Тарифтік-біліктілік анықтамалығы (57-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер



бет3/3
Дата09.06.2016
өлшемі0.92 Mb.
#123849
1   2   3

169. Жұмыс үлгілері:


1) жапсырма декоры – қайнаған сумен күйдіру;

2) пішіндердің көлемді тетігінде шрифт, жануарлар, құстар салынған гирлянда түріндегі өсімдік ою-өрнектері – күкірт жаға отырып қайта салу және қолмен салу;

3) көлемді және рельефті қолтаңба – суретті алтындаумен және блоктаумен эскиздер және суреттер бойынша қайта салу.

13. Декоративтік сылақ пен жапсырма бұйымдарын қалпына келтіруші

Параграф 1. Декоративтік сылақ пен жапсырма бұйымдарын қалпына келтіруші, 3-разряд

170. Жұмыс сипаттамасы:

бүлінбеген, шамалы желінген декоративтік көне сылақтарда, мастикалық және жапсырмалы бұйымдардың бөлшектерінде қарапайым жұмыстарды орындай отырып, қалыпқа келтіру және консервациялау;

тегіс беттерде «автор» сылағы ашылғанға дейін соңғы сылақтар мен қаттамаларды жою;

сылақ желінген жерлерге шабақ қағу;

дайын бояу бойынша металл торын тарту;

ластануларды, ақтар мен бояуларды, ескі жасаулар мен мастикаларды жуу және кетіру;

дезинфекциялау және зеңін кетіру;

жарықтарды, тігістерді, сынықтарды бітеу және гипстеу;

сылақ жабындарына гидрофобизациялау;

декоративтік әшекейлердің сақталған фрагменттерін құрастыру және желімдеу, мастика мен папье-машеден жасалған бөлшектерді, әшекей фрагменттерінің бөлшектерін қалыптарға толтыру;

жоғары білікті қалыпқа келтірушінің басшылығымен жасанды мәрмәр үшін ерітінді дайындау;

негіздердің құрылғысы;

ерітіндіні жазықтыққа жағу, тегістеу, ысқылау, бетін жону;

құралды жұмысқа дайындау;

мастика массасын және папье-маше дайындау үшін материалдарды даярлау.

171. Білуге тиіс:

декоративтік сылақтарды, мастикалы және жапсырмалы әшекейлерді қалыпқа келтіруді орындау үшін қолданылатын негізгі материалдардың түрлері;

қолданылатын құралдар мен аспаптардың түрлері;

тұтастай және желінген жерлерін сылау үшін беткі жақты дайындау технологиясының мәні;

сылақ ерітінділерінің құрамы және оларды әзірленген рецептура бойынша жасау ережесі;

әшекей элементтерінен ластануларды, ақтарды, бояулар мен жасауларды жуу және кетіру амалдары;

жарықтарды, тігістерді, сынықтарды бітеу технологиясының мәні;

әшекей элементтерін құрастыру және желімдеу тәсілдері.

172. Жұмыс үлгілері:

1) тапсырма бұйымдары – қабырғада, жинақтарда бекіту;

2) декоративтік сылақ – қабырғалар, төбелер, пилястралар, құрылыстар – сылақты қайта жағу.

Параграф 2. Декоративтік сылақ пен жапсырма бұйымдарын қалпына

келтіруші, 4-разряд
173. Жұмыс сипаттамасы:

бүлінбеген, шамалы желінген және бояу дақтары бар декоративтік көне сылақтарда, мастикалық және жапсырмалы бұйымдардың бөлшектерінде күрделілігі орташа жұмыстарды орындай отырып, қалыпқа келтіру және консервациялау;

ескі сылақты «белгі» ретінде қалдырып, сылақтарды алғашқы сылаққа дейін қабаттап кетіру;

шаблондардың көмегімен үлкен емес шығарым тартымдарын тарту;

желінген жерлердің сылақталған бетінің тартымдары мен басқа рельефті әзірлемелерін, алғашқы «авторлық» қабатпен бірігу жерлерін өңдеп, қалпына келтіру;

әзірленген технологиялар, көне үлгілер бойынша декоративтік сылақтар дайындау;

беткі қабатын ажарлап және балауызбен жылтыратып, жасанды мәрмәр бетін жаңартуға қатысу; жасанды мәрмәрді қалпына келтіру кезінде ластанудан тазалау және жуу.

174. Білуге тиіс:

декоративтік сылақтарды, мастикалық және жапсырмалы әшекейлерді қалпына келтіру және консервациялау кезінде қолданылатын материалдардың қасиеті;

әр түрлі ерітінділердің құрамы және олардағы қоспалардың шамасы;

сәулет ескерткіштерін қалпына келтірген кезде сылақ және жапсырма жұмыстарының сапасына қойылатын талаптар;

декорды жапсырмалаудың, мастикалаудың, папье-маше стильдік ерекшеліктерінің негіздері;

кляммер көмегімен сылақты нығайту технологиясының мәні;

декоративтік безендіру фрагменттерін құрастыру және желімдеу әдістемесі;

тартымдарды тарту, тігістерді, рустарды тігу және оларды қайта жасау тәсілдері;

форматор ісінің негіздері;

«белгілерді» орнатудың әдістемесі.

175. Жұмыс үлгілері:

1) жасанды мәрмәр – қалпына келтіру;

2) русталар, тігістер – тігу;

3) қабырғалар, төбелер, пилястралар, қуыстар – құлама декоративтік сылақпен сылау;

4) қабырғалар, төбелер, пилястралар, қуыстар – декоративтік терризитті сылақпен сылау және граффитеу;

5) сылақ –кляммерлерді қоя отырып, бекіту.

Параграф 3. Декоративтік сылақ пен жапсырма бұйымдарын қалпына келтіруші, 5-разряд


176. Жұмыс сипаттамасы:

біршама желінген, бүлінген және рельеф айқындығын жоғалтқан декоративтік көне сылақтарда, мастикалық және жапсырмалы бұйымдардың бөлшектерінде күрделі жұмыстарды орындай отырып, қалыпқа келтіру және консервациялау;

негізден, байланыстыратын ерітінді инъекциясынан қалған сылақты нығайту;

байланыстыратын және сіңдіргіш ерітінділерді, гипс, мастика массасын және папье-маше дайындау;

ерімейтін тұздарды механикалық тәсілмен кетіру;

көне сылақтың желінген қабатын, біріккен жерлерді өңдей отырып, толықтыру;

сіңдіргіш құрамдарды дайындап, декоративтік әшекейлерді нығайту және гидрофобизациялау;

бейіні бойынша күрделі шаблондар немесе «белгілер» бойынша тартымдарды тарту;

шаблондарды жасау үшін тартым бейіндерін түсіру;

жасанды мәрмәрді қайта салғанда «белгілерді» орнату, бетін ажарлау және жылтырату.

177. Білуге тиіс:

көне сылақтардың құрамы және оларды жағудың тәсілдері;

әр түрлі дәуірдегі және стильдегі декоративтік әшекейлердің стильдік ерекшеліктері;

негіздерден қалған сылақтарды инъекциялау әдістемесі;

ерімейтін тұздарды механикаландырылған тәсілмен кетіру технологиясының мәні;

бейіні бойынша күрделі тартымдарды тарту, жаңадан сылау және қисық сызықты беттердің, күмбездердің, жинақтардың, аркалардың, паддугалардың, кессондардың желін жерлерін толтыру, «тоң асты», штрихтау бойынша және тағы баска сылақтарды орындау техникасы;

декоративтік әшекейлерді және арматураланған мүсіндерді монтаждау және желімдеу амалдары.

178. Жұмыс үлгілері:

1) аркалар, жинақтар, күмбездер – жаңа қисық сызықтардың бетін сылақтау;

2) беттері – бучарда, скарпель, троянка көмегімен «тоң асты», «штрихтеу бойынша» декоративтік сылау;

3) түрлі рельефті, суретті және гипстен жасалған мүсінді декоративтік әшекейлердің фрагменттері – монтаждау және желімдеу.

Параграф 4. Декоративтік сылақ пен жапсырма бұйымдарын қалпына келтіруші, 6-разряд


179. Жұмыс сипаттамасы:

қатты бүлінген декоративтік көне сылақтарда, жоғары көркемдік бағалы мастикалық және жапсырмалы бұйымдардың бөлшектерінде ерекше күрделі жұмыстарды орындай отырып, қалыпқа келтіру және консервациялау;

қабатталған сылақтарды инъекциялау және өңездер ерітіндісін сіңдіру әдісімен бекіту және сылақтан тоттарды механикалық және химиялық тәсілдермен кетіру;

зертханалық талдаулардың нәтижесінде айқындалған әр түрлі құрамдағы көне сылақ ерітінділерін дайындау;

эскиздер мен суреттер бойынша күрделілігі әр түрлі шаблондарды әзірлеу және жасау және ерекше күрделі тартымдар мен розеткаларды тарту;

сақталынған фрагменттер мен сызбалар бойынша декоративтік әшекейдің жетіспейтін фрагменттері мен бөлшектерін қайта құрастыру;

декоративтік әшекейлердің жетіспейтін бөлшектерін монтаждау, қиыстырып келтіру және орнында бекіту.

180. Білуге тиіс:

көне сылақтарды жасаудың тәсілдері мен әдістері, олардың құрамы;

түрлі бағыттағы декоративтік әшекейлердің стильдік ерекшеліктері;

сылақ қабатының күрделі бұзылуын нығайту және түрлі тәсілдермен зеңдерді, өңездер мен тоттарды кетіру;

эскиздер және суреттер бойынша шаблондарды әзірлеу және жасау ережесі;

жаңадан сылау және күрделі суреттелген беттің сылақ қабатының желінген жерлерін қайта құрастыру технологиясының мәні;

декоративтік әшекейлердің бөлшектерін монтаждау, қиыстырып келтіру және орнында бекіту.

181. Жұмыс үлгілері:

1) бағандар, пилястралар, капелюралары бар ауыспалы қиысатын балкалар – қисықсызықты беттерде сылақ қабатының желінген жерлерін қайта құрастыру;

2) жасанды мәрмәр – капелюралары бар ауыспалы қиысатын қисық сызықты бетте көп түсті ерітінді дайындап және пигменттерді іріктеумен қайта құрастыру.

14. Шатыр жабындарын қалпына келтіруші


Параграф 1. Шатыр жабындарын қалпына келтіруші, 3-разряд
182. Жұмыс сипаттамасы:

сәулет ескерткіштерінің бір-екі еңісті түрлі жабын материалдарынан жасалған шатырларды қалпына келтіру;

жабын болаттарын тазалау және олифамен бояу, табақтарды кесу, қарапайым жабылған суреттерді дайындау. жабынқыштарды сорттау, жабынқыштан, табақтардан жасалған шатырларды бөлшектеу;

түтіндік және желдеткіш құбырлардағы суға төзімді науаларды, құбырларды, қалпақтарды, зонттарды демонтаждау;

дайын суреттерден жасалған қарапайым жабындарды қатарлау, торламаға кляммерлер тігу және қаңылтырдан жасалған науаларға және кеңнауашаларға қосу;

су құбырларын, науалар, қалқаларды, шашақты әдәптарді және басқа да элементтерді үлгілер бойынша жасау және кронштейндер мен шымшуырларды орнату;

мастикалар дайындау және әзірленген әдістеме бойынша сырлау.

183. Білуге тиіс:

материалдар мен шатыр жабындарының түрлері;

материалдарды сұрыптау әдістері;

бір-екі еңісті шатырларды өлшеу және белгілеу тәсілдері, материалдар мен жабындардың сапсына қойылатын талаптар;

су ағатын науаларды, құбырларды, қалпақтарды, зонттарды, шашақты әдәптарды, жұқа тақтайшаларды, түрендерді, жабынқыштарды, гонттарды, сабандарды, қамыстарды, тас пештабантарын бекіту тәсілі;

бөлшектеу кезінде конструкцияларды қорғау үшін тас шатырлардың құрылғысы.

Параграф 2. Шатыр жабындарын қалпына келтіруші, 4-разряд


184. Жұмыс сипаттамасы:

сәулет ескерткішіндегі үш-төрт еңісті, шатырлы, мансардалы, вальмалы, Т жіне Г секілді түрлі материалдардан жасалған шатырларды қалпына келтіру;

үстіңгі бетін жабуға дайындау;

бекіткіштерді: кляммерлерді, шегелерді, қармақтарды және басқа да бекіткіш тетіктерді дайындау;

металды табақ материалдан, жабынқыштардан, шабақтардан, гонттардан, жұқа тақтайшалардан, түрендерден, сабандардан, қамыстардан, тас пештабантардан жасалған жабындарды қатарлау;

карниз қалқаларын, қабырға науаларын, ағаш түтіндік жабындарын қатарлау;

иіндерді, төккіштерді, құйғыштарды, дефлекторларды, шашақты әдәптарды, жұлдыздарды және су ағатын құбырлардың басқа да элементтерін жасау және ауыстыру. шатырларын біріккен жерлеріндегі, қиыстарындағы, кеңнауашалардағы және су төгілетін бөліктеріндегі тігіндерді қалайы дәнекермен дәнекерлеу;

есік алдына, кіреберістерді және кіретін есіктердің үстіне зонт секілді түрлі материалдармен жабу.

185. Білуге тиіс:

жабынды болаттардың, табақты мыстардың, қорғасындардың, мырыштардың, жабынқыштардардың, гонттардың, түрендердің, шабақтардың, тас пештабандарының, жұқа таяқшалардың, сабан, қамыс және жұқа жабындардың технологиялық қасиетінің негіздері;

үш-төрт еңісті, шатырлы, мансардалы, вальмалы, Т жіне Г секілді және су ағатын құбырлардың басқа да фигуралық элементтерін белгілеу және өлшеу тәсілдері;

тігіндерді қалайы дәнекермен дәнекерлеу әдістемесі;

есік алдын, кіреберістерді және кіретін есіктердің үстін зонттармен жабу тәсілдері.

Параграф 3. Шатыр жабындарын қалпына келтіруші, 5-разряд


186. Жұмыс сипаттамасы:

күмбез және конус секілді біткен сәулет ескерткіштеріндегі түрлі жабын материалдарын және позакомарлы жабындардың шатырларын қалпына келтіру;

сызба бойынша немесе сол жерде өлшеу, белгілеу, есептеу және шаблондар жасау;

щаблондар бойынша жабу элементтерін дайындау, суреттерді екі тік фалецпен («тарақша») немесе көлбеу фалецпен («жазық») біріктіру;

қабырғалардың, барабандардың, түтіндік құбырлардың және тағы баска дымқылданатын жерлерін өңдеу;

күмбездердің, конустардың крест астындағы шарлардың және тағы баска тігіндерін күміс дәнекермен дәнекерлеу;

қара және «қабыршақты» мырышталған болаттан және көне үлгі бойынша шашкадан, гонттан, жұқа тақтайдан, түреннен, жабынқыштан, сабаннан, қамыстан жасалған шатырларды жабу.

187. Білуге тиіс:

күмбезді және конусты шатырларды белгілеу, өлшеу тәсілдері;

жабу элементтерін дайындау үшін шаблондарды жасау тәсілдері;

суреттерді «тарақша» және «жазық» біріктіру әдістемесі;

қабырғаларға, барабандарға, түтіндіктерге, құбырларға түйіске жерлерді өңдеу тәсілдері;

күмбездердің, конустардың крест астындағы шарлардың мыспен және қоламен біріккен жерлердегі тігіндерді күміс дәнекермен дәнекерлеу технологиясының мәні;

қара және «қабыршақты» мырышталған болаттан және көне үлгі бойынша шашкадан, гонттан, жұқа тақтайдан, түреннен, жабынқыштан, сабаннан, қамыстан жасалған шатырларды жабу амалдары.

Параграф 4. Шатыр жабындарын қалпына келтіруші, 6-разряд
188. Жұмыс сипаттамасы:

доғалы, күмбезді, түйірлеп біткен сәулет ескерткіштеріндегі түрлі жабын материалдардан жасалған шатырларды қалпына келтіру;

суретті кескішпен ұрғылау және егеумен тазалау;

алтын жалатылған қара және мырышталған болатпен жабу және табақтарды арнайы біріктіргіш рейкамен біріктіру жолымен бетті тегістеумен арнайы өңдейтін басқа да түрлері;

кірпіш негізі бойынша жабынқыш шатырларын қалпына келтіру;

сыза отырып және «қабыршақ» пен «шашка» орындары бойынша пішіп «клиньдер» жасау.

189. Білуге тиіс:

доғалы, күмбезді, түйірлі формалы және түрлі шығындары бар шатырлардың формаларын белгілеу әрі өлшеу тәсілдері;

тас немесе кірпіш негізі бойынша жабынқыш шатырларын қалпына келтіру ерекшеліктері;

алтын жалатып жабу технологиясының мәні;

сыза отырып және «қабыршақ» пен «шашка» орындары бойынша пішіп «клиньдер» жасау тәсілдері.

190. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

15. Металл конструкцияларын қалпына келтіруші
Параграф 1. Металл конструкцияларын қалпына келтіруші, 3-разряд

191. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым жұмыстарды орындай отырып, металл конструкцияларын қалпына келтіру және консервациялау;

конструкцияны таттардан және ескі майлы бояулардан металл щеткасымен, құмбүріккіш аппаратпен, күйдірумен, рецептура бойынша әзірленген химиялық тәсілмен тазалау;

элементтерді пакеттерді салу;

кесу және срот болаттарының шеттерін тарту.

192. Білуге тиіс:

металл конструкцияларын қалпына келтіру кезінде қолданылатын құралдар мен жабдықтардың, әр түрлі бейінді сортты болаттардың түрлері;

түрлі тәсілдермен металл бетін майлы бояулар мен таттардан тазалау әдістемесі;

сортты болатты кесу, тесіктер бұрғылау, ескі тойтармаларды кесу технологиясының мәні;

металл конструкцияларының элементтерін буып-түю және тасымалдау амалдары.

193. Жұмыс үлгілері:

1) тойтармалар – тесіктер бұрғылау;

2) ескі тойтармалар – қолмен кесу;

3) таңбаланған элементтері бар алдын ала бойкада құрастырылған каркастар – бөлшектеу.

Параграф 2. Металл конструкцияларын қалпына келтіруші, 4-разряд


194. Жұмыс сипаттамасы:

күрделілігі орташа жұмыстарды орындап, металл конструкцияларын қалпына келтіру және консервациялау;

конструкцияны демонтаждау;

конструкцияларды элементтерге бөлшектеу;

декоративтік элементтерді алу;

бекіту бөлшектерін жасау.

195. Білуге тиіс:

конструкциялық элементтердің түрлері және олардың орындайтын қызметтері, оларға қойылатын талаптар;

конструкцияны және жарамсыз болған элементтерді толық демонтаждау тәсілдері;

бекіту бөлшектерін, ілмектер, тартпалар, кермелер жасау технологиясының мәні, металдар мен қорытпалардың көне құрамы.

196. Жұмыс үлгілері:

1) тойтармалар, ілмектер, тартпалар – көне үлгілер бойынша жасау;

2) каркастар, журавтар, кресттер, ағаш төсемдер, терезе қақпақтары, торлар – конструкцияларды демонтаждау;

3) крест пен каркас қаңқаларын конструкциялары – қайта құрастыру;

4) керме – жасау.

Параграф 3. Металл конструкцияларын қалпына келтіруші, 5-разряд


197. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі жұмыстарды орындап, металл конструкцияларын қалпына келтіру және консервациялау;

бастапқы пішінін беру үшін салқын тәсілмен деформацияланған бөлшектерді түзету;

металл конструкцияларын келтіре отырып және анкерлер салу арқылы қабырғаларға, жалғамаларға, жабындарға және басқа да негіздерге бекітуге қажетті құрылғылармен орнында монтаждау;

декоративтік элементтерді орнату.

198. Білуге тиіс:

сәулет өнері ескерткіштеріндегі металл конструкцияларының ерекшеліктері;

салқын тәсілмен металл конструкцияларын түзету технологиясының мәні;

элементтерді таңбалаумен бойкада конструкцияны алдын ала құрастыру әдістемесі;

декоративтік элементтерді сала отырып, конструкцияларды орнату амалдары.

199. Жұмыс үлгілері:

1) каркастар – элементтерді таңбалаумен бойкада алдын ала құрастыру;

2) каркастар – орнында монтаждау;

3) кресттер – орнында монтаждау;

4) торлар, терезе қақпақтары, көне төсемдер – жұдырықшаларды сала отырып және қалауды бітеп орнында орнату;

5) бекіткіштер – көне үлгілер бойынша жасау.

Параграф 4. Металл конструкцияларын қалпына келтіруші, 6-разряд
200. Жұмыс сипаттамасы:

ерекше күрделі жұмыстарды орындай отырып, металл конструкцияларын қалпына келтіру және консервациялау;

ыстық күйінде деформацияланған бөлшектерді түзеу;

жетіспейтін бөлшектерді сызбалар, эскиздер, басқа құжаттар бойынша және ұста тәсілімен сақталған ұқсастықтар бойынша қайта құрастыру;

металл конструкцияларын тегістеу, пісіру, дәнекерлеу және басқа да тәсілдермен бекіту және күшейту.

201. Білуге тиіс:

металл конструкцияларының түрлері, оларды ауыстыру әдістері мен тәсілдері, бекіту және күшейту;

ыстық күйінде металл конструкцияларының элементтерін түзету технологиясының мәні;

жетіспейтін бөлшектерді сызбалар, эскиздер, басқа құжаттар бойынша және ұста тәсілімен сақталған ұқсастықтар бойынша қайта құрастыру.

202. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

203. Жұмыс үлгілері:

1) кресттер – сортты болаттан декоративтік элементтерді қайта құрастыру;

2) терезе қақпақтары, көне төсемдер, торларды толтыру – сортты болаттан жасалған декоративтік элементтерді қайта құрастыру.

16. Ағаштан жасалған сәулет ескерткіштерін қалпына

келтіруші
Параграф 1. Ағаштан жасалған сәулет ескерткіштерін қалпына

келтіруші, 3-разряд

204. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым ағаш және столяр жұмысын орындап, ағаштан жасалған конструкциялық элементтерді қалпына келтіру және консервациялау;

түсіру, тасу, материалдарды тазалау және қатарлап қою;

ескерткіш қабырғасының астындағы бөренеден жасалған орындықтарды ауыстыру;

шұңқырларға уақытша тіреулерді салу;

ескі орындықтарды шабу, жаңаларын дайындау және орнату әрі берестпен немесе рубероидпен орау;

қабырғаларын қысқыштармен бекіту;

тігіндерін ауыстыру және жылылау;

қақпаларын торлау;

ескерткіштердің ағаштан жасалған элементтерін зарарсыздандыру және әзірленген рецептура бойынша дайындалған отқа төзімді құрамдармен өңдеу;

бөрененің шеттерін қысу;

бөренелерді канттарға домалата отырып қысу.

205. Білуге тиіс:

ескерткіштердің қарапайым конструктивтік элементтерін қалпына келтіру амалдары;

ағаштың негізгі тұқымдары, түрлері және оны өңдеу тәсілдері;

зарарсыздандырғыш және отқа қарсы құралдардың түрлері, олармен жұмыс істеу ережесі;

бөренеден жасалған орындықтарды ауыстыру, қабырғаларды қысқыштармен бекіту, тігінді ауыстыру, жылылау, қақпаларды торлау әдістемесі;

бөренелерді, тақталарды, орман материалдарының жоңқаларын қысу тәсілдері, тарақтар мен ширектерді таңдау;

жұмыстардың сапсына қойылатын талаптар;

ағаштан жасалған ескерткіштерді:

шағын ағаш үйлерді және аула құрылыстарын сызбалар бойынша бөлшектеу, көшіру және құрастыру әдістемесі.

206. Жұмыс үлгілері:

1) тақталар– қысу;

2) шегесіз астауларды ілу үшін тауық дайындамалары – жасау;

3) шатырлар, жабындар, қабырғалар, ортаны бөлгіштер, сатылар, терезе және есік толтырмалары, шатыр тіреуіштерінің конструкциялары – схемалар бойынша таңбалау және бөлшектеу;

4) орман материалдары – тарақтар мен ширектерді таңдау;

5) шаппалар – шұбарлау;

6) шабылған қабырғалар – берестен немесе рубероидтен төселетін қабаттар құрылғысымен төменгі тәждерді шайырлау.

Параграф 2. Ағаштан жасалған сәулет ескерткіштерін қалпына

келтіруші, 4-разряд


207. Жұмыс сипаттамасы:

күрделілігі орташа ағаш және столяр жұмысын орындап, ағаштан жасалған конструкциялық элементтерді қалпына келтіру және консервациялау;

шабылған қабырғаларды қалпына келтіру;

бүлінген және жоғарыда жатқан тәждерді алып тастау;

материалдарды таңдап, барлық түйісулерді келтіріп үлгі бойынша бөренеден немесе брустан жаңа тәждер дайындау;

пакля немесе мха төсей отырып, тәждерді орнату;

ағаш конструкциялардың астыңғы жағындағы бөренеден жасалған жарамсыз қалған орындықтарды ауыстыру;

шегесіз жамылғыларды қалпына келтіру;

жөндеу және сырғауыл дайындап ауыстыру;

берест төсеп, екі қабатталған жұқа тақтай жабындарын қатарлау;

дайындамасыз тауықтарды, жалбөренелерді орнату, дайын байлау-бауларды, төсемдерді және тағы баска шегелеу;

ауыстырылатын бөліктерді немесе бөлшектерді кесу, үлгі, сызба, эскиз және басқа құжаттар бойынша жаңаларын дайындау; оларды орнында жону, тазалау, ажарлау, келтіру және бекіту құралдарын пайдалана отырып орнату.

208. Білуге тиіс:

ағаштың негізгі физикалық-механикалық қасиеті;

ағаш өңдеуге қойылатын орнықтырмалар және шектеулер;

ағаштан бөлшектер жасаудың ережесі;

қолданылатын құралдардың түрлері және міндеті, оларды қайрау және түзету ережесі;

сызбалар мен эскиздерді оқу ережесі;

ескерткіштердің күрделілігі орташа ағаштан жасалған конструкциялық элементтерін қайта салу амалдары;

материалдардың сапасына қойылатын талаптар;

крепостнойлық имараттар: қабырғалар, қақпалар.

209. Жұмыс үлгілері:

1) шатырлар, жабындар, қабырғалар, ортаны бөлгіштер, сатылар, терезе және есік толтырмалары, шатыр тіреуішінің конструкциялары – қайта салу және конструкцияның жарамсыз болған элементтерін протездеу;

2) түрен – дайындамалар жасау.

Параграф 3. Ағаштан жасалған сәулет ескерткіштерін қалпына

келтіруші, 5-разряд


210. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі ағаш және столяр жұмысын орындап, ағаштан жасалған конструкциялық элементтерді қалпына келтіру және консервациялау;

халықтық және көне құрылыс интерьері секілді есік және терезе жақтауларындағы бөренелерді өрнектеу;

шегесіз конструкциялардың шиптері мен паздарын, тура сызықты кескінді есік және терезе ойықтарын сүргілеу;

сақталған үлгілер бойынша араланған және жазық геометриялық оюлар;

терезе маңдайшаларын уақытша орау;

арка тоғыспалары қалыңдап кеткен кезде отырып қалған тоғыспаларды уақытша бекіту.

211. Білуге тиіс:

түрлі стильдегі ескерткіштердің ағаштан жасалған конструкцияларының ерекшеліктері;

ағаш өңдейтін станоктар мен қолданылатын құралдардың құрылғысы;

ағаш және столяр бірігулерінің түрлері;

ескерткіштердің ағаштан жасалған күрделі конструкциялық элементтерін қайта салу технологиясының мәні;

ескерткіштердегі араланған және жазық халықтың геометриялық оюдың амалдары;

тоғыспа, ағаш ормандарын және көпір астын бекіту амалдары;

мұнарларды, күмбездерді сызбалар бойынша бөлшектеу, көшіру және құрастыру әдістемесі.

212. Жұмыс үлгілері:

1) шіркеу тяблолы, клиросты иконостастар, – фигуралық және кескіш тетіктерсіз қайта салу;

2) киотар, сәкілер, пештер және ағаш үйдің басқа да интерьерлері – оюсыз жасау;

3) терез қораптары және есік төсемдері, терезе ағаштары, жақтаулар, тұтқалар, сүйеніштер, сатылар, қүй қанатшалары – үлгілер, сызбалар, эскиздер бойынша қайта құрастыру;

4) кресттер және күмбездердің, мұнаралардың, шатырлардың төбесіндегі басқа да аяқтамалар – материалдарды таңдай отырып және түрлі тәсілдермен бекіте отырып, жетіспейтін элементтерді қайта құрастыру;

5) кронштейндер, голбицалар, байлау-баулар, төсемдер, лупнялар, төбелер – оюсыз жасау;

6) бөренелі қабырғалар, профильді қапталған карниздер, ағаш бағандар, төбелердің, күмбездердің, шатырлар мен мұнаралардың шатыр тіреуіш конструкциялары – бүлінген учаскелерді және сынықтарды белгілеу; алдын ала дайындамай протездердің салмаларын орнату.

Параграф 4. Ағаштан жасалған сәулет ескерткіштерін қалпына

келтіруші, 6-разряд


213. Жұмыс сипаттамасы:

ерекше күрделі ағаш және столяр жұмысын орындап, ағаштан жасалған конструкциялық элементтерді қалпына келтіру және консервациялау;

ескерткішті көшірген және қалпына келтірген кезде жоспар сызу;

сызбалар және басқа да құжаттар бойынша күмбездердің, ағаш аркалардың жаңа қалыптарын сол жерде орната отырып жасау;

жаңа шіркеулер, жел диірмендерін және ағаштан жасалған басқа да сәулет имараттарын белгілей отырып, бөлшектеу, таңбалау және тасымалдау;

ірі өлшемді элементтердің шаблондарын жасау;

ерекше жағдайларда ағаш конструкцияларының элементтерін бекіту.

214. Білуге тиіс:

түрлі стильдегі сәулет ескерткіштері туралы негізгі мәліметтер және олардың ерекшеліктері;

ағаштың түрлері, оны өңдеу әдістері;

қалыпқа келтіру кезінде қолданылатын материалдарға қойылатын талаптар;

қалыпқа келтіру кезінде қолданылатын байламдар мен бекіткіштердің түрлері;

ағаш тетіктер мен фрагменттердің схемасын құрастыру ережесі;

күмбездердің, аркалардың қалыптарының құрылғысы және оларды қалпына келтіру технологиясы;

ірі өлшемді элементтердің, шаблондарын, қызыл жұқа тақтайды жасау, шегесіз шатырлар мен ағаш үй, шіркеу және тағы баска құрылыстар интерьері элементтерінің фигуралық бөлшектерін жасау әдістемесі;

сәулет ескерткіштерінің ағаштан жасалған ерекше күрделі конструкциялық элементтерін қайта құрастыру технологиясының мәні;

сызбалар бойынша көп төбелі, шатырлы және ағаштан жасалған басқа да имараттарды бөлшектеу, көшіру және құрастыру әдістемесі.

215. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

216. Жұмыс үлгілері:

1) шіркеу тяблолы, клиросты иконостастар, қисық сызықты терезе және есік конструкциялары – ою және фигуралық бөлшектерді қайта құрастыру;

2) шегесіз шатыр – қайта құрастыру;

3) сәкілер, киотар, пештер, голбицалар және ағаш үйдің басқа да интерьерлері – өрнектелген үй оюларын қайта құрастыру;

4) шатырға арналған қызыл жұқа тақтай – жасау.

17. Тастан жасалған сәулет ескерткіштерін қалпына

келтіруші
Параграф 1. Тастан жасалған сәулет ескерткіштерін қалпына

келтіруші, 3-разряд


217. Жұмыс сипаттамасы:

кірпіштен, тастан конструкциялаған ғимараттарды, тастан және ганчтан жасалған профильді оюлы тегіс бөлшектерді қалпына келтіру және консервациялау;

кірпіш немесе тас қалауларының бұзылған немесе тозған бөлігін қолмен, профильді және ойылған тас блоктарын ақырындап жекелеген тастарға бөлшектеу тасты немесе кірпішті ерітіндіден және қоқыстан тазарту, бөлшектелетін элементтерді таңбалау;

бетін ерітіндімен көтере отырып, тігістерін тазалап және оларды мастикамен бітеп фундаменттерді гидроизоляциялау;

қалаудың жағы мен массасы арасындағы кеңістікті шегендеу;

қабырға, баған учаскелерін қатарлап қалау;

негізгі қалаудың бұзылмаушылығын қамтамасыз ететін ұяшықтардың, жылтыраған жерлердің тесіктерін ақырындап тесу, олардың бетін тазалау;

қабатталған қалауларды және профильді тас блоктарды және байлайтын ерітіндімен инъекциялаумен нығайту, инъекциялау тереңдігі 5 м дейін болған кезде тігістерді басу;

жоғары білікті қалпына келтірушінің басшылығымен қалауды болат блоктар, рельстер, пирондар салу, тарту, қабырғалардағы, бағандардағы, күмбездердегі байламдар арқылы нығайту;

ерітінді дайындаумен әк бетін консервлеу;

ескерткіш бетін арнаулы ерітінділермен жуу;

ақ тастың, мәрмәрдің, граниттің бетін абайлап, қиын кететін ластанудан және сәулет тетіктерінің майлы бояуларынан қырлы бөренемен, қашаумен және басқа да құралдармен тазалау.

218. Білуге тиіс:

қабырға материалдарының, ерітінділердің негізгі түрлері және олардың қасиеті;

қалау түрлері және оларды бөлшектеу ережесі;

кірпіш клеймаларының негізгі түрлері және сәулет ескерткіштеріндегі олардың мөлшері;

қолмен қалауда ұяшықтар, жылтыраған жерлерін, тесіктерді тесу әдістемесі;

қалауды арматуралау және инъекциялау арқылы нығайту, ғимараттың үстіңгі бөліктерін консервациялау тәсілдері;

қалаудың бетін ластанулардан және бояулардан тазалау технологиясының сәні;

қарапайым сызбаларды оқу ережесі.

Параграф 2. Тастан жасалған сәулет ескерткіштерін қалпына

келтіруші, 4-разряд


219. Жұмыс сипаттамасы:

фундаменттердің, қабырғалардың, тікбұрышты бағандардың, едендердің, алаңша мен сатылардың, шыршалы, қиғаштап және тік қатарланған, кірпіш және тас қалауларын, қатарларын дұрыстығын бау мен ватерпас бойынша сақтай отырып және тас пен ганчтан жасалған геометриялық өрнектердің профильді оюлы тетіктерін қалпына келтіру және консервациялау;

фундаментті ақталған жекелеген бөліктерін байлау үшін штраб қалдыра отырып, учаске бойынша кезектеп қалау;

жұмыс істеуге қиын жерлерге фундаментті жеткізу және нығайту;

тозған жерлерін, бөлмейтін қалауларды сақтай отырып, абайлап бөлектеу және шабу;

жаңа плиталар мен тастарды қатардан таңдап, түсі және сапасы бойынша іріктеп қалау және қатты тығыздау;

қалауды болат блоктар, рельстер, пирондар салу, тарту, қабырғалардағы, бағандардағы, күмбездердегі байламдар арқылы нығайту;

қабатталған қалауларды, инъекциялау тереңдігі 5 м артық болған кезде тігістерді баса отырып, байлайтын ерітіндімен инъекциялаумен нығайту;

қалауды тігістерін арнайы әк ерітіндісімен толтыру жолымен, қатты желінген тастардың пішінін жаңадан сала отырып, арнайы цемент ерітіндісін жағу тәсілімен және дайын ерітіндімен тұтастай жағып, бетін жылтыратып, тегістеп немесе ажарлап тастың бетін мастикамен бітеп қалпына келтіру;

ескерткіштердің цокольдарын таспен және гачпен қаптау;

тасты, кірпішті фаскаға, жартылай білікке, білікке, үшбұрышқа, кесілген білікшелерге, жартылай шеңберге, плашкаға жону.

220. Білуге тиіс:

құрылыс материалдарының барлық түрі, олардың физикалық және химиялық қасиеті;

қалауды тігістерін ерітіндімен, түрлі мастикалармен бітеу, цемент ерітіндісін жағу арқылы қалпына келтіру әдістемесі;

штрабтары, сынықтары бар және қатты қысылған тозған учаскелерді шабу технологиясының мәні;

штабтары бар учаскелерді фундаменттің, қабырғаның, тікбұрышты бағандардың, едендердің, алаң мен сатылардың сақталған бөліктеріне байламдау үшін қалау амалдары;

қалауларды ашу және зондаждар өндірісі технологиясының әдістемесі және мәні;

күрделілігі орташа сызбаларды оқу ережесі.

Параграф 3. Тастан жасалған сәулет ескерткіштерін қалпына

келтіруші, 5-разряд


221. Жұмыс сипаттамасы:

дөңгелек, көпжақты және бөшке тәрізді бағадардың, барабандардың, төбелердің, маңдайшалардың, күмбездердің, аркалардың, закомарлардың, канелюрлы пилястрлардың, бағандар ордерлері базаларының, техникасы көне крепостнойлық монастыр қабырғаларының тістерінің және тастан және ганчтан жасалған өсімдік өрнекті профильді оюлы тетіктердің кірпіш және тас қауларын қалпына келтіру және консервациялау;

қабырғаның түйісетін жерлерін қалаумен, штрабпен байламдау үшін қатарларды алу және қазық ұяшықтарын шабу;

профильді тастарды тігістерін өңдеп, ерітіндіге қатарлау;

карниздерді, белдемелерді, жақтауларды және басқа да сәулет тетіктерін қалпына келтіру кезінде сбір бейінді кірпіш немесе тас тобына сызбалар және суреттер бойынша шаблондар жасау;

көп сынған карниздердің, баған фусттарының, қисық сызықты сәулет элементтері базаларының тастарын немесе кірпіштерін жону, шаблон бойынша ойып, ысқылап фигуралық оюды шығару.

222. Білуге тиіс:

кірпіштен, буттан, мәрмәрден, граниттен, құмдақтан, базальттан және түрлі сәулет конструкцияларының басқа да материалдарынан қалау түрлері және тәсілдері;

түрлі сәулет конструкцияларын ескі қалауларды штрабтап және байламдап, тігістерін өңдеп қалпына келтіру әдістері, күрделі сызбаларды және басқа да құжаттаманы оқу ережесі;

шаблондарды жасау, кірпіш пен тасты жону, көшіргіш құралмен – пунктир-машинамен оюлаутехнологиясының мәні.

Параграф 4. Тастан жасалған сәулет ескерткіштерін қалпына

келтіруші, 6-разряд


223. Жұмыс сипаттамасы:

беткі жағы таза жонылған кірпіш немесе тас қалауларын цилиндрлік немесе конустық жазық беті бар салмаларды салу және тас пен ганчтан жасалған сюжетті композицияны ою арқылы қалпына келтіру;

тас плитадан жасалған жиектері жиектелмеген тұтқалар мен балясандарды, ескілерін шауып қалпына келтіру және консервациялау және жаңа тастарға ерітінді мен пирон салу;

шашақты, қорапты, қалыпты, крестті, жартылай циркульді және тағы баска аркаларды, күмбездерді қалау;

бір бейінді тас пен кірпіш тобына шаблондар жасау;

тас немесе кірпіш бойынша ою: әріптер, белгілер, славян шегіршіні, арқанды өрнек, жинағыш, гирлянда, маскалар және тағы баска;

сәулет бөлшектері желілерінің айқындығын жоғалтқан бейінді, мәрмәрдан, граниттен жасалған қаттаманы сол жерде жону, мүжілген жыныстарын кетіру, жақтарын бучардамен және қашамен өңдеу.

224. Білуге тиіс:

кірпіш пен тасты жону, сәулет тетіктер қолмен тас бойынша ою және ғимаратты қаптау түрлері және тәсілдері;

беті таза жонылған кірпіш пен тасты салмалар салу және тас блоктардан жасалған тұтас элементтерді, тұтқаларды, балясинді қайта құрастыру арқылы қалпына келтіру технологиясының мәні;

жинағыштарға, көп сынған карниздер баздарына және басқа да сәулет тетіктеріне, геометриялық және өсімдік өрнектеріне шаблондар жасаудың әдісі;

сәулет ескерткіштерінің стильдік ерекшеліктері;

жобалық, графикалық және суретті-мұрағатты құжаттамамен жұмыс істеу амалдары.

225. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

18. Ағаштан жасалған туындыларды қалпына келтіруші
Параграф 1. Ағаштан жасалған туындыларды қалпына келтіруші, 3-разряд
226. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым жұмыстарды орындап, ағаштан жасалған туындыларды қалпына келтіру және консервациялау;

жиһаздан өңдеу сырының қабатын, қалпына келтіруші ескі бітеулерді, мастикаларды кетіру;

зең қара күйелерімен, балдырлармен, шыбын-шіркейлер бүлдірген заттарды дезинфекциялау және дезинсекциялау;

шұңқыр емес жарықтар мен жапырылған жерлерді орнына келтіру;

жиһаздың тегіс бетін ажарлау;

балауыз бен лак жағу;

текстура мен түсін келтіре отырып, шамалы желінген учаскелерді фанерлеу;

бетін қыналар мен балдырлардан тазалау;

сырланған және майлы дақтарды кетіру;

мүсіннің азғана бөлшекке бөлінген сақталған фрагменттерін және ою рельефтерін құрастыру және жабыстыру, жиһазды элементтерге бөлу, түйіскен жерлерін тазалау және бекіту, жетіспейтін декоративтік-өрнектік фрагменттерін белгілеу, жазық оюлар жасау;

конструкцияның жекелеген бөліктерін жасау;

жиһаз заттарын және көркемдік паркеттерді бекіту, байламдау;

әзірленген рецептура бойынша мастикалар, желімдер дайындау.

227. Білуге тиіс:

ағаш тұқымдарының негізгі техникалық сипаттамасы;

ағаштың бүлінуінің негізгі түрлері және олардың пайда болу себептері;

бетінің ластануын кетіру, қыналар мен балдырлардан тазалау, ескірген өңдеу қабатын және қалпына келтіруші ескі бітеулерді алып тастау технологиясының мәні;

дезинфекциялау және дезинсекциялау тәсілдері;

бұйымдардың сақталған фрагменттерін құрастыру және жабыстыру, сондай-ақ жиһаз затындағы жазық оюдың жетіспейтін фрагменттерін, конструкцияның жетіспейтін жекелеген бөліктерін, бекіткіштерді, байламдарды жасау амалдары;

ағашты қалпына келтіруде қолданылатын материалдардың қасиеті;

қолданылатын құралдармен, аспаптармен және жабдықтармен жұмыс істеу ережесі;

ағашты өңдеудің негізгі тәсілдері.

Параграф 2. Ағаштан жасалған туындыларды қалпына келтіруші, 4-разряд


228. Жұмыс сипаттамасы:

күрделілігі орташа жұмыстарды орындап, ағаштан жасалған туындыларды қалпына келтіру және консервациялау;

негіздерін сіңдіру әдісімен бекіту;

беті шамалы бүлінген заттардағы тұрақсыз бекітпелерді алып тастау;

левкас негізіне дейін тік және қисық сызықты бетін тазалау;

туындылардың азғана бөлікке бөлінген фрагменттерін демонтаждау, монтаждау және желімдеу;

тесілген жарықтарды, сынықтарды, қатты жапырылғанды мастикамен және ағашпен бітеу;

фанера аяқтарының кебуін («чиж»); тесіктер мен саңылауларды жою;

жазықтықта фанерлеудің біткен жерін жабыстыру;

бітеу;


тиектерін ауыстыру;

рельеф оюының фрагменттерін, геометриялық пішін паркеттерінің элементтерін жасау;

сурет бойынша түс жиынтықтарын (маркетри) жаңадан салу;

берілген сурет бойынша оюлау;

басқа материалдардан суреттерді салу;

шеллачты политурамен ажарлау;

бұйымдарды буып-түю және тасымалдауға дайындау.

229. Білуге тиіс:

ағаш негізін нығайту, ағаштан жасалған заттардан ластануды тазарту технологиясының мәні;

азғана фрагменттен тұратын туындыларды демонтаждау, монтаждау және жабыстыру әдістері;

жарықтарды, жапырылғанды, кебуді орнына келтіру, фанерленбеген жерлерді жабыстыру амалдары, деформацияларды түзету, желінген түс жиынтықтарын толтыру, жетіспейтін фрагменттерді жаңадан салу амалдары;

ағаштан жасалған бұйымдарды қалпына келтіруде және консервациялауда қолданылатын табиғи және жасанды пигменттер мен желілердің, синетикалық шайырлардың қасиеті.

Параграф 3. Ағаштан жасалған туындыларды қалпына келтіруші, 5-разряд

230. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі жұмыстарды орындап, ағаштан жасалған туындыларды қалпына келтіру және консервациялау;

бөлшектері күйген, жазықтарды айтарлықтай желінген, деформацияланған және материалдары бұзылған туындыларды бекіту;

қалпына келтіру кезінде материалдарды іріктеу;

қатты ластануларды, бұрын жаңартқан қалдықтарды кетіру;

түпнұсқа материалында ағаштан жасалған туындылардың жетіспейтін фрагменттерін жасау;

бекітілген ұқсастықтар, суреттер, фотосуреттер бойынша туындыларды қайта салу;

туындылардың көп бөлікке бөлінген фрагменттерін демонтаждау, монтаждау және жабыстыру;

іріктеу және қорғау жабындарын жағу;

күрделі селдір оюлардың желінгендерін толықтыру;

қатты ағаштардан жасалған миниатюралық туындыларды, өрнектелген оюларды, маркетриларды, интарсияларды, нұсқаулықтары бар заттарды, түрлі ағаш тұқымынан жасалған, өсімдік өрнектері бар паркет жиынтықтарын қайта құрастыру.

231. Білуге тиіс:

қатты бүлінген туындыларды әзірленген әдістеме бойынша нығайту технологиясының мәні;

түпнұсқа материалында фрагменттерді жасау әдістемесі;

ұқсастықтары және түрлі құжаттар бойынша бұйымдарды қайта салудың ғылыми негіздемесі;

көп фрагменттерден тұратын, барынша желінген туындыларды, сондай-ақ миниатюралық туындыларды демонтаждау, монтаждау және жабыстыру.

Параграф 4. Ағаштан жасалған туындыларды қалпына келтіруші, 6-разряд


232. Жұмыс сипаттамасы:

ерекше күрделі жұмыстарды орындап, ағаштан жасалған туындыларды қалпына келтіру және консервациялау;

беткі қабаты және негіздері, түйіскен жерлері және желім массалары әбден тозған, физикалық-химиялық бүлінген туындыларды қалпына келтіру және консервациялау;

инкрустациялау, протездеу, левкастау және күрделілігі бойынша ұқсас жұмыстар;

әр түрлі дәуірдегі және стильдегі жиһаздар мен паркеттерді, түрлі материалдардан өңделген, алтын жалатылған заттарды түрлі құжаттар, сызбалар, эскиздер және зертханалық зерттеулер негізінде қайта құрастыру және қайта салу.

233. Білуге тиіс:

ағаштан жасалған беткі қабаты мен негіздері, түйіскен жерлері және желім массалары химиялық-физикалық бұзылған туындыларды қалпына келтіру және консервациялау;

түрлі құжаттар мен зертханалық зерттеулер негізінде туындыларды қайта құрастыру және қайта салу технологиясының негіздері;

алтын жалатылған, сурет салынған, металмен, сүйекпен, таспен және басқа да материалдармен бұйымдарды қалпына келтіру әдістері.

234. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

19. Маталар, гобелендер мен кілемдерді қалпына

келтіруші


Параграф 1. Маталар, гобелендер мен кілемдерді қалпына

келтіруші, 3-разряд

235. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым жұмыстарды орындай отырып, матаны, гобелен мен кілемді қалпына келтіру және консервациялау;

бейнесін немесе аналогын жақсы сақтай отырып, түсіру ремизі қолданылмаған толтырғыштарында матаға кестеленген күрделі емес ұлттық кесте суреттерін қалпына келтіру;

дублириндеу материалын дайындау;

түсі қанық матаны, гобелен мен кілемдерді шаң-тозаңнан тазалау, дезинфекциялау;

оңай кететін кірден тазалау;

тат, май, балауыз дақтарын кетіру, бұрынғы қалпына келтіру мен жаңартудың орындарын, жамаулар мен бауларын алып тастау;

түкті бөлігінің жекелеген учаскелерін негіз жібін тарта отырып және палас бөлігін негізгі жібі мен арқауын өткізе отырып қалпына келтіру;

торлап жамауға қажетті жіпті таңдау.

236. Білуге тиіс:

мата, гобелен мен кілемнің және ондағы өрімнің негізгі түрлері;

қарапайым құрылымды матаны жасаудың технологиялық ерекшеліктері;

түсіру ремизінсіз дәлме-дәл суреттер мен мата құрылымын жасау тәсілдері;

қалпына келтіруде қолданылатын жіптің түрлері;

торлап тігу тәсілдері және гобелен мен кілем жасаудың палас техникасы;

матаны тез кететін кірден тазалау, мата мен гобеленді дезинфекциялау әдістері және дезинфекциялау кезінде қолданылатын материалдардың түрлері;

қалпына келтіру кезінде қолданылатын материалдар уыттылығының шамасы, олармен жұмыс істеген кездегі ақтық шаралары;

кілемдерді қалпына келтіру сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 2. Маталар, гобелендер мен кілемдерді қалпына

келтіруші, 4-разряд

237. Жұмыс сипаттамасы:

күрделілігі орташа жұмыстарды орындай отырып, матаны, гобелен мен кілемді қалпына келтіру және консервациялау;

мата мен гобелендегі тігілген күрделі емес суретті қалпына келтіру және нығайту;

мата мен шілтерді инемен және желіммен құрамдастыру және дублириндеу;

әр түрлі тігін суреттері мен ұлттық кесте әшекейлерін қалпына келтіру;

қолмен тігілген гобелен мен кілемнің бастапқы суретін қалпына келтіру;

мата мен тігінді беттік тігінінің кейінгі қабатталуынан ашу, алтынмен зерлеу;

тігін матасын, тез оңатын бояумен боялған әшекейлерді кірден, ескі желімнен жалпы тазалау және жуу;

қара күйе мен кішкентай қоңыздың іздері қалған мата мен гобеленді бояғыштарды таңдамай дезинфекциялау;

мата, гобеленнен жасалған бұйымдар мен кілемді орау, тасымалдау және сақтау.

238. Білуге тиіс:

машинамен тоқылған кілемдер мен гобеленді қалпына келтіру әдіс-тәсілдері;

өрім түрлері; «Штоф» және «Брокатель» типті қолмен жасалған матаның технологиялық ерекшеліктері, осы маталардың нақты суреттерін салу;

кілем, гобелен мен матаның тығыздығын органолептикалық бағалау тәсілдері;

көне орыс тігістерін қоса алғанда тігістер мен тігіннің түрлері;

тігілген және әшекейленген матаны кірден, қара күйе мен кішкентай қоңыздың іздерінен жалпы тазалау, дезинфекциялау технологиясының мәні;

бояғыштардың түрлері мен қасиеттері;

дублириндеу матасын, жіпті күңгірттеу және матаны инемен және желіммен құрамдас дублириндеу әдістері;

матаны бұрынғы тігіс қабаттарынан аршу әдістері;

тігіннің, кестенің алтынмен және күміспен зерлеудің әр түрлі суреттерін қалпына келтіру.

239. Жұмыс үлгілері:

1) гобелен мен кілемдер– суретін қиыстырып келтіре отырып қайта пішу;

2) гобелен мен кілемдер – негізін қалпына келтіре отырып торлап тігу;

3) гобелен мен кілемдер – жекелеген бөліктерін таңдау және гобелен мен кілемге орнату;

4) гобелен мен маталар– алтынмен зерлеп қалпына келтіру;

5) гобелен мен маталар – күміспен зерлеп қалпына келтіру;

6) гобелен мен маталар – інжумен зерлеп қалпына келтіру;

7) алтынмен зерлеу – көне орыс тігісімен бекіту;

8) күміспен зерлеу – көне орыс тігісімен бекіту.

Параграф 3. Маталар, гобелендер мен кілемдерді қалпына

келтіруші, 5-разряд

240. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі жұмыстарды орындай отырып, матаны, гобелен мен кілемді қалпына келтіру және консервациялау;

қолмен тоқылған матаны, гобелен мен кілемді бастапқы суретін, үлгі бойынша тығыздығы мен түсін қалпына келтіре отырып, қайта түрлендіру, суреттерін қайта құрылымдау;

жіпті таңдау және бояу;

мастиковка әдісімен қара күйе жеген матаны, гобелен мен кілемді қалпына келтіру;

күрделі суретті фрагменттелген матаны, шілтерді және киімді желіммен және инемен құрамдас дублириндеу;

бұзылған матаның фрагменттерін құрастыру;

матадан, гобелен мен кілемнен жасалған қалпына келтірілген бұйымдарды қайта құрылымдау;

әр түрлі кінәраттары бар матаны, гобелен мен кілемдерді өңдеу, деформациялар мен тұрақты кірлерді жою, гобелен мен кілемнің матасын бұрынғы қабаттар мен желім, май және басқа да бояулармен жазылған жазулардан аршу.

241. Білуге тиіс:

қолмен тоқылған гобелен мен кілемді қалпына келтіру тәсілдері мен әдістері;

жіпті әр түрлі түстері бойынша іріктеу ережесі;

бояудың негізгі түрлері;

мата, гобелен мен кілемнің әр түрлі түрлері үшін қолданылатын бұрынғы және қазіргі заманғы бояулардың түрлері;

әр түрлі кінәраттары бар мата, кілем мен гобеленге сіңдіру және тазалау технологиясының мәні;

матаны, кілем мен гобеленді күрделі бұрынғы қабаттардан ашу әдістері;

сақталған суреттер, үлгілер мен фотосуреттер бойынша матаның суреттері мен құрылымын қалпына келтіре тәсілдері;

мата тоқу үшін толтырғыштарды жасау ережесі;

жуу құралдарының сипаттамасы мен оны пайдалану әдістемесі;

желімнің және матаны, гобелен мен кілемді консервациялау құралдарының рецептілері;

көрмеге қою үшін құрастыру ережесі.

242. Жұмыс үлгілері:

1) гобелен мен кілемдер – түгі мен негізін қалпына келтіре отырып, ақаулы жерін торлап тігу;

2) «асфаган», «Керман», «Тавриз» типті кілемдер-қайта пішу және тігу.

Параграф 4. Маталар, гобелендер мен кілемдерді қалпына

келтіруші, 6-разряд
243. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі жұмыстарды орындай отырып, бірегей және археологиялық экспонаттарды қоса алғанда, мата мен гобеленді, қалпына келтіру және консервациялау;

әбден сіңген кірді тазалау, кейінгі қабаттарды жою;

шіріген үлгілерді дублириндеу, бөлшектеу;

бұйымдарды оған ұқсас бұйымдар, мұрағат материалдары, фотосуреттер, стильдік ерекшеліктері, лабораториялық зерттеулер тағы баска бойынша қалпына келтіру;

бетін тігуді тұтас май жазбасынан алу;

мата мен гобеленді шіріген үлгілер, ұқсас түрлер мен суреттер бойынша, табиғи жіптер мен бояуды таңдай отырып қалпына келтіру.

244. Білуге тиіс:

әр түрлі дәуірдегі матаның стилистиалық және технологиялық ерекшеліктері;

кез келген кірді тазалау әдістемесі мен құралдары;

әр бір жеке жағдай үшін кез келген түрлі материал, құралдар мен айлабұйымдар дайындай отырып, матаны дублириндеудің барлық түрлері мен әдістері;

шіріген үлгілерді оған ұқсас бұйымдар, мұрағат материалдары, фотосуреттер, стильдік ерекшеліктері, лабораториялық зерттеулер тағы баска бойынша қалпына келтіру тәсілдері.

245. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

20. Көркемдік бұйымдар мен декоративтік заттарды қалпына келтіруші


Параграф 1. Көркемдік бұйымдар мен декоративтік заттарды қалпына келтіруші, 2-разряд
246. Жұмыс сипаттамасы:

фарфордан, шыныдан, қыштан, пластмассадан, майоликтен, металл мен басқа да материалдардан жасалған көркемдік бұйымдар мен декоративтік заттарды біліктілігі анағұрлым жоғары қалпына келтірушінің басшылығымен қалпына келтіру және консервациялау;

бөлшектерді іріктеу және бетін желімдеуге дайындау;

желімнің жіктерін тазалау;

бояуларды белгіленген рецептілер бойынша дайындау;

сәл үйкелеп және жетілдіре отырып, бұйымдарды күңгірттеу және сурет салу;

қуыршақтың және басқа да ойыншықтардың жекелеген тораптары мен бөлшектерін шарнир, резина, ілмектің көмегімен жабыстыру;

бөлшектерді монтаждауға таңдау және дайындау.

247. Білуге тиіс:

бұйымдар мен заттарды жабыстыру технологиясының мәні;

желімделетін материалдардың қасиеттері;

бұйымдарды жабыстыру және сурет салу бойынша қарапайым операцияларды орындау тәсілдері;

жұмыста қолданылатын желім мен бояудың рецептурасы;

қызмет көрсетілетін жабдықтардың, айлабұйымдар мен құралдардың жұмыс қағидаты мен қолданылу ережесі;

ойыншықтардың құрылысы;

айнаны өңдеу тәсілдері және оның бетіндегі айғызды сүрту ережесі.

248. Жұмыс үлгілері:

1) қыша сауыты, қақпақ, күл салғыш, рюмка, тұз салғыш – жабыстыру;

2) тік бұрышты формалы айна – күміс пленкалы қорғаныш қабатын өңдеу, оң бетінен сурик, күміс лагының ақпаларын алу.

Параграф 2. Көркемдік бұйымдар мен декоративтік заттарды қалпына келтіруші, 3-разряд


249. Жұмыс сипаттамасы:

фарфордан, шыныдан, қыштан, пластмассадан, майоликтен, металл мен басқа да материалдардан жасалған көркемдік бұйымдар мен декоративтік заттарды қалпына келтіру және консервациялау;

тік иілген аздаған фрагменттен бұйымдар мен заттарды, желімнің шығуын тазалай отырып, жіктеріндегі шағын кемшіліктері мен сынықтарын бітей отырып жабыстыру және кейіннен күңгірттеу;

мастиканы белгіленген рецепт бойынша дайындау;

бояу таңдау;

үш тонға дейін жаға отырып, бұйымдардың желімделген жерлерін күңгірттендіру;

кірден, коррозия өнімдерінен тазалау;

оңай кететін кірді, ескі қалпына келтіруден қалған қалдықтарды, желімді, жазуларды щеткамен, скальпельмен, жуу құралдарымен және белгіленген рецептура бойынша ерітіндіге шыланған компрестермен тазалау;

металды майсыздандыру;

шағын кемшіліктерді, сынықтарды, жарықтарды, шұңқырларды толтыру массасымен толтыру;

суретті қалпына келтірмей, тегістеу, жылтырату, күңгірттеу;

гипстен, балауыз бен ермексаздан қалып жасау. бөлшектерді қалыпқа қалыптау;

алғашқы күйдіру;

температуралық режимді бақылау;

бітеме мен массаны дайындау, бұйымдар мен заттарды қалпына келтіруге қажетті дайындамаларды кесу;

металдан құйылған бөлшектердің кемшіліктерін қалпына келтіру кезінде – құюдан кейінгі қарапайым өңдеу.

250. Білуге тиіс:

негізгі материалдардың түрлері мен қасиеттері;

мастика рецептурасы;

берік және тегіс жік алуды қамтамасыз ететін тәсілдер;

бұйымдар мен заттарды бояу тәсілдері;

қызмет көрсетілетін жабдықтардың, айлабұйымдар мен құралдардың құрылысы;

ойыншықтарды іске қосу механизмдерінің құрылысы;

тігу тәсілдері және оңай кететін кірді тазалау;

жарықтарды, жіктер мен сынықтарды бітеу технологиясының мәні.

251. Жұмыс үлгілері:

1) құмыра, кәдесый, тарелкалар, чашкалар – жіктерді өңдей отырып жабыстыру;

2) сфералық және фигуралы айна – күміс пленкалы қорғаныш қабатын өңдеу, оң бетінен сурик, күміс лагының ақпаларын алу;

3) ойыншық – дыбыстау механизмін бекіте отырып жабыстыру;

4) әртүрлі бұйымдар мен заттар – ауқымы 1 см2 кіші шұңқырларды, саңылаулар мен жарықтарды бітеу;

5) хрустальдан жасалған заттар – бөлшектеу;

6) мұқият орындалған анатомиялық формасыз жасалған мүсіншелер – жіктерін бітей отырып жабыстыру;

7) шыныдан жасалған экспонаттар – жабыстыру.

Параграф 3. Көркемдік бұйымдар мен декоративтік заттарды қалпына келтіруші, 4-разряд


252. Жұмыс сипаттамасы:

бөлшектерге бөлінген, бір немесе бірнеше тораптарда біріккен, фарфор, фаянс, шыны, хрусталь, майолик, металл мен басқа да материалдардан жасалған күрделі бұрылысы бар қарапайым және күрделілігі орташа конфигурациялы көркемдік бұйымдар мен декоративтік құралдарды қалпына келтіру және консервациялау;

желім таңдау;

қалпына келтірілетін бұйымдарды күңгірттеуге арналған бояу мен лакты таңдау және екіден беске дейін әртүрлі тонды жаға отырып, қосылған жерлерін бояу;

бұйымның бетіне лакты көп қабаттап және тегістеп жағу;

бетіндегі әбден сіңген кір мен жазуларды белсенді жуу құралдарының көмегімен, электролиттік және электромеханикалық тәсілмен тазалау;

тік кескінді шыныдан жасалған бұйымдардың жоғалған фрагменттерін нығыздау және қолмен тегістеу әдісімен қалпына келтіру;

шыныны шаблон бойынша кесу;

екі бөліктен тұратын қалыптарды алу және жасау;

левкас, бітеме мен бітеу массасын рецептура бойынша дайындау;

оймаланған суреттер мен рельефке ұқсатып жасау;

дәнекерді, бекіткішті, ұсталық дәнекерді пайдалана отырып, қара және түсті металдан жасалған бұйымдарындағы құрастыру.

253. Білуге тиіс:

бұйымдарды қалпына келтіру мәні, технологиясы және тәсілдері;

бұйымдарды қалпына келтіру кезінде қолданылатын материалдарың негізгі техникалық қасиеттері мен сипаты;

көркем жазуды қалпына келтірудің бірізділігі;

бұйымдарды әртүрлі бояулармен күрделі қаптау тәсілдері;

бұйымдарды лактау технологиясының мәні;

сіңген кірді тазалау технологиясының мәні;

мүсін мен декорды монтаждау және жабыстыру тәсілдері;

бұзылған жерлерді осыған ұқсас бұйымдарға қарап қалпына келтіру әдістемесі;

табиғи және жасанды пигменттерді, бояулар мен қоспаларды қалпына келтіру әдістемесі;

металдан жасалатын қолданбалы өнердің стильдік ерекшеліктері.

254. Жұмыс үлгілері:

1) рельефті құмыра, кофе пісіргіш, қант сауыты, анатомиялық формасы мұқият жасалған мүсіншелер, шәйнектер – жабыстыру;

2) ойыншықтар – дыбыс механизмдерін бекіте отырып жабыстыру;

3) әр түрлі бұйымдар - ауқымы 1 см2 шұңқырларды, саңылаулар мен жарықтарды бітеу;

4) люстралар, бра, басқа да жарықтандырғыш құралдар - фрагметтерін монтаждау;

5) рюмкалар, фужерлер, қолмен қырланған хрустальдан, венециандық шыныдан жасалған бокалдар – жабыстыру;

6) жұқа қабатты бедерлі заттар – шұңқырларын бітей отырып жабыстыру;

7) көп фигуралы мүсіншелер – жабыстыру.

Параграф 4. Көркемдік бұйымдар мен декоративтік заттарды қалпына келтіруші, 5-разряд


255. Жұмыс сипаттамасы:

жетіспейтін бөліктерін үлгілер, суреттер мен фрагменттер бойынша қалпына келтіре отырып, фарфор, фаянс, қыш, шыны, хрусталь, металл мен басқа да материалдардан жасалған күрделі көркемдік және көне бұйымдар мен декоративтік құралдарды қалпына келтіру;

қалпына келтірілетін бөлшектерді жасау үшін қажетті құрамды дайындау;

бес тоннан артық тон жаға отырып, жазуларын күңгірттеу;

жұқа айшықты ойма мен бедерді қалпына келтіру;

көп түсті жазуды қалпына келтіру, глазурьге ұқсатып жасау кезінде күңгірттеу;

майысқан металл бөлшектерді түзету, рельефтігінен айрылған суреттерді бедерлеу, инкрустация;

айтарлықтай жойылған жерлерін сақталған бөлшектер, суреттер, эскиздер мен фото және басқа да құжаттар бойынша қалпына келтіру;

қалып пен үлгіні жасай отырып және бөлшектерді құя отырып, бұйым материалында аяқталмаған жерлерін аяқтау массасымен бітіру;

тегістеу, жылтырату, күңгірттеу және басқа да өңдеу жұмыстары;

қалың шыныны кесу және оны суреттің құрсауына салу;

қиын кететін қабаттарды, қалпына келтіру жазбаларын жуу құралдары мен химреактивтерді арнайы таңдай отырып жою;

материалдарды құрылысы мен түсі бойынша таңдай отырып, бұйымдар мен заттардың айтарлықтай жойылған жерлерін қалпына келтіру.

256. Білуге тиіс:

бұйымдар мен заттарды қалпына келтіру тәсілдері;

көркем жазуды күңгірттеу ережесі;

бұйымдарды қалпына келтіру кезінде қолданылатын материалдардың физикалық-химиялық қасиеттері;

эмаль мен лактың, бітеу массасының рецептурасы;

желім мен бояудың сапасына қойылатын талаптар;

оймалау және бедерлеу тәсілдері;

эмальмен жұмыс істеу негіздері;

қатты бүлінген туындыларды нығайту технологиясының мәні;

әр түрлі материалдардан жасалған көркемдік бұйымдарды монтаждау және бекіту әдістері.

257. Жұмыс үлгілері:

1) құмыра, тарелкалар, кеселер және басқа да тұрмыстық заттар – жетіспейтін бөлшектерін қалпына келтіру;

2) зерәйнек – монтаждау;

3) қолмен жасалған бұйымдар – көркем суретін қалпына келтіре отырып, мәрмәр, сүйек, перламутрға ұқсатып бояу;

4) изразец – жетіспейтін бөлшектерін қалпына келтіру;

5) үлкен экспонаттар – шаблондарды пайдалана отырып жабыстыру.

Параграф 5. Көркемдік бұйымдар мен декоративтік заттарды қалпына келтіруші, 6-разряд


258. Жұмыс сипаттамасы:

аса күрделі көркемдік және көне бұйымдар мен фарфор, фаянс, қыш, шыны, хрусталь, металл мен басқа да материалдардан жасалған декоративтік құралдарды қалпына келтіру және консервациялау;

бұйымдарды үлгілер немесе аналогтар, қалпына келтірудің эскиздік жобалары бойынша қалпына келтіру;

жабыстырылған және бітелген жерлерінің, суретін қалпына келтіруді қажет ететін жерлерінің рельефі мен фактурасын қалпына келтіру;

айшықты, толқынды, қыздырылған шыныны кесу, қайрау және сурет рамасына орнату;

хрустальдан күрделі сурет бедерлеу;

қалпына келтірілген бөлшектерді жылтырату;

заттардың майысқан жерлерін, металды соза отырып, кейіннен суретін түзете отырып түзету;

бейнелік, портреттік суреттердің жекелеген бөлшектері мен жекелеген бөліктерінің бұйымдарының бетінде қалпына келтіру және мүсіндік өңдеу;

өте жұқа бедерлемені қалпына келтіру;

миниатюрада қалпына келтіру және консервациялау;

өнімдердің иризациясын, тұздың кристалдануын тоқтату;

фрагменттердің штифтілеріне, каркастарына жабыстыру және бекіту;

бірегей фрагменттердің қалыбын алу және жасау. бейнені күңгірттеу және қалпына келтіру;

сақталған фрагменттер бойынша түстерді таңдай отырып, эмаль дайындау.

259. Білуге тиіс:

әр елдің және дәуірдің фарфор мен фаянс маркалары;

фарфор мен фаянстан бұйымдар жасау технологиясының негіздері;

бұйымдарды қалпына келтіру кезінде қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері;

бұйымдарды өңдеудің амалдары мен тәсілдері;

түс тану және сурет композицияларының негіздері;

көлеңкелер жасаудың заңдары;

керамикалық бұйымдарды жоғары көркемдік әшекейлеу амалдары;

оюлау амалдары;

мүсін мен пластика тарихы;

әр дәуірдің және мектептердің мүсіндері мен декорының стилистикалық ерекшелігі;

антикварлық, археологиялық, теңдессіз бұйымдарды және заттарды қалпына келтірудің айрықшалығы.

260. Орта кәсіптік білімді талап етіледі.

261. Жұмыс үлгілері:

1) барельефтер, горельефтер, өрнектер – қайта құрастыру;

2) динамикалық қалыпта тұрған, терең бүрмеленген киімдегі сипатталған және мұқият өңделген бет пішіндері көрсетілген адамдардың мүсіндері – қайта құрастыру;

3) композициялы көп фигуралық мүсіндер – қайта құрастыру.

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының

(57-шығарылым) қосымшасы

Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші

Р/с№


Кәсіптің атауы



Разрядтар диапазоны

беті



1.

Зерәйнекші

2-6

2

2.

Сөре декораторы

3-6

6

3.

Бүрмелеу

1-5

7

4.

Көркем-безендіру жұмыстарын орындаушы

1-7

9

5.

Макеттік-үлгі жобалау макетшісі

1-6

13

6.

Театрлық-қойылымдық макеттердің макетшісі

3-6

17

7.

Көркемдік макеттердің макетшісі

3-6

19

8.

Монументтік-декоративті бейнелеу өнерінің мозайкашысы

2-6

22

9.

Экспозиция және көркемдік-бедерлеу жұмыстарының монтажшысы

3-6

26

10.

Көркем туындыларды орнатушы

2-5

28

11.

Мұрағат және кітапхана материалдарын қалпына келтіруші

3-6

31

12.

Декоративтік-көркемдік бояуларды қалпына келтіруші

3-6

34

13.

Декоративтік сылақ пен жапсырма бұйымдарын қалпына келтіруші

3-6

37

14.

Шатыр жабындарын қалпына келтіруші

3-6

41

15.

Металл конструкцияларын қалпына келтіруші

3-6

44

16.

Ағаштан жасалған сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруші

3-6

46

17.

Тастан жасалған сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруші

3-6

50

18.

Ағаштан жасалған туындыларды қалпына келтіруші

3-6

54

19.

Маталар, гобелендер мен кілемдерді қалпына келтіруші

3-6

57

20.

Көркемдік бұйымдар мен декоративтік заттарды қалпына келтіруші

2-6

61


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет