африкан не семит-хамит тіл семьясында (70%-европеоидты және 20%
жоғарысы моноголоидты, қалғаны аралас нәсіл), бірақ бұл екі тілдік семьяда
сөйлейтін халықтардың барлығы адамзаттың бар-жоғы 4% ғана құрайды.
Сонмен бірге әлемнің 30% аралас және аралық нәсілдік қатынастарды құрайды.
Осының барлығы, әдеттегідей антропологиялық (нәсілдік) көрсеткіштерді
бір нәсілді екінші нәсілден айыру үшін қолданатын
белгі ретінде қабылдауға
қиындық келтіреді. Этностардың біраз бөлігінің әр түрлі негізгі (үлкен) нәсілге
жататындығын (мысалы, латынамерикан халықтарының біраз бөлігі) естен
шығармауымыз керек. Сондықтан да нәсілдік бірлік кез келген халықтың не
этникалық қауымның міндетті белгісі деу дұрыс емес. Сондай ақ ірі этностар
немесе кіші нәсілдер (мысалы, әртүрлі антропологиялық
типтер Италияның
оңтүстік және солтүстік бөлігі тұрғындары арасында басым) әртүрлі
антропологиялық тип өкілдерін қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: