Тарих кафедрасы



бет43/44
Дата13.02.2022
өлшемі124.82 Kb.
#455318
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Лекция жинағы

WEB сайттар тізімі:

1.Харари, Ювал Ноаһ Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы. 2018. http:// rmebrk.kz

2. Нұртазин С.Т., Салмырзаұлы Р. Антропология: Оқулық. 2011.http:// rmebrk.kz

Лекция тақырыбы №15 Қоғамдық қатынастар, рухани мәдениет

2.Лекцияның оқыту натижелері: Ру-тайпалық қоғамның таптық кезеңге өтуі, қоғамда еңбек бөлінісінің таралуы, халықтардың шығуы, әскери демократияның таралуы, рухани мәдениет қарастырылады.

3.Лекция мазмұны.

1.Алғашқы қоғам ыдырау кезеңінде жазу-сызу.

2.Дін және мифология

3.Алғашқы қоғам ыдырау кезеңінде демографиялық, тілдік, этникалық жағдай

Рулық қауымнан көршілік қауымға ауысу процесінде бұл байланыстар нашарлап үзіле бастады. Өзінің құрамында тайпаның қандас-туыстық ортақтығын ыдыратып жайып жіберген тайпалық одақтардың құралуы да осы бағытта әрекет етті. Оның кеңінен қолданылған құлдарды еркіндікке жіберу, еркіндегілер мен қул араларында некелесу және көңілдес ретінде күңдерді пайдалану жағы бар тұрпайы құл иеленудің дамуы тайпа ішінде этникалык араласу процесін күшейте түсті, халықтардың орын алмасуымен қосарланған соғыстардың дамуы және жаулап алулар тайлалардың бірімен-бірінің араласуын күшейті. Тайпалық эндогамия норма болудан калды. Тайпалық құрылыс әлі де қарсылық көрсетіп бақты: бөгде біреулер иеленетін болды.

Енді тайпа тілдерінің халық тобы тіліне айналу уақытына қарай көптеген тілдік семьялар, яғни ортақ түбірге саятын грамматикалық құрылыс пен негізгі сөздік қоры бар тіл семьялары қалыптасқан да еді. Тіл семьялары қалыптасуының басы мен жолдары туралы меселе жөнінде таластар бар. С. П. Толстов, совет тіл маманы Д. Б. Бубрихтың гипотезасын дамыта отырыл, алғашқы тұрмыстың тіл үздіксіз дейтін қағиданы ұсынды. Оның пікірі бойынше, адамзат әуел баста рулың қауым шектерінде бірі екіншісіне бірте-бірте өткен толып жатқан рулық, тілдерде сөйледі, бірақ кейінгі палеолиттің ақырында-ақ, мезолиттін, басында неғұрлым ірі топтарға — тілдік семьяларға ұжымдасып шыңдалып құрыла бастады. Алайда, совет және шетел мамандарының көпшілігі тілдік семьялардың құрылуы, негізінен алғанда, алғашқы тұрмыстың қоғамның ыдырау дәуірінде болды және ол үшін тән болып келетін халықтың жаппай орын ауыстыру және әраласу процестерімен байланысты еді, деп санайды. Бұл процестер, бір жағынан, олар алмасып орналасқанда, кейбір ірі тайпалар (тіл негіздер, немесе арғы тілдер) тілінің дифференциясына, екінші жағынан, одан арғы жерде тіл негіздердің жаңадан бөлінуіне бастау берген тайпа тілдерінің толық емес ассимиляциясына әкеп соқты. Айтпақшы, бүл көзқарастар бірін-бірі жоққа шығармайды, Тілдік семьялардың құрылуы әуел басқы мэйкумендердің ұлғаюы кезінде туып, алғашқы тұрмыстың қоғамның ыдырауы мен таптық қоғамның құрылуының қауырт дәуірінде тездей алатын еді.

Рулық құрылыс ыдырауы дәуірінің қауырт қаулаған экономикалық және әлеуметтік процестері тиісті білімдер негіздерінің одан әрі өсуіне жол ашты. Егіншіліктің, әсіресе, ирригация егікшілігінің дамуы календарьды, демек астрономиялық байқауларды реттеуді талап етті. Егерде меланезийлінтер жұлдыздар мен планеталарды айырудан ары бармаса, енді полинезийліктерге көптеген жұлдыз шоқтары мен жекелеген жұлдыздар болды. Алғашқы календарьлар әдетте айлық календарьлар еді, бірақ айлық жыл күндік жылмен сай келмеді, бұл дай математикалық білімдердің дамуына түрткі салды. Бұндай басқа еселтеу жүйесін жетілдіруге жол ашқан айырбастың дамуы және жеке егіншіліктің тууы геометриялық есептеп шығару ісін өрістетті. Рудалық металдарды балқытудың дамуымен химия негіздері туды. Тонаушылық соғыстардың дамуымен байланысты құрылықтық және теңіздік жорықтар сол бір астрономиялық байқауларда жинауға, сондай-ақ география мен картографиялық дамуына жол ашты. Полинезиліктер өздерінің ұзаққа созыған теңіздік жорықтары кезінде аралдарды теңіз жолдарын, ағыстар мен желдердің бағыттарын бейнелейтін таяқшалардан және тастардан жасалған карталарды пайдаланды біршама, мәселен, зақымданған қол аяқты ампутациялай алатын хирургияны дамытудың да өз ролін жаман атқармады. Халықтың есуі мен мал шаруашылығының дамуы эпидемияның қауіп қатерін арттырды; онымен күресе отырып, алғашқы тұрмыс заттық медицина, кей жариярде, мәселен, Шығыс Африкада сырқаттарды әлсіретіп формалардың тұрпайы сақтық егулеріне эмпирикалық жолымен келді.

Қорғаныс құрылыстарын және мыңдаған жылдарға есептелген лақатқана — дольмендерді, салу өкердің жаңа турінің — монументальды тас архитектураның негізін қалады. Егіншіліктер жекелегеи қолөнері ісімерлік өнерінің тамаша гүлденуімен қосарланды. Әскери-тайпалық ақ сүйектердің қажеттері үшін зергерлік безенгіштер, қымбат қарулар ыдыстар киім- кешектер жасалы бастады. Осыған байланысты торевтика — көркемдік мәнерлеу, қию, металл бұйымдарды өрнектеу, сондай-ақ эмальды, сүйек, мүйіз, перламутра, асыл тастар, тағы басқаларды ойынан жасау ісін қолдану кеңінен таралды. Металды көркемдеп өңдеудің бастапқы кезең солтүстік-батыс үнділерінің мыс пластинкалардағы шебер қақталған және гравирлермен ең төзімдік белгілерінде бейнеленде.

Алғашқы тұрмыстық қоғамның рухани мәдениеті дамуының таптық өркениеттен бөліп тұрған шектердің бірі, тәртіпке келтірілген жазу-сызудың жасалуы еді. Әдетте, бұл тек жалпы мәнін ғана хабарлаған тұрпайы пиктоградиялық хатқа бірте-бірте айналуы еді, мұнда тіркескен белгі таңбалары жеке сөздерді немесе ребустардағы бұлардың ортақ буындарын көрсететін. Шумерлердің, египеттіктердің, эламиттердің қытайлардың, христиандардың, этрускілердің маялықтардың және басқалардан өте көне келетін иорглифтік жазулардан неғұрлым дамыған буындық және әріптік – дыбыстық жазу (алфабитті) сызу жүйесі шықты. Жазу –сызу әр түрлі халықтарда негізінен алғанда бірінен-бірі байланыссыз өздерінде тап пен мемлекеттің пайда болуы қарсаңында туды.

Рулық құрылыстың ыдырауы процесінд өмірдің жаңа жағдайларына пара- пар діннің жаңа формалары туды немесе дами түсті. Патриархатқа көшу семьялықта, рулықта еркек ата-баба қолдаушыларға табынудың қалыптасуымен қосарланды. Кейбір кейінгі матриархалдық қоғамдар да әйел арғы тегіне табыну дамыды. (Микрозиней мен кхасилерде). Егіншілік пен мал шаруашылығының дамуымен көршілес қауымдар үшін тән болып келетін адамның жыныстық потенциясын жерге беруді бейнелейтін, олардың адамнан құрбандық шалуымен, әсіресе өлетін де тірілетін аруақтардың образымен шұрайлыққа ауыл шаруашылық табынуы орнықты. Тайпалық ұйымдардың күшейе түсуі мен тайпалық одақтардың құрылуы тайпалық қолдаушыларға табынуды орнықтырды, бұлардың образдарында аруақтар, табиғат құбылыстарын бейнелейтін мифологиялық геройлардың сарбаз – аруақтардың сипатталып ұштасып жатады. Осы дәуір үшін ерекше тән болып келетін дін формалары құпия одақтардың үрей тудыратын аруақтарына табыну мен тайпалық көсемдерге табынуды құрады. Көсемдер өзінің өлімінен кейін де табынудың объектісі болып қала берді, олар өзінің тайпаластарына әрі ең алдымен өзінің ұрпақтары мен мұрагерлеріне көмектесетін ықпалды аруақтарға айналады деп санады.

Діннің дамуымен – бір мезетте табынуға қызмет ететін ерекше топ бөлініп шықты. Егер бір кезде табиғат күшіне ықпал ету қабілеті принциптерінде рудың барлық немесе ең жоғы көптеген мүшелеріне танылып келсе, әрі діни функциялар рудың өкілдері ретінде ақсақалдар арқылы орындалса, енді бұл қабілетке күшті ата-тек қорғандардың тамаша саналған белгілі адамдар ие болды. сөйтіп алғашқы тұрмыстық қауымдық құрылыстың ыдырау процесінде де бірте-бірте қамалушы бұқараны, таптық теңсіздікті және мемлекет билігін көрсетудің құралы болып алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет