58
Жаман-acap 1 қалашығы, Т. Көмекбаев ауылынан солтүстікке қарай 22
шақырым жерде орналасқан. Ескерткішті 1950 жылы ХАЭЭ-сы С.П.Толстов
ашып, 1979-1986 жылдары Л.М.Левина зерттеген [102, с.25 ].
Жаман acap 2 қалашығы Қабыл қорғанынан солтүстікке қарай 31
шақырым жерде орналасқан. Ескерткішті 1950 жылы ХАЭЭ-сы С.П.Толстов
ашып, 1979-1986 жылдары Л.М.Левина зерттеген [102, с.30 ].
1962 жылы ХАЭЭ–сының барлау отряды Б.А. Андриановтың
жетекшілігімен Жeтiacap мәдениетінің Шығыс acapлар тобына
жататын Кіші
Қара-acap, Үлкен Қара-acap, Сырлы-acap, Моншақты-acap, Үңгірлі-acap,
Домалақ-acap
қалашықтарында болып, жоспарлары сызбаға түсіріліп, беткі
қабаттан археологиялық материалдар жиналып алынған [27, с.11;54, с.12
;55;56].
Домалақ acap – Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Жаңаталап
ауылынан солтүстікке қарай 4 шақырым жерде орналасқан. Қалашық 1962
жылы ХАЭЭ-ның барлау(Б.В Андрианов) отряды ашқан Ескерткіш дөңкелек
пішінді, диаметрі 20 м, биіктігі – 8-10 м.
Төбенің айналасындағы ордың
маңайында суландыру жүйесінің іздері бар. Беткі қабатында құрылыс орны
байқалады, қақпасы шығыс жағында үлкен ор секілді болып көрінеді. Қамал
саз кірпіштен тұрғызылған көлемі 25х45 см, солтүстік жағында мұнараның
орны сақталған.
Үлкен Қара-acap қалашығы – Қызылорда облысы, Жалағаш ауданынан
батысқа қарай 30,3 шақырым жерде орналасқан. Ескерткішті алғаш 1962
жылы ХАЭЭ-ның барлау отряды (жетекшісі Б.В. Андрианов) ашқан Қамал
екі қаббаты төбе секілді. Төменгі қабат өлшемдері 100х150 м, биіктігі 6-7 м.
Жоғарғы қабаты қамалдың оңтүстік-шығыс
бұрышында орналасқан,
алтыбұрышты пішінді, көлемі 40х40 м, жер бетінен биіктігі 8-10 м. Қамалға
кірер есік солтүстік және шығыс бөлігінде болғаны байқалады. Қалашықтың
оңтүстік шығыс жағындағы қабырғалардың жанынан Қуаңдария көне
сағасының арнасы өтеді [27, с.41].
Моншақты acap қалашығы Жосалы станциясынан оңтүстік-шығысқа
қарай 48 шақырым жерде орналасқан. Ескерткішті алғаш ХАЭЭ-ның 1962
жылғы барлау отряды (Б.В Андрианов ) ашқан Қалашық екі қабатты төбе
түрінде болып келген. Аумағы 50х50 м, биіктігі 10-12 м
болатын жоғарғы
қабат бұлдыр бесбұрышты пішінді және үш жағынан пішіні көп бұрышты
аумағы 150х150 м болатын екінші алаңмен (биіктігі 5-7 м-ге жуық)
құрсауланған [27, с.66 ].
Сырлы-acap қалашығы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Бұқарбай
батыр ауылынан солтүстікке қарай 3 шақырым жерде орналасқан.
Ескерткішті 1962 жылы ХАЭЭ-ның барлау отряды (Б.В Андрианов) ашқан
Қалашық көпбұрышты бұрыштарында мұнаралардың (пішіні сақталмаған)
қаладықтары бар бекініс қабырғасымен
қоршалған қабырғаның өлшемі
шамамен 800х500 м. ені 3-4 м. Қамал екі қабатты төбе түрінде сақталған.
Төменгі қабат шеңберлі өлшемі 150х150 м жер бетінен биіктігі 5-7 м. Жоғары
қабаты ұзынша келген төртбұрыш пішінді, өлшемі 20х20 м, төменгі қабаттан
59
биіктігі 3-5 м. Қалашыққа кіретін қақпалары:оңтүстікте, солтүстік-батыста,
батыста орналасқан [38,104]. Ескерткіш жан-жағын күріш алқаптары қоршап
жатыр. Қалашық «Г» әрпі тәріздес болып келген, қалашықтың ортасында
құрылыстың ізі байқалады ( көлемі 80х85). Қамалдың жанында қолдан
қазылған арықтар орын тепкен [103].
Достарыңызбен бөлісу: