Тарих философиясындағы герменефтика талдаңыз



Дата13.09.2023
өлшемі19.67 Kb.
#477439
Документ Microsoft Word


  1. Тарих философиясындағы герменефтика талдаңыз.

Тарих философиясының герменефтикалық талдау бұл философия типологиясын жік-жігіне бөліп көрсету. Осы арқылы ұғымның негізгі мән-мағынасын ашып көрсетеміз. Бірінші Онтологиялық сипатта болуы. Яғни, түпкі болмысты алдынғы қатарға алып шығару. Екінші бұны түрлі рефлексивті түрде сынау болып табылады. Нақтылап түсіндіретін болсам бірінші, тарихи үдерістің мәнінің ұғынуға, мазмұнын жіктеу мен белгілі бір классификация жасауға көмектеседі. Ал екінші танымдыө ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі. Бұл дегеніміз методологиялық апараттарын айшықтайды. Жәнеде детерминисттік түрде түсіндірме жасайды. Себебі, тарих тек бір ұлттан ғана емес бар әлемдік құбылыстар нәтижесінде пайда болды.
Тарих философиясының мәнінің қалыптасуы көзқарастық негізде себепкер болды. Бұған бірнеше көзқарастарды мысалға келтіруге болады бірінші монолисттік көзқарас. Идеалистік тұрғыда тарих барлығы біртұтас идея негізінде пайда болды. Бәрінің белгілі бір заңдылықтың және шарттылықтың нәтижесінде қалыптасты. Адам мен қоғам арасында жазылды. Сана мен ойда қалыптасты. Екінші, бұл плюралистикалық көзқарастың нәтижесінде қалыптасты. Түрлі ұлттардың тағдырының тоғысу нәтижесінде тарих қалыптасып, кейін түрлі бытыраңқылықтың нәтижесінде тарих жойылды.
Тарихтың жүйкелігін бірнеше ерекшеліктерімен атап көрсетуге болады. Бірінші, тарих бұл уақыт пен кеңістік жүзеге асатын процесс. Бұл жайлы келесі тақырыпшада толығырақ тоқталамын. Екінші, әртүрлі елдердің халқы мен тұрмысы нәтижесінде осы жерде өркенитетте, тарихта, мәдениетте қалыптасты. Үшінді, тарихи қоғһзғалыстын сипатының әрқилығы нәтижесінде бір горизонталь бағытта жүзеге аса, бірі вертикаль бағытта болды. Төртінші ерекшелігі, оқиғалардың сипатталу нәтижесінде айқын не жасырын болу нәтижесінде. Ең соңғы дүниетанымдық ұстаным бойынша, материалистік не идеалистик көзқара бойынша. Міне осылай тарихи философияны жіктеп көрсетуге болады. Мен тағы бір ерекшелігін ашып көрсеткім келіп отыр. Ескі мен Бүгін.
Көбі айтып жатады ескі бұл ұмытылған тарих оны қозғаудың еш мәнділігі жоқ деп. Дегенмен, ескіні жаңғыртатын болсақ ол бізге заман талабына сай нәтиже беруге алып келеді. Мысалға 2017 жылы қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын мысалға келтіруге болады. Жаңғыру бұл ескі көзқарасты түпкілікті қабылдау емес, ескі көзқарасты заман талабына сай өңдей отырып жүйелеу. «Жаңалау» мен «Жаңғырудың» арашығын ашып көруіміз керек. Себебі, бұл тарихта біздің түпкі болмысымыз жатыр. Біз осы айнаға қарап өзіміздің шын мәнісінде кім екендігімізді көре аламыз. Егер ағашта мықты діңгек болмас ол көпке бармайтын айшық сол секілді тек қазақ халқы ғана емес әрбір ұлт өзінің болмысын жоғалтпаса оның туы мәнгі самғайды.
Ойымды тұжырымдайтын болсам, тарих бұл тұтас ұлттың тағдыры. Кешегісі, бүгінгісі және ертені. Халықта мынадай бір жүйелі ой бар. «Егер ұлтты түпкілікті құртқын келсе оның тілі мен жазбаларын құрт деген екен.» Егер халық өз жұрттың тани алмаса әлемді еш тани алмайды. Оған анық мысал өз ұлтымыздың тағдырын мысалға келтіруге болады. Ендеше, мәңгі өзектілігімізді жоғалтқымыз келмесе «ұлттық кодымызды» ұмытпау керек. Егер сандықтың кілті болмаса ол ашылмайды. Ал ол кілттің иесі әр ұлттың өзі ғана. Әр халқымыздың қолында тарихтың мәнін ашатын, болашақтың «АЛТЫН КІЛТІ» болуы керек.

2. Орыс ойшылдарының тарихисофиялық идеяларын ашып беріңіз.


Орыс ойшылдары тарих философиясының әр қайлы бағамдайды. Бірі болмыстың негізде түсіндерме бергісі келсе бірі танымдық негізді алдынғы қатарға қояды. Бұл ұлттың басты ерекшелі тарих философиясын үштік формала негізінде айшықтайды. Тарих бұл – ұлт, мемлекет, халық дүниетанымы. Тарих өз әмбебаптылығын жоғалтқан жоқ тарихты тану арқылы оның толық өркениеттік қатынасын түсінуге, тарихтық тенденциясын өлшеуімізге болады.
Әйгілі орыс ойшылы Зеньковтың пікірінше «Орыс тарихы үздіксіз жүйе.Белгілі бір ұстанымды ұстанымды ұстау арқылы мәнділігін еш жоймайды. Тарих арқылы тұтас ұлт тарихы қалыптасады.» Кеңестік дәуірде орыс ұлты өз тарихын материалистік тұрғыда көрсете бастады. Барлығына ыңғайлы жағдай жасау үшін белгілі бір конфорт қалыптастырды. Бұл материалисттік ойдың артында әлемдік процесске әсер ететін «ұлы» деген үлкен сауал қызығушылықпен туды. Киев Русьның басты ұстанымы тарихи миссияны құбылтып алмау болды. Бұл құбылушылыққа батысшылдық ұстанымен словяншілдік ұстаным қатты әсер етті. Бірі біз өз түптамырымызды өзімдік ұстаныммен қалыптастырамын десе, бірі өзге ойларды құлаққа ілуді жөндеп санады. БІРАҚ, бұл екі ұстанымның астында ҰЛЫ деген категория тұрды.
Енді, кезекті ойшылымыздың тарихисофия жөніндегі ойларына шолу жасайық. В.С.Соловьев өз тарихи тұжырымдамаларын діни терменологиямен пішімдейді. Сонымен қатар, орыс халқының өмірі мен тұрмысы жөнінде болды. Соловьевтің тарих жөніндегі нағыз туындысы «Дерексіз бастамаға сын» деп аталады. Сол тұстадығы көтерілістерді адам санасының бұзылуы туындаған нәтиже. Бұл логикалық ретсіздікке алып келеді. Адамдар бірыңғай бірігу арқылы тұтас тарихты қалыптастырады. Бұл бірлікті Құдай деген Гегельдің «абсолютті рухы» бастама көтереді. Құдайды тану арқылы біз өз болмысымызды танимыз. Тіпті, Соловьев бірлікті үш бастамасын жіктеп көрсетеді. Адам бірінші ғылыми білімге (эмпирика) ұмтылып философияға (рационализм) қол жеткізеді, философияға ұмтылып діни пайымдаудың (мистика) хақ жолына шығады. Барлық деректер осы үш кезеңнің нәтижесінде жүзеге асады.
Орыс жұрттында «тарих философияны» ғылыми тұрғыда зерттеген Николай Бердяев. Бердяев өзінің ерекше идеялары арқыл көптеген қуғынға ұшыраған. Тіпті бұны қауіпті «элемент» ретінде санап оны айдауға жібереді. Өзінің негізгі идеялары цензуралық сілкініс алып келеды. Әсіресе «тарих философиясын» тарихтан бөліп алған осы Бердяевтың өзі еді. ОЛ өзінің көптеген еңбектерін тарих философиясына арнады. Мысалға айтатын болсам «Тарихтың мазмұны», «Теңсіздіктің философиясы», «Құлдық пен бостандық» тағы басқа шығармаларын мысалға келтіруге болады. Бердяев мистикалық ұстанымды бастапқы кезде жоққа шығарып, адамның болмысын тек адам өзі экзистенциялдық тұрғыда түсінде. Адамның бостандығы өзінің көлеңкелі жақтарын қатар көрсетеді. Тарихтың негізгі мазмұнын алып қарайтын болсақ адам, өмір бақи ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ұмтылады. Оны ешқашан таппайды. Субъективті түрде үстемділік жүргізседе, объективті түрде басымдылық жүргізе алмайды. «Тарихтың мазмұны» атты кітабында Бердяев: «Адамдарға құлдық сананың қаупі туып тұрғанын айтады. Адам өз қалағанына қол жеткізу үшін өз еркіндіктіктерін құрбандыққа береді.» Қазіргі кездегі қоғамның дертін дөп айтқандай.
Қорыта айтқанда, орыс философиятары «тарих философиясын» әртүрлі бағамдайды. Бірі регресс керек десе, бірі прогресс керек дейді. Тарихтың өзі бір өркендеу мен бір құлдыраудың нәтижесіде мазмұны жинақталады. Осылай өз рені одан сайын нұрлана түседі. Тек адамдар осы бояуды классификациясын сақтап қолданса болды бәрі өз орнына келеді. Бірақ тарих картинасы тек ренге (оқика) ғана емес оны СУРЕТТЕУШІ мен БАҚЫЛАУШЫҒАДА тікелей байланысты. Сіз қайсы боласыз?

3. Тарих философияның өзектілігі және зерттеу объектілерін көрсетіңіз.


Тарих философияның өзектілігі мен зерттеу объектілерін нақты ашып көрсетпес бұрын «тарих философиясы» дегеніміз не деген сұраққа жауап беріп өтейін. Тарих философия – тарихты нақты деректермен талдай отырып, оны мәнін түсіндіру мен зерттеуге негіздейді.
Тарих философиясының негізгі өзектілігі осы пәннің негізгі категориялық аппараттарымен яғни, зерттеу объектілерімен өлшенеді. Бұл тарихи философия мен эпистемология, тарихи үдерістер, фактілер, тарихи сана, әдіс, танымның негізгі методтары, мәдениет пен өркениет. ӘСІРЕСЕ, өзектілігі нақты фактілерге негізделеді. Шындық пен жалғандықтың ара-жігін ашып көрсету үшін арнайы мән ізделеді. Себебі, әр дәуірдің өз шыңдығы бар. Осы жалғандық пен шыңдықтың арасындағы дилемманы әр ғасырдың тұрғындары әрқайлай бағамдайды. Фактілер тарихи сана мен жадының ерекше формасы. Бұл тарихи жады мифтер мен аңыз-әпсаналардан құралады. Уақыт өте келе бұл форма қалыптасып әртүрлі халықтар мен өркениеттердің дәстүрі мен дүниетанымына айналып сақталып қалады. Егерде тарихи жадының қалпы еш шайқалмасы ол белгілі бір эволюцияға айналып мәнгілік өркениет төрінен орын алады.
Тарих сахнасының кейбір оқиғалардың уақыт өте келе өзектілігін жоғалтып, ұмыт болу жаңа бір оқиғаның көкейтестілендіруге жоғары болады. Қараңғылықтан соң, жаңа бір дәуірдің басталуының қалайды. Бұл даму заңдылығы. Тарихи жадының ұмытылуына көптеген себептері бар. Бірінші себебі, дерек көздердің аз болуы. Бұл тұтас тарих қойнауын мәнділігін жоғалтады. Сол ұлттың болашағы бұлынғырлана береді. Жолда жарық болмаса адам жолдың қай бағытта баратындығын білмейді. Мысалға өзіміздің қазақ халқын алатын болсақ, Кеңес Одағының құрамында болған тарихы көптеп бұрмаланып, тіпті кейбір дереккөздер түпнұсқалығымен жойылып отырды. Осының салдарынан қазіргі кезде түрлі болжамдардың көп болуынан ақиқатты қайсы екендігін ажырата алмауда. Қолжазбалардың аз болуы. Қазақтың нағыз тарихы «шежіреде» жазылған.
Екінші, себебі сананың белгілі бір бұрмалануы мен жадының улануы. Тарихты адам жазатын болғандықтан адамдар саналы түрде өз тарихын таңбалайды. Себебі, ескіні ұмытқысы келіп түрлі келеңсіз оқиғаларды жоққа шығарады. Трагедиялар тұтас ұлттың санасына үлкен кесел қалдырылу мүмкін. Уақыт өте келе, жеңіліп қалған ұлтқа психологиялық, моралдық тұрғыда түрлі соққылар жасалады. Ұмыту өткеннің келбетін нұқсан келтіреді. Осының нәтижесінде тарихи жадының суретті сақталмай, ретсіз жинақ пайда болады тарихи фактілерде.
Жоғарғыда ұмытылу бойынша мынадай кері теория бар. Тарихтың мәні өткенімен ғана өлшенбейді. Тарихты зерттеудің құралы «өткен» деген жалған түсінік. Бұл теорияны М.Блок былай тұжырымдайды: «Өткен шақты зерттеу нысаны деп тану қате тұжырым». Тарих үдеріс табиғат пен қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Түркі дүниетанымында, «Жер мен көк пайда болған кезде жаңа дәуір басталды». Бұны, герменевтикалық тұрғыда түсіндіретін болсам кеңістік пен уақыт пайда болғанда тарих парағы жазылып басталды. Біздің әрбір күніміз жаңа бір тарих парағы.
Тарихтың өзектілігінің арттуы тарихты дереккөздердің әртүрлі ұстанымда сипатталуы. Бұл оқиғалардың сипатталуы мен тарихи өрбуімен байланысты. Оқиға белгілі бір жерде болып сол оқиға кейіпкерлерінің арасында сақталмайды, оны күлі әлем жұртты білу үшін оны насихаттап тарату керек. Екінші сол оқиғаның құбылыстың кері сипатты болу керек. Логикалық тізбегі дұрыс құралу керек.
Қорыта келе, тарихтың өзектелуі де, оның зерттелуі де тікелей фактілерге байланысты. Бұл теориялық негіздің жүйелі қорытылуына негіз болады. Осы арқылы хронологиялық деректер мен кезеңделу дамуы қалыптасып қаланады. Және де пәнаралық байланысы артады.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет