Тарих, ҚҰҚЫҚ ЖӘне экономика институты 5В030100 – «Құқықтану» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы



бет8/27
Дата08.06.2016
өлшемі2.13 Mb.
#122399
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27

Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Қазақстан тарихы

Пәннің коды: KT-1101

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Тайман С. – тарих ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты: Қазақстанның ежелгі тарихы туралы, қола дәуірі жайында мәлімет беру. Орта ғасырдағы түргештер, қарлұқтар, оғыздардың мәдении өмірінен түсініктеме беру. Дамыған ортағасырлық мемлекеттердің тарихын талдау. Қазақстанның қазіргі кезеңі мен Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері жайлы мәлімет беру.

Деректемелер/Пререквизиттері: Отан тарихының жалпы курсы

Курстың/пәннің мазмұны: Ерте мемлекеттік құрылымдар. Түрік қағанаты. Қазақстанның экономикалық, мәдени өмірі. XI-XIII ғ. басындағы Қазақстан экономикасы мен мәде-ниетінің дамуы. Көк Орда мен Ақ Орда мемлекеттері. «Қазақ» этнонимі. Қазақ хандығы. Жаңа заман жағдайындағы Қазақстан мен Ресей XIX-XX ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Азамат соғысы жайында Қазақ совет мемле-кетінің құрылуы. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. Өлкедегі Совет мемлекетінің құры-луы. Индустрияландыру. Хрущев реформалары, Қазақстандағы қайта құру саясаты. Қазақстан Тәуелсіздік жолында қоғамдық-саяси даму. ҚР сыртқы саясаты.

Ұсынылатын әдебиет:

1. ҚР тәуелсiздiгi туралы декларация, 1990ж.

2. ҚР Конституциясы А., 1995ж.

3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030 Президенттiң Қазақстан халқына жолдауы. Егемен Қазақстан 1997ж, 11 қазан.

4. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы 10 жыл, А., 2002ж.

5. Назарбаев Н.Ә.Инновациялар мен оқу –бiлiмдi жетiлдiру арқылы бiлiм экономикасына. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетi студенттерiне арналған лекциясы (26 мамыр, 2006ж.).



6. Қазақстан тарихы, Атамұра баспасы. 2010ж. 4-5 том.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Информатика

Пәннің коды: Inf 1102

Пәннің типі: жалпы білім беру пәндері, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Остаева А., педагогика ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты: студенттерге есептердi компьютер көмегiмен шешу әдiстерiн оқыту және оларды компьютерлiк жүйе мен ақпараттық технологияларды болашақ қызметiнде тиiмдi қолдануына дайындау болып табылады.

Деректемелер/Пререквизиттері:Алгоритмдеу, Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары

Курстың/пәннің мазмұны: Информатика пәні, объектісі және құрамдас бөліктері. Санау жүйелерi. Математикалық логика негіздері. Есептеу техникасының даму тарихы. Ақпаратты өңдеудің техникалық құралдары. Компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету. Дербес компьютердің амалдық жүйелері.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Бөрiбаев Б. «Информатика және компьютер“ – Алматы, “Рауан“, 1996 ж.

  2. Камардинов О. “Информатика“ – Шымкент, 2000ж.

  3. Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика- Астана, 2004ж.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық элекнтронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы : Өмір тіршілігінің қауіпсіздік негіздері

Пәннің коды: OKN 1103

Пәннің типі: жалпы білім беру пәндері, таңдау пәні

Оқу жылы: 2

Оқу семестрі: 4

Кредиттер саны: 2 KZ кредиті = 4 ECTS кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Абдрахманов С., техника ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) : студенттердің болашақ маман, азамат ретінде төтенше жағдай кезінде өзін-өзі ұстай білуі, өзара көмек көрсете алуы жолын, әдістерін толық үйрету.

Деректемелер/пререквизиттер: Экономика негіздері

Курстың/пәннің мазмұны: Төтенше жағдайлардың жіктелуі. ЖЗҚ түрлері, қауіпті өндірістік нысандардағы аварияларға сипаттама. Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау. Халықты инженерлік тұрғыда қорғау. Паналау ғимараттары. Жеке қорғаныс түрлері. Дәрігерлік қорғаныс түрлері. Көшіру іс-шаралары. Төтенше жағдайдан кейінгі санитарлық өңдеу жұмыстарын жүргізу іс-шаралары Халықты санитарлық өңдеуден өткізу Дегазация, дезактивация,дезинфекция. Радиациялық, химиялық қауіпті нысандардағы авария кезінде жүргізілетін іс-шаралар. Көшіру іс-шаралары. Табиғи және техногендік апаттар кезінде жүргізілетін құтқару және кезек күттіруге болмайтын жұмыстар, оларды жүргізудің амалдары мен тәсілдері. ТЖ кезінде құтқару мен кезек күттіруге болмайтын жұмыстарды ұйымдастыру. ТЖ кезіндегі халықтың психологиялық іс-әрекеттері. Апат аймағындағы моральдық-психологиялық ахуал. Үрей мен қорқынышты болдырмау іс-шаралары.Су тасқыны және оның алдын-алу.

Ұсынылатын әдебиет: Тіршілік қауіпсіздігі . Оқу құралы, 1-2 кітап. – Алматы: республика курстары ТЖ және АҚ, 2003 ж., Суворовцев.А.А., Мельников Е.Н., и др. «Безопасность жизнедеятельности». Учебное пособие. АЧС РК. 2004г.

Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары

Бағалау әдісі/нысаны: реферат – 10 балл, материалдар кешені – 10 балл, топтық және жеке презентация – 10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс
Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Әлеуметтану

Пәннің коды: ALе 1104

Пәннің типі: жалпы білім беру пәндері, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 2 KZ кредиті = 4 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Караманова М. – тарих ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты: Қазақстан Республикасының жоғары кәсіптік білім беру мемлекеттік білім стандартына сәйкестендірілген, студенттердің қажетті білім алуына, болашақ мамандардың әлеуметтік өмірдің маңыздылығы мен проблемаларын түсініп, дұрыс шешім қабылдап, ғылыми танымдарын қалыптастыруларына бағытталған.

Деректемелер/Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, саясаттану, философия, мәдениеттану

Курстың/пәннің мазмұны: Әлеуметтану ғылымының пәні, құрылымы және қызметі. Әлеуметтанулық ойдың даму бағыттары мен кезеңдері. Қоғам жүйе ретінде. Жеке тұлға қоғамдық құрылымда. Әлеуметтік стратификация теориясы. Әлеуметтік мобильділік әлеуметтануы. Әлеуметтік нормалар. Білім беру әлеуметтануы. Отбасы әлеуметтануы. Еңбек әлеуметтануы. Дін әлеуметтануы. Жастар әлеуметтануы. Мәдениет әлеуметтануы. Этнос әлеуметтануы. Социологиялық зеттеу бағдарламасы.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Аженов М.С., Биекенов К.У., Пузиков М.Ф. “Экономическая социология” А,2002

2. Аженов М.С., Утешов С.К., Жаназарова З.Ж. “Общая социология” Альбом схем А,2001

3. Аитов Н.А., Биекенов К.У. “Социология” А,2002



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері - лекциялық және практикалық сабақтар, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, модульдік оқытудың технологиясы, дамыта оқыту әдісі; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары, виртуальды зертхана.
Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Экология және тұрақты даму

Пәннің коды: Etd 1105

Пәннің типі: жалпы білім беру пәндері, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 2 KZ кредиті = 4 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Нурымова Р. – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Экологияның практикалық және теориялық сұрақтарын болшақ мамандарға бағыт беру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғатты қорғау, тірі ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынастарының заңдылықтарын оқытады.

Деректемелер/Пререквизиттері: Өзін-өзі тану

Курстың/пәннің мазмұны: Экология ұғымы, экологияның ғылым ретінде қалыптасуы және дамуы.Экология пәні, оның мақсаттары, бөлімдері. Аутэкология– экологилық факторлар Организм және орта. Демэкология-популяциялар.Популяция снының динамикасына әсер ететін факторлар. Синэкология - бірлестіктер экологиясы. Биоценоз, биогеоценоз және экожүйе туралы түсінік. Адам қоғамының қалыптасып , дамуында табиғаттың ролі.Тұрақты қоғам моделі, оның іске асу қасиеттері мен принциптері. Тұрақты даму теориясын ғылыми анықтауда халықаралық ұйымдардың қызметі. Экологиялық пирамидалар және биоценоздардың өнімділігі.Экожүйедегі динамикалық процестер. Жеке организмдер экологиясы. Экологиялық фактордың жіктелуі.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология (оқулық), Алматы, 2002. «Экономика».

2. Әділов Ж. «Тұрақты даму және айналадағы орта» Алматы, 1998 ж.

3. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. Оқулық, Алматы: «Зият Преес», 2004.



Сабақ беру әдістері: дәріс, практикалық сабақтар, проблемалық оқыту әдісі, контекстік оқыту, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, зерттеу әдісі.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, материалдық база: машина-трактор паркі,электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары, виртуальды зертхана, зертханалық жабдықтар.
Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Орыс тілі

Пәннің коды: К(О)t 1106

Пәннің типі: жалпы білім беру пәндері, міндетті компонент

Оқу жылы: 1,2-оқу жылы

Оқу семестрі: 1,2

Кредит саны: 6 KZ кредиті = 8 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Имаханова А. – филология ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты: студенттердің тілдік және коммуникативтік құзіреттілігін жетілдіру, қазақ тілді мектепті бітірген студенттерге орыс тілінің ғылыми негізін игеруге көмектесу, кәсіби салада кездесетін түрлі коммуникативтік жағдайларда орыс тілінде еркін, жетік түсінісуге дайындау.

Деректемелер/Пререквизиттері: мектепте оқытылатын орыс тілінің грамматикасы

Курстың/пәннің мазмұны: Языковая политика в многонациональном Казахстане. Закон «О языках в Республике Казахстан». Русский язык как один из мировых языков. Выразительные возможности русского языка. Семья, семейные традиции. Закон «О браке и семье». Роль личности в истории общества. Система образования в РК. Вузы Казахстана. КГУ им. Коркыт Ата: история и современность. Реформы в области школьного и вузовского образования. Выбор профессии. Моя специальность. Закон о труде в РК. Трудовое воспитание. Республика Казахстан. Государственные символы РК. Астана – столица государства. Достижения РК в области экономики и образования. Выдающиеся личности в истории Казахстана. Мой родной город. Понятие стиля. Функциональные стили. Официально-деловой стиль и его особенности. Публицистический стиль. Художественный стиль. Разговорно-бытовой стиль. Типы монологической речи. Описание. Виды описания. Повествование. Рассуждение. Виды рефератов, их структура, жанры, функциональное назначение рефератов.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Александрова З.Е. Словарь синонимов русского языка. - М., 1968.,

2. Азизов А.А. и др. Русский язык для национальных групп неязыковых вузов. Практический курс. - М., 1986.

3. Абдыкулова К., Ким Г., Павленко В. Русский язык. Практический курс (учебное пособие) – Алматы: Санат, 1995.



Сабақ беру әдістері: дәріс, практикалық сабақтар, проблемалық оқыту әдісі, контекстік оқыту, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, зерттеу әдісі.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, материалдық база: машина-трактор паркі,электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары, виртуальды зертхана, зертханалық жабдықтар.
Курстың/пәннің/юниттің атауы : Шетел тілі

Пәннің коды: ShT 1103

Пәннің типі: жалпы білім беру пәндері, міндетті пәні

Оқу жылы: 1

Оқу семестрі: 3

Кредиттер саны: 2 KZ кредиті = 4 ECTS кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Сардарова Э.-педагогика магистрі

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) : Студентке шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеру үшін жеткілікті білім және дағды қалыптастыру; шетел тілінде коммуникативтік іс - әрекеттің ауызша және жазбаша түрлеріне машықтандыру; пәнді оқыту барысында меңгерген білім мен дағдыларды өз бетінше жетілдіру және тереңдетуге дағдыландыру.

Деректемелер/пререквизиттер: тілін оқып-үйреніп жатқан елдің тарихы, мәдениеті, саясаты, экономикасы туралы мәліметтермен таныстыру

Курстың/пәннің мазмұны: Студенттер ағылшын тілінің грамматикасын, фонетикасын меңгертуге және ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету. Сөйлеу әрекетінің ішінде – ауызекі тілде сөйлеуді меңгертуге баса мән беріледі. Практикалық сабақтарда қолдануға мамандық түріне сай материалдар іріктеліп алынды.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Liz and John Soars. New Headway. Elementary. Student’s book. Oxford. 2000.

2.Liz and John Soars. New Headway. Elementary. Work book. Oxford. 2000.

3.Агабекян П, «Английский для экономистов», 2004 Ростов- на- Дону.



Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары

Бағалау әдісі/нысаны: реферат – 10 балл, материалдар кешені – 10 балл, топиктерге дайындық – 10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл

Оқу тілі: ағылшын

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс
Курстың/пәннің/юниттің атауы : Құқық негіздері

Пәннің коды: KN2110

Пәннің типі: жалпы білім беру пәндері, міндетті пән

Оқу жылы: 2

Оқу семестрі: 3

Кредиттер саны: 2 KZ кредиті = 4 ECTS кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Жүсіпбекова М., заң ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) : республикамыздағы кәсіпкерлік қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығын зерттеу болып табылады. Сонымен бірге студенттерді кәсіпкерлік қызмет туралы нормаларды құрайтын негізгі заң актілерімен таныстыру, кәсіпкерлік қызмет ұғымын қарастыру, кәсіпкер тұлғасын және оның құқықтық мәртебесін айқындау.

Деректемелер/пререквизиттер: ҚР кәсіпкерлік құқығы. Курстың/пәннің мазмұны: Шаруашылық жүргізу субъектілерінің құқықтық режимі. Банкроттық ұғымы және оның тәртібі. Мемлекеттік және муниципальді мүліктерді жекешелендірудің құқықтық негіздері. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдаудың құқықтық негіздері. Тауар (жұмыс, қызмет) сапасының құқықтық қамтамасыз етілуі. Бәсеклестік ұғымы және оның құқықтық жағдайлары. «Арам ниетті» бәсекелестік және оған жол бермеу жағдайары. Антимонополилық реттеудің құқықтық тәсілдері. Бухгалтерлік есептің құқықтық негіздері. Бухгалтерлік және статистикалық есеп берудің құқықтық негіздері. Аудиторлық қызметтің құқықтық негізлері. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің құқықтық реттелуі. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыруды құқықтық реттеу. Инновациялық қызметтің құқықтық негіздері. Кәсіпкерлік қызметті инновациялық қамтамасыз етудің құқықтық негіздері

Ұсынылатын әдебиет: Предпринимательское право: Учебник для вузов. Под.ред.Коршунгва Н, М: ЮНИТИ-ДАНА, Закон и право, В.А.Жакенов. Алматы, Жеті жарғы, 1994 г.Право и предпринимательство в РК.

Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары

Бағалау әдісі/нысаны: реферат – 10 балл, материалдар кешені – 10 балл, топиктерге дайындық – 10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс
Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Саясаттану

Пәннің коды: К(О)t 1106

Пәннің типі: жалпы білім беру пәндері, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 2 KZ кредиті = 4 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Сахиев С. – саясаттану ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты: Саясаттың басты мақсаты – адам, қоғам және мемлекет арасындағы үйлесімділікті іздеу. Саясат – қоғам, мемлкет және әрбір азаматтың тіршілігінің негізгі. Әсіресе саясаттың ролі мен маңызы қоғамның негізгі құндылықтары мен идеалдырының өзгеріске ұшыраған, өтпелі тарихи кезеңдерінде ерекше мәнге ие болады.

Деректемелер/Пререквизиттері: Әлеуметтану, философия

Курстың/пәннің мазмұны: Саясаттану ғылым ретінде. Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы. Қоғамның саяси жүйесі. Саяси режимдер. Саяси партиялар мен қоғамдық- саяси қозғалыстар. Саяси идеология, оның саясаттағы рөлі. Саяси сана мен мәдениет. Саяси әлеуметтену. Адам- саясаттың субъектісі ретінде. Әлеуметтік- этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты. Саяси шиеленістер. Саяси қызмет. Қазіргі замандағы Қазақстанның саяси дамуы. Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Саясаттану негіздері. Қуандық Е. С. Оқу құралы. - Алматы «Дәуір»

2. Саясаттану. Жамбылов Д. 2-басылым. Алматы - Жеті жарғы, 2005

3. Саясаттануға кіріспе. Мұстафин Т.Т. – Алматы, 1994.



Сабақ беру әдістері: дәріс, практикалық сабақтар, проблемалық оқыту әдісі, контекстік оқыту, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, зерттеу әдісі.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша,орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, материалдық база: машина-трактор паркі,электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары, виртуальды зертхана, зертханалық жабдықтар.
Курстың/пәннің/юниттің атауы : Философия

Пәннің коды: Fil 2110

Пәннің типі: жалпы білім беру пәндері, міндетті пән

Оқу жылы: 2

Оқу семестрі: 4

Кредиттер саны: 2 KZ кредиті = 4 ECTS кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Қожамберлиев Б., философия ғылымдарының докторы

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) : Жас маманның философиялық мәдениетін қалыптастыру. Студенттерді философия тарихымен және ғылымның қазіргі кезеңдегі жағдайымен таныстыру.

Деректемелер/пререквизиттер: Адам және қоғам

Курстың/пәннің мазмұны: Философия пәніне кіріспе. Болмыс және материя. Сана, оның формалары мен түрлері. Таным, түрлері мен деңгейлері. Диалектика оның категориялары мен заңдары. Қүндылық оның түрлері мен иррархиясы және жаттануы. Философиялық антропология. Қоғам философиясы. Табиғат және техника философиясы. Ғылым философиясы. Дін философиясы. Жаһандану философиясы. Қазақ философиясы. Орыс философиясы. XIXғ. батыс еуропа философиясы. XX-XXIғ.Философиясы.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Ғабитов Т. Философия. – А., 2005

  2. Кішібеков Д. Философия. – А., 2005

  3. Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетқалиев Қ. Философия тарихы. – А., 2000.

  4. Философиялық сөздік. – А., 1996.

Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары

Бағалау әдісі/нысаны: мини-тестілеу – 2 балл, глоссарий – 3 балл, карточка бойынша жұмыс – 5 балл, жағдайлық есептер – 10 балл, есептік тапсырмалар – 10 балл, зерттеу жұмысы – 5 балл, кейстік тапсырмалар – 5 балл

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс
Курстың/пәннің/юниттің атауы : Инновациялық менеджмент

Пәннің коды: ТК 2101

Пәннің типі: жалпы білім беру пәндері, таңдау пәні

Оқу жылы: 2

Оқу семестрі: 3

Кредиттер саны: 2 KZ кредиті = 4 ECTS кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Талапбаева Г., экономика ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) : маман басшылар үшін маңызды деген сұрақтармен студенттерді таныстырып, олардың бойына ұйымның тиімді стратегиясын анықтау, өндірістік-шаруашылық, әлеуметік-экономикалық қызметтің барысын болжай білу, ішкі және сыртқы факторлар әсерін алдын-ала талдау, жоспарлау арқылы ұйымдарды жаңаша басқару жөнінде кәсіби дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ, нарықтық экономиканың талаптарына сай тәжірибелі мамандарды дайындау.

-Деректемелер/пререквизиттер: Менеджмент; Кәсіпорын экономикасы

-Курстың/пәннің мазмұны: Инноватика теорияларының қалыптасуы және қазіргі кездегі тұжырымдамалар. Қазақстанда инновацияны басқару мәселелері. Кәсіпорынның инновациялық стратегиялары. Инновациялық қызметті ұйымдастыру. Инвестициялық жобалар және олардың тиімділігі. Инвестициялық жобаларды таңдау мен талдау. Инновациялық менеджмент жүйесіндегі функциялар. Инновациялық менеджменттегі мотивация және бақылау. Инновация және персоналды басқару. Инновациялық кәсіпкерліктегі корпаративтік мәдениет. Технологиялық бизнес инновация жүйесінде. Инновацияларды енгізудегі венчурлік қаржыландыру. Шағын инновациялық кәсіпорындарды құру. Инновациялық ұйымдардағы көшбасшылық. Инновациялық қызметті қолдаудың шетелдік тәжірибесі.

Ұсынылатын әдебиет: Основы инновационного менеджмента: теория и практика / Под ред..Қазанцева А, М.: Экономика, 2005., Инновационный менеджмент / Под ред. Оголевой Л.Н. – М.: ИН – ФРА-М,2001., Нарибаев К., Джуманбаев С. Инновационный менеджмент.-Алматы, 1999.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет