Тарих кафедрасы



бет3/14
Дата22.02.2016
өлшемі1.14 Mb.
#87
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Оқу-жұмыс бағдарламасы тақырыптар мен тараулар негізінде, білім стандартына сай оқушылардың білім, білік дағдысы, әдістемелік аппараттан тұрады. Оның құрылымы:

түсініктеме хат,

тақырыптық жоспар кестесі,

негізгі бөлім, мазмұны, онда тақырып аттары, рет саны, сағат саны, оның ішінде

теориялық және іс тәжірибелік сағат, сабақ түрі, пән аралық байланыс, қалыптастырылатын білім, білік дағдылар, оқушылардың дербес жұмыстары, тақырып бойынша негізгі қарастырылатын мәселелер, негізгі ұғымдар, көрнекі құралдар, үй тапсырмасы, пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетіліп, жасалады.

Оқу-жұмыс бағдарламалары арқылы білім беруді әр пән оқытушысы үздіксіз, жүйелі, бірізді іске асырады.

Оқу бағдарламасы оқушыларға оқу әдебиеті арқылы жетеді. Оқу әдебиетіне оқулықтар, анықтамалар, қосымша кітаптар, есептер мен жаттығулар жинақтары, карталар, жұмыс дәптерлері жатады.

Оқулықтар –оқу бағдарламасы мен дидактика және әдістеме талаптарына сай, ғылыми-әдістемелік жағынан дұрыс жасалған, оқу пәнінің мазмұнын жүйелі баяндайтын оқу құралы, яғни білімнің жинақталған мазмұны.

Оқулық мынадай функцияларды атқарады:

информациялық функция – кітап мәліметтері мәтін түрінде ғана емес, фотосурет, сызба т.б. арқылы беріледі.

Оқытушылық функция – оқулық арқылы оқушы қажетті білім алады.

Басқарушылық функция – оқулық арқылы оқушының танымдық іс әрекетін басқаруға болады.

Орта кәсіптік білім беру жүйесінде оқушылардың негізгі оқу құралы оқулық қана емес, қосымша ғылыми-әдістемелік оқу құралдары болып табылады.бұл жүйеде оқушыдан қосымша іздену, өз бетімен жұмыс, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылдану т.б. талап етіледі. Сол арқылы кәсіптік баулу, бағыттау іске асады.

Білім беру мазмұнын анықтайтын құжаттар көмегімен білім беру іске асады, білім беру мазмұнының міндеттері орындалады. Ендеше білім беруде білім саласындағы негізгі мемлекеттік құжаттармен жұмыс істей білу әр оқытушының кәсіби міндеттерінің бірі. Олармен талапқа сай мақсатты жұмыс жасай алғанда қазіргі қоғам талап етіп отырған білім берудің міндеттерін іске асыратын боламыз.

Өзіндік бақылау сұрақтары:


  1. Қазақстан тарихы сабағын өткізу үшін мұғалім қандай құжаттарды басшылыққа алу қажет?

  2. Оқу бағдарламасы дегеніміз не?


2- бөлім. Тарихты оқытудың тәсілдері

Дәріс тақырыбы- Тарихты оқытуда белсенді және инновациялық әдістерді қолдану. 2 сағат.

Дәріс мақсаты- Тарихты оқытуда белсенді және инновациялық әдістерді қолдану әдістемесін меңгерту.

Жоспар:

1. Тарихты оқытудағы ойын сабақтың жоғарғы танымдық потенциалы/ іскерлік ойындар, тарихи шайқастар, театрлік қойылымдар мен байқаулар/.

2. Сайыс-сабақтар, саяхат-сабақтар, өлкетанулық ойындар.

3. Оқыту процесінде ойын сабақты жүзеге асыру технологиясы.

4.Педагогтың іскерлік алгоритмі, оқушылардың іскерлік алгоритмі.

5.Тарихты оқытуда ойын сабақ өткізу- мектеп оқушыларының білімін көтеру әдісі.


Ойын - бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланың мінез-қүлқын қалыптастырып, ой-өрісін өсіріп, ортаға бейімдеп, өзін еркін сезуге үйретеді. Ойын - балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін төрбиелейді. Балаларды коршаған ортамен таныстыру, тілін дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері пәндері оларда табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сипатын қалыптастырады.

Ойын - мектеп балаларының негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров "Балалықтың қанына ойын азық" деп бекер айтпаған. Ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмүны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, кағаздан құрас-тырған заттарды пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ойын қызметі айқын өнерпаздық жөне шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.



Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақ-пақтар қолданады. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапаларын қалыптастырады. Бала қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.

Тарих сабағында өлке тануды пайдалану бұл пәнді нақтылы бай материалға сүйеніп оқытуға, тарихты оқытудың ғылыми дәрежесін арттыруға көмектеседі. Туған өлкенің тарихын оқу программасында көрсетілгендей оқу курсының құрамдас және міндетті бөлігі болып саналады. Оқыту процесінде оқушыларда өз өлкесінің тарихы туралы байланысты және тұтас түсінік және осы негізде тұтасымен алғанда еліміздің тарихи дамуы туралы түсінік қалыптасады. Сөйтіп, жергілікті фактілер мен құбылыстар негізгі курсқа қажетті қосымша материал ретінде пайдаланылады.

Сыныптан тыс мектептен тыс өлке тану туристік жұмыстың формалары мен методтары алуан түрлі болады. Бұл: экскурсиялар, жорықтар, саяхаттар, үйірмелер, клутар, қоғамдар, туристік лагерьлер музейлер, бұрыштар мен көрмелер, слеттер. Мектеп өлке тануының негізгі, неғұрлым көп тараған және пәрменді формаларына: табиғатқа, өндіріске, есте қаларлық тарихи орындарға, оқу және программадан тыс экскурсиялар ұйымдастыру, туған өлке бойынша жорықтар, алыс және жақын қашықтықтарға жасалатын жорықтар жатады. Экскурсияларда мектеп оқушыларын өндіріс негіздерімен, құрал – жабдықтарымен, технологиялық процеспен, жаңа техникамен, еңбектің ұйымдастырылуымен, ғилыми – техникалық жетістіктермен таныстыру, өндіріс озаттарымен кездесулер өткізу көзделеді.

Кез келген экскурсия мен саяхатқа алдын ала байсалды дайындық жүргізеді. Ол ең алдымен өлке тану әдебиеттерімен, анықтамалықтармен танысу, эскурсияға, саяхатқа қатысушылар арасында міндеттер мен тапсырмаларды бөлу, орындалатын жұмыстың көлемін жоспарлау, өлке тану жұмысына керекті құрал – жабдытарды дайындау. Ғылымның жеке салаларынан емес, зертттелетін обьект ( қала, аудан, кәсіпорындар т.с.с) туралы тұтас ұғым беруге көмектесетін комплексті экскурсиялар неғұрлым тиімді болып табылады. Мысалы: кәсіпорнының жұмысымен танысқанда, оқушылар оның тарихымен танысады, өндіріс технологиясының, өндірістік байланыстар мен шоғырланудың схемаларына жасайды, еңбек жағдайларымен және еңбек өнімділігімен, экономикалық көрсеткіштерімен танысады, осы кәсіпорынның еліміздің, облыстық, ауданның халық шаруашылығы жүйесіндегі ролін анықтайды.

Комплексті экскурсияның жоспары мен оған байланысты оқушыларымен берілетін тапсырмалар оқу программаларына сәйкес және оқушылардың жасын ескере отырып, түрлі пәндердің мұғалімдерінің белсене қатысуымен жасалады. Сыныптан тыс өлке тану жұмысының аса қызықты түрі – туған өлкені жан – жақты білуді сауықтыру спорттық мақсаттарымен тығыз ұштастыратын туристік жорық болып табылады. Саяхатты ойдағыдай өткізу үшін баратын ауданды алдын ала зерттеп білу және егжей – тегжейлі маршрут жасау қажет. Саяхатқа қатысушылардың барлығы туризм техникасын және кеңістікті бағдарлау бойынша білімдерді меңгерулері керек, алдын ала жорықтың сметасы мен жоспары жасалады, қажетті туристік жабдықтар әзірленеді.
Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Тарихты оқытудағы ойын сабақтың жоғарғы танымдық потенциалы қандай?

2. Сайыс-сабақтар, саяхат-сабақтар, өлкетанулық ойындар дегеніміз не?

3. Оқыту процесінде ойын сабақты жүзеге асыру технологиясының авторлары кімдер?.



Дәріс сабағының тақырыбы: Тарихты оқытуда көрнекілік құралдарын пайдалану. 2 сағат

Мақсаты: Тарихты оқытуда көрнекілік құралдарын пайдалану әдістемесін меңгерту.

Жоспар:

1. Тарихты көрнекілік құралдармен оқытудың функциясы мен мәні.

2. Тарих сабақтарында оқу картинасымен жұмыс істеу тәсілдері.

3. Пәндік көрнекілік және оның танымдық, эстетикалық, шартты-графикалық, қолданбалы құндылықтары.

4.Картамен жұмыс. Тарихи карта- оқушылардың тарихи процестер байланыстарын ұғынудағы қажет әрі маңызды көрнекілік құрал.


Дидактикалық оқыту құралдары – оқушы мен оқытушының жаңа білімді меңгеруде қолданатын материальды және идеальды обьектісі. Оқыту құралдарын орындау функцияларына байланысты бірнеше бағытқа бөлуге болады, олар: қасиетіне қарай, қызметіне қарай, білім сапасына ықпалына қарай, түрлі қабілетке әсеріне қарай. Оқыту құралдары құрылымына байланысты екіге бөлінеді. Олар :

  1. Материалдық құралдар : оған оқулықтар, сөздіктер, анықтамалар, көмекші оқу құралдары, таблица, модельдер, макеттер, көрнекі құралдар, ТСО, оқу-лабараториялық жабдықтар, жиһаз, оқу бөлмесінің жабдықтары, микроклимат, оқу кестесі т.б. оқытудың материальдық-техникалық жағдайлары жатады.

  2. Оқытудың идеалдық құралдары : оқытушы мен оқушының меңгерген білім, білік, дағдыларын жаңа білімді меңгеруде қолдануын айтамыз. Оған: сөз, жазу, шартты белгілер, сызбалар, диаграммалар, сызу, өнер туындылары т.б. жатады, яғни мәдени мұраны, жаңа мәдени құндылықтарды меңгеру.

Коммуникациялық құралдардың үш түрі бар:

  • Лингвистикалық ( ауызша және жазбаша сөз).

  • Семиотикалық ( белгілер, графиктер т.б.).

  • Паралингвистикалық ( жест, мимика).

  1. Оқыту барысында материалдық және идеалдық оқыту құралдары қолданылады. Ойлау іс әрекеті идеалдық оқыту құралдары арқылы іске асса, ал жаңа тақырыпты түсіндіру барысында оқытушы құралдарды көрнекілікті қолданып түсіндіреді, яғни материальдық оқыту құралдарын қолданады. Мысалы, таблицалар, сызбалар, дидактикалық таратпа материалдары т.б. көбіне жеке оқушымен жұмыста қолданылады.

Заттарды көріп қабылдау арқылы оқыту үрдісінде оқушыларда бейнелік ұғым қалыптасады. Көрнекі құралдар оқушылардың сабақты қызығып тыңдауын қамтамасыз етеді және материалды түсіну жолдарын оңайлатады. Көрнекі құралдарды қолдануға байланысты былай бөлуге болады :

  1. Табиғи көрнекі құралдар – бұл әлі өзгертілмеген табиғи түрдегі көрнекі құралдар болып табылады, оған: түрлі өсімдіктер, жануарлар мен жәндіктер, олардың коллекциялары, машина, оның детальдары жатады.

  2. Эксперименттік көрнекі құралдар – оған эксперименттік тәжірибелер, лабараториялық жұмыстар жатады.

  3. Көлемдік көрнекі құралдар – оған геометриялық фигуралар, макеттер, тұлыптар жатады.

  4. Бейнелеуші көрнекі құралдар – оған түрлі фотосуреттер, таблицалар жатады.

  5. Техникалық көрнекі құралдар – оған оқу фильмдері, диапозитивтер, диафильмдер, фильмоскоп, эпидоскоптар арқылы көрсетілетін көрнекіліктер жатады. Дыбысты көрнекі құралдардан әр тақырыпқа байланысты, радио, теледидар, үнтаспаны пайдалануға болады. Компьютер.

  6. Символды көрнекі құралдар – географиялық, тарихи, зоологиялық карталар, жоспарлар жатады. (экономикалық, саяси, физикалық, схемалық, тақырыптық, мылқау карталар).

  7. Графикалық көрнекі құралдар – оған, сызбалар, диаграммалар, таблицалар, үлгілер, сызықпен түсірілген бейнелер жатады.

  8. Ішкі көрнекілік – мұғалімнің сөзі арқылы құрылтын бейнелер.

Жалпы көрнекіліктерді қазіргі таңда сыртқы белгілеріне қарай:

  • баспа, экранды, дыбыстық

Мазмұнына қарай:

  • пәндік, бейнелеуші және шартты-графикалық деп бөледі.

Көрнекілік әдістер екі үлкен топқа бөлінеді. Олар : иллюстрация әдісі және демонстрация әдістері.

Демонстрация әдісі (көрсету) - түрлі құбылыстар, процестер және заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Нысананы көрсету оның сыртқы көрінісінен басталады (көлемі, түсі, формасы, өзара байланысы). Келесі кезекте оның ішкі құрылысы немесе жекелеген құрамы бөлініп көрсетіледі. Демонстрациялау көбінесе оқушылардың іс тәжірибелік оқу әрекетімен ұштаса жүргізіледі. Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың оқу материалын жеңіл әрі терең ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың ойлау әрекетін жандандырып, қосымша ақпараттар береді. Демонстрациялық көрнекі құралдарға :

  • Экранды және экранды дыбыстық : ( техникалық оқыту құралдары), оқу киносы, диапозитив, диафильм, радио, үнтаспа, киноскоп, кинопроектор, диапроектор, эпипроектор, графопроектор, эпидоскоп, теледидар, видеофильм, компьютер (мультимедиа) секілді техника құралдары қолданылады.

  • Заттар мен құбылыстарды қажеттігіне сай табиғи ортада көрсетуге болады, онда табиғат, оның құбылыстары, жан-жануарлар, өсімдіктер, ауылшаруашылығы техникалары, өндіріс құралдары, заттардың муляждары, макеттер, модальдер, экспонаттар қолданылады.

Оқытудың көрсету құралдарын қолдануға қойылатын талаптар :

  • көрсету құралымен жұмыс жасай білу керек.

  • көрсету құралдары, көрсетілетін заттар пайдалануға дайын болу керек.

  • көрсетіліп отырған материал барлық оқушыға көрінетіндей болу керек.

  • көрсету құралдарымен жұмыста техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау керек.

  • көрсету құралын сабақ барысында қажетті уақытта ғана қолдану керек.

  • сабақ барысында көрсету құралдарын 10-15 минут шамасында ғана қолдану керек.

  • Қолданылатын көрнекіліктер оқушының жас ерекшелігіне сай болу керек.

Иллюстрация әдісі – демонстрация әдісімен тығыз байланысты. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды көрсетуде қолданады. Бұл әдістің нәтижелі болуы оның қолдану тәсілдерін оқытушының қаншалықты меңгергеніне байланысты болып келеді. Ол арқылы оқу материалын табысты игеріп, ғылыми ұғымдарды жеңіл меңгеруге септігін тигізеді. Иллюстративті құралдарға:

  • Бейнелеушілік: картиналар, аппликациялар, суреттер, тақтаға жазу, сызу, шиырмалар, плакаттар жатады.

  • Шартты-графикалық: карталар, сызбалар, графиктер, таблицалар, планшеттер, картасхемалар жатады.

  • Таратпа материалдар: карточкалар, перфокарталар, оқу лотолары, суретті-карточкалар, шығармашылық үлгідегі тапсырмалар.т.б жатады.

Картамен жұмыс

Оқушылардың кеңістік туралы түсінігін қалыптастыру. Картамен жүмыс істеудің алғашқы дағдыларын оқушылар бастауыш сыныптарда меңгереді. Олар көлбеу жазықтықта шартты түрде жөне масштабпен елді мексндер картаға түсірілгенін біледі. Жер жағдайының рельефі, тау, озен, келдің шартты белгілеріи жәме олармен жүмыс істеудіц бастапқы дагдыларын игсреді. Елді мекендёрді көрсетім, мемлеійеттердщ шекарасын ажырата алгап

оқушыларда тарихи және географиялық карталардың айырмашылыіъі туралы түсіиіктер қалыптаса бастайды. Сонымен бірге олар картамен бағдарлау (оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс) дағдыларын да меңгеріп шығады. Негізгі мектепте осы білімдерді одан әрі дамыту жэне терендету талап етіледі..

Негізгі мекгсптің алғашқы сабақтарында оқуілылардың картографиялық ептілігі мен дағдылары, ең алдымен картаньщ шартты белгілерін (ол картаның аңызы деп аталады) пайдалана алуы, нысандарды бағдарлай білуі анықталады. Мүғалім картадан шартты бслгіні корсетіп, аңыз бойынша оньщ мазмүнын анықтауды сүрайды. Немесе сабақты түсіндіру барысында картадағы шартты белгілер жиынына оқушьілардьщ назарын аударады. Тарихи картаны оқу барысында қабырғалық карта жэне үлестірме материал түріңдегі оның кішірейтілген көшірмесі бір

мезгілде қолданылады.



Картографиялық білім тарихи біліммен тығыз бірлікте болады. Сондықтан тарихи картаны пайдалануды меңгеру аясы тар мақсат емсс, тарихи оқиғалар мен қүбылыстарды барынша терең үғынудың қүралы болуы керек. Ол үшін тарих кабинетінде сонымен бірге дәлізде де тарихи картаньщ үнемі болуы шарт. Сабақтан тыс уақытта да картаны пайдалана алу мүмкіндігі оқушылардың ондағы белгілерді игеруіне көмектеседі. Сабақ үстіндегі мүғалімнің өңгімесі немесе тарихи оқиғаны суреттеуі әркез картадан көрсетумен бірге жүруі тиіс. тақырыбындағы мемлексттің Жер шары картасында орналасқан орны мен кеңістігі туралы барынша ксң түсінік қалыптастыру үшін бір мезгілде тарихи және географиялық (физикалық), тақырыптық жөне жалпы карталарды қолдануға болады. Бір нысан олардыд өрқайсында өр түрлі масштабта бейнеленеді. Осындай проблемалық ахуал оқушыны терең танымдық ізденістерге жетелейді.

Оқуілылардың кеңістік туралы үғымдарын дамытуда оқу карталары мен каршналары бір мазгілде қодданылады. Картиналар . картадағы шартты белгілердің мәнін ашып, белгілі бір жер мен кщістік туралы нақты үғым қальштастыруға көмекгеседі. Мысапы, "Ежелгі Қазақстан" каргасы бойъшша "Атасуқонысы" картииасын көрсету сол кезеңнің табиғатынан айқын керініс береді.

Маңызды деректердің географиялық бағдарын есте сақтауға уйрету үшін негізгі мектеп оқушыларына физикалық карта бойыиша басты тарихи оқигаларды көрсстуге тапсырма бсругс болады. Бүл төсіл оқушылардың түрлі картадан бір нысанды жанамалай табу дағдысын қалыптастырады. Осы жерде өскери мамандардың картаны есте сақтау өдісімен таныстыру орынды (олар картаны ойша шаршыларға бөліп, солдан оңға қарай әрбір шаршыны талдаудан өткізеді, өсіресе шаршылардың қосылғап жерлеріне ерекше назар аударады).

Жоғары сыныптарда өзгермелі және түрақты үғымдардың арақатынасыи ажырата білу оқушыларға бір маспгтаб, бір аумақта, бірақ әр түрлі тарихи жағдайда берілген бірнеше тарихи картаны салыстыруьша мүмкіндік береді. Оқушылардьщ тарихи оқиғаларды бейнелейтін картографиялық өдіс төсідцердің болатындығына көзі жетуі керек. Карталар белгілі бір адамдар тобының немесе түтас халықтардың, мемлекетгердің тарихқа деген көзқарасын білдіреді.

Оқу нысанын жақсы есте сақтап, тез тауып алу үшін ірі жер массивтерінің географиялық кескінін үқсас бейнелермен салыстыру тиімді. Шындығында, Апенин түбегі — етікті, Скандинавия — созылып жатқан арыстанды, Пириней — күлпәрә киген бастың кескіні, Сицилия — үш бүрыш, Қара теңіз -бүршақты, ал Қазақстан шекарасының кескіні — алтын балықты еске түсіреді.

Картографиялық білім және дағды. Негізгі мектепте мүғалім оқушылардың масштаб туралы білімін кеңітеді. Масштаб — картадағы өлшем мен болмыстың арақатынасы. Ол бөлшектүрінде беріледі, есептік өлшем бірге тең, ол бөлгіш өлшемнің қаншалықты кішірейтілуінің деңгейін біддіреді (1 : 100 000). Масштаб туралы оқушылардың білімін терендету үшін мынадай арнайы тапсырма беруге болады. Мысалы, бірнеше қабырғалық картадан бір нысанды көрсету; масштабты пайдаланып, Алматы-Астананың ара қашықтығьш айқындау; Қьггай мен Үндістанның қайсысы үлкен? (Тапсырма бірдей масштабтағы карталармен орындаяатынын

ескерту қажет)


Өзіндік бақылау сұрақтары:

Тарихты көрнекілік құралдармен оқытудың функциясы мен мәні қандай?

2. Тарих сабақтарында оқу картинасымен жұмыс істеу тәсілдерін атаңыздар?.

3. Пәндік көрнекілік және оның танымдық, эстетикалық, шартты-графикалық, қолданбалы құндылықтары кандай?




Дәріс тақырыбы: Тарихты оқытуда көрнекті құралдарды және компьютерлік техниканы пайдалану.2 сағат.

Мақсаты: Ақпараттық- коммуникациялық технологиясының әдістемесін меңгерту.


Жоспар:

  1. Оқушылардың тарихи білім алуындағы компьютердің рөлі.

  2. Оқытудың серпінділігі нақтылығы және эмоционалдығы, шығармашылық ойлау қабілетін реттеу үшін үшін техникалық құралдары пайдалану.

  3. Тарих бойынша компьютерлік бағдарламалар құрастыру.

  4. Тарихи процестер алтернативасы проблемасына деген қызығушылықтың артуына байланысты әлеуметтік процестерді модельдеу.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі-білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіләлемдік коммуникация желісіне шығу.

Білім беруді тез қарқынмен компьютерлендіру қажеттілігі мына факторлармен түсіндіріледі.


  1. Оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дамыған дара тұлға ретінде тәрбиелеу.

  2. Жаппай компьютерлік сауаттылық мәселелерін шешу, яғни, оқушыларға информатика мен коммуникациялық техниканың құралдарын пайдалану дағдысын қалыптастыру.

  3. Оқушының шығармашылық қабілетін, экспериментальды іскерлігін дамыту.

  4. Оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейін жетілдіру, тиімділігі мен сапасын жоғарылату мақсатында компьютерді жекелеген пәндерде оқыту құралы ретінде пайдалану.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты. Ал білім беруде компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың жаңа ақпараттандыру технологиялары ұғымы пайда болды. Анықтамалық сөздік бойынша: ЖАТ – компьютер құралдарымен оқытуда оны пайдалану әдістері туралы білімдер, жиыны ғалым Н.Макарова бұл терминді қысқаша компьютер негізіндегі технология деп тұжырымдайды. В.Извозчиковтың анықтауынша, білім берудегі жаңа ақпараттық технология - оқытудың жаңа электрондық құралдарын, ең алдымен, компьютерді оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың әдіснамасы мен технологиясы.

Сондықтан білім беруді ақпараттандыру және оқытуды компьютерлендіру ұғымдарын бір-бірінен ажырата білу керек, соңғысы компьютерді тек оқытуда пайдалану аумағын қамтиды. Бұл жағдайда компьютердің мүмкіндіктері өте кең: электронды оқулықтардың көмегімен жаңа білім, жаттықтыру тапсырмаларын беру, оқушылардың білімін тексеру, тест алу, әр түрлі ойындар т.б. оқыту үрдесінде компьютер оқыту нысаны және құралы болуы мүмкін, яғни оқытуда компьютердің екі бағыты болады. Біріншісі бойынша компьютердің мүмкіндіктерін сезініп және оны әр түрлі жағдайларда пайдалана білуге қажетті білім, дағды іскерліктермен қаруландырса, екіншісі, компьютер оқытудың, тиімділігін жоғарылатып, сапасын көтеретін күшті құрал болып есептеледі.

Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымалдығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс мәселелік – бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге «мұғалім – оқушы» жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ, мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білім мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық дифференциалды түрде болуы тиіс, себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.

Ұлттық білім берудегі ақпараттандыру кеңістігін қалыптастыру факторларының бірі-тарихи білім беру саласына ақпараттық және телекомуникациялық технологияларды енгізуді кеңейту. Қазіргі заман талабына сай жаңа ақпараттық технологияларды тарих сабағында қолданудың басты мақсаты – оқушылардың сабаққа деген қызығуын, белсенділігін арттыру арқылы интеллектуалдық қасиеттері, экономикалық құбылыстарды сезіну, оларды тануы, тарихи теорияның түсініктерін игеруі және осыларды күнделікті өмірде бағдар ұстана білуге үйрету. Осы мақсатты негізге ала отырып, арнайы компьютерлік бағдарламалар арқылы тарих сабағын жандандырып өткізуге болады.

Жасыратыны жоқ, бүгін таңда компьютер оқытудың маңызды бір бөлшегіне айналып келеді. Қазіргі кезде жекелеген пәндер үшін педагогикалық-психологиялық талапқа сай ана тілінде электрондық оқулықтарды жасау қажеттігі туды. Бұл оқулықтарды теориялық материал, жаттықтыру тапсырмалары, тексеру тестері т.б. болуы тиіс. Бұл сөз жоқ, оқушылардың пәнге деген танымдық қызығуын арттырады, тиянақты білім алуына жағдай туғызады

Компьютерді пайдаланып оқуды ұйымдастыруда дидактикалық ұстанымдардың басшылыққа алынатыны түсінікті. Оқытудың компьютерлік технологиясының дидактикалық категорияларының өзіндік ерекшеліктері бар, тіпті кейбір дәстүрлі ұстанымдардың аумағы кеңейіп, осы технология кезінде ғана шын мәнінде іске асуға мүмкіндік алады.

Ендеше біз осы дидактикалық ұстанымдар және оларды компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланғандығы сипатына тоқтала кетейік.

1.Жүйелілік және бірізділік ұстанымы.

Пәнді оқытудағы жүйелілік дегеніміз – пәнді өзінің құрлымы мен ішкі логикасы сай белгілі бір тәртіппен оқыту және оның негізгі ұғымдары мен қағидаларын біртіндеп игеру деген сөз. Бірізділіктің сипаты оқыту үрдісінде мынаған саяды: қарапайымнан күрделіге; түсініктен ұғымға; белгіліден белгісізге; білімнен іскерлікке.

Мұғалім оқу материалын бірізді жүйемен әрбір соңғы ғылыми қағиданы кейінгі сабақтарда өрістетіп, екі материал мен жаңа материалдарды сабақтастырып отырса, оқушылар білімді әрі саналы, әрі баянды меңгереді. Егер оқу үрдісіндегі жүйелілік пен бірізділік бұзылса, онда оқушылардың білім алуы екі талай.

Мұғалім оқу материалдарының ішінен өзекті мәселелерді іріктеп, оқушылардың санасына сіңіре білуі керек. Оқушылардың алған білімін жүйелеу үшін тараулар бойынша оқу материалын қайталап отыру қажет. Білімді жүйелі меңгеру үшін оқушылар пәннің логикалық құрылымын түсінуі керек.

Пәншілік жүйелілік пен бірізділікті қамтамасыз етумен қатар пәнаралық жүйелілік кеңейтуге, белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Мұны пәншілік және пәнаралық байланыста немесе білім мазмұнындағы керектіру мәселесін шешу арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл жағдайда компьютердің әмбебап мүмкіндігі, яғни өз жанына орасан зор мәліметтер базасын сақтай білуі, оны шапшаң, қажетті формада пайдалануға жағдай жасау сияқты мол мүмкіндіктері бар.

Жүйелілік ұстанымы тек мазмұнға ғана емес, сонымен қатар оқу үрдісінің жүру барысында да қатысты.

2.Көрнекілік ұстанымы немесе нақты мен абстрактының арасындағы бос кеңістікті толтыру.

Кез келген нәрсені қабылдау бақылауға, ал бақылау ойлауға әкеледі. Демек, нысанды бақылауда оқушылар өз тану жолында нақты мен абстракцияны бірдей қабылдайды. Мәселен, тарих пәнінде карталар, диаграмма, плакаттарды мазмұнды көрнекті түрде берсек те, шынайы шындықты жалпылама түрде шартты белгілердің көмегімен сипаттайтынымыз белгілі.

Оқытудың дәстүрлі технологиясында көрнекіліктің табиғи, кескіндік және символдық деп аталатын үш түрі бар.

Ал көрнекіліктің әр түрінің өзіне тән атқаратын міндеттері болады. Сондықтан оқу үрдісінде көрнекілікті пайдаланғанда бірқатар әдістемелік талаптарды орындаған жөн.

Көрнекі сабақ мақсатына сай іріктелуі тиіс, оларды пайдаланған оқушылардың дұрыс қабылдауын қамтамасыз ету үшін құралдың неғұрлым маңызды жақтарына назар аударған жөн, яғни сабақта көрнекі құралдар шамадан тыс көп болмағаны, яғни мақсатқа жетуге қажеттілерін ғана пайдаланған маңызды. Егер сабақ кезінде бірнеше көрнекі құрал көрестімді қажет болса, олардың бәрін бір мезгілде емес, әрқайсысын қажетінше кезегімен пайдаланған орынды.

Сабақ кезінде мұғалімнің өзіеің баяндауы мен көрнекілікті үйлестіруі елеулі рол атқарады. Дидактикалық үйлестірудің екі тәсілі бар. Біріншісінде көрнекті құрал мұғалім түсіндіруінен бұрын көрсетілді. Бұл жағдайда мұғалім оқушылардың іс-әрекетін, байқағаштығын бақылай отырып, керегенше мағлұмат алуына жетекшілік етеді. Екіншісінде көрнекі құралды көрсетуден бұрын мұғалім оқу материалын түсіндіреді.

Бұл екі тәсілдің біріншісі тиімді, себебі ол қажетті білімді меңгерумен бірге оқушылардың байқағыштың қабілеттерінің өрістеуіне көмектеседі.

Көрнекіліктің басты мақсаты-бақылау арқылы ой түю, оқуға, компьютерді пайдаланғанда түрлі-түсті пеңдегі кесте, диаграммалармен қоса қозғалыстағы денелерді сипаттауға, тіпті оның ағымын математикалық моделдеу арқылы дәл әрі көрнекі сипаттауға, болады. Ендеше компьютерді пайдалану арқылы көрнекілік ұстанымын соғұрлым кеңейтуге болады. Мысалы, көзге көрінбейтін үрдістердің ағымын компьютерде дәл сипаттауға мүмкіндік бар. Мұндай көрнекілікті компьютердегі сипатталған мультипликацияға интерактивті режим арқасында оқушы әр уақыт әсер туғызып, оның болып жатқан үрдіске тигізетін әсерін бақылай алады, бұдан өтіп жатқан үрдіс жөнінде ас түйеді.

3. Түсініктілік пен ғылымының ұстанымдары.

Түсініктілік ұстанымына мыналар кіреді:

-білім беруді баланың ақыл-ойы қалыптасып бітпей ерте жастан бастау керек;

-білім беруді қарапайымнан күрделіге қарай дамыту керек;

-белгіліден белгісізге қарай жүретін оқыту тиімді болмақ т.б.

Педагогикалық ережелер сақталмаған сабақтарда оңай материалдың өзі қиындап кетуі мүмкін, ал керісінше дұрыс ұйымдастырылмаған сабақ үрдісінде күрделінің өзі жеңілдейді.

Оқу материалының түсініктілігі оның күрделігіне, оқушылардың даму ерекшеліктері мен дайындық деңгейіне, білімді сапалы меңгеруге көмектесетін оқу әдістері мен құралдардың орынды шарттары қолданылуына байланысты.

Ғылымилық ұстанымның басты шарттары төмендегідей:

-білімнің мазмұны ғылымның қазіргі деңгейіне сай болуы;

-ғылыми танымның жалпы әдістері жайында оқушыларда дұрыс түсініктер қалыптастыру;

-таным үрдісінің маңызды заңдылықтарын оқушыларға көрсету;

Бұл шарттар өзара тығыз байланысты.

Жалпы білім беретін орта және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарына сәйкес орта білім беруді қайта құрудың негізгі шарттарының бірі – оқытуды компьютердіру.

Қазіргі кезде білім беруді компьютерлендірудің үш негізгі бағытын көрсетуге болады.


  1. Жалпы компьютерлік сауатттылықты қамтамассыз ету, мұнда компьютер оқыту нысаны болып табылады.

  2. Компьютердің оқыту тиімділігін оқытудың құралы ретінде пайдалану, яғни компьютер мектептегі басқа пәндерді оқыту құралы болып саналады.

  3. Компьютерді іс-қимыл міндеттерін шешу құралы ретінді пайдалану.

Осыған сәйкес оқытуды компьютермендірудің міндеттері қандай және олқалай жүзеге аспақ деген сұраққа өзінен-өзі туындайды.

Оқытудың компьютерлендірудің негізгі міндеттері төмендегідей.

ғылым негіздерін терең меңгеруді қамтамасыз ету және келешектегі тәжірбиелік іскерлікке даярлау мақсатында барлық жастардың компьютерлік сауаттылығын көтеру.

Жаңа ақпараттың технологияларды, есептегіш техниканы мектептегі барлық пәндерге және сыныптан тыс жұмыстарда кеңінен пайдалану негізінде білім беру мен тәрбиелеу жүйесінің тиімділігін арттыру.

Қазіргі кезде өте жиі қолданылып жүрген «оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы» терминіне төмендегіне түсінік беріледі. «Есептеуіш техникасы мен байланыс құралдары базасында» ұйымдастырылған ақпараттық қамсыздандыру арқылы жеткізіледі және ол информатика курсының негізгі әдістері мен құралына айналды», мұндағы жаңа ақпараттық технологияның құралы ретінде компьютермен қатар теледидар, ғарыштық байланыс, телефон желісі және т.б. қарастырды.

Электронды оқулықтың автоматтандырылған оқу үрдісі ашық дамитын әдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге электронды оқулық ақпаратын тасымалдаудың жаңа құралы болып табылады. Онда оқу ақпараты толық мазмұндалып, әр түрлі қосымшалар, анықтамалық материалдар, бақылау тапсырмалары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі және тақырыптың ресурстарға сілтемелер беріледі.

Электронды оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады:


  • шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді.

  • Дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі;

  • гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым үндемеуге мүмкіндік береді;

  • қысқа мәтіндермен қатар көрсетеді әңгімелейді, жабалайды, т.с.с. (мультимедиа-технологияның мүмкіндігі мен артықшылығы тура осы жерде көрінеді);

  • әрбір студентке дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;

  • белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет