талғамымен құндылық бағыттарының ортақтығымен көрініс табады. Бұл
олардың психикасының жалпы бір екендігімен байланысты.
Этникалық психологияның негізгі элементтері
рулық қауымның негізінде
жатыр. Этникалық мінез құлық қай этнос болмасын этностың тарихи
қалыптасқан тұрақты психологиялық белгілерінің жиынтығы, олардың
әлеуметтік
тұрмыстық ортаға, қоршаған ортаға, еңбекке, басқа этникалық
қауымдарға қатынасын анықтайтын әдеттік әс әрекеті.
Этникалық темперамент этникалық қауымның үлкен бөлігіне тән белгілі
бір жағдайға бағытталатын белгілі стандарт тәсілі.
Мысалы италяндықтар
жаман хабар естісе шаштарын жұлса, жапондықтар басқаларды уайымдатпау
үшін жымияды.
Этникалық әдет ғұрыптар этностың өткен және күнделікті әс әрекетінде
қалыптасқан ұрпақтан ұрпаққа
жалғасатын тәртіп нормасы, мінез құлық
стеоретипі, әрекеті, адамдар арасындағы қарым қатынасы т.б.
Этникалық мәдениеттің қалыптасуына табиғи жағдай, тіл, дін сондай ақ
этностың психологиялық қабаты да ықпал етеді.
Этникалық мәдениеттің
маңызды элементі халықтың өзіндік атауы.
Достарыңызбен бөлісу: