Тарих кафедрасы


Өзіндік бақылау сұрақтары



бет4/14
Дата22.02.2016
өлшемі1.14 Mb.
#87
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Технологияның ерекшелігі қандай?

2. Тарих сабағы бойынша қандай электрондық оқулықтар авторларын білесіздер?
Дәріс тақырыбы: Тарих сабақтарында тарихи мәліметтер мен құжаттарды пайдалану. 2 сағат.

Мақсаты: Тарих сабақтарында тарихи мәліметтер мен құжаттарды пайдалану әдістемесін меңгерту.

Жоспар:


  1. Тарихты оқытудағы құжаттардың рөлі мен мәні.

  2. Тарихта оқытуда қолданылатын құжаттық материалдың негізгі түрлері.

  3. Оқушылардын тарихи қүжаттармен жұмыс істеу тәсілдері.

  4. Құжаттық материалдың жіктелуі. Актілік қүжаттар, баяндауышы- сипаттаушы қүжаттар, көркем сөз естеліктері.

  5. Тарихи құжаттар мен мәліметтерді зерттеу методикасы.

  6. Мәліметті конспектілеу. Тарихи мәліметтердің сипаты: авторы, жасалу уақыты, жанры, негізгі идеялары, тақырыптары мен көркемдік ерекшеліктерін анықтау.

Тарихты оқытуда жазбаша құжаттарды қолданудың маңызы. Тарихи дерек көздеріне адам қолымен жасалған — оның қоршаған ортамен байланысының нәтижесі, материалдық мәдениет, салт-дәстүр заттары, жазба ескерткіштер жатады. Әдістеме пәнінде кең мағынада айтқанда, жазба ескерткіштерді тарихи қүжаттар деп атайды.

Ресейлік әдіскер-ғалым, профессор М. М. Стасюлевич 1863 жылы оқушылардың тарихи дамуы үшін оқулықпен жүмыс жасағаннан тікелей тарихи дерек көздерімен (қужаттармен) танысудың маңызы зор екендігін айтқан еді. Ол осылайша түпдеректермен жүмыс істеуге негізделген практикалык, әдіс бойынша сабақ жүргізуді үсынады. Осы әдістемеге негіздеп "Жазушылар мен ғалымдардың жазуындағы орта ғасырлар тарихы" деп аталатын үш томдық хрестоматия жазып, жарыққа шығарды. Ал, кейбір ғалым, әдіскерлер (М. Н. Коваленский, А. Ф. Гартвич, Н .А. Рожков) тарихи қүжаттар негізінде оқушылардың дербес жүмыс істеуіне негізделген зертханалық сабақ өткізуді ұсынады.

Дегенмен, көптеген әдіскерлер мектептегі оқуды бірыңғай құжаттармен жұмыс жасауға құруды негізсіз деп есептейді. Олардың пікірінше, тарихи құжаттарды тек негізгі білім көзі болып табылатын мұғалім әңгімесі мен оқулыққа қосымша ретінде қолдану тиімді болмақ. Қүжаттар оқушылардың білімін терендетіп, нақтылап, сабақтың көрнекілігін арттырады.

Қүжаттың атқаратын роліне қарай оның сабақта қолданатын орны белгіленеді. Зертханалық әдісті қолданарда құжатты оқып-үйрену оқулықпен жүмыс жасаудан бүрын атқарылуы тиіс. Ал құжаттану өдістемесін қолдаушылар оқулықтың тиісті параграфымен танысқаннан соң барып оқушылардың тиісті кұжатпен танысқаны дүрыс деп есептейді.

Сонымен, тарихи қүжаттарды қолдаедын, маңызы неде? Қүжаттьщ сыртқы түрімен тенысу арқьшы -арихты оқытудын. корнекілік қағидасы іске асады. Қүжат Іүғалім әңгімесін жандандырады, соның негізінде жасалғантүжырым сенімді ІІІығады. Қүжатіың маңыздылығының бір Іңры — ол тарихи материалды нақтыландырып., өткен уақытты; жарқын бейнесі мен суретін көз ал дыңа келтіріп, дөуір тынысышезуге көмектеседі. Қадырғали Қосшдүлының "Жамиғ-атТауарих"эдбегінің бастапкы азатжолын мысалға келтіруге болады. Есю.қүжаттар ежелгі автордың тілі, ойлау жүйесі, түрмыс-салт І^екшелігі туралы

көрнекті безендірме береді.

Қүжаттармен жүмыс барысында оқушылірдьщ ойлау және .кдялдау процесінің белсенділігі артып, олардщ тарихи білімді игеруі жене тарихи санасының дамуы жемісті бола түседі. Оқушылардың мынадай дербес жүмыс йтеу дағдылары қалыптасады; қүжатты оқу, талдау жөне қажетгі акдаратты теріп злу» бүрынғы және қазіргі қүжаттардьщ маңызын бағалап, талқылау. Оқушылар сабақ барысында қүжапарцын, тарих ғылымы үшін маңызын танып, олардан бір кездері өмір сүрген адамдардьщ

ізін андай алады.



Тарихи қүжатгардың түрі жөнс оларцы сабаққа тандап алудың өлшемдері. Тарихты оқытуда қолд,ані|Шапгын қүжаттарды топтастыру тәсілі тарих ғылымьшда қолдаііиалаірш зертгеу төсілімен салыстырғанда өлдеқайда оңай. Ол қүікат мәтінінің сипатына негізделеді. Ол сипат бойынша барлык қүжаттарды екі топқа тЬптастырамыз. БІрінші - баяндау-сургттеу қүжаттары: екінші — өз кезінде практикалық маңызы болған актылық сипаттағы қүжаттар. Бүл қүжаттар бірін-бірі толықтырьш отырады. Ал көркемсөз ескерткіштері қү"ясаттардың қосымша т)обын қүрайды. Ақтылық қүжаттар заңдық, шаруащылық, саяси, бағдарламалық қүжаттарды қүрайды (грамоталар, заң, жарлық, келісім-шарт, статистикалық және тергеу қүжатгары, бағдар-ламалар, сөздер). Баяндау-суретгеуқүжатгары— жылнама, шежіре, хроника, естелік, хат, саяхатжазбаларын қүрайды. Көркемсөз ескерткіштері— ежелгі жөне ортағасырлар тарихыііцағы халықтың ауызекі шығармашылығы (миф, мысал, шешендік сөздер, аңыздар,

жоқтау жырлары, эпос).Сабақта қолдану үшін, ғалымдардың пікірі бойынша,

қүжаттар мынадай болуы керек:

- тарихты оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне сай болуы;

- сол дөуірдің негзгі, барынша турпаттық деректері меп
оқиғаларын қамтуыгаіс;

бағдарламалық Мтериалмен тығыз байланыста болып, тарихи


білімінің өзектіліги арттыруға ықпал жасауы керек;

мазмуны мен кещмі оқушыларға ауырлық түсірмеуі тиіс; тарихи


қубылыс, оқиға турлы оқушылардьщ білімін нақтылап терендете-
тіндей құжат мазлүнында түрмыстық және сюжетгік нақтылық
болуы; оқушыларв белгілі бір сезімдік ықпал жасауы тиіс.

Мүғагім мен оқушылардың тарихи қүжаттармен жүмысы

Қүжатты Оып-үйрену әдістемесі. Тарих сабағында қүжаттарды оқупылар да, мүғалімдер де қолдануы мүмкін. Қүжат тым күрделі болсамүғалім оның мазмунын оқушыларга түсіңдіріп береді; қүжатқа слтеме жасап, дәйексөз келтіреді (өңгімелеудің дәлелділігін күШейту үшін); ез әңгімесін нақтылау жөне қызықты ету үшін қүжаттак үзінділер пайдаланады. Әңгімені жандандыру үшін қужат үзіңдцерін төл сез ретінде қолданып, тарихи түлғаға мінездеме беріледіі

Оқушылардың қужатпен жүмыс жүргізуі оларды жасына, танымдық мүмІ0здігіне жөне дайьшдық деңгейіне қарай күрделене береді. 5-6 сьшыптарда баяндау-суретгеу сипатыңдағы қарапайым материалдар пайдаланыиады; оның көлемі 10-15 жолдан аспауы тиіс; ал 7-8 сыныптарда талдау жасалатын заңцық жене шаруашылық қүжатгардың саны арта түседі; 9-11 сыныптарда саяси бағдарламалық қужаттар кеңінен қамтылады.

Қужаттармен жүмыс істеуге үйрету мынадай кезендерден турады: 1) муғалім қүжатты талдаудың үлгісін береді;

оқушылар мұғалімнің көмегімен қужатты талдайды;

муғалімнің жетекшілігімен жеке, дербес жұмыс жүргізеді;

4) қүжапы өз бетінше сыныпта жөне үйде оқьш үйренеді. Мұғалім


сыныпта оқушыларды қужатпен таныстырып, тапсырманың
мазмүнымен хабардар етеді. Оқушылар үйде қүжат негізінде
қысқа хабарлама, суретгеме дайындап, оқулықтың мөтіні, безендіру
бойынша шығармашылық мазмүндама дайындайды. Әрине, дербес
жүмыс жасау үшін қүжат барлық оқушыға жеткшікгі болуы керек.

Қужаттармен жүмыс жургізу мынадай дағдыларды да меңгеруді талап етеді; қүжатгы оқып өңгімелеу жөне ол бойынша жоспар қүру; қужапы Дербес таддап, ол бойынша сүрактарға жауап 86 беру; бірін-бірі толықтыратын үқсас қүжатгарды салыстыра талдау; қүжатқа сыни баға беру. Осы дағдылардьщ барысында оқушыларға қүжаттағы қисындық түйінді, негізгі идеяны анықтап, белгілі бір ережслерге дөлел тауып үйренеді. Мүғалім оқушыларға "бүл туралы қүжатта не жазылғанын оқындар", "қүжат мәтіні негізінде... дөлелде", "өз пікірінді қүжат негізінде тиянакта" деген мазмүнда тапсырма береді.

Жоғары сынып оқушыларының қүжаттармен жүргізетін жүмысы күрделене түседі. Оларға ендігі кезекте күрделі тапсырмаларды орындауға тура келеді. Ол тапсырмалар мыиа мазмүнда болуы мүмкін:

қүжат мазмүнының бастысын, екінші кезектісін танда; өз

тандауынды негізде;

оқьш үйренетін оқиғаның себебін, қай кезенге төн екендігін

анықта;

оқиганьщ іске асуына қаңцай тарихи алғышарт немесе идея,



бастама негіз болды;

жағдайларды салыстыр; қажетгі дереккөзінен меліметтерді

тандап ал;

саяси жөне мемлекетгік қайраткерлерге мінездеме бер;

түпдерек бойынша хабарлама дайында;

оқып үйренген қүжаттар қазіргі қоғамдық қүбылысты тани білуге қалай көмекгескенін ойлап көр.

Мүғалімнің түпдеректі сабаққа пайдаланар алдында оны алдын ала електен өткізіп, педагогикалық екшеу жасайды. Ол неғүрлым екшелген сайын оны оқушылардың дербес игеруі, қабылдауы оңайлай түседі. Педагогикалық екшеу дегеніміз — сабаққа пайдаланатын қүжаттың мазмүнын тандау дегенді білдіреді. Қажет болған жағдайда мүғалім қүжат авторының стшгін озгертпей-ақ қүжатгы еркін пайдалануы мүмкін. Одан өрі мүғалім оқушылар үшін жаңа терминдер мен үғымдарды түсіндіріп, қүжатпен жүмыс істеудің тапсырмаларын анықтайды.

Жинақталған өлкетану материалдарын жүйелі түрде қолдану мақсатын іске асыру үшін мүғалім мынадай жүйеленген таблипаны қолдануына болады. Тарихи дереккөздерінін конспектісі мен тезистерін дайындау



Дереккөздсрімен жүмыс жоғары сыныптарда үйымдас-тырылады. Мүвдай дерек көздсріне тарихшылардың, экономистер мен саясатшылардың ғылыми еңбектері мен қолбасылардың, мемлекет басшыларының, әдебиет пен өнер қайраткерлерінід естеліктерін қосуға болады.

Мүғалім сабақтағы қысқаша кіріспе сөзінде бүндай еңбекпен жұмыс жасаудың міңцетгеріне -юқталады. Онда қүжатгың жасалған уақыты, мақсаты мен міндеттері, қысқаша сипаты айтылады. Одан әрі еңбеюің қүрылымы, негізгі идеясы сөз больш, тарихи оқиғалар мен қүбылыстарға баға берудегі маңызына тоқталады. Алғашқы кезде бүкіл сынып ғылыми еңбекгі термин, үғымдардың сөздігін жасай отырып түсіндіру арқылы оқиды. Мүғалім мәтін бойынша сүрақтар дайындайды. Кейін тек күрделі мәтіндер түсіндіріліп, өзгесі оқушылардың өздігінен оқуына беріледі. Олар мәтіннен негізгі идеяны тауып, оған сипаттама беруге тырысады.

Мұғалімнің тапсырмасымен оқушылар жай жоспардан күрделі жоспар жасауға, одан әрі еңбектің қисындық күретамыры — зтажжасауға ауысады. Тезис — дерек кезіне ешқандай сілтеме, түсіндірме, безендірме жасалмай баяндалған қысқаша негізгі мазмұн. Тезисте жалпы ой желісі басым болады. Алғашқы кезде оқушылар мүғалімнің көмегімен, кейін дербес жағдайда еңбектің тезисің дайьшдайды. Бір қүжатгьщ негізінде олар тезис дайындап, конспект жасауға үйренеді.

Конспекгілеу- мәтіннің ең маңызды жағдайларын барынша қысқа етіп жазбаша баяндау. Оқушылар құжаттың жоспары қалай жасалып, ол қалай тезиске айналып, сонымен деректер және үлгілермен қалай толықтырылғанын (коңспектіге айналғанын) жетік білуі тиіс. Конспектілеу арқылы жйнақталған білім баяндама, реферат дайындаганда пайдаланылады.

Конспект дайындауға байланысты түрлі жаднама бар. Солардың бірі мынадай:

1. Конспектілеу алдында шығарманы мүқият оқып, жоспарын қүру. 2. Конспектілеуді бастағанда автордың (немесе жинақ редакторының) дөл аты-жөнін, жүмыстың толық атын, шыққан жері мен уақытын корсету. 3. Ғылыми еңбекгің тарау, легенде цитата қолданылуы ксрек. 6. Коңспекгілеу барысында түрлі шартты белгілер жүйесін қолдану керек, олардьщ конспект бойынша жауап бергенде көмегі көп. Окушылар осылайша қүжаттарды түтастай немесе фрагмент

түрінде конспектілеуді, сол бойынша тарихи түлғалар, оқиғалар

мен қүбылыстарға баға беріп, қүжатпен дербес, шығармашылық

жүмыс жасауға үйренеді.
Конспект— латынның «конспектус» — «шолу» деген сөзі, бұл кітап, мақала, баяңдама не дәрістің қысқаша мазмұнын жазу, яғни оқығанның қысқаша мазмұны.Конспект жасау үшін алдымен тақырыпты түгел оқып, оны ойша қорытып алу керек. Содан кейін жоспар жасап, оған тезис жазып, оларды фактілермен, дәлелдеулермен толықтырғанда конспект болып шыгады. Конспект жасау кезінде қысқартып жазу қолданылады. Конспект оқыған мәтіннен 7-15 есе аз болу керек. Мысалы, «австралиялық» сөзін «австрал» деп жазу керек, оны «австр» деп жазуға болмайды, себебі оны «австриялық» деп оқып жіберуге болады. «Революция» деген сөзді «рев» деп жазу керек. Конспект жасағанда автордың аты-жені, еңбектің толық аты.
Өзіндік бақылау сұрақтары:


  1. Тарихты оқытудағы құжаттардың рөлі мен мәні қандай?.

  2. Тарихта оқытуда қолданылатын құжаттық материалдың негізгі түрлерін атаңызда?.

  3. Оқушылардын тарихи қүжаттармен жұмыс істеу тәсілдеріне мысал келтіріңіздер.

  4. Актілік қүжаттар, баяндауышы- сипаттаушы қүжаттар, көркем сөз естеліктер дегеніміз не?


Дәріс тақырыбы: Тарихты оқыту жұмыстарын ұйымдастыру формалары. 4 сағат.

Мақсаты: Тарихи тақырыптың мазмұны, тарих сабағы оның түрлері, тарих сабағына мұғалімнің дайындалуы және сабақ жоспарлары, тарихты сабақтан тыс оқытуды ұйымдастыру формалары жайлы білімді меңгерту
Жоспар:

  1. Тарихи тақырыптың мазмұны, бөлімі, курс жүйесіндегі сабақтың орыны. Тарих бойынша сабақ түрін таңдауға шартты түрде өткізілетін сабақ түрлері мсн факторлар.

  2. Оқыту процесінде барлық сыньштарды камтитын, жан-жақты сабақты өткізу ерекшеліктері мен сабақ түрлері.

  3. Тарих сабағына мұғалімнің дайындалуы және сабақ жоспарлары.

  4. Сабақты бағалау критериясы.

  5. Тарихты сабақтан тыс оқытуды ұйымдастыру формалары-факультативтер, тарихи үйірмелер, тарихи олимпиядалар "КВН", конференциялар,пікір сайыстар. Жоғарғы сыныптардағы семинарлық және практикалық сабақтар.Оқу саяхаттары, кеңестері, сынақтар.

Оқыту –біртұтас педагогикалық үрдістің құрамды бөлігі.

Оқыту үрдісі – оқытушы мен оқушының мақсатты бағытталған іс әрекеті, өзара байланысты іс әрекеттері жеке бастың жан-жақты дамуы мен ақыл-ой тәрбиесінің алдындағы тұрған міндеттерді шешуге бағытталған.

Мұғалім сабаққа әзірлену барысында осы үш сұрақты өзіне қойып, оны шешудің оңтайлы жолдарын таба білуі керек. Сонда ғана сабақ өз мақсатына жеткен болып саналады.

Оқытушы сабаққа дайындалу барысында алдымен сабақтың мақсат міндеттерін тақырыпқа сай дұрыс анықтап, құра білуі керек, бұл жерде оқытушыға конструктивті қабілет қажет.

Сабақтың мақсат, міндеттері анықтауға қойылатын талаптар:

Тақырыпқа сай болуы тиіс;

Мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сай болуы тиіс;

Оқу бағдарламасының тақырыптарына негізделген болуы тиіс;

Сабақ мазмұнын ашатындай, ғылымилық тұрғыдан ұйымдастырылған болуы тиіс;

Оқытушының шығармашылық еңбегңне байланысты болуы тиіс т.б.

Мектептердегі оқытудың негізгі түрі –сынып-сабақ жүйесі. Сынып-сабақ жүйесі- дәстүрлі жүйе, онда бірыңғай базалық білім алатын, жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушылар тобынан тұрады. Сабақ ұзаөтығы -45 минут. Әдіскер А.А. Вагиннің пікірінше, оқыту үрдісінде оның негізгі бөлімдері, қысқаруы не кеңеюі, бір немесе бірнеше сабақта іске асуы мүмкін.

Сабақ құрылымы дегеніміз - сабақ кезеңдерінің жүйелі құрылып, бөлімдерінің үйлесуіп келуі.

Кейбір топтастыруда сабақты жүргізу әдісі (дөрістсабақ, пікірталас-сабақ, кино-сабақ, зертханалық сабақ); оқушылардың әрекеті (жинақтау сабағы, проблемалық); материал сипаты (жаңа деректі игеру) басшылыққа алынады. Дағдылар мен іскерлікті қалыптастыратын сабақтарды ерекше типке жатқызуға болады.



Сабақтарды топтастыру. Көптеген дидактиктер мен әдіскерлер сабақтарды топтастырғанда оқыту процесінің болімдерін жонс сабақтағы басгы оқыту міндетін негізге шіады. СошІ сәйкес сабақ кіріспе, жаңа материалды оқыту, аралас, бақылау, білімді есепке алу және тексеру, жинақтау-қайталау сияқты түрлерге жіктеледі.

Мүғалім сабақ типін таңдағанда, оның тақырыпта алатын орны, оның мівдетгері, жаңа материал мазмүнындағы ерекшеліктер, педагогикалық ниет, оқушылардың жасы, дағдылар мен ептіліктерін ескеруі тиіс. Сабақ типі мектептегі оқу қүралдарын, мүғалімнің дайындығы жөне т.б. себепшартгар ескеріп тандалады.

Бір типтегі сабақтар оны жүргізу әдісіне қарай бірнеше түрге енуі мүмкін. Мысалы, кіріспе сабақты дәріс, саяхат, өңгіме түрінде өткізуге болады. Тақырып, бөлім бойынша сабақ жүйесін айқындауда жаңа материалды игеру, оған дейін игерілген білімге сүйенетіндігін, жаңаны оқып-үйренуде бүрын алған білім бекітілетіндігін есте үстаған жөн.

Кіріспе және жаңа материалды игеру сабағы

Сабақтың міндеттері. Кіріспе сабақ оқушыларға алдыңғы курстарда алған негізгі білімдерін жаңғыртып, тарихтың жаңа курсының негіздеріне жалпы сипаттама беруі тиіс. Кіріспе сабақтың мазмүнында оқушылардың жаңа тақырьшты игеруіне көмектесетін мақсаттардың болғаны дүрыс. Қажет болған жағдайда мүғалім бүл сабақта оқушылардың базалық білімін, негізгі дағдыларын айқындайды.

Жаңа материалды игеру типіндегі сабақтардың мынадай түрлерін атауга болады: материалды мүғалімнің мазмүңцау сабағы; мектеп дәрісі; саяхат сабақ; киносабақ; оқушылардың хабарламалары мен баяндамаларына арналған сабақ. Жаңа материалды игеру сабагында оқу әрекетінің бүл түрлері басым болып келеді және сабақтың едәуір бөлігін қамтиды. Ал бекіту, қайталау, оқушылар білімін тексеруге аз уақыт, аз көлем бөлінеді. Көбіне мүндай сабақтар алдыңгы сабақтармен байланысы жоқ тақырыптарды оқыи үйреыгенде немссе күрделі үғымдары мен түсініктсрі мол тақырыптарды түсіндіргенде колданылады.



Аралас сабақ және оның бөлімдері

Оқушылардың білімі мен дағдыларын тексеру. Аралас сабақга оқу процесінің барлық негізгі бөлімдері қамтылатын болғандықтан оны қүрама дел те атайды. Мүндай сабақ алдыңғы сабақтағы білім мсм дағдылардъщ бүгінгі сабақ мазмүпымсп байланыстарын тексеру және есепке алу; жаңа материалды игеруге өту; алдыңғы сабақта отілгенді қайталап, жаңа сабақты оқып-үйрену және бекіту сияқты белімдерді қамтиды.

Үйымдастыру кезеңінің кейін білім мен дагдыларды тексеру жүзеге асырылады. Бүл оқушыныц сабақта оқытатыл материалды игсру, үй тапсырмасьш орындау әрекетін үйымдастыратын мүғалімнің жүмысы. Ол ауызша, жазбаша жөне ауызша-жазбаша болады.

Білімді тексеру мынадай талаптардан түрады: 1) сүрақты негіздеу (еткен білімдерсіз алға жылжу мүмкін емес); 2) барлық оқушыларды жүмысқа жүмылдыру; 3) оқушылардың ерекшеліктерін ескеріп, тексеруді жекелеп жүргізу; 4) тексеру мазмүнының жаңа сабақпен байланысы; 5) сабақ барысында тексеру кезеңін айқындау; 6) білімді бағалауды негіздеу (таным дамуының табысты болуы үшін не істеу керек).

Сүрақ жағдайында көп уақыт алатын тесілдерден бас тарту керек. Мысалы, бір оқушыға көптеген сүрақ қойып, әңгімені созу, оқуигыньщ үзақ-сонар өңгімесі, тақтаға үзақ, көлемді мәтін, кесте түсіру өзін ақтамайды.

Сабақ басындагы сүрақ оқушыларды жаңа материалды игеруге дайындап, алдыңғы сабақ тақырыбындағы сүрақтар мен тапсырмалардың мазмүнын қамтуы тиіс. Сүрақ әлдебір мәселенің дамуы сияқты тақырыптық сипатта болтаны жен. Мүгалім тексеру үшін мазмүны жағынан маңызды, игерілуі жағынан күрделі материалды тандайды. Негізгі сүраққа онымен іштей байланыстагы қосымша сүрақтарды тіркейді. Сұрақтың құрылымы қарапайым және дәл, балаларға түсінікті болуы тиіс.

Тәжірибелі мүғалім сабагьш сыныггга мынадай сүрақ коюдан бастайды; Қандай тақырыпты өттік? Аддыңғы тақырыпта не туралы сөз болды? Материал мазмүнындагы ең бастысы не? Одан әрі мүғалім басқа сүрақтарга ауысады. Бірақ қай кезде де сүрақ қоюдың мақсаты тек қана білімді есепке алып, түзегу емес, сонымен бірге оны дамыту, байыту жөне оқушылардың танымдық кабілетін дамыту екендігін естен шығармау керек. Оқушы жауабы мен тапсырманы орындауының сапасы мүгалімнің қоятын талабына байланысты. Мысалы, жауаты қысқа, холық, қисынды етіп беру; жазуды дәптерге үқыпты, грамматикалық қателерсіз түсіру; оңгімелеуді оқулықтағы қүжаттарға, иллюстрацияларға сүйеніп баяндау.

Сүрақ кезіпде оқушылар сыныптастарының жауаптарына иікір айтады. Ауызша жауапқа пікір айтуға қойылатын талагггардың жаднамасы мынадай:

1. Деректер, қорытындылар, оқиғаларды бөліктерге бөлудің дүрыстығы және толықтығы.

2. Мазмүндаудьщ бірізділігі жөне дәлелділігі.

3. Жаңа тарихи терминдерді қолдануы және түсіндіруі.

4. Карта, хронология, сандық мөліметтерді қолдануы.

5. Жауаптағы сез қолдану қателері (қайталау, үзақтық, масыл создерді қолдану, тіл жүтандығы).

6.Жауаптың дүрыс жақтарын бағалаудан бастап, кемшіліктерін тізумен аяқта.

Төменгі сынып оқушылары мүгалім әңгімесі мен оқулық мәтінін үштастыруды қажет ететін күрделі сүрақтардың беріне бірдей жауап берс алмауы мүмкін. Сондықтан оларды оқулық мазмұнына сай сұрақтарға жауап беруге үйрету керек. Ол үшін оқушыларға қайтарар жауабының жоспарын түзуге көмектесеміз. Ол көмек мынадай болады: Не туралы айтпақшысың? Әңгімені неден бастайсың? Одан әрі қандай деректі айтасың? Әңгіме немен аяқталды? Қандай қорьпъінды жасауға болады? Оны оқулықтан оқып бер.

Әңгіме оқушының ауызекі сөзін дамытып, білімді ауызша мазмұндау тәсілдерін қолдану дағдысын қалыптастырады (конспектілеу немесе түсіндірме мазмүндау, жалпы өңгіме және т.б.). Төменгі және орта буын сыныптарда тізбектей әңгімеленеді де оқушылар тарихи себеп шарттардың байланысын жақсы аңғара алады және өткен оқигаға деген өзінің қатынасы қалыптасады. Олар тарихи материалдарды талдау, жинақтау, өзі үсынған түжырымды дәлелдеу арқылы тарихи жүйеде ойлауға үйренеді. Оқушылар өз жауабын оқулық мазмүнымен салыстыру арқылы жіберген қателіктерін аңғарады.

Сұрақ көлемі шағын жазбаша жене жазбаша-кескіндемелік тапсырмаларды орындауды да қамтиды. Орта буын сыныптарда мынадай тапсырмалар қамтылуы мүмкін; маңызды оқиғалардың күнтізбесін жасау, параграф мәтініне сүрақтар ойластыру; терминдер жөне үғымдарды анықтамасымен көшіріп жазу, жоспар түзу; еңбек қүралы мен қару-жарақтьщ суретін салу; кесте толтыру; тарихи түлғаның портреттік бейнесін жасау; нысанды картадан кврсету.

Жоғары сыныптарда тапсырмалар күрделене түседі. Оқушылар қисындық сүлбапы қүрастырып, күрделі жоспар түзеді; үғымдарга жазбаша анықтама береді; партия, қозғалыс, тарихи түлғаларға сипаттама береді; түрлі кестелер толтырады. Сүрау кезінде жаңаны игеру, деректі түсіндіру, оқиғаны мазмүндауда теориялық білім түрақты түрде қолданылуы тиіс. Бүл білімдер одан өрі нақтыланып және байи түседі.

Оқушылардың тарихқа қызыгушылығын дамытуда олардың алған білімдерін багалаудың маңызы зор. Ол үшін түрлі төсілдер бар. Мысалы, жауап берер алдында материалды оқулық бойынша қайталау; керсетілген жүмыс тәсілі, үлгісі бойынша тапсырманы жазбаша орындау; сыныпта үйде дайындалған жоспар бойынша өңгімелесу.

Жаңа материалды оқуга дайындау кезеңі дидакгикалық түргьщан алғанда өте маңызды. Мүғалім жаңаны оқуға оқушылардың зейінін аударады, белгісізді тануға деген қажетгі психологиялық көңіл күй қалыптастырады. Мүғалім бүл кезенде сабақ тақырыбын хабарлап, оның алдыңгы сабакден байланысьш атап көрсетіп, қажет болған жағдайда негізгі ұғымдар мен түсініктерді қайталайды. Сосын барып, жаңа материалды оқып үйренудің міндеттерін белгілеп, танымдық сүрақтар мен тапсырмалар қояды. Олардың арасында өзекгі меселелік сипаттағы тапсырмалар болуы мүмкін.

Жаңа материалды оқып үйрену. Сабақтың негізгі бөлігін мүғалімнің өнгімесі қүрайды. Егер мүғалім өнгімесіне басты орын берілсе, басқа жүмыстың бөрі де соған бағындырылады. Әңгіме оқушылардың жастық, психологиялық ерекшеліктерін ескеріп қүрылады. Төменгі сынып оқушылары бір нөрсеге зейінін үзақ бағыттай алмайтыңцықтан, олардың зейінін бағыттап отыру үшін өрекет түрін ауыстырып отыруға тура келеді.

Осы жағдаиларды ескере келе жаңаны оқып үйренудің мазмүны тек материалды мүғалімнің баяндауы емес, сонымен бірге оқушылардьщ белсенді әрекетінен де қүралатындығын аңгарамыз. Олар безендіру мен оқу картиналарын талдау, оқытудын. техникалық қүралдарын қолдапу, оқулықты оқу жөне ондагы оқу картинасы, қүжаттарды таіідау арқылы білім алады.

Жаңаны ауызша түсіндіргенде немесе оқулықтан оқығанда оқушылар көп аспектілі мазмүннан бүрын бір желілі материалды жақсы игеретіндігі белгілі. Мүгалім оқулықтьщ мазмүнына түзету жасай отырып, барыніпа маңызды, күрделі бөлігін басты деректер, жарқын да бейнелі мәселелермеи толықтырып түсіндіреді. Оқулык, мазмүнын игеруге жеңіл түстарын мүғалім оқушылардың үйде өз бетгеріпше оқуыиа қаллырады. Басты пазар күрделі теориялық материалга, базалық білімге аударылады.

Бекіту деп сабақта өтілген материалды екінші қайтара жаңғыртып, ой елегінен еткізуді айтамыз. Бекіту мақсаты — сабақта өтілген материалды есте сақтап, жаңа мен бүрынғы білімді байланыстырьш, оқушылардың зейінін үштап, сонымен бірге жаңа білімдерді игеруін тексеру.

Базалық білімді бекіту мұғалім түсіндіруінен соң бірден басталады. Бүл кезде өзінің дерексіздігімеп тез үмьпылатын түйінді оқиғалар; тарихи оқигалардың сабақтастығы; олардың мазмүны, географиялық атаулар, даталар мен есімдер қайталанады. Әңгімелесудің сүрақтары қысқа, нақты жауап беруді талап ететіндей әрі шағын болуы тиіс. Жоғары сыныптарда мүндай сипаттағы бекітуді мүғалім немесе оқушы жасайтын қорытынды түжырым немесе мүгалімнің түйінді сезі алмастырады.



Ағымдағы қайталау. Түсіндіру барысында мүғалім агымдагы кайталау жүргізеді. Ол бүрынгы өткен материглды жаңғырту, жаңа мен ескі арасында тығыз байланыс орнату, тақырып бойынша немесе курс бойынша алған білімдерді жүйелеп, жинақтау.

Демек, ағымдағы қайталауда өткен материалды жаңғырту жеткіліксіз. Бүл қайталаудың міндеті бүрын оқып үйренген материалды үмытпай, білімді тиянақтап, өткен материалдарды жүйелеу жөне тереңдету. Жақсы игеріліп, бір рет дүрыс жаңгыртылған нәрсенің өзі қайталаусыз есте сақталмайтындыгын үнемі назарда үстау керек. Стандартгалған тесттердің тапсырмалары ағымдағы қайталау төсіліне нсгізделеді. Бүндай тапсырмаларда себеп-салдарлы байланыстар тізбегіндегі нсгізгі буынды табу сияқты сүрақтар болады. Мысалы,

1. ҮІ-Х ғ.ғ. Қазақстанда түрік жазуымен қатар а) Араб, в) Соғды, с) Грек, д) Парсы, е) Қытай ... жазуы қолданылды.

2. Бос орындарды толтыр

Дешті қыпшақ жері Алтай тауының ... жағына орналасты. Ғүндар бүл лаланы ... гасырларда мекендеді. Олар ... жасалған мекен жайларда өмір сүрді.

Үй тапсырмасы — аралас сабақтың маңызды бөлімдерінің бірі. Ол сабак мақсатына жауап беретін, нақты қолдан келетін, оңай және оқушылардың жаңа дағдыларын ескеретіндей болуы тиіс. Сонымен бірге оқушыларға жаңа жөне ескі сабақтарда нені қайталау керектігі ескертіліп отырылады.

Мүғалім уйгс тапсырманы сабақтың басында немесе соңывда береді. Параграфты атай отырып, не нөрсеге назар аудару, не нөрсені есте сақтау, қаңдай безендірулерді жауап беруде қодцануға болады, параграф соңындағы сүрақтар мен тапсырмаларды кім жөне қалай орындайтындығын түсіндіреді.

Осылайша үй тапсырмасы бүкіл сыныпқа берілген тапсырма ғана емес, ол сонымен бірге әр оқушыға лайықтап қосымша берілген тапсырма болып шығады. Ол тапсырмалардың арасында , салыстырмалы кесте қүрастыру, сүлба, диаграмма, созтізбек түзу, ғылыми-кепшілік жене коркем өдебиет негізінде хабарлама дайындап, андатпа жазуды атауға болады. Үзақ мерзімге созылатын пракгикалық тапсырмалар да берілуі мүмкін. Мысалы, макет немесе үлгі жасау, ескерткіштің, кеме нобайын жасау, мүрағаттық және статистикалық мөліметтер жинау сияқты. Бүндай тапсырмалар бағаланып, оқушылардың тарихи танымдағы табыстары атап өтілуі керек.

Мүғалім осындай әдістемелік жүйе бойынша үй тапсырмасын береді. Онда сабақ мазмүны тапсырма келемінің оқушы мүмкіндігіне сай келуі, оқушылардың жөне түтас сыныптың танымдық мүмкіндігіне байланысты нақты міндет белгілеп, нүсқау берілуі керек. Келесі сабақта үй тапсырмасы оқушылардьвд басым бөлігінен сұралуы керек. Үй тапсырмасын үнемі орындамаушылық білім сапасының төмендігін немесе оның мүлдем болмауын танытады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет