Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және күтiп-ұстау ережесiн бекiту туралы



жүктеу 25.33 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі25.33 Kb.
Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және күтiп-ұстау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1044 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 42, 492-құжат


      "Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шiлдедегi Заңының 17-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және күтiп-ұстау ережесi бекiтiлсiн.

      2. "Әлемдiк және республикалық маңызы бар объектiлерге жатқызылған тарих пен мәдениет ескерткiштерiн, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн қорғау және ұстау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 шiлдедегi N 673 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 28, 278-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң    
2007 жылғы 6 қарашадағы
N 1044 қаулысымен
бекiтiлген   

Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және күтiп-ұстау
ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және күтiп-ұстау ережесi (бұдан әрi - Ереже)"Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шiлдедегi Заңының 17-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзiрленген және тарих және мәдениет ескерткiштерiн (бұдан әрi - ескерткiштер) қорғау мен күтiп-ұстау тәртiбiн айқындайды.



2. Ескерткiштердi қорғау және күтiп-ұстау тәртiбi

      2. Ескерткiштердiң меншiк иелерi мен пайдаланушылар олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде мынадай шаралар қабылдауы тиiс:


      1) зақымданудан және (немесе) жоюдан, тағылық актiлерiнен, жалған дәрiптеуден, өңiн айналдырудан, бұрмалаудан, орынсыз өзгерiстер енгiзуден, тарихи түпмәтiннен үзiп тастаудан қорғау;
      2) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарын меншiк құқықтарының болуы мүмкiн немесе болған өзгерiстерi туралы хабардар ету;
      3) халықаралық және республикалық маңызы бар ескерткiштерде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргiзудi тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен (бұдан әрi - уәкiлеттi орган), жергiлiктi маңызы бар ескерткiштерде - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен келiсу;
      4) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарымен жасалған арнайы шарттарда белгiленетiн тәртiппен және шекте ескерткiшке ғылыми, мәдени және өзге де мақсаттарда қол жеткiзудi қамтамасыз ету.

      3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), жергiлiктi атқарушы органдары ескерткiштердiң меншiк иелерi мен пайдаланушыларға осы құжатты ресiмдеу сәтiндегi ескерткiштердiң жай-күйi және оларды күтiп-ұстау шарттары тiркелетiн қорғау мiндеттемесiн бередi.

      4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары әрбiр ескерткiшке ескерткiш туралы негiзгi деректер және ескерткiштiң мемлекеттiң қорғауында екендiгiне нұсқама қамтылған қорғау тақтасын орнатады.

      5. Ескерткiштердi бұзылудан немесе жойылудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары белгiленедi.



      6. Меншiк иелерi мен пайдаланушылар ескерткiштердi халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы және өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес күтiп ұстайды.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет