«тарих» кафедрасы


Тәуелсіздік алғанан кейінгі археологиялық мұраларға жаңа



Pdf көрінісі
бет16/38
Дата23.10.2023
өлшемі3.11 Mb.
#481446
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
Каналхан Е.Г. 2022 сонгы вариант (1)

 
1.3Тәуелсіздік алғанан кейінгі археологиялық мұраларға жаңа 
зерттеулер 
 
Еліміз тәуелсіздік алғанан кейінгі, алғашқы зерттеулердің бірі болып 
табылатын 1998 жылы Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті және 
халықаралық «Тұран» ғылыми–зерттеу орталығы ұйымдастырған экспидеция 


30 
(жетекшілері А.Н. Алматов, Ж. Құрманқұлов) облыс территориясының 
оңтүстігіндегі Сырдың көне арналары Іңкәрдария, Жаңадариядан бастап 
терістігіндегі қазіргі Сырдың аралығында барлау жасап, бұрын ашылған 
қалалар мен елді мекендердің географиялық координаттарын анықтап, 
жаңадан ашылған ескерткіштерді есепке алды. Зерттеушілер ұзақ жылдарға 
арналған ғылыми зерттеулердің бағдарламасын жасап, ауқымды іс-
шараларды жүзеге асыруға соның барысында бұрын зерттелген немесе әлі 
қазылмаған археологиялық ескерткіштерді зерделеумен қатар ауыз әдебиеті, 
тарихи деректерді жинады. 
Алғашқы барлау экспедициясы болғандықтан, зерттеу жұмыстары 
суретке түсірумен, уақыттың тығыздығы 1998 жылдың қазан айының қара 
суығы экспедиция жұмысын тездетті. Экспедиция құрамында Ә.Х. Марғұлан 
атындағы бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарның кандитаты Ж. 
Құрманқұлов, аға оқытушы Т.Мәмиев, фотограф Ш.Әбдіқалықов, 
жолбасшылар- Өткелбаев О., Жиенбаев М., Жолмаханов С. және Кекірелі 
тұрғыны Ештаев К. қатысты бұл экспедицяның зерттеу жұмыстарына кеңірек 
тоқталамыз [41,39-42 бб.]. 
Сырдарияның төменгі ағысынан ежелгі тас ғасыры палеолит дәуірінің 
палеолит тұрақтарын 1979 жылдан бастап геологтар алғаш ашып зерттеді.
Айта кететін жайт бұл аймақтардан тек неолит дәуірінің қоныстары Хорезм 
экспедциясы тарапынан Арал ауданынан 1954 жылы ашылып зерттелген 
болатын. Неолит және қола дәуірі қоныстары жайлы геолог А.Л.Яншин, 
археолог А.А.Формозов, А.В.Виноградовтың еңбектерінен кездестіруге 
болады. Аймақ тарихы тек неолит кезеңімен бастау алады деп қарастырылып 
кейінгі геологтардың зерттеулері бойынша Арал ауданы Кіші Борсық 
құмында зерттеу жұмыстарын жүргізген Ж.М.Кулумбаев, Б.Ж.Аубекеров, 
Д.П.Позднышева, А.А.Словарев, О.А.Артюхова сияқты ғалымдар алғаш 
тауып зерттеген. Ашылған Арал 1, Арал 2, Арал 3, жердің беткі қабатынан 
тас құралдары жиналып алынып, мақалалары жарияланған [42,32-38 бет]. 
Арал маңының палеолит дәуірінің тұрақтарына 1998-1999 жылдары 
кең көлемді барлау жұмыстарын жүргізген Ресей ғылым акедемиясы, Ресей-
Қазақстан-Қырғызстан-Өзбекстан біріккен археологиялық экспедициясы 
(жетекшілері акедемик А.П.Деревянко және Ж.К.Таймағамбетов) палеолит, 
неолит дәуірлерінің тұрақтарын қайта зерттеу жұмыстарын жүргізген, 
нәтижесінде Арал 1-2, 4-6, Ақеспе-Аққыр 1,2, Қазалы ауданындағы Әйтеке 
би шеберхана орындары 1-12 палеолит ескерткіштері ашылып, беткі 
қабатынан тас құралдар жиналып алынған [43, с.242-245;44, с.63-72;45, с.74-
80;46, с.114-119]. Осы экспедициясының зерттеу жұмыстары жайлы ғылыми 
есептер және мақалалар жарық көріп, қорытындылары біраз мақалаларда 
жарияланды. Аралдың палеолит тұрақтарынан табылған тас құралдар 
Қазақстандағы палеолит кезеңінің ерте және орта кезеңімен мерзімделіп, 
жекелеген мақалаларда материалдары туралы мәліметтер берілді. Осы 
материалдар бойынша Т.Б. Мамировтың «Палеолит Арало-Каспийского 


31 
региона» атты кандидадтық диссертация қорғалып кейін кітап болып 
басылып шықты [47]. 
Ресей-Қазақстан экспедициясы ашқан Солтүстік Арал маңындағы 
Аральск 1-8 және Сарышығанақ, Қосаман, Ырғыз тұрақтарының негізінде, 
Г.Т.Искаковтың «Каменные индустрия Мугоджар и Северного Приаралья в 
мезолите-энеолите» атты кандидатық диссертациясы қорғалып, Солтүстік 
Арал өңірінің неолит тұрақтарына байланысты жекелеген мақалалары жарық 
көрген. 
Солтүстік Арал маңынан ашылған тұрақтарды ерте немесе кейінгі 
неолит дәуірне, қола дәуіріне жатқызған[48; 49, 110 бет]. 
2001 жылы Арал теңізнен табанынан табылған Кердері мавзолейінде, 
Арал Acap елді мекендеріне археолог Т.Мәмиевтің жетекшілігімен 
жасақталған кешенді зерттеу жүргізілген зерттеулер барысында ашылып 
есепке алынған. Бұл ескертіштер тобы Алтын Орда дәуіріне 
жатқызылды.Қазба жұмыстарының нәтижелері Т.Мәмиевтің 2005 жылы 
қорғаған «Сырдың төменгі ағысы бойында ортағасырлық қалалар» атты 
кандидаттық диссертациясы қорғалып және бірнеше еңбектері жарияланды 
[15]. 
Кейінгі зерттеулер 2001-2004 жылдары Арал теңізінің суы тартылған 
соң түбінен Барсакелмес аралынан табылған ортағасырлық Арал асар, 
Кердері кесенесі табылуына байланысты Ә.Х. Марғұлан археология 
институты 
мен 
Қорқыт 
Ата 
атындағы 
Қызылорда 
мемлекеттік 
университетінің ғалымдарымен барлау жұмыстары жүргізіліп палеолит, 
неолит, қола дәуірінің тұрақтары мен қоныстарын анықтаған [50,236-254 
бет]. Олардың ішіндегі Солтүстік Арал маңындағы Тастүбек елді мекеніне 
жақын болғандықтан 1-12 деген атаулар берілген. 
2002-2005 жылдары және 2008-2010 жылдары Арал теңізінің кепкен 
табанында Ресей Ғылым Академиясы Сібір бөлімшесі В.С. Соболев 
атындағы геология және минерология институтының ғылыми қызметкерлері 
және шетел ғалымдары геморфологиялық және геоархеологиялық 
зерттеулер ұйымдастарып Арал теңізінің өмір сүру жасын анықтау үшін 
кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізді[51,46-53 бет]. 
Халықаралық экспедицияның жүргізген зерттеулері барысында Арал 
теңізінің бұрынғы жағалауларынан геоархеологияда қолданылатын, 
жаратылыстану ғылымында пайдаланатын әдістермен жағалауларынан, 
радиоуглерод әдісімен, яғни бұрғылау әдісімен теңіздің жасы анықталды 
және осы әдіспен Аралдың кепкен табанынан табылған ортағасырлық Арал 
асар қалашығы мен Кердері кесенесінің жасы анықталған еді. 
Алынған радиоуглерод әдісінің анализдері АҚШ-тың Аризона 
университетінде талдау- сараптама жүргізіліп, Арал теңізінің жасы 18 мың-
24 мың жыл бұрын пайда болған деген қорытындыға келді[51]. 
Арал теңізінің түбін зерттеуші геолог С.Кривоногов: « Арал умер.Да 
здрасвует Арал!» мақаласынан «радиоуглеродное датирование показало


32 
чтоего возраст около 18 тыс. лет (а возраст нижележащих отложений — 24 
тыс. лет).» 
Арал теңізнің жағасынан 60 км жерде орналасқан ортағасырлық Арал 
асар ескерткіші 20 метр судың астында жатқан, алынған радиоуглеродтық 
анализ де, археологтардың берген жасымен тура келді. Археологтар бұл 
ескерткішті XIV ғасыр деп берген еді. Яғни ғалымдардың пікірінше 
ортағасырларда Арал теңізнің экологиялық ахуалы қазіргідей болды деген 
пікірге келген. Халықаралық экспедициясының жұмыстары ортағасырлық 
ескерткіштермен ғана шектеліп, тас ғасыры ескерткіштеріне тек барлау 
жұмыстарымен ғана шектелген [50, 236 бет]. 
Еліміз үшін ең үлкен серпіліс 2004 жылы қабылданған «Мәдени мұра» 
бағдарламасы рухани-мәдени өміріміздегі ғана емес, жалпы қоғамдық 
өміріміздегі белесті кезең ретінде бүгінгі күні ел арасында зор серпіліс 
туғызды. Сонау ерте замандардан бері ұлан байтақ қазақ жері бүкіл Еуразия 
кеңістігінің мәдени мәйегі рухани ұлттық қазығы болып табылады. 
2004-2010 жылдар аралығындағы мемлекеттік «Мәдени мұра» 
бағдарламасы тарихи-мәдени мұраны зерттеу, сақтау пайдалану ісіне жаңа 
серпін берді. Бағдарлама бойынша зерттеуге және көлемді қазба 
жұмыстарына ұсынылған археологиялық обьектілер, алғашқы зерттеулерде
байқалған маңыздылығына қарай таңдап алынған. Бұлар, шын мәнінде, 
тарихи-мәдени тұрғыдан қарағанда өте маңызды және халықтың 
генетикалық жаднамасы үшін бетке ұстар эталондық ескерткіштер болып 
табылады. Осы бағдарлама басталмай тұрған алдында Сырдың төменгі 
ағысындағы Xopeзм археологиялық этнографиялық экспедициясының 
кешенді ғылым экспедециясынан соң араға үзіліс салып 2004 жылы
мемлекетік 
«Мәдени 
мұра» 
бағдарламасы 
аясында 
Шірік-рабат 
археологиялық экспедициясы жасақталып, (жетекшісі. Ж.Құрманқұлов) 
Сыpдaрияның төменгі ағысы Шірік-Рабат қала жұрты оның маңындағы
ескерткіштерге барлау, кешенді қазба жұмыстарын бастады. 1946 жылы 
ашылған Шірік-рабат, Баланды, Бәбіш-мола, Ұйғарақ және Түгіскен обалары 
көп жылғы үзілістен кейін қайта зерттелінді [52,88-90 бб.].
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы барысындағы Баланды І 
бекіністі үй жайына 2007 жылғы қазба жұмыстарын бастады. Бұл 
археологиялық барлаулар Сыpдaрияның төменгі ағысындағы археологиялық 
ескерткіштерге жүргізілді. Қызылорда облысында орналасқан қалашықтар 
мен архитетуралық ескерткіштері есепке алынды. Ол кітап болып 2007 жылы 
орыс тілінде, 2011 жылы қазақ тілінде баспадан шығарылды [53, 82-58 бб.].
2005 жылы Арал маңының ежелгі және ортағасырлық тарихын кешенді 
зерттеу мақсатында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік 
университеті мен Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты және 
Ресейдің Н.Н.Микулхо-Маклай атындағы этнология және антрополгия 
институтындағы арасындағы үш жақты келісім шатқа қол қойылды [54,176-
177 бб.].


33 
2005 жылы Шірік-рабат археологиялық экспедициясы жеке барлау 
отряды (отряд жетекшісі Ә. Тәжекеев) Шірік-рабат, Жeтiacap және Жанкент 
қалаларына қайта барлау жұмыстарын жүргізіп, Xopeзм экспедициясының 
тарапынан ашылған ескерткіштердің фото-фиксация жұмыстарын жүргізіп 
географиялық координатттарын алынды (Сурет 1-2). 
«Мәдени мұра» бағдарламасының аясында Сырдарияның төменгі ағысы
ескерткіштерінде тек қана барлау жұмыстары ғана жүргізілді. Осы жұмыстар 
аясында бұл ескерткіштерге фото-фиксация жұмыстары жүргізіліп 
координаттары алынды. 
2007 жылы шілде айында Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ 
түрік университетінің (ХҚТУ) Тұран археологиялық экпспедициясы 
(М.Елеуов) Қармақшы ауданындағы Жосалы ауылынан солтүстік–батыста 12 
км жерде орналасқан Сыpдaрия өзені шайып жатқан ортағасырлық Сортөбе 
қаласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Екі күн жүргізілген зерттеудің 
барысында қаланың сақталған бөлігінің жобасы түсіріліп су шайып бұзылып 
жатқан солтүстік–шығыс қабырғасында тазарту жұмыстарын іске асырылып 
оның стратиграфиясы анықталып, қаланың салынған уақыты кезеңдері 
анықталды. Ескерткіштің су шайған бөлігінен ыдыс сынықтары жинап 
алынды.Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде Сортөбе қаласы жайлы 2007 
жылы осы апатты жағдайдағы ескерткішке байланысты М.Елеуовтың, 
Ж.Құрманқұловтың «Сортөбе, Жанкент және Жент» деген еңбегі 
шығарылды[55]. 
Сырдарияның төменгі ағысын 2004-2011 жылдары Шірік-рабат 
археологиялық экспедециясының (жетекшісі Ж.Құрманқұлов) барлау тобы
аралап шығып, көптеген ескерткіштер есепке алынып, «Қызылорда 
облысының ескерткіштерінің жинағы » атты еңбекке еніп 2007 жылы орысша 
және 2011 жылы қазақша нұсқасы жарық көрген. Бұл еңбекте облыс 
аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұралардың тізімі берілген [56]. 
«Мәдени мұра» бағдарламасы 2010 жылдары өз жұмысын тоқтатқанан 
кейін Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрілігі 2011–2012 
жылдары Оңтүстік-шығыс Арал маңын мекендеген ежелгі тайпалардың 
дүниетанымы мен идеологиясы және наным-сенімдері мен ғұрыптары 
жобасы аясында өңірде Қармақшы ауданы Шірік–Рабат қаласы маңы 
Сенгіртамқаласында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. 
2011–2014 жылдары жылы Қазақстандық–Ресейлік археологтар 
арасында Жанкент қаласында археологиялық қазба жұмыстары жүргізді.Осы 
жылдар аралағында жүргізілген археологиялық қазба нәтижесінде 
қазақша,орысша, ағылшын тілінде «Комплексное исследование городища 
Джанкент: работы 2011-2014 гг.» (Алматы, Арыс, 2014) және альбом кітап 
«Құм басқан өркениеттер» (Астана, 2013) еңбектері шығарылды [57]. 
Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама 
басқармасының "Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді 
қорғау жөніндегі″ коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысы 
бойынша 2014–2016 жылы ежелгі Шірік-рабат қаласы(Қармақшы 


34 
ауданы),ортағасырлық Жанкент қаласы (Қазалы ауданы), Сығанақ қаласы 
(Жаңақорған ауданында), Қышқала қаласында (Сырдария ауданы) тұрақты 
қазба жұмыстары жүргізіп келеді. 
2015 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік 
университеті археология және этнография ғылыми зерттеу орталығы 
Қызылорда облыстық музей қазыналық кәсіпорының қаржыландырумен
Ресейдің Н.Н.Миклухо–Маклай атындағы этнология және антропология 
институтінде сақталған Сыpдaрияның төменгі ағысындағы археологиялық 
ескерткіштер жайлы Xopeзм экспедециясының архив қорларынан 24 том есеп
көшірмелері 
әкелінді 
[58,355-357 
бб.].Оның 
ішіндегі 
Xopeзм 
экспедициясының 1946-1992 жылдар аралығында жүргізілген археологиялық 
қазба жұмыстарының ғылыми есептері,табылған керамика оданда басқа 
жәдігерлердің басқа табылған заттардың суреттері әкелінді. Диссертациялық 
тақырыпқа арқау болып отқан Жeтiacap мәдениетінің археологиялық 
ескерткіштеріне қатысты Жeтiacap ескерткіштерінде қазба жұмыстарын 
жүргізген С.П.Толстовтың, Л.М.Левина,М.А.Итина, Б.Андриановтың жеке 
мұрағаттары күнделіктері, қалалардың жобалары қолмен сызылған 
көшірмелері жасалынып әкелінді. 
2014 жылдан Қызылорда облысы әкімі Қ.Көшербаевтың қолдауымен 
облыс аумағында Шірік-Рабат қала қорымы (жетекшісі Ж.Құрманқұлов), 
Жанкент (жетекшісі Ә.Тәжекеев), Сортөбе (жетекшісі Ә.Ә.Тәжікеев), 
Сығанақ және 2018 жылдан Қышқала (Баршынкент), (Археолог халықаралық 
ғылыми зерттеу орталығы жетекшісі М.Елеуов), 2020 жылдан бастап Асанас 
(жетекшісі Ә.Ә.Тәжекеев) ортағасырлық қалаларында тұрақты қазба 
жұмыстары жүргізілді және олардың нәтижелері әр түрлі ғылыми 
конференцияларда жарияланды. 
2018 жылы Қызылорда облысы әкімдігі қолдауымен «История
исследований Хорезмской экспедиции на землях Сыра» атты еңбек 
шығарылды. Кітап-альбом КСРО ҒА Хорезм археологиялық-этнографиялық 
экспедициясының 1946-1990 жылдары Сырдарияның төменгі ағысында 
жүргізілген зерттеулерінің архив материалдары, фотосуреттері, сызбалары 
далалық күнделіктерінің көшірмелері, ғылыми есептері жәдігерлердің 
суреттері жарыққа шықты. Бұл жинақтың айта кететіндігі І бөлімі 
Сырдарияның 
төменгі 
ағысы 
Жетіасар 
қалаларында 
жүргізілген 
зерттеулердің нәтижелері берілген[59].
Қазіргі таңдағы Бәбіш-мола, Жанкент, Қышқала және Сығанақ 
қалаларында жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеу жұмыстары 
болашақта ашық аспан астындағы музей дайындау мақсатында жүргізілу 
үстінде жаңа кезеңдегі зерттеулер аймақтың тарихының тарихы өте бай 
екенін көрсетіп отыр.


35 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет