«тарих» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет28/38
Дата23.10.2023
өлшемі3.11 Mb.
#481446
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38
Каналхан Е.Г. 2022 сонгы вариант (1)

Оғыз қалаларынан алынған қыш ыдыстар кешені.Әрбір археологиялық 
қазба жұмыстарының барысында ең жарқын көрінетін қыш ыдыстар 
жиынтығы. Бүгінгі таңда ортағасырлық Жанкент, Сортобе, Шіркейлі Қос-
асар қалаларынан қазба жұмыстарынан алынған қыш ыдыстар кешені
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі және Қорқыт Ата атындағы 
Қызылорда университеті «Археология және этнография» ғылыми 
орталығында сақтаулы тұр. Қыш ыдыстар кешені жайлы мәліметтерге 
тоқсталсақ оғыз тайпаларының материалдық мәдениеті заттай деректерінің 
ең үлкен тобын құрайтын қыш ыдыстар болып отыр. Қыш ыдыстар кешенін 
зерттеуші жалғыз ғалым Г.Амиргалиганың пікірінше Жанкент, Сортөбе 
қалаларының қазба жұмыстары кезінде табылған қыш ыдыстар кешені, 
дайындалу ерекшеліктері мен пішіні жағынан көршілес Хорезм 
территориясының ыдыстарымен бірдей болып келген. Оғыз тайпаларының
қыш құмыраларының кеудесі әдетте шар тәрізді болып келеді. Биіктеу тік 
болып келген мойны көбіне сызылған немесе кесілген көлденең 
сызықтарымен безендірілген [114]. Ернеуінде симметриялы орналасқан 
кішігірім екі суағары болады. Формасы жағынан жақын кеудесінде 
үшбұрыштылау тұтқалары кездеседі. кеудесі шар тәрізді, мойнының астында 
кертпеші бар саптаяқтары да бар. Оғыздардың қолөнерінің болуы тек 
жазбаша емес сонымен бірге археологиялық қазба жұмыстары кезінде 
табылған бұйымдардан көруге болады. Сырдарияның төменгі ағысында 
орналасқан оғыз қалашықтары қолөнер орталықтары болып табылады. 
Басым бөлігі керамика өндірісі болды. Жент, Жанкент қалашықтарына 
жүргізілген археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 
жергілікті шеберлер жасаған керамикалық ыдыстар көптеп табылды. 
Ортағасырлық Жанкент қалашығына жүргізілген археологиялық ғылыми-
зерттеу жұмыстарының нәтижесінде табылған археологиялық бұйымдар өте 
бай. Қазіргі уақытта археологиялық бұйымдар зерттелуде. Зерттеу 
бағытында бұйымдар тазартылып, реставрациялық жұмыстар жүргізілуде. 
Жанкент қаласынан табылған керамикалық ыдыстардың түрі дастархандар. 
Керамиканың бұл түрі өте сирек кездеседі. Дастархандардың салмағы ауыр, 
дискі пішінді. Дастархандардың көбісі шарықта жасалған. Қазба 
жұмыстарынан табылған қызықты керамикалық бұйымдар қақпақтар. 
Қақпақтардың барлығы қолдан жапсыру арқылы жасалған. Қақпақтар 
ыдыстың бетін жабуға арналған. Сыртына геометриялық орнаменттер 


71 
салынған. Саптыаяқтардың көбісі қолдан жапсыру арқылы жасалған[118]. 
Шарықта жасалғандарда кездеседі. Арнайы ангобталған, басым бөлігіне 
орнаменттер салынбаған. Жанкент керамикасының ыдыстарға тұтқа салу
әдісін ерекше атауға болады. Тұтқалар қақпақтарға, саптыаяқтарға, 
қазандарға, құмыраларға салынған. Саптыаяқтардың барлығына үлкен емес 
топсатәрізді тұтқалар салынған. Асханада пайдаланылған құмыралардың бір 
жағына немесе екі жағына арнайы тұтқалар, көлемі үлкен ыдыстарға 
тұтқалар декорация ретінде салынған. Жанкенттен табылған ерекше 
керамикалық бұйымдар ыдыстардың түрлері, культтық бұйымдар болып 
отыр. Жанкент керамикасының бір түрі – шырағдандар. Керамикалар 
арасында амфора тәрізді ыдыстарда кездеседі. Ыдыстың тұтқалары жоғары 
жағына немесе бүйіріне орнатылған. Кейбірінде тұтқасын тек бір жағында 
ғана. Ыдыстар ашық түсті саздан жасалып, шарықта айналған. Отқа 
күйдіріліп сапалы жасалған. Сонымен бірге қазба жұмысынан Ашық түсті 
саздан жасалған хорезмдік құмыраларда табылған. Жанкент керамикасының 
ішінде қошқар культтық бұйымын ерекше атауға болады. Бұл бұйым 
оғыздардың тұрғын жайларында кездеседі. Археологтардың айтуынша 
оғыздарда қошқар культтық бұйымы отбасын жамандықтан қорғайды деген 
наным-сенім болған. Керамикалық бұйымдар сол дәуірдегі адамдардың 
материалдық жағдайын және рухани байлығы туралы маңызды тарихи дерек 
болып табылады. Керамикалық ыдыс бір жағынан зат сақтауға арналған 
болса, екінші жағынан шебердің дүниетанымдық эстетикасын білдіретін 
бұйым болып саналады. Оның дәлелі керамикаға салынған орнаменттер. 
Жалпы оғыздардың қыш ыдыстарын сипаттама беретін болсақ: 
Жeтiacapдағы 
ежелгі 
тұрғындардың 
заттай 
мәдениеті 
өзіндік 
ерекшеліктерімен көзге түседі, бұл ең алдымен қыш құмыра жасау 
өндірісінен байқалады. Құмыраны отқа күйдіретін пеш қалдықтары 
табылған. Мәдениет өмір сүрген кездегі бүкіл керамикаға тән нәрсе, онда 
ерекше біртұтастық пен өзіндік кешендік, пропорция мен ою-өрнек 
тұрақтылығы, архаизм мен консерватизм сақталған .  
Қыш ыдыстар кешені ішінен (бірнеше жүз) көзелеріне сұр түсті ангоб 
жағылған және сыртында күйенің іздері сақталған. Бірінші типке жататын 
негізгі ыдыстардың түбі жалпақ болып келеді. Ыдыстардың көпшілігі ою-
өрнексіз, бірақ кертпекті, денесі немесе иық тұсына жапсырылған бүршік 
және кейде бүршіктермен жалғасып жатқан жарты ай секілді өрнектері де 
кездеседі. ІІ топтағы ыдыстар арасынан бәрінен де құмыралар кеңінен 
таралды. Құмыралар денесі қампиған, одан кертпектеле бөлінген ұзын 
мойыны тік келген, бір-екі білікті, қарапайым шеті әдетте кішкентай үш 
бұрыш не болмаса дөңгеленген, бір (егер ұстағышы болса), екі су ағарлы. 
Табақтар мен тостағандар Жeтiacap ескерткіштерінен (қала, қорым) 
барлығынан кездесекен. Олар жұқа қабырғалы. Саптыаяқтардың көпшілігінің 
денесі құмыраларға ұқсас болып келеді (Сурет 31-32). Барлық Оғыздардың 
материалдық мәдениетінің қышы ыдыс өндірісі екі топқа бөлінеді: 1) еден 
үстілік күйдірілген, қатқыл жабыстырылған, ұқыпсыз иленген және әлсіз 


72 
тазартылған топырақтан, сөзсіз үй тұрмысында жасалған ыдыстар және 2) 
көрікші күйдірілген, жақсы иленген және жақсы тазартылған топырақтан 
(қамырдан), көп жағдайларда айналмалы тіреуіш көмегімен қолдан жасалған, 
шеберлік өндіріс ыдыстары.
Келесі кейінгі ортағасырлық кезең Алтын Орда дәуірінің қалашығы 
Қышқала қаласы. 
Ортағасырлық 
Қышқала 
Қызылорда 
облысының 
Тереңөзек 
ауданындағы Қоғалыкөл ауылдық округінің жерінде, ауылға жақын жерде, 
Томарөткелге іргелес орналасқан [119]. Бұл қаланы алғашқы рет 1889 жылы 
Перовск уезінде барлау жұмыстарын жүргізген В.А. Каллаур ашып оны Кыс 
– қала (Гыш - қала) немесе тасқала деп атап, оның Перовскден шығып Хиуа 
мен Бұқараға баратын жолдың 25 – 30 верстінде орналасқаны туралы жазған 
[120, 121 бет].
1946 
жылы С.П.Толстов басқарған 
Хорезм 
археологиялық- 
этнографиялық экспедициясы (ХАЭЭ) Қышқалада (С.П. Толстов бойынша 
Кыш - төбе ) болып оның үстінде шашылып жатқан ыдыс сынықтарын, 
заттарды жинап, картада Қыштөбенің ортағасырлық Асанас пен Женттің 
аралығында орналасқанын көрсеткен [75]. 
1960 жылы Ә.Қоңыратбаев, Ғ.Мұсабаев Қышқалада зерттеу 
жұмыстарын жүргізген.Ол туралы Ә. Қоңыратбаев былай деп жазған: 
«Қышқала демектің мағынасы онда қыштан салынған кішігірім Сарай (орда) 
болған....1960 жылы біздер (ішінде Ғ. Мұсабаев бар) бірер метр жерін қазып, 
күйдірілген кірпіштен жасалған бармақтай сырлы құмыра таптық. Ішіне 25 
грамм су кетеді, тұтқасы сынған. Осы төбенің астынан күміс ақша табылған. 
Сол жерден 1960 жылы мен сор бетіне шығып қалған алтын теңге таптым» 
[122, 123 бет].Сонымен қатар Ә.Қоңыратбаев Қышқаладағы моладан 
адамның, аттың сүйектері, сырланған көзелер сынығы табылғанын айта 
келіп: «Бірақ бұл жерде (Қышқаланы айтып отыр) қамалдың ізі жоқ... 
«Қышқала» деген атау ел аузында жүрген кейінгі сөздер болса керек. Сыр 
бойында ондай қаланың аты жоқ» – дейді (сурет 15-16). 
Қышқала Баршынкент қаласында алғашқы археологиялық қазба 
жұмыстарына 1990 жылы Қызылорда мемлекеттік педагогикалық 
институтының Т.Мәмиев басқарған студенттер тобы мен әл – Фараби 
атындағы қазақ ұлттық университетінен арнайы шақырылған М. Елеуов пен 
Д. Талеев келіп қатысты [124]. 
1990 – жылдарда Қышқалада жүргізілген қазба жұмыстарының 
барысы, онан ашылған құрлыстар, табылған археологиялық заттар Т. 
Мәмиевтің «Кейінгі ортағасырдағы Арал өңірінің қалалары (XIII – XVIII 
ғғ.)» тақырыбына тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу 
үшін жазған диссертациялық жұмысында қысқаша жазылған [124,64 – 69 
бб.].
Т. Мәмиев Қоғалы ауылынан 4–5 км оңтүстік – шығыста орналасқан
Қышқалада зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде оның діни, қоғамдық, 
азаматтық құрылыстары дөңгелек төбелерден тұратынына көңіл аударған. 


73 
Мысалы, №1 төбенің диаметірі 200 м, биіктігі 2 м, №2 төбенің диаметрі 300 
м, биіктігі 2,5 м ал №3 төбенің диаметірі 300 м, биіктігі 3 м, №4 төбенің 
диаметірі 500 м биіктігі 5 м, олардан табылған қыш кірпіштердің өлшемдері 
25 х 7 х 12 см, 25 х 6 х 27 см. Ол 1992 жылы солтүстіктен – оңтүстікке қарай 
өткен орталық көшесіндегі мешіт және тұрғын үй кешендерінде 
археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді [126].
Бөлмелердің құырылымы Отырар қазбаларында кездескен XV – XVIII 
ғасырларда дамыған түрлі дәстүрлі үй құрылыстарына ұқсайды. Мұндағы 
кіреберіс қойма болып, тандыр шығу есігіне қарай ығыстырылған. Орталық 
бөлме шаруашылық және тұрғындық қызымет атқарған.
Демек тандырдың бір қалашықты айналуы XIII - XIV ғасырларда 
басталғаны белгілі болып отыр. Қазба тереңдеген сайын құмыра сынықтары 
сирек кездесті. Қыш сынықтарының көбісі үстіңгі мәдениет қабатында 1,- 2 – 
бөлмелерден шықты.
2018-2020 жылар аралығы Қызылорда облысы әкімдігі қолдауымен 
ортағасырлық Қышқалада Тұран археологиялық экспедициясы ( жетекшісі 
профессор М.Елеуов) қалашығының материалдық, рухани мәдениетін, 
шаруашылық дәстүрін, әлеуметтік-экономикалық ахуалының негізгі 
элементтерін қалпына келтіру мақсатында ескерткіш аумағында кешенді 
археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу барысында 
Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан ортағасырлық Қышқала 
қаласының тарихи топографиясына және қазбадан ашылған құрылыстар, 
барлау кезінде жаңадан ашылған ортағасырлық қалалар мен елдімекендер 
ғылыми айналымға енгізілді (Сурет 25-26). Жүргізілген жұмыстардың 
нәтижесінде №2-қазбадан сегіз қырлы құрылыс толықашылды [83]. 
2020 жылдары ортағасырлық Қышқаланың шаруашылық аймағында 
орналасқан ауыл зиратынан шығыста 600 м жердегі аумағы 40×40 м, биіктігі 
2,5 м болатын төбеде зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу нысаны болып 
отырған төбеден ХХ ғасырдың 50-60-жылдарында шаруашылық мақсатта 
ортағасырлық құрылыстардың күйдірілген кесектерін бұзып алған. Осының 
салдарынан құрылыс нысаны толығымен бұзылып, төбешікке айналған. 
Оның жан-жағында бүтіні мен сынығы аралас кесектер шашылып жатыр. 
Осы құрылыс қалдығын анықтау мақсатында төбенің үстінен көлемі 32х30 м, 
тереңдігі 1-1,2 м келетін қазба салынды. Қазба барысында жобасы сегіз 
қырлы, аумағы 28 м, төрт мұнаралы, екі қақпалы медресенің орны ашылған. 
Ашылған құрылыстың сыртқы қабырғаларының ұзындығы 7-14 м 
аралығында, ені 1 м, сақталған биіктігі 5-60 см, сыртқы және ішкі жиектері 
26×26×4-5см, 27×27×45 см өлшемдегі бүтін кесектермен қаланып, олардың 
арасы қою лай араластырылған кесектердің сынықтарымен толтырылған. 
Құрылыстың төрт бұрышында симметриялы орналасқан диметрі 1,7-1,9 м 
болатын мұнаралары бар. Барлық мұнаралардың сыртқы жиектері 20×20×10 
см, сыртқы қыры доғалдау етіп арнайы құйылған кесектермен өріліп, ортасы 
лай араластырылған кесек сынықтарымен толтырылған. Құрылыстың ішкі 


74 
бөліктерін тазарту барысында әртүрлі көлемдегі он тоғыз бөлме ашылды 
(Сурет 27-28). 
Сегіз қырлы ең үлкен 19-бөлме құрылыстың тең ортасында орналасқан. 
Үлкен бөлмені қоршай орналасқан қалған бөлмелердің саны олардың ашылу 
ретіне қарай солтүстік қақпаның кіре берісінен басталып сағат тіліне қарсы 
бағытта белгіленген. 
Құрылыстың орталық бөлігін алып жатқан 19-бөлме сегіз қырлы және 
сыртқы қабырғаларына симметриялы орналасқан. Бөлменің көлемі 11,5×11,5 
м, барлық қабырғаларының ұзындығы 4,8 м, ортасында кесектен қаланған 
көлемі 2,5×2,5 м тағы да сегіз қырлы болып келген, әр қырының ұзындығы 1 
м кесек төселген еден орналасқан. Осы еденнің ішінен үш қайтара сегіз 
қырлы кесек өріліп, тең ортасына арнайы құйылған сегіз қырлы ортасында 
аумағы 1 см келетін тесігі бар кесек қойылған. Бұл алаң да орталық бөлменің 
суағар бөлігі. Бөлмеде барлық бұрыштар мен қабырғалардан бірдей 
қашықтықта орналасқан 4 бағанның орындары сақталған. Бағандардың 
сақталған көлемі 1,5х1,6 м, биіктігі 10-15 см. Бағандардың орналасу 
ыңғайына қарағанда орталық бөлменің төбесін жабу үшін тіреуіштер ретінде 
пайдаланылған болса керек. Құрылыстың екі қақпасы бар, оның бірі 
солтүстік қабырғада, ал екіншісі оңтүстік қабырғаның бойында орналасқан. 
Сонымен, ортағасырлық Қышқалада 2018-2020 жылдарда жүргізілген 
қазба жұмыстары барысында ашылған сегіз қырлы медресе Орталық Азия 
мен Қазақстанда аналогы кездеспейтін бірігей нысан ретінде ғылыми 
айналымға 
еніп 
отыр. 
Құрылыстың 
ерекшеліктері 
мен 
жанама 
құрылыстардың архитектурасын ескере отырып және табылған тиынның 
негізінде ХІV ғасырдың бірінші жартысында салынып, қолданыста болған 
деп санауға болады. Сонымен қатар жоғарыда айтылғандай Қышқаланы 
Баршынкентпен баламалай отырып, ғылыми деректерде келтірілген 
Барчкендте Ерзенхан салдырған медресенің осы құрылыспен байланысы 
болуы мүмкін деп пайымдалған [126]. 
Оpтaғacыpлық Қышқала қaлacынан 2018-2020 жылдар аралығында 
жүpгізілгeн apxeологиялық қaзбa жұмыcтapы кeзіндe тaбылғaн зaттapдың 
көбіcі глазурленген қыш ыдыcтap тбылып отыр. Қышқала қалашығынан 
табылған қыш ыдыcтapын қapacтыpy бapыcындa 2020 жылғы қaзбaдaн 
шыққaн қыш ыдыстар қaзіpгі күндe «Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану 
мyзeйіндe caқтayлы тұpғaн жәнe өңдeлyінe қapaй cыpлы жәнe cыpcыз болып 
eкігe бөлінeді[126].
Қала 
жәдігерлерін 
археологиялық 
тұрғыдан 
зерттеу 
және 
типологиялық жіктеу барысында: қала құрылымы, шаруашылығы, қолөнер, 
сауда, этномәдени тегі, демографиялық бейнесі т.б. арқылы оның өлке 
тарихындағы рөлі, алыс және жақын елдермен қарым-қатынасы, даму деңгейі 
мен үрдістерін айқындау мүмкін болып отыр. 
Келесі бір үлкен қалашық кейінгі ортағасырлар Алтын Орда дәуіріне 
жатқызылатын Арал асар қонысы. Қазіргі Қызылорда облысы Арал ауданы, 
Қаратерең ауылынан 65,2 шақырым жерде орналасқан. Қалашықты алғаш 


75 
ОҚАЭ-нің Арал тобы (К.М. Байпаков, Т.Мәмиев, Д.А.Воякин, М.А. Антонов, 
А.Х.Айдосов, А.Бермағамбетов ) зерттеген. Қоныстың жалпы аумағы 6 га, 
Бір кездердегі қарқынды дамыған шаруашлық қызметтерін дәлелдейтін- 
диірмен тасы, қыш ыдыстар темір және қола бұйымдардың фрагменттері 
кездесетін ескерткіштің үсті ұлу қабыршықтары аралас үрмелі құм 
қабатымен жабылған. Қабаттың қалыңдығы 15-20 см. Құрылыс 
құрылымдары жер бетінде нашар аңғарылады. Себебі, олар Арал суымен 
құрдымға кеткен. Қоныстың орталық бөлігі сопақ пішінді (190х136 м), 
солтүстік-батысқа қарай кішкене ауытқыу бар, ол солтүстік-оңтүстік 
бағытында созылып жатыр. Қоныс олтүстік батысында кеуіп қалған арнамен 
(ені 5-6 м, тереңдігі 30-40 см) және егістіктің бұрынғы алқаптармен 
шектелген. Егістік алқаптары, каналдардың қалдықтары өзен арнасы және 
шашылып жатқан көптеген диірмен тастары (15 дана) бұл жердің өндіріс 
аймағы болғандығын көрсетеді. Бұл территорияны солтүстік-батыс жақтан 
жарты ай түрінде тұрғын жай құрылыстары қоршап тұр. Қоныс оңтүстік 
және оңтүстік-батыс жағынан батыс шығыс бағытында созылып жатқан 
өлшемі 400х110 м қорыммен шектелген. Қорымның территориясында 
шашылып жатқан күйдірілген кірпіштер өте көп. Кердері кесенесінің орны 
ашылды. Қалашық XIV ғасырлармен мерзімделіп отыр [127, c.83-86 
бб.].Археологиялық деректер аймақта ерте ортағасыр кезеңінің ескерткіштері 
ішінен Жетіасар мәдениетінің яғни қаңлы және ғұн кезеңі ескерткіштер 50-ге 
жуық қалашықтары бар,және олар бір-бірлеріне жақын жерде орналасқан 
немесе шоғырланған. Осыншама шағын аймақта шағын қалашықтар топтаса 
орналасу өте қызықт және көптеген сұрақтар болып отыр. Қаңлы кезеңінен 
оғыз тайпаларының қалашықтар жетіасарлықтар сияқты жаңадан қала соғып, 
көне қаңлы тайпалар сияқты бекіністер мықты болды. Келесі бір кезең Алтын 
Орда кезең ескерткіштері соның ішіндегі Асанас,Қышқала, Арал асар 
ескерткіштері Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал теңізінің кепкен 
табанында орын тепкен, эколог, геолог, әсіресе археолог ғалымдар үшін өте 
қызықты болып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет