Тарих кафедрасы


Бірінші және екінші бүкіл қазақстандық съездер



бет3/32
Дата20.11.2022
өлшемі303.28 Kb.
#465280
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
KКZT -лекции

2. Бірінші және екінші бүкіл қазақстандық съездер. Қазақтардың демократ жетекшілері 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда "Алаш" партиясының кезекті (үшінші) съөзін өткізді. Съезде Алашорда автономиясының орнағанын және кадет партиясы Орталық Комитетінің мүшесі Ә.Бөкейханов бастаған үкімет құрылғанын хабарлады, программалық документтер қабылдады. Ол 25 мың адамнан түратын мқлиция формасындағы ұлтгық қарулы күш ұйымдастыруды белгіледі.
Алаш өкіметін құру мәселесі 1917 жылы шідденің 21-28-інде Орынбор қаласында жалпы қазақтық I съөзінде қаралған болатын, съезде 14 мәселе талқыға түсті. Аддымен мемлекет қүрылысы қаралды: "Русия демократическая, парламентар-ская республика болып, қазақ облыстары қоныс-ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс" деп ең негізгі мәселені шешкеннен соң, жер проблемасы жайында 14 баптан тұратын қаулы қабылдады. Ең мықтап айта алғандары: "қазақ халқы өзінің еншілі жеріне орнығып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін". Осындай дұрыс ой- пікір күні бүгінге дейін күшін жойған жоқ.
3. Қазақстандағы Кеңес билігінің орнауының ерекшеліктері. «Алаш-Орданың» басшылығы: құрылуы және қызметі. Ал қазақтың ұлтгық-территориялық мәселесін Алашорда автономиясы 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласындағы жалпықазақтың II съөзінде занды түрде бекітті.
Алашорда автономиясын оның конституциясын бүкілроссиялық құрылтай съезі бекітуге тиіс. "Алаш" партиясы Программасының жобасы 1917 жылы "Қазақ" газетінің 251 санында жарияланды. 10 баптан түратын саяси құжатта қазақ елінің ұлтгық, тілек-мақсатының негізгілері баяңдалды, онда: "Алаш Орда" үкіметінің бағдарламасында автономияның мемлекетгік үкімет билігінің түрі "федерациялық республика құрамындағы дербес мемлекет" ретінде анықталды. Ол республиканың Құрылтай жиналысы мен Мемлекеттік Думасы болады, атқарушы механизм міндетін Президент пен Министрлер кеңесі атқарады деп көрсетілді. Бұл бағдарлама сонымен қатар сайлау жүйесін де, дінді мемлекетген бөлуді де, сот істерін белгілі бір жерде жинақылап, көпшілік болыптабылатын халықтың тілінде жүргізу, әскер құру мен салық салу ісін ұйымдастыру, "түземдіктердің"жерді пайдаланудағы құқығын анықтау және жерге мемлекеттік меншікті орнату сияқты тағы басқа шараларды да қамтыды.
Осы жалпықазақтық II съезіңце: "Алаш облыстарын қазіргі бұліншіліктен қорғау мақсатымен уақытша ұлт кеңесі күрылды, оның аты "Алашорда" деп аталды. "Алашорданың" өкімет қүрамы 25 адам болып, 10 орын қазақтар арасындағы басқа халықтарға қалдырылды.
Алаш авгономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) ұлт кеңесінің құрамына 15 қазақ азаматы сайланды. Уәлитхан Танашев (Бөкей ордасы), Халел Досмұ-хамедов (Орал облысы), Халел Ғаббасов (Семей облысы), Сыдық Аманжолов (Жетісу облысы), Мұстафа Шоқай (Сырдария облысы), облыстардан тыс Алашорда қүрамына Әлихан Бокейханов, Жаһанша Досмүхамедов, Әлімхан Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Бақыткерей Құлманов, Жақып Ақбаев, Базарбай Мамытов, Отыншы Әлжанов сайланды. Үкіметтің осы 15 мүшелеріне орынбасарлар болып қазақ өлкесінің әр түрлі өңірлерінен тағы да 15 кісінің кавндидатуралары бекітіледі. Әлихан Бөкейханов Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып сайланды.
Сол кездегі Алашорда автономиялык мемлекетінің жері Россия империясының бес әкімшілік (административных) қүрамы болып кірген еді. Сырдария мен Жетісу облыстары — Түркістан генерал губернаторлығына, Торғай облысы Орынбор губерниясына, Орал облысы тікелей Россия мемлекетінің қүрамына кірді4.
Алашорданың уақытша ұлт кеңесінің басшы қүрамына сайланғавдар, 1918 жылғы көкектің екісіне дейін Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтар Москвада автономия алу жөнінде В.И.Лениннің қабылдауында болды. Ә.Бөкейханов, Х.Ғаббасов, Ә.Ермековтер В.И.Ленин және И.В.Сталинмен Қазақ автономиясыньщ жер көлемі, шекарасы туралы келіссөз жүргізді. "Қазақ" газетінің 1918 жылғы 30 шідцеде шыққан 262 санында "Заречная слободада Алаш орда хүкумәтінің іске кіріскені" туралы телеграмма басылған. Сонымен қатар 1918 жьшы майда Оралда өткен қазақ съөзінде Жаһанша және Халел Досмұхамедовтер бастаған "Ойыл уәлаятының" уақытша үкіметі (провинциальное правительство) жарияланды. Ол сол жылы 26 шілдеде Жымпиты қаласына барып орналасқан. Бірақ Алаш орданың батыс бөлігі жеке ұйым деп есептелмеген. Алашорда автономиясының төрағасы Ә.Бөкейханов "Алашорданың батыс белімін құру жайын іс кағазына қол қойған, бірақ Алашордада заңды түрде мүвдай бөлінуі болмаған1". Осының бәрін ескере отырып, Алашорданың батыс бөлімін жеке ұйым деп есептеуге болмайды2 — деп жазды Қырғыз өлкесін басқарушы Пестковскийге 1920 жылы 23 ақпанда жазған есебінде.
"Алаш Орда" үкіметі өзінің әскерін құруға және Қазақстан аумағында өкілеггі өкімет биліктерін ұйымдастыруға кірісті, "ресей патриотизміне" ақырына дейін адал болып қалған әскер бөлімдерінің атамандарымен әскери одақ құрып, олардан қару-жарақ алмак, болды.
Алаш үкіметінің төрағасы Ә.Бөкейханов 1919 жыддың басывда Омбыда Колчактан қару-жарақ сүрау ниетімен барғавда Алаш Орда үкіметіне бағынышты өскердің қүрамын, тұрған жерін санын айтады: солардың ішінде:
Жетісу майданында - 700 адам, Тройцкіде — 540 адам, Орал облысында 2000 адамнан күрылған 2 әскери бригада болғанын көреміз. Колчак Қазақ автономиясын мойыңдаудан бас тартқан соң Алаш Орда үкіметінің басшылары Совет өкіметімен келісімге келеді. Ал А.Байтүрсынов 1919 жылы 25 шілдеде Кирревкомның мүшесі болып В.И.Ленин қолынан мандат адды. Батыс Алашорданың басшысы Жаһанша Досмұхамедов өзінің 1919 жылы 21 желтоқсанда Орынбордағы Кирревкомға жазған қүпия хатывда атгы казактардың қыстағанына қара-мастан Алаш соддатгарының қызылдарға қарсы соғыспағанын, тек тым болмай бара жатқан жағдайларда ғана ақтардың қатарывда кара беріп кейін қашып кетіп жүргендерін, қазіргі кезде ақтардың бастықтары Алашқа анығынан сенбей қарап, қысымын күшейтіп отырғанын, сондыктан Түркістан майданының Оралдағы соғыс-революция советінің мүшесі Лежава-Мюратпен байланыс жасап, ақтарға қарсы әрекетгерін тездетіл, қазақ даласын ақтардан тазартуларын өтінгендерін хабарлайды, өзара келісіп сөйлесу үшін ревкомның бір адамын жіберулерін өтінеді.
Батыс Алаш Орда басшылары Қызыл Армияның Ойыл қаласына келген татар атқыштар полкінің командирі Мәулю-дов және коммиссары Қасымовпен тығыз байланыс жасайды. Бұл жөнінде татар полк командирінің 3-ші Түркістан атгы дивизиясының бастығына жазған ақпарында: "Қызыл қоға-дағы Алашорда отряды біздің нүсқауымыз бойынша, 1919 жылы 27 желтоқсанда таң аддында бідцірмей шабуыл жасап, Елек корпусының барлық штабын, бастығы корпус комавдирі генерал Акутинді, оның көмекшісі полковник Марковты, штаб бастығы Шадринді, полковник Ершовты қарусыздан-дырып ұстап адды. Біздің отряд Қызыл қоғаға 28 желтоқсанда кірді," - деп хабарлайды. Батыс Алаштың қызылдарға берілгені женінде майдан қолбасшысы М.В.Фрунзе 1919 жылы 21 желтоқсанда В.И.Ленинге берген телеграммасында: "... Алашорданың Каспий жағалауына дейінгі диктатурасын негізге алған болыішвиктерге қарама-қарсы еді. Сондықтан да Алаш кесемдері мен Алашорда үкіметінің басшылығы 1917 жылғы Қазан революциясының ұрандарын, кеңес өкіметінің идеялары мен нақтылы іс-әрекеттерін қабылдамады, оларға
қарсышықты.Азамат соғысы жылдарында (1918-1920) Алашорда Кеңес өкіметіне жау күштермен одақтас болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес екіметі Алаш пен Алаш-орданы Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінен аластауда аддау мен арбау әдістерін де, қару жүмсап күштеу жолын да қодданды. Көзінде (1919 және 1920 жылдары) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан азамат соғысынан кейінгі 7-8 жылда Қазақстан ғылымының, оқу-ағарту ісінің, әдебиеті мен өнері-нің халық шаруашылығының дамуына қомақты үлес қосқан ұлтгық-демократиялық интеллигенция өкілдері, ең алдымен Алаш пен Алашордаға жетекшілік жасаған қайраткерлер, түгелге дерлік жалған жаламен "халық жауы" аталып, сталиндік өкімшіл-әміршіл жүйенің қүрбандары болды., ал олардың ғылыми және әдеби мүрасы халықтан жасырын жағдайда ұсталды немесе жойыұлды.
Тек соңғы 15 жыдцың жүзінде ұлттық-демократиялық интеллигенцияның халық таныған косемдерінің есімдері халыққа қайтарылып, олар қалдырған рухани мұра қалың жұртшылықтың игілігіне айналды.
"Алаш Орда" үкіметінің Қазақставдағы 4 жыддық басқару кезеңі, міне осылай аяқтадды. Кеңестік социализм идеолог-тары "Алаш Орданы" буржуазиялық ұлтшылдық қозғалыстан озге ешнәрсе емес деп бағалайды. Алайда біздің жоғарьща атап көрсеткеніміздей оның қызметі мен бағдарламасында "буржуазияшылдықтьщ" ешқавдай да белгісі жоқ. "Алаш" — "ұлтгық-демократиялық" партия болды. Ал оның өмір сүрген уақытын қазақ халқының ез тәуелсіздігін қалпына келтіру жолындағы күресінің маңызды бір кезеңі деп бағалау керек.
Үкімет билігін қолына алған большевиктік-марксистік партия ұлттардың бөлініп кетуге дейінгі өзін-өзі басқару үранын "интернационалдық бірлік" және "сепаратизмге жол бермеу" ұрандарымен ауыстырды. Ал өз идеяларын оздеріне дейінгі патшалы Ресейдегіден әлдеқайда қатал және қатып-семіп қалған догмалық нұсқада жүзеге асыра бастады. Сонымен патшалық Ресейдің отарлау кезеңі "Алаш Орда" автономиясының уақытша жүргізген ұлттық басқаруы кезе-ңімен алмасты. Ал "Алаш Орда" үкіметін Кеңес өкіметі 1920 жылы құлатты да, Қазақстан аумағында жаңа мемлекетгілік орнады. Ол іс жүзінде өзінің басқару тәсілдері жағынан ұлттық дербестікке, өздерінің этникалық тарихы мен салт-дәстүрлерін одан әрі жалғастыруға үмтылған халықтарды идеялық жағынан басып-жаныштап отыратын жүйесі болған патшалы Ресейдің тьш қатал тәсілдерінен де асып түсті.
Сонымен қорыта келгенде Ақпан көтерілісінен кейін ұлттық қозғалыс жаңа серпін алды. 1918 жылы 22 қаңтарда Кеңес өкіметіне балама ретінде Қоқанда Түркістан автоно-миялы республикасы, ал 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орын-борда Алаш автономиясы жарияланды. Алайда әуелі Қоқан, кейін "Алаш" өкіметгері ұлттық мемлекетгік идеяны жүзеге толық асырып болмай-ақ, тарих саханасынан аластатыдды. Қазақ ұлттық мемлекетгігін құру идеясы тек кеңестік түсінік тұрғысында ғана үстем бодды.
1920 жылы 9 мартта Қырғыз (қазақ) ревкомы Алашорданың және оның барлық мекемелерінің жойылғаны туралы хабарлады.
1917 жылы 25 қазанда Ресей империясының астанасы Петроград қаласында Қазан төңкерісінің нәтижесінде мемлекет билігі Кеңестердің қолына көшті. Қазан төңкерісінің идеологы, яғни басшысы В.И. Ульянов (Ленин) болды. Қазан төңкерісінен кейін билікті қолына алған Кеңеcтер «Ресей халықтары құқықтарының декларациясын» қабылдады. Осыдан кейін Кеңестердің «Ресей мен Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына» үндеуі жарияланды. Аталған үндеуде халықтардың діни сенімдері мен ұлттық мүдделеріне ешкім тиіспейтіні, барлық халықтың құқықтары бірдей болатыны туралы айтылған. 1917-1918 жылдары Қазақстанда Кеңестер өкіметі кейбір өңірлерде күрес нәтижесінде, ал енді бір жерлерде бейбіт түрде орнады.
1917 жылы 22 қарашада Қоқанд қаласында болған бүкіл түркістандық IV съезде Түркістан автономиясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны туралы жарияланды. Бұл үкімет кейбір деректерде «Қоқанд автономиясы» деп аталды. Алғашқы басшысы М. Тынышбаев, одан кейін басшы қызметін Мұстафа Шоқай атқарды.
1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі болды. Съезді
М. Шоқай басқарды.Съезде Алаш (Алашорда) автономиясын құру туралы қаулы қабылданды.Алашорданың 25 мүшеден тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрылды.
Автономия орталығы Семей қаласында орналасатын болды.
Алашорда үкіметінің төрағасы болып Ә. Бөкейханов сайланды. «Қазақ» газетінде «Алаш» партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы жарияланды.
«Алаш» партиясының багдарламасы:

  1. басқару түрі;

  2. автономия;

  3. азаматтың негізгі құқықтары;

  4. дін ұстану туралы мәселе;

  5. соттар туралы;

  6. қорғаныс;

  7. салық;

  8. жұмысшы мәселесі;

  9. халықағарту;

10.жер мәселесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет