар–кеңестер өткізіп, оған 21386 адам қамтылған.

Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіріп, насихаттауда аудандық мекеме, бөлімдер әр ауылдық округтерде көпшілікті толғандыратын мәселелер бойынша тұрғындармен мақсатты кездесулер өткізіліп келеді.

Елбасы Жолдауынан туындайтын мәселелерге байланысты ақпараттық–насихат топ мүшелеріне ай сайын тезистер жасалып, көмекші құралдар ретінде таратылып беріліп отырылады.

Барлық білім беру және мәдениет саласындағы мекемелерде Жолдауға байланысты арнайы ақпараттық бұрыштар ұйымдастырылды.

Аудан бойынша Елбасының биылғы жылғы Жолдауына байланысты әр түрлі тақырыпта 116 көрнекі үгіт құралдары (баннерлер) орнатылған.

Жолдауды талқылау барлық мемлекеттік мекемелерде және қоғамдық ұйымдармен және жастар арасында ұйымдастырылды.

Елбасының Жолдауын насихаттауға байланысты ағымдағы жылдың маусым айында «Тәуелсіздікке-20 жыл» атты барлық саланың білікті мамандары және көркемөнерпаздардан құралған арнайы ақпараттық топ жіберілетін болады.
ІІ. БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ

Ауданда бұқаралық ақпарат құралдарынан аудандық «Тарбағатай» газеті бар. Аудандық «Тарбағатай» газеті аптасына 2 реттен шығады. Бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін журналисттермен тығыз байланыс орнатылған.

Ауданда мемлекеттік ақпараттық саясатты насихаттауды «Тарбағатай» газеті жүзеге асырылып келеді.

Жолдауды ақпараттық қолдаудың медиа-жоспарына сәйкес аудандық «Тарбағатай» газеті арқылы мемлекеттік тапсырыс есебінен жүзеге асырылуда. Жолдауға байланысты тұрақты түрде мақалалар мен сұхбаттар, пікірлер жарияланып тұрды.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты арнайы логотип орналасытырылып, тақырыпқа байланысты мақалалар тұрақты жарияланып келеді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық, спорт, кәсіпкерлік, құқық қорғау, халыққа қызмет көрсету, байланыс қызметі кәсіптік оқыту салаларына байланысты арнайы беттер ұйымдастырылды.

Үстіміздегі жылдың 7 ақпан күнгі номерінде «Тарбағатай» газетінде Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты биылғы Жолдаудың толық мәтіні және Үндеудің толық мәтіні жарияланды.

2011 жылдың І-ші жарты жылдығының баспасөз басылымдарына Республикалық «Қазақпошта» акционерлік қоғамы тарапынан 12500 дана баспасөз басылымдарына тапсырма берілсе, ол 13080 данаға немесе 105%-ке орындалды.

Бүгінгі күні 2011 жылдың 2 жарты жылдығына жазылу науқаны жүргізіліп жатыр.

Республикалық және облыстық «Хабар», «Қазақстан», «Қазақстан-Өскемен» телеарналары арқылы «Наурыз», «Ұлы Жеңіс» мерекелеріне және Көкжыра ауылында өткен Батыс Қазақстан облысын қолдау акциясы жөнінде арнайы сюжеттер берілді. Көкжыра, Жәнтікей, Ақсуат ауылдарының бүгінгі жағдайы жөнінде Республикалық «Хабар» телеарнасынан арнайы бағдарлама берілді.
ІІІ.ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРМЕН ЖӘНЕ КӘСІПОДАҚТАРМЕН ЖҰМЫС

Бүгінгі күні аудандағы қоғамдық ұйымдар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, ауданның мәдени-саяси өміріне белсене араласып, аудандағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты болуына өздерінің ықпалдарын тигізіп келеді.

Аудан әкімдігі жанында үкіметтік ұйымдармен өзара әрекет жасау жөніндегі кеңес құрылған. Кеңес өз жоспарына сай отырыстарын өткізіп, тиісті ұсыныстар жасап отырады.

Бүгінгі күні ауданда үкіметтік емес ұйымдарды қолдаудың 2010-2012 жылдарға арналған бағдарламасы жасалып, бекітілген.

Бағдарлама негізінде аудандағы үкіметтік емес ұйымдарды дамыту мәселесі біршама ілгеріледі деп айтуға болады. Мысалға, 2007 жылы 2-еу ғана болса, бүгінгі күні олардың саны 11 үкіметтік емес ұйымдар бар. Олар барлығы да заңды тұлға ретінде тіркеуден өткен.

«Барқытбел жастары», «Толағай» жастар қоғамдық бірлестіктері аудан жастарының қоғамдағы белсенділігін арттыру мақсатында құрылып, аудан көлемінде өтетін шараларға белсенділікпен қатысуда.

Қазіргі уақытта қоғамдық ұйымдарға мүшелікке өтуге тілек білдірген жастардың саны көбейіп, аудан жастарының халықтың белсенді тобы ретінде қоғамдық өмірге араласу деңгейі жоғарлады.

«Тарбағатай табиғаты» экологиялық қоғамдық бірлестігі аудан табиғатын қорғау, адамдардың экологиялық сауаттығын арттыру және мектеп оқушыларына жүйелі түрде экологиялық білім мен тәрбие беру жөніндегі мәселелерді көтеріп келеді.

Жастарды дене тәрбиесімен күнделікті саналы түрде айналысуға тәрбиелеу мен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында құрылған «Жастар» аудандық ерікті дене шынықтыру-спорттық қоғам» жастар қоғамдық бірлестігі мектеп оқушылары арасында түрлі спорттық жарыстар өткізіп келеді.

Кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау мақсатында шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің «Тарбағатай кәсіпкерлері» қоғамдық бірлестігі құрылып, заңды тұлға ретінде тіркелді және аккредитацияға жатқызылып, куәлігін алды.

Ауданның әлеуметтік мәдени және рухани өмірін көтеру мақсатында «Өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігі құрылып жұмыс істеуде.

«Ұлттық мұра» қоғамдық қоры ата-баба тарихын, дәстүрін зерттеу және насихаттау, елімізге белгілі аудан азаматтарының өмір жолын зерттеу, жастарды имандылыққа баулу, медресе ашу, көне ескерткіштерді қалпына келтіру, мұражай ашу, дүние жүзінің озық мәдениетін өмірге енгізу мақсатында жұмыс істейді.

«Демеуші» корпоративтік қоры аудандағы бюджеттік мекемелер қызметкерлерінің ерікті түрде бір күндік еңбекақыларын аударуымен қаржыландырылады. Қор түскен қаржы есебінен тұрмысы төмен адамдарға біржолғы қаржылай көмек беру, қайырымдылық және түрлі мәдени-көпшілік шараларына демеушілік көрсетіп келеді.

«Киелі Ақсуат» қоғамдық бірлестігі аудандағы оралмандарды қолдау, ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеру бағытында жұмыс істейді.

«Спорт ардагері» жеке қоры спорт саласына елеулі үлес қосқан жерлестеріміз жөнінде деректер жинақтау, еске алу жарыстарын ұйымдастыру бағытында жұмыс жасайды.

«Аудандық ауған соғысы ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық бірлестігі ауғаныстандағы соғыс қимылдарына қатысушылардың әлеуметтік мүдделерін қорғау, жастарға патриоттық тәрбие бағытында жұмыс істейді.

Сонымен қатар, ауданда еңбек және соғыс ардагерлері және аудандық әйелдер кеңестері қоғамдық негізде жұмыс істейді. 17 ауылдық округтерде ардагерлер және әйелдер кеңестерінің бастауыш ұйымдары құрылған.

Бұл ұйымдар өздерінің жоспарына сай тұрғындар жиынына және мектепте өткізілетін мәжілістерге жиі қатысып, отбасы, бала тәрбиесі және әйелдердің тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы туралы мәселелерді көтеріп келеді. Қылмыстың алдын-алуда, отбасындағы келеңсіз жағдайларды шешуде, жастарды отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеуге де өз үлестерін қосуда.

Аудандағы мектептерде балалар мен жасөспірімдердің «Болашақ» қауымдастығы құрылған. Ол «Балдырған», «Ұлан», «Жастар одағы» атты үш сатыдан тұрады. «Болашақ» қауымдастығына 9500 оқушы өз еркімен мүше болып кірген. Бұл қауымдастық жасөспір

імдердің өз құқығын қорғай білу, білім дағдыларын жетілдіру, этика, тіл мәселелеріне байланысты тәрбиелік-танымдық іс-шаралар өткізіп келеді.

Үкіметтік емес ұйымдар тарапынан атқарылып жатқан шаралардың нәтижесінде жастардың азаматтық қалыптасуы, олардың ұйымдастырушылық қабілеттері арта түсті. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер арасындағы қарым-қатынас нығайып келеді.

Білім беру қызметкерлерінің әлеуметтік мүдделерін қорғау мақсатында «Білім беру мекемелерінің кәсіподақ ұйымы» жұмыс істейді.

Аудандық мекеме, бөлімдердегі жұмысшы қызметкерлердің әлеуметтік мүдделерін қорғау мақсатында «Мемлекеттік, банктік қоғамдық қызмет көрсету мекемелерінің кәсіподақ ұйымы» құрылған.
IV. САЯСИ ПАРТИЯЛАР

«Нұр Отан» ХДП-ның ауданда өкілдігі ашылып, облыстық әділет басқармасына заңды түрде тіркелген. Қоғамдық ұйымның ауданда 26 бастауыш партия ұйымы бар. Партия мүшелерінің саны 2476 адам. Партия мүшелігінде мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ұғалімдер, дәрігерлер, жұмысшылар, зейнеткерлер бар.

Аудандық филиал аудан көлемінде өткізілетін барлық қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік, спорттық және басқа да маңызды шараларға белсенділікпен қатысып, демеушілік көмектер көрсетіп келеді.

Елбасының Жолдауы мен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында белгіленген міндеттер мен тапсырмаларды орындау мақсатында аудандық филиал жанынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес кұрылған. Оның құрамына мәслихат депутаттары, зейнеткерлер, жастар және қоғамдық ұйым өкілдері енгізілген. Жалпы қоғамдық кеңес өз жоспарларына сәйкес жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының ауданда 19 бастауыш ұйымы бар. Оның мүшелігінде 1170 адам. Партия тарапынан жыл басынан бері ешқандай маңызды шаралар ұйымдастырылмады. Және бұл партия аудандық филиал ретінде тіркелмеген.
V.МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы заңын жүзеге асыруға байланысты аудан көлемінде біршама жұмыстар атқарылуда.

Ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың 2010-2011 жылдарға арналған аудандық бағдарламасы қабылданған.

Бүгінгі күні аудан тұрғындарының төрттен бір бөлігі 14-29 жас аралығындағы жастар адамдар.(13875)

Бүгінгі күні Ақсуат, Ақжар ауылдық округтерінде «Барқытбел жастары», «Толағай» жастар қоғамдық бірлестіктері заңды тұлға ретінде тіркелген. Бұл екі ұйым ауданда өткізілетін шараларға жоғары белсенділікпен қатысып келеді.

Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты Барлық ауылдық округ әкімі аппараттарында жастар ісі жөніндегі мамандар жұмыс істейді. Олардың ішінде, Тұғыл ауылдық округтеріндегі маман мемлекеттік қызметкер, ал қалғандары келісім шарт негізде жұмыс істейді.

Ауданда жастарды мемлекеттік қызметке тартуда мейлінше көңіл бөлінуде.

Жастар мәселесі жергілікті атқарушы және өкілді органдар тарапынан үнемі қадағаланып отырылады. Ауданда мемлекеттік жастар саясатын орындалу барысы аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырысында қаралып, онда жастардың өзекті мәселелері кеңінен талқыланып, кемшіліктерді жоюға байланысты шаралар қабылданды.

Ауданымызда жастардың жағдайы мен көңіл күйлерін зерттеу мақсатында сауалнамалар жүргізіліп отырады. Жүргізілген сауалнамалар қорытындысы бойынша аудан жастарының жалпы көңіл-күйі позитивтік және прогресивтік жақсы бағытта екенін байқатады. Өйткені, сұралғандардың басым бөлігі ертеңгі күнге сенімділігі жоғары (88%) және елдегі жағдай бұдан әрі жақсарады деген үмітпен қарайтындығы анықталды. Бұл елімізде жүргізіліп отырған әлеуметтік-экономикалық реформалардың тиімділігі туралы жастар арасында түсінік жұмыстарының жасалып жатқандығын көрсетеді.

Бөлім тарапынан жыл басынан бері жастар тәрбиесі, олардың белсенділігіне патриоттық тәрбиесіне байланысты тақырыпта 2 рет аудандық пікірсайыс, 1 семинар өткізілді. Жалпы аудан бойынша жыл басынан бергі мерзім ішінде қоғамдық –саяси, мәдени-көпшілік 18 шара өткізіліп, оған 8256 жас қамтылды.

Жастарға патриоттық тәрбие беру, оларды отансүйгіштік рухта шыңдауда жыл сайын жас гвардияшылардың әскери шеруін, әскерге шақырылушы жастардың әскери бессайысын, патриоттық әндер конкурсын өткізу дәстүрге айналған. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына шақырылатын жастарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі жылма-жыл өткізіліп келеді.

Маусым-тамыз айлары аралығында «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» жастар марафон эстафетасы өткізіледі. Осыған орай, аудан бойынша 120 жас, 108 оқушы Ақсуат, Ақжар, Тұғыл, Көкжыра, Жәнтікей ауылдарында жұмысқа тартылатын болады.

Ағымдағы жылдың тамыз айында жыл сайын дәстүрлі түрде аудан жастарының Форумы өткізіледі. Биылғы форум аясында патриоттық тәрбие беру жөнінде конференция, семинар, жастардың өзекті мәселелеріне байланысты дөңгелек үстел және жастардың би кештерінің ұйымдастырылу жоспарланып отыр.

Қазан айында аудан әкімінің жүлдесі үшін көңілділер мен тапқырлар командаларының аудандық кездесуін өткізетін болады.

Жыл соңында Тәуелсідік мерекесіне арналған салтанатты жиналысында аудандағы әр сала бойынша үздік деп танылған жастарға аудан әкімінің арнайы дипломдар беріліп, олар «үздік жас дәрігер», «үздік жас мұғалім», «үздік жас кәсіпкер», «үздік жас фермер», «үзідік жас спортшы», «үздік жас өнер иесі», «қоғамдағы белсенді жас», «үздік жас отбасы» номинациялары бойынша марапатталды.
VІ. САЯСИ ЖОСПАРЛАУ

Жалпы жыл көлемінде өткізілген мемлекеттік мерекелер Жаңа жыл, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Қазақстан халықтарының бірлігі, Отан қорғаушылар, Ұлы Жеңіс мерекесі, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, Халыаралақ балаларды қорғау күні, ҚР Рәміздері күндері мерекелерін өткізуге байланысты арнайы жоспарлар жасалып, жоғарғы танымдық дәрежеде ұйымдастырылды.

Биылғы жылғы «Наурыз» мерекесінде Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты Трабағатайлықтардың 20 жарқын ісі акциясы бойынша Көкжыра, Жәнтікей ауылдарында орта мектептер, Ақсуат, Ақжар ауылдарындағы аудандық ауруханалардың салтанатты ашылулары болды. Салтанатты қию рәсімдеріне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.Сапарбаев қатысты. Жалпы бұл мереке биылғы жылы Наурыз мерекесі Көкжыра, Жәнтікей ауылдарындағы кең көлемде аталып өтті. Осы ауылдарда барлық ауылдық округтер мен аудандық мекемелердің киіз үйлері құрылып, театрландырылған көріністер мен мерекелік концерттер берілді.

1 мамыр күні мерекелік шеру өткізіліп, еліміздегі тұрып жатқан ұлттардың салт-дәстүрлері туралы көріністер көрсетілсе, 7 мамыр күні аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен болашақ жас сарбаздардың спорттық бессайыстан жарыс, патриоттық әндерден конкурстар өткізілді.

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні «Белгісіз жауынгер» ескерткіші басына гүл шоқтарын қою, соғыста қайтыс болған боздақтарды еске алу рәсімдері өткізілді.

Соғыс және тыл ардагерлеріне арналған аудан әкімінің мерекелік қабылдауы өткізілді. Жас гвардияшылардың салтанатты шеруі ұйымдастырылды. Мектеп оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздікке -20 жыл», «Ұлы Жеңіске-66 жыл» және ұлттық билерге байлынысты театрландырылған көріністер көрсетілді.

31-мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты барлық ауылдық округтерде тұрмыс жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға «Қайырымдылық көмектер» көрсету шаралары ұйымдастырылды. Аудандағы барлық мешіттерде саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналып құран-қатым түсірілді. Аудан мектептерінде саяси қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтарының өскелең ұрпақпен кездесулері өткізілді. Аудандық орталық кітапхананың оқу залында 31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты «Тарихтағы бұла күн» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

1 маусым балаларды қорғау күні мерекесіне байланысты және Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында ауданның барлық ауылдарында аудандық «Нұр Отан» ХДП филиалы, ауданаралық ПМПК мекемесі, «Тарбағатай табиғаты» экологиялық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Алладан – мейір, адамнан – пейіл»-атты қайырымдылық акциясы өтті. Сондай-ақ, мейрам шеңберінде «Біз – Қазақстанның балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүргіміз келеді!» ұранымен мерекелік іс-шаралар бағдарламасы ұйымдастырылып, аудан орталығы Ақсуат ауылындағы орталық алаңда балалар мен жас бүлдіршіндерге арналған әртүрлі мерекелік шаралар өткізілді. Олар: аудандағы орталық алаңда орталық балабақшаның 52 жас тәрбиеленушісінің арасында өткізілген «Әнші балапан» конкурсы, 60 оқушының қатысуымен өткен «Балалар әлемді бейнелейді» атты асфальтта, қабырғада, дуалда сурет салу конкурстары, 125 оқушының қатысуымен өткен «Қазақстан балалары спортты таңдайды» көңілді эстафеталық ойындар мен жарыстар (кіші футболдан, жеңіл атлетикадан т.б.), сондай-ақ орталық алаңда ұйымдастырылған «1000 оқушының домбырада бір мезетте ойнауы» акциясы. Оған қоса, ауданның барлық мектептерінде патриоттық форум, акциялар, «Отаным деп жырлаймын!» фестивалі т.б. шаралар ұйымдастырылды. Аудан мектептерінде мереке күнінде салтанатты түрде мектеп жанындағы және спорттық лагерьдің ашылуы ұйымдастырылып, барлық мектеп алаңдарда сахналандырылған көрініс, суреттер конкурсы, «Мен өмір сүріп жатқан әлем» жас балғындар конкурсы, «Айгөлек» байқауы, концерттер, қайырымдылық акциялар, спорттық сайыстар өткізілді. Мерекеге қатысқан барлық жас бүлдіршіндер, оқушылар мақтау қағаздары мен сыйлықтармен марапатталды.

4 маусым – Қазақстан Республикасының рәміздері күні мерекесіне байланысты барлық аудандық мекеме, бөлім, кәсіпорын және ұжымдардың қатысуымен кең көлемде салтанатты жиын өткізілді. Шара барысында ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы, Қазақстан Республикасының рәміздерін паш ететін мемлекеттік тулармен безендендірілген автокөліктер шеруі болып өтті, мейрамға байланысты патриоттық әндер орындалды.

Барлық мерекелерге байланысты аудандық «Тарбағатай» газетіне аудан әкімі мен мәслихат хатшысы атынан мерекелік құттықтаулар және өткізілетін салтанатты жиындарда құттықтау сөздері дайындалып отырылады.

Жалпы ауданда өткізілген түрлі мемлекеттік мерекелер мен айтулы оқиғаларға байланысты өткізілетін шараларда видеороликтер көрсету, баяндамаларды слайдтар арқылы жасау сияқты үгіт пен насихаттың жаңа формалары кеңінен пайдаланылады.
VІІ. ДІНИ ЖАҒДАЙДЫ ҚАДАҒАЛАУ

Қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, конфессияаралық келісімді, руханият пен сенімді нығайтуға бағытталған мемлекеттік органдар мен діни ұйымдардың өзара жұмысын үйлестіру мақсатында аудан әкімдігі жанында «Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес» құрылған. Кеңес мүшелері, ауыл имамдары және мешіттің алқа мүшелерімен бірлесе отырып жергілікті тұрғындар мен жастар арасында дінімізді құрметтеу, оған илану, оларды имандылыққа адамгершілікке тәрбиелеуде жоспарлы жұмыстар атқарып келеді.

Жергілікті тұрғындар мұсылман дінін ұстанады. Бүгінгі күні аудан бойынша 29 мешіт бар. Олардың барлығы облыстық әділет департаментінен тіркеуден өткен. Аудан тұрғындары мұсылмандардың айтулы мерекелерінің бірі «Мәуліт» мерекесіне байланысты Ақсуат және Ақжар ауылдарындағы орталық мешіттермен жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастырумен жоғары танымдық дәрежеде өткізілді. Бұл шара аясында діни әндер мен мұсылман дініне байланысты түрлі көріністер көрсетілді. Мешіттерде жұма намаздары оқылып, ата-баба рухына құрандар бағышталды.

Ауданда діни экстремизмге алдын-алуға жөнінде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Сондай-ақ, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында дін мәселесіне байланысты арнайы айдар ашылып, мақалалар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Сәуір айында аудандық ішкі саясат бөлімнің ұйымдастыруымен, аудандық ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі, Ақжар ауылының бас имамы, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесінің қатысуымен арнайы ақпараттық топ Ақжар ауылындағы Абай, М.Әуезов, Тұғыл ауылдарындағы Уәлиханов, Шорға ауылдарындағы Алтынсарин мектептерінде кездесу жиналыстар өткізіп, Қазақстан Республикасындағы діни сенім мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп қайтты.

Бүгінгі күні Қарасу, Қабанбай, Тана мырза ауылдарында жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен мешіттердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.



VІІІ. МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР

Тарбағатай ауданындағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандағы мемлекеттік атқарушы органдарда мемлекеттік рәміздерді мемлекеттік стандарттарға сай толық ауыстыру туралы аудан әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы №135-ші өкімі қабылданған. Бүгінгі күні осы өкімге байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2 қазан 2007 жылғы №873 қаулысына сәйкес жаңадан өзгертілген стандарт бойынша барлығы 96 Мемлекеттік Ту, 96 Мемлекеттік Герб ауыстырылды. Оларды бөліп қарайтын болсақ, 43 мемлекеттік мекеме, 53 білім беру саласындағы мекемелер.

Аудандағы жергілікті мемлекеттік атқарушы органдарда және ауылдық округтердің барлығында мемлекеттік стандарттарға сай келмейтін Мемлекеттік Тулар мен Мемлекеттік Елтаңбаларды жою жөніндегі комиссиялар құрылды.

Аудандағы барлық мектептерде мемлекеттік нышандарды насихаттауға байланысты арнайы бұрыштар және ауылдық округтерде көрнекі-үгіт құралдары орнатылған.

Аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия құрылған, ол жоспарына сай отырыстарын өткізіп отырады. Онда ауылдық округтері әкімдері және аудандық бөлімдердің мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттаудың жәйі туралы есептері тыңдалды.
IX.ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ

Аудандағы қоғамдық-саяси үрдістер мен тұрғын халықтықтың көңіл күйіне үнемі мониторинг жүргізіліп келеді. Осы мақсатта 2010 жылы ішкі саясат бөлімі тоқсан сайын сауалнама жүргізіп отырды. Сараптамалар негізінен аудандағы қоғамдық-саяси ахуалдың жайы, Елбасының Жолдауын білу, аудан жастардың өзекті мәселелері сияқты бағыттар бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, тиісті шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар беріліп отырылады.

Жалпы жүргізілген сауалнамалар қорытындылары бойынша тұрғындар тарапынан ешқандай наразылықтар мен келіспеушіліктер байқалмады. Аудан халқының басым бөлігі елімізде жүргізіліп отырған мемлекеттік бағытты қолдайтындығы анықталды. Еліміздегі лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік атқарушы органдарға деген сенімі жоғары екендігін көрсетті.

Жалпы жыл көлемінде аудандағы қоғамдық–саяси ахуал тұрақты болды.



Қазіргі кездегі қоғамдағы ілгерілеушілік өзгерістер, қоғам және мемлекет тарапынан қойылып отырған талаптар ауданда ішкі саясат мәселелерінің негізгі бағыттары жұмыстар жүргізуде жаңа сапалы әдістер қалыптастыруды қажет етіп отыр. Соған байланысты аудандық ішкі саясат бөлімі өзіне жүктелген міндеттерді алдағы уақытта да жоспарлы түрде жүйелі жұмыстар атқара беретін болады.

Аудандық ішкі саясат

бөлімінің бастығы А.Тайшөгелов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет