болыс басқарушылары, ауыл старшындары жəне жергілікті əкімшіліктердің басқа да
қызметкерлері ұшырады, өйткені жасалған тізімдер əуел бастан жаппай парақорлық,
көзбояушылық пен қиянатқа негізделді. Əкімшілік жүйе ол кезде қазақтарда тууы
туралы куəліктің болмағанын пайдаланып, тізімге жас шамасына қарамастан кедейлерді
қалауынша енгізіп, ал ауқатты əулеттерден пара алып, оларды шақыртудан босатты.
Көтерілісшілер болыстық кеңселерді, болыстар мен ауыл старшындарының үйлерін,
жасалған тізімдерді өртеді, жекелеген болыс бастықтарын өлтірді. Стихиялы қозғалыс
біртіндеп ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласты.
Көтерілістің негізгі қозғаушы күштері – отарлық езгіден күрт кедейленген шаруалардың
қалың тобы мен сол кезде қалыптаса бастаған жергілікті жұмысшылар болды.
Көтеріліске сондай-ақ қазақ халқының басқа əлеуметтік топтарының (байлар, болыстар
мен билер, интеллигенция) өкілдері де қатынасты. Соңғылары кейбір аймақтарда
жетекші рөл атқарды.
Қазақ зиялыларының кейбір өкілдері (Т. Бокин, Ж. Ниязбеков, Ə. Жүнісов, Т. Рысқұлов,
С. Меңдешев, Б. Алманов, Ə. Жангелдин жəне т.б.) патша жарлығына батыл қарсы
шықты жəне халықты қарулы қарсылыққа шақырды.
Ал «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан либерал-демократияшыл зиялылардың
жетекшілері (А. Байтұрсынов, Ə. Бөкейханов, М. Дулатов, т.б.) патша əкімшілігінен тыл
жұмысына адам алуда асықпауды өтініп, керісінше дайындық шараларын жүргізу
жөнінде ұсыныстар жасады, көтеріліске шыққан халық патша өкіметі тарапынан аяусыз
жазалауға ұшырайтынын ескертіп, көпшілікті жарлықты орындауға қарсылық
көрсетпеуге шақырды.
Түркістан генерал-губернаторы бірнеше жазалау отрядын жасақтап, көтерілісшілерге
қарсы жөнелтті. Көтерілісшілер Самсы төңірегінде отрядқа шабуыл жасап, оларды
Верныйға (Алматы) қарай шегінуге мəжбүр етті. Т. Бокин бастаған көтерілісшілер (10
мыңнан астам) тамызда шабуылға шығып, Верный мен Пішпек арасындағы байланысты
үзді.
Достарыңызбен бөлісу: