2.Лекцияның оқыту натижелері: Алғашқы адамдар қоғамының әлеуметтік және биологиялық негіздерін, бастапқы тіршілік түрлерін, ұжымдық қатынастар мен отбасы қатынастарының, адамдар арасында ойлау мен тілдің шығуын көрсету
3.Лекция мазмұны.
1.Мәселенің әлеуметтік және биологиялық негіздері
2.Бастапқы тіршілік түрлері. Ұжымдық қатынастар
3.Отбасы қатынастары. Ойлау мен тіл. Идеология нышандары
Антропоидтар құрамындағы адамның пайда болуына түрткі болған ежелгі гоменидтердің пайда болу тек қана биологиялық алға секіру болып қана қойған жоқ, сонымен қатар адам қоғамының тарихы басталатын шекара болды. Тарихтың ежелгі бұл кезеңі алғашқы қауымдық қоғамды құрды. Адамның пайда болып қоғам болуын анықтайтын белгісі қандай да болмасын қарапайым еңбек және шаруашылық құралдарын пайдалану болды. Бұл маймылдар тобырынан, дамуы биологиялық қана емес әлеуметтік заңдылықтары бар алғашқы адамдар тобыры еді. Адамның және адам қоғамының пайда болуы күрделі, бірден жүзеге асқан жоқ. Бұған ұзақ та күрделі процесс жануарлар әлемінен ежелгі гоменидтер пайда болуының басталуы негіз болды. Адам мен алғашқы қауымдық құрлыс құрылғанға дейін де мыңдаған жылдар қажет болды. Бұл – шелль дәуіріне дейінгі кезең мен ерте палеолит (шелль, ашель, мустьер) дәуірлерін толық қамтыды. Уақыты жөнінен ертедегі гоменидтер (неандертал) өмір сүрген кезеңге тура келетін соңғы мустьер дәуірі елеулі ерекшеліктермен бөлектенеді. Бұны бірінші адамдар қоғамының тобырынан алғашқы туыстық тайпалық құрлысқа ауысқан уақыт деп қарау керек.
Африка, Азия, Европа территориясында ертедегі гоменидтер тұрған жерлерде үштік дәуірдің соңы төрттік дәуірдіњ басында, табиғат жағдайы қазіргіден бөлек болатын. Мысалы, Европаның көп бөлігі қазіргіден гөрі ылғалды, әрі жылы субтропикалық климатқа жақын болатын, аздаған гюнц, миндаль мұздақтары өсімдік пен жануарлар әлеміне көп өзгерістер енгізген еді. Тіпті жылдың суық уақытында температура – 80 С. төмен түспеген. Жылу мен ылғалдық көптігі орман мен шөптің өсіп жетілуіне қолайылық туғызды. Мәңгі жасыл лавр, бук, самшит ағаштары қазір тек оңтүстікте ғана өссе, ол кезде қазіргі Украинаның солтүстігіндегі ормандарда өсе беретін. Жануарлар әлемі қазір құрып бітті деген жылылықты сүйетін оңтүстік пілі, мерка мүйізтұмсығы, гиппопотам, қылыш тісті жолбарыстар мен қазірде түрі өзгеріп өмір сүріп келе жатқан аю, қасқыр, ат, бұлан, бұғылардан тұратын. Осылайша ежелгі гоменидтер өмір сүрген жерлерде табиғат жағдайы өте қолайлы болатын. Бұл жағдай жануарлар әлемінен жаңа бөлініп шыққан ежелгі адамдардың организмі нашарларының денсаулығын күшейтуге зор маңыз болды.
Адамды жануарлардан ажырататын басты белгі құрал жасаудан басталған еңбек болса, ежелгі адамдарға сол кездегі еңбек құралдарын пайдалануды игерудің маңызы өте зор болды. Құралдарды жасайтын заттар, оның түрі, дайындау технологиясы, олардың ыңғайлылығы, ежелгі адамдар қоғамының даму бағытын табуға көмектесті. «Жабайынының қаруы» – деп жазды Ф.Энгельс, оның қоғамына капиталистік қоғамдағы ең жаңа қарудың түріндей жағдай жасады. Археологиялық қазбалар көрсеткендей шелль дәуіріне дейінгі ежелгі адамдардың қару-құралдары өрескел жарылған, немесе біріккен тас галкалар мен тас сынықтары болды. Алғашқы кезде тас өңдеу технологиясы өте қарапайым үлкен тастарды ықшамдап сындырып алумен ғана шектелді. Бір-біріне ұқсайтын мықты құрал сериялары ол кезде болған жоқ. Дәл осындай құралдар презинджантроп, питекантроп қалдықтары шыққан қабаттан табылды. Сірә, бұл кезде адамның ақылы онша дамымаған, әлі қарапайым құралдар жасаудан әрі аса қойған жоқ еді. Тасты соққылау арқылы сындырғанда олардың шеті өткір, әрі кесетін қабылеті бар екендігін адамдар түсіне бастады. Бірақ оның ыңғайлы түрге келтіруді әлі игере қойған жоқ болатын. Сонымен қатар ежелгі адамдардың саусақтары әлі ебедейсіз, физикалық жағынан қимылы шектеулі болатын. Сондықтан да олардың мыңдаған жылдар бойы қолдарын икемге келтіруге тырысты, бұл өзі, алғашқы кезде өте қарапайым болатын. Дегенмен де, ежелгі адамдардың қарапайым еңбегі жоғары дамыған маймылдардың әрекетінен көп өзгешелігі болатын, маймылдар әрекеті тас, сүйек, таяқты пайдаланып тамақ табу мен қорғану ғана болды, онда да табиғаттағы дайын жемістерді ғана жеп пайдаланатын. Ал адам болса өз мақсаты үшін табиғатта кездесетін заттарды өз кәдесіне жаратумен бірге, оны ыңғайлы етті, немесе табиғатта кездеспейтін жаңа құралдар жасай білді. Ағаш пен сүйекті өңдеу алғашқыда тек тастың көмегімен атқарылды. Сондықтан ежелгі қарулар тек тастан жасалды. Бұлар бір мақсатқа жеміс түсіру, аңды өлтіру т.б. қатар ақылмен жасалған шаруашылық құралдары басқа саймандар жасауға да пайдаланылатын. Мысалы, әдейілеп қырын шығара сындырған тас, таяқ пен сойылдың үшын үшкірлеуге пайдаланылатын.
«Бірде бір маймылдың қолы – деп жазды Ф.Энгельс ешқашанда да қарапайым пышақ істеген жоқ». Маймылдар кейде өз тырнақтарының көмегімен ағаштың қабығын аршып, үшкірлеуді білді. Олар ешқашан басқа сайманның көмегі арқылы жаңа құрал жасаған емес. Ежелгі гоменидтердің адамша еңбектенуі алғашқы сатыда тоқтап қалған жоқ. Біртіндеп, көптеген талпынастардан кейін олар тәжірибе жинақтап, еңбек әдісімен қалыптасуы қолдары икемге келіп белгілі формасы бар қол шапқы жасауды игерді. Палеолит кезеңіндегі шелль және ашель дәуірлерінде бұл негізгі, жетекші тас құрал болды. Онымен бірге әртүрлі құралдар болғанымен, тас шапқы қарапайым алғашқы қауымдық шаруашылыққа қажетті құрал есебінде танылып, гоменидтер оны әр жерде жасай бастады. Шеллдік қол шапқы, қысқыш тәрізді әртүрлі мақсатқа пайдаланылды. Осындай құралдың көмегімен жерден тамыр қазып алатын таяқтың ұшын ұштайтын, аңды өлтіріп оның етін бөлшектейтін. Қысқаша айтқанда қол шапқы әртүрлі бағытта жұмсалатын, ұратын, кесетін икемді құрал болды. Гоменидтер арасында оның кең тарауы жақсы көрсеткіш еді. Ол осы кезеңде ешқандай еңбек айырмашылығы жоқ екенін көрсетеді. Еңбек әрекеті мен шаруашылық құралының қарапайымдылығы соншалық, коллектив мүшелеріне оны пайдалануды үйрену қажеттілігі туған жоқ. Барлық үлкендер мейлі еркек, мейлі әйел болсын, шаруашылықта бірдей жұмыс атқарумен шұғылданды. Ежелгі адамдардың негізгі жұмысы аңға топтасып, шығу еді. Арнаулы аңшы қаруы болмағандықтан аң аулау сонша өз мәнінде бола қоймады, қол шапқы басқа құралдар, аңға кеңінен пайдалануға жарамады, күнделікті қажетті етті дайындау көп күшті қажет еткендіктен, олар әртүрлі жеміс, тамыр, саңырау құлақ, жұмыртқа жинауды кәсіпке айналдырды. Этнографиялық фактілер бұның алатын орны, ролі үлкен екенін көрсетіп берді. Археологиялық қазбалар ежелгі адамдар тасбақа, кесіртке тәрізді ұсақ аңдарды аулаумен шектелмей, жылқы, сиыр, мүйізтұмсық, гиппопотам, тіпті піл тәрізді үлкен аңдарды да аулағанын дәлелдеп берді. Әрине қарапайым құралдармен ірі аңдарды аулау өте қиын болғанмен, ежелгі адамдардың өлтіріп жеген аңдардың сүйектері олардың ірі аңдарды да аулағанын көрсетеді. Адамдар аулаған аңдардың әртүрлі сүйектері Қытайдағы Чжоу-Коу-Дянь үңгірінен Европадағы Бурбах, Шпихерн, Торалы, Вертеселлаш мекендерінен табылды.
Аң аулауда, жыртқыштардан қорғану үшін ежелгі адамдар сирек болсада, отты пайдаланды. Алғашқыда бұл әдіс жаппай қолданылмайтын, себебі олар отты сақтап, сөндірмей ұстап отыратын. От әртүрлі себептермен (найзағай түсу) өзі пайда болатын, адамдар єлі от жағуды игермеген еді. Қалай дегенмен де отты пайдалану барлық жерде бірдей нєтиже бермейтін. Бұл жағдайда ұйымдасқан, қалыптасқан еңбек әрекеті пайдалы болатын. Мысалы, ірі аңдарды жеке аулау мүмкін емес-ті. Сол себепті ежелгі адамдар белгілі мөлшерде коллектив болып өмір сүріп, еңбек етті. Алғашқы адамдар қоғамының ерекшеліктерін анық түсіну үшін, жоғары адам тектес маймылдар ұйымдары тәртібін еске алу керек. Адамға жақын маймылдар гаремдік тәртіппен өмір сүріп, жауынан қорғана білді. Гаремдік семьяда бір еркек маймыл бірнеше ұрғашы маймыл мен олардың балалары болды. Бұл семьяларда маймыл тобырындағыдай бірнеше бойдақ еркек маймылдар да болды. Семьялар таза биологиялық ұйым, бірлестік болып барлығы да әртүрлі инстинктке бағынды. (Тамақтық, жыныстық, аналық, қорғаныстық т.б. инстинкттер). Маймыл тобырларында зоологиялық жекелену басшы орында болды. Ең күшті дегені өктемдік жүргізіп, қалғандары соған бағынуға тиіс болды (доминация – латынша – dominust - өктемдік). Еркектердің басшылық жолындағы төбелестері қайталанып отырды. Сондықтан да, доминация жүйесі тұрақты болмады. Тек сыртқы жаудан қорғану кезінде ғана маймылдар бірлесіп қимыл жасайтын. Австралопитек тәрізді жыртқыш маймылдармен тобыр ішінде келіспей қалушылық өте қауыпты еді, себебі олар төбелес кезінде қолдары мен тістерінен басқа таяқ, тас, сүйектерді де қару ретінде жұмсайтын. Бұны қазбалардан табылған австралопитек, парантроптардың таспен, таяқпен ұрылып ойылып кеткен бас сүйектері дәлелдейді. Егер тобырда қанды төбелестер жиі болатын болса, онда тобыр саны күрт азайып, немесе тұтас өліп бітетін. Осылайша маймылдардың қарапайым еңбек құралдарын пайдалану нәтижесінде тобырдағы табиғи биологиялық тепе-теңдік бұзылып, маймылдардың зоологиялық инстинкті мен шаруашылық әрекеттерінің негізі арасында қарама-қайшылық туатын.
Кейінгісі бұл инстинктердің шектелуін коллективтің бірігуін талап ететін. Бірақ бұл талап маймылдар тобырында жүзеге аспай, тек адамдар қоғамында ғана жүзеге асты. Адамзат тарихындағы алғашқы қоғам түрін алғашқы адамдар тобыры – деп атау қалыптасты. Бұлай аталу ежелгі адамдар еңбектенудің арқсында жануарлар әлемінен бөлініп шыққан кезден басталды. 1874 ж. Энгельс: «Алғашқы адамдар – тобыр болып өмір сүргенге ұқсайды. Ғасырлар тереңіне көз салсақ дәл осылай болғанын байқаймыз» – деп жазды. Энгельстің бұл ойын жаңа ғылыми зерттеулер дәлелдеді. Онда дамыған алғашқы қоғам бірден пайда болған жоқ, қарапайым адам қоғамының ұзақ уақыттар бойы дамуының әсерінен пайда болды делінеді. Адамның арғы тегі тобыр болып өмір сүрген адам тектес маймылдардан кµреміз. Адамдардың алғашқы қоғамы кенеттен пайда бола алған жоқ, ол маймыл тобырларының қайта құрылуы, адам еңбегіне негізделген коллективтік шаруашылықтар ұйымдасуы процесінен пайда болды. Маймыл тобырларын біріктірген таза биологиялық қажеттілік екенін атап өттік. Еңбек әрекетіне байланысты адамдар арасында басқа да қоғамдық қажеттіліктер туа бастады, ол коллектив мүшелері арасындағы әлеуметтік байланыс еді.
Достарыңызбен бөлісу: |