9
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Евразия құрылығы оның ішінде
Қазақстан жерін мекен еткен әлем өркениетінің дамуына елеулі үлес қосып
ықпал еткен әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесі жоғары қола дәуірі мен
ерте темір ғасырларының тайпаларының тарихы жалпы түркі
халықтары,
оның ішінде Қазақ халқының тарихының іргетасы болып саналады. Қазақ
тарихының іргетасын қалауда Сырдарияның төменгі ағысы ескерткіштері
ерекше орын алады. Бұл өңір ежелден бері сақ, скиф, массагет, ғұн, оғыз,
қыпшақ және т.б. көшпелі отырықшы түркі тайпаларының мекені
болғандықтан, археологиялық ескерткіштер өте көп.
Солардың қатарында
ежелгі дәуірдің яғни тас ғасыры палеолит дәуірінің ескерткіштері Арал,
Аққыр Әйтеке би тұрақтар мен шеберханалар орындары, неолит кезеңінің
ескерткіштері – Арал, Ақеспе, Сексеуіл, Қосмола, Жалғыз-ағым, Қосаман,
тұрақтары, қола дәуірінің ескерткіштері – Тапа, Шөлқұм, Баян, Суықбет,
Солтүстік Түгіскен
обалы қорымдары, ерте темір дәуірінің ескерткіштері –
Оңтүстік Түгіскен және Ұйғарақ , Көк сенгір обалары, антикалық сақ кезеңі
қалалары - шірік-рабат мәдениетінің ескерткіштері Шірік-рабат, Баланды,
Бәбіш-мола, ерте ортағасырлық қалалар Жетіасар мәдениетінің ескерткіштері
Алтын асар, Томпақ асар, Құрайлы асар қалалары, ортағасырлық оғыз
тайпаларының қалалары Жанкент, Кескен-күйік қала,
Шіркейлі қос-асар,
Сортөбе қалалары Алтын Орда дәуірінің қалалары Арал-асар, Женд,
Мыңтөбе, Сырлытам Қышқала, кейінгі ортағасырлық қалалар Бұзық қала,
Хатын қала және т.б. археологиялық ескерткіштер жатады.
Жазба деректері сақталмаған осы кезең тарихын қайта жаңғыртуға
бірден-бір дерек көзі болып саналатын археологиялық ескерткіштердің
аумағы зор Сырдарияның төменгі ағысы археологиялық
ескерткіштер жайлы
деректерді жүйелеу мүмкіндік болмай отыр. Аралдың шығыс аймағы, яғни
Көне Сырдың теңізге құятын тарам-тарам ескі арналары бойындағы жүздеген
ескерткіштердің әлі де болса терең сырын аша алмай жатқандығы. Біздің осы
тақырыпты таңдап алу себебімізде осыған байланысты болды.
Сыр өңірі – Қазақстан жеріндегі көне өркениет іздері мол сақталған
өлкенің бірі. Тарихи дәстүр антикалық авторларда Яксарт, ортағасырлық
түркілерде – Йичю-оғыз, арабтарда – Сейхун деп аталған Сырдария туралы,
сондай-ақ, екі әлемнің – Солтүстік Тұран мен Оңтүстік Иранның
бақташылары
мен жер өңдеушілерінің, қала мен даланың шекарасы туралы
тарихи түсінікті сақтап келеді.
Академик В.В. Бартольдтың пікірінше Тұран ойпаты – Арал теңізінің
бассейніне жатады. Сырдың төменгі ағысы аумағы Арал теңізінің шығыс
бөлігінде орналасқан. Осыған байланысты ғылыми еңбектерде бұл өңір
Шығыс Арал маңы деген атаумен де белігілі.
Шығыс Арал маңының тарихы бірнеше мыңжылдықты қамтиды.
Ежелден бұл өңірді мекендеген тайпалар Шығыс пен Батыс байланыстырған
10
үлкен аймақты игеріп, жергілікті
мәдениеті мен шаруашылығын
қалыптастырған. Бұған өңірде кездесетін археологиялық ескерткішер куә.
Магистрлік зерттеу жұмысында Сырдарияның төменгі ағысында
орналасқан тарихи-мәдени мұралар яғни ежелгі және ортағасырлық
археологиялық ескерткіштер жайлы алғашқы деректер және осы
ескерткіштерде
жүргізілген
археологиялық
қазба
жұмыстарының
нәтижелерін талдап, зерттелу тарихын кезеңделуін қарастыру. Автор
Сырдарияның төменгі ағысының әр кезеңдерінің ескерткіштерінің зерттелу
тарихы, баламалануы топографиясы және заттай мәдениеті ақпарат береді.
Өңір тарихын тарих және өлкетану пәнінде
оқыту және Қазақстан
тарихындағы орны мәселесін қарастырған.
Достарыңызбен бөлісу: