Тарих кафедрасы


Лекцияның оқыту натижелері: Рулық құрылыс кезеңінде ежелгі шаруашылық түрлері мен формалары, оттың пайда болуы, еңбек құралдарының дамуы, ежелгі тұрақтар мен қоныстардың таралуы көрсетіледі



бет26/44
Дата13.02.2022
өлшемі124.82 Kb.
#455318
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44
Лекция жинағы

2.Лекцияның оқыту натижелері: Рулық құрылыс кезеңінде ежелгі шаруашылық түрлері мен формалары, оттың пайда болуы, еңбек құралдарының дамуы, ежелгі тұрақтар мен қоныстардың таралуы көрсетіледі.

3.Лекция мазмұны.


1.Бедел мен дәреженің маңызы

2.Ерте қауымдық мәдениет

3.Діннің көне формалары. Өнер. Тіл және этникалық жағдай

Ертедегі алғашқы қауымдарда билік — шаруашылық, әскери және сот билігі болып бөлінген жоқ. Ұсақ әскери қақтығыстарда қауымды осы көсемдер басқарды. Осы көсемдер топтағы әдет-ғұрыптарды сақтаушы және қорғаушы болды. Кейбір қоғамдарда (мысалы, Австралия аборигендерінде) ерекше емшілер мен сыйқыршылар болды. Әдетте, көсемдер өндіріске ғана араласып қоймай, онда ерекше жеңілдіктерге ие болды. Алайда осы ересек көсемдердің кейбір белгілі артықшылықтары да болды. Мысалы, көп әйел алу тұрақты қалыптасқан қауымдарда көсемдердің онға дейін әйелі болды.

Қауым мен туыстарды олардағы ересек мүшелері, көсемдер мен басшылардың кеңесі басқарды. Әлеуметтік нормалар, яғни мінез-құлықтың міндетті, қоғаммен қорғалатын ережелері болып, бұл нормалар — еңбекті бөлу, бірлесіп қызмет ету, өзара қорғаныш, экзогамия, т.б. ұжымның аса маңызды мүдделерін көздеп, әдетте қатаң сақталды. Ұрпақтан ұрпаққа сақталып отырып, олар бірте-бірте әдет-ғұрып, дәстүрге айналды. Ең соңында, бұл нормалар идеологиялық жағынан діни тұжырымдар не мифтер болып бекітілді. Дегенмен кейбір жағдайларда осы қабылданған жалпы нормаларды бұзушылар да табылды. Сондықтан бұндай жағдайда қоғамдық шаралар қолдану қажет болды. Қоғамдық шаралардың бірнеше түрлері, тіпті күш жұмсауға дейін қолданылды. Тәртіпті өте ауыр бұзушылырға қатал жазалар — ұрып-соғу, өлтіруге дейін немесе ұжымнан қуып жіберу қолданылды.

Мысалы, Австралия аборигендеріндегі веддтер мен сенойларда экзогамияның ережесін бұзған адам ұжымнан кетуі керек немесе өлім жазасын алатын еді. Инициацияның құпияларын таратқан жігітке де қатаң жаза қолданылды. Бұл жағдайларда жазалау түрін ұжымдағы көсемдер белгілеп, олардың өздері немесе жазаланушының жақындары жүзеге асыратын болды. Ал керісінше, аса маңызы жоқ тәртіп бұзушылықтар кезінде оның себептерін екі жақ өзара бірлесіп қарастыратын болған.

Адамның алғашқы қалыптасуы мен алғашқы қоғамның қалыптасуы процесінде қоғамдық сана да даму бастады. Ол қоғамның материалдық өмірінің жағдайының сапасын анықтауға әсер етті. Адам санасының әлі де төменгі сатыда дамуы, оларда дамыған идеологиялық формалардың тууына әлі ықпал жасай алмады. Дегенменде, алғашқы коллективте өмір сүріп, еңбектенген, шаруашылыққа саналы түрде қалыптастыру жасап, еңбек бөлісуді игерген, экзогамиялық тұрғыда неке байланысын жолға қойған адам қоғамдары мүшелері арасында қарапайым болса да идеология болу керек еді. Қалыптасып келе жатқан адамдарда саналы қимылдар бірте-бірте инстинкті қимылдарды ығыстыра бастады. Адамда өзі жеке басының емес коллектив талаптарын орындау қажеттілігін мойындаған жалпыға бірдей тәртіп, түсінік бойына сіңді. Бұл белгіленген жұмысты атқару аймағында да еңбек бөлісу нәтижесіне байланысты болды. Мысалы, өзара көмек, дайындалған тамақты тең бөлу, коллективтік меншікті түсіне білу, жыныстық қатынасқа шектелу. Осылайша адамдардың өзара көмек және мінез-құлқын тәртіптеп отыратын моральдық шама (норма) қалыптасты. Бұл шамалар алғашқы қоғамның әдеттеріне байланысты бекітіліп отырды. Инициация – сынақ ғұрыптары жастар арасында осы нормалардың орындалуы міндетті түрде екендігін олардың санасына жеткізу үшін жасалатын. Осымен қатар адамда көмек, қан төгуге дейін баратын қорғанысқа коллектив тарапынан берілетін көмекті есепке алуына, оған праволы екендігін сезіну шамасы қалыптасты. Мысалы, экзогамия шартын бұзғандарға өлім жазасы немесе коллективтен шығарып жер аударып жіберу жазасы қолданылды. Бұның өзі өліммен пара-пар еді, себебі жалғыз өзі еш қорғаныссыз қалатын. Сүйектеріне қарап тіршілігінде ауыр жарақат алған, бірақ коллектив арқасында тірі қалған неандерталдық қалдықтар табылғаны белгілі. Бұл ретте Шанидар-І үңгірінен (Ирак) табылған қалдықтың зор маңызы бар. Бұл тірі кезінде оң қолы шынтақтан жоғары шабылған еркектің скелеті еді.

Коллективтен тыс, күнделікті адамдар жасаған қайырымдылық болмаса, ол әрине өмір сүрмес еді. Археологтарға мустьер дәуірі ескерткіштерінен, неандерталдықтардың жерлеу рәсімін байқаудың сәті түсті. Олар өздерінің өліктерін шамалы шұңқыр қазып, өздері тұрған жерге жерлеген. Өлік қырынан, аяқтары бүгілген күйінде, бейне бір ұйықтап жатқан адамның қалпында қойылатын болған. Адамды жерлеудің пайда болуының өзі мақтауға тұрарлық. Осының өзі коллективтің өлген адамға деген ықыласының, қоғамдық санасының дамығанын көрсетеді. Бұрын өлгендерді жыртқыштарға тастай салатын, немесе өздерінің де жеуі мүмкін еді. Енді олардың адамға тірісінде де, өлгеннен кейін де қамқорлық жасауды үйренгенін көріп отырмыз. Алғашқы адамдар өлгендерді діни тәртіпті (ритуал) сақтап жерленген, яғни оларды сол кезде дін болғанын, адамда жан болатынын, күнге бағыну т.б. ғұрыптардың болғандығын байқаймыз.

Бұдан 5 мың жыл бұрын алдымен ертедегі, кейіннен орта ғасырлық өркениет қалыптаса бастады. Біздің эрамызға дейінгі 4 мыңыншы жылдардың соңында Египет пен Месопотамияда, 3 мыңыншы жылдардың орта кезінде – Индияда, 2 мыңыншы жылдарда – Эгей теңізі бассейнінде, Кіші Азияда, Оңтүстік Арабстанда, Қытайда, 1 мыңыншы жылы және біздің эрамыздағы 1 мыңыншы жылда – Көне Әлемнің көп бөлігінде, Орталық және Оңтүстік Америкада таптар қалыптаса бастады. Алғашқы өркениеттің пайда болуы адамзаттың алғашқы қауымдық тарихының соңы және таптар тарихының басы болды. Бірақ тарих тұрғысынан қарағанда таптардың түзілу кезеңінен өтпеген жекелеген елдер мен халықтар үшін бұл өркениетке дейінгі кезеңнің соңы мен өркениет тарихының басы болып саналады. Олар тұрақты таптар түзілу кезеңінен өтіп кеткен елдер мен халықтар да алғашқы қауымдық құрылымның қалдықтарынан толық арылған жоқ. Сондықтан өркениет кезеңіне тән құндылықтарды екі түрлі аспектіде қарастыру қажет: біріншіден, таптық қоғамның біртіндеп жіңішкеріп отыратын перифериясы ретінде, екіншіден, осы қоғамның өз құрылымдары.

Алғашқы қауымдық периферия мен оның өркениетпен байланыстарының түрлері. Феодалдық мемлекеттердің көпшілігі қалыптасқан біздің эрамыздың 1 мыңыншы жылдарының екінші жартысына дейін алғашқы қауымдық периферия өзінің көлемі жағынан ертедегі өркениет ошақтарынан әлдеқайда үлкен болды. Содан кейін де ол бірталай жерді алып тұрды. Көне әлемде оған адам аяғы баспаған биік таулы және шөл далалы аймақтарды қоспағанның өзінде Арктика, Субарктика және Евразияның тропиктік орманды аймағы жатты. Жаңа әлемдегі Мезоамерика мен Анд тауларының кейбір ерте қоспағанда осы көне әлемге қарады.

Европалық колонияландыру уақытына дейін бұл аймақта таптық қоғамның қалыптасуы қарқынды жүріп жатқанымен, тек европалықтардан кейін ғана ол қоғам толығымен орнады. Алғашқы қоғамдық қауымдық құрылымның бір бөлігінің адамзат қоғамында осыншама ұзақ уақыт, екінші бөлігінің өркениет сатысына өткеннен кейін сақталуы бүкіл әлемдік тарихи үрдістің әртектілігіне байланысты болды.
Өркениет және оның алғашқы қауымдық перифериясы оның әртүрлі түрлері мен түрлі байланыстардың түзілуіне әкеп соғатын, сол сияқты әлем тарихының бірін-бірі ауыстыратын баспалдақтары арқылы бөлінеді өркениет орталықтарны қарағанда орналасуына байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет