Тарих факультеті



Дата04.03.2016
өлшемі23.74 Kb.
#37856
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АКАДЕМИК Е.А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


2015 жылдың 13 қарашасында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультеті Қазақ хандығының құрылуының 550-жылдығына арналған Қазақстан тарихы пәні бойынша мектеп оқушыларының «КЛИО-2015» Олимпиадасын өткізеді.

Олипиада қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.

Олимпиадаға қатысуға Қарағанды қаласы, серіктес-қалалар мен облыстың жалпы білім беретін мектептері, лицейлері, гимназиялары, мектеп-интернаттарының 11 сынып оқушылары шақырылады.



Олимпиада екі айналым бойынша өткізіледі (әр мектептен 4 қатысушыдан артық емес):

1 (іріктеу) айналым 13 қараша 2015 жылы сағат 09.00-де тестілеу түрінде өтеді. Олимпиаданың тас тапсырмасының әр сұрағы 1 балл болып бағаланады.

2 (ақырғы) айналым 13 қараша 2015 жылы сағат 15.00-де өтеді. Оған сұрақтарға жазбаша жауап жазу тапсырмасы кіреді. Олимпиаданың 2 айналымына 1 айналымда тестілеу нәтижелері бойынша жоғары балл жинаған конкурсанттар өтеді. 2 айналымға қатысушыларды қазылар алқасы іріктейді.

2 айналым бойынша барынша көп балл жинаған қатысушылар олимпиада жеңімпазы ретінде анықталатын болады.

Қазақстан тарихы пәні бойынша Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың тарих факультетінің профессорлық-оқытушы құрамы қатарынан құрылады. Конкурстық тапсырмалар олимпиада тақырыбына сәйкес ұйымдастыру комитеті тарапынан әзірленеді. Қазылар алқасы шешімі бойынша арыз-шағымдар қабылданбайды.

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

Олимпиадаға қатысу үшін 2015 жылдың 4 қарашасына дейін өтінішті төмендегі мекенжайлар бойынша жіберу қажет.

100028, Қарағанды қ., Университет к-сі, 28, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, тарих факультеті (№3 оқу ғимараты), 507 кабинет

e-mail: istkaz_kargu@mail.ru

Байланыс телефоны: 77-04-09 (деканат), 77-00-30 (кафедра), 8-707-923-23-91 (Ж.Жұмабеков).


Олимпиадаға қатысушы оқушылармен бірге келген тарихшы мұғалімдерге бүкіләлем тарихы мен Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша семинар өткізіледі.

Заявка
на участие в Олимпиаде школьников по истории Казахстана «КЛИО-2015», проводимой Карагандинским государственным университетом им. Е.А. Букетова 13 ноября 2015 г.


школа №

адрес:


телефон:





Ф.И. участника

Язык

(каз, рус.)



Ф.И. преподавателя истории




































Директор школы:



(печать)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет