Тарих кафедрасы



бет10/14
Дата22.02.2016
өлшемі1.14 Mb.
#87
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Мектеп мұражайы – халық халық мұражайларының бірі болып есептеледі. Мұражайдың негізгі белгісі - түп нұсқа материалдар қорының, табиғатпен қоғам тарихы ескерткіштерінің ( документтер, хаттар, күнделіктер, материалдар коллекциясы, қару, еңбек құралдары, халықтың тұрмыс, мәдени бұйымдары тағы сол сияқты ) болуы. Қазіргі уақытта мектептерде мұражайлардың төмендегідей профильмдер бар: өлке тану ( осы қаланың, селоның, ауданның тағы басқа, табиғаты мен тарихының экспозициялары ), тарихи ( тарихи – революциялық, әскери – патриоттық ), ғылыми – жаратылыстық, көркем ( өнер тану, әдебиет ). Кейбір мектептерде мұнымен қатар мемориалдық мұражайларда да бар. Мектеп мұражайларының неғұрлым кең тараған профильдері – тарихи – революциялық және өлке тану мұражайлары.

Тарихи – революциялық мұражайлар өз өлкесіндегі революциялық қозғалыстың тарихын ашады, адамдардың ерлік істері туралы материалдар жинақталады.

Әскери – тарихи мұражайлар ( жауынгерлік даңқ мұражайлары ) адамдарының ерліктерін жаңғыртатын тарих беттерін елестетеді, жас өспірімдерге, Отанды қорғауға әзір болуды тәрбиелейді, Жауынгерлік даңқ мұражайларының девизі – « Ешкім де ұмытылған жоқ, ешнәрсе де ұмытылмайды ». Жауынгерлік даңқ мұражайы негізінен осы территориядағы жауынгерлердің өмірімен байланысты.

Өлке тану мұражайларында өз өлкесінің табиғаты, тарихы, экономикасы, мәдениеті туралы материалдар болады, оқушыларда патриоттық сезімін тәрбиелейді, оларды халық өмірімен жақындатады, өндірістік ұжым қызметтерімен таныстырады.

Мектептің политехникалық мұражайы бірнеше жыл бойы ұйымдастырылады. Ол алғашында мектеп өлке тану мұражайының политехникалық бұрышы немесе бөлімі болуы мүмкін. Экспонаттары ең алдымен облыс, аудан өнеркәсібінің басты салалары және ауыл шаруашылығының негізгі бағыттары туралы баяндауы қажет. Шағын профильді, мектеп тарихы мұражайын құру тиімді болып табылады. Олар оқушыларды озат мұғалімдердің , мектеп түлектері - өндіріс жаңашылдарының, Ұлы Отан соғысына қатысқандардың, даңқты еңбек ерлерінің қызметтерімен, жергілікті ұйымның тарихымен таныстырады.

Барлық пән мұғалімдері оқу жылына, жарты жылға немесе оқу тоқсанына перспективалық жоспар жасағанда оқушылардың мұражайда жұмыс істеуін және мұражай материалдарын оқу программасына сәйкес пайдалануды ескертулері қажет. Мектептің тарихи мұражайының документтік, түп нұсқа материалдары тарих пен қоғам тану пәні мұғалімдеріне тарихтың басты кезеңдерін, қоғам дамуының негізгі заңдарын баяндауға көмектеседі. Мысалы кезкелген бір бөлімді оқытқанда мұғалім мұражайдың нақты матреиалдары негізінде еңбекші халықтың тұрмысын, жұмысшы табының экономикалық және саяси бостандық үшін күресін, қала мен ауыл көпшілік бұқараның өрлеуін көрсетеді. Ол сабақта ержүрек ұрпағы, даңқты, жұмысшылар өнеркәсібінің тарихы туралы документтерді пайдаланады.

Мектеп мұражайын құру – мұғалімдер мен оқушылар ұжымының еңбегінің нәтижесі. Мұражай – тек қана өткендегінің құнды материалдарының, қасиетті заттарының қоймасы емес. Ол қазіргі заманмен жанды байланысты нығайтуға, бүгінгі күнді көрсете білуге, біздің еліміздің болашақ перспективасын ашуға жәрдемдеседі.

Мұражайда ( оқу программасына сәйкес ) мұғалімдердің басқаруымен оқушылар сабақта тарататын материалдар әзірлейді, жорықтар мен экспедициялардың материалдар бойынша тақырыптық кинофильм мен диафильмдер жасалады, мұражай экспозицияларының тақырыптары бойынша ең жақсы деген жұмыстар ( өлең, шығарма, сурет, скульптура, графика т.с.с ) ұсынылады. Сынып жетекшілері, ұйымдарға мектеп мұражайының тақырыптары бойынша экскурсиялар мен жорықтар дұрыс жоспарлап, өткізуге, мұражай экспозицияларын әңгімелер, диспуттар өткізу үшін пайдалануға көмектесулері тиіс. Мектептерге мұражайлар ұйымдастыруға едәуір көмекті мектептен тыс мекемелер – сарайлары мен үйлері, жас туристер, техниктер, натуралистер станциялары көрсетіге міндетті, әсіресе балалар активінің ішінен безендіруші, экскурсия жетекшісі, тілші, лекторлар дайындауға міндетті.



Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Пән аралық байланыс дегеніміз не ?

  2. Жаратылыстану пәндері мен тарих пәнінің байланыстылығы қандай?

  3. Мұражайларды\ң тарихи білім берудегі орны қандай?


Дәріс тақырыбы. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихын оқытудың ерекшеліктері. 2 сағат.
Мақсаты. Негізгі идеялар мен түсініктер, материал мазмұнын ашу әдістерінің ерекшеліктері, курстың оқушыларды адамгершілікке тербиелеудегі ерекшеліктері, Қазақстан тарихы курсының құрылымы мен білімдік тәрбиелік мәні, сипаттамасы, хронологиялық рамкасы, құрылымы және кезендерге болінуі және тарихи үғымдарды қалыптастыру жайлы білімді меңгерту

Жоспар:

  1. Негізгі идеялар мен түсініктер. Материал мазмұнын ашу әдістерінің ерекшеліктері.

  2. Курстың оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ерекшеліктері. Мектепте 8-9 және 10-11 сыныптардағы Қазақстан тарихы курсының құрылымы мен білімдік тәрбиелік мәні, сипаттамасы, хронологиялық рамкасы, құрылымы және кезендерге болінуі.

  3. Қазақстан тарихын оқыту процесінде тарихи үғымдарды қалыптастыру.


Тарихи түсініктерді қалыптастыру. Тарихи пәннің көптеген пэндерден ерекшелігі - негізінен өте ертедегі фактілерді, оқиғаларды баяндайтындығында. Оларды қүр атап айта салсақ оқушыды ешқандай білім қалыптаспайд. Білімді қалыптастыру үшін өткен оқиғаның, фактінің бейнесін оқушының көз алдына келтіре отырып, оларда сол оқиға туралы түсінік қалыптастыруымыз керек. Ал, түсініктер сезу, сезіну арқылы қалыптасады, ол екі тэсілдің көмегімен жүзеге асады: көру арқылы - демек көрнекі, техникалық т.б. көрінетін күралдар көмегімен жэне мүғалімнің тарихи фактіні суреттей, сипаттай айтуымен. Бүл міндеті жүзеге асыру үшін қандай факті, оқиға туралы тарихи түсінік қалыптастыратынымызды біліуіміз кеерк. Тарихи түсініктер үш түрлі объектілер туралы қалыптасуы тиіс.

а) қоғамның өткендегі барлық тарихын, фактілерді қамтитын: материалдық


өмір - тү-рмыс (еңбек қүралдары, адамдар кэсібі, шаруашылықтың түрлі
салалары т.б.), элеуметтік - саяси өмір (эртүолі таптардың өкілдері: қүл, феодал,
капиталист, жүмысшы, мемлекттікң қүрылыс т.б.), тарихи қайраткерлер, соғыс
тарихының оқиғалары (қару - жарақ, шайқас алаңын әскрлердің орналасуы),
тарихи - мэдени өмір (халық тү-рмысы, өнер т.б.) т.б. туралы түсініктер.

э) тарихи уақыт туралы (тарихи оқиғаның белгілі бір уақытта болуы, оқиғалардың реті, үлақтығы) түсінік қалыптастыру қоғамның пәрмеңці дамуын түсінуге мүмкіндік береді.

б) тарихи кеңестік туралы (тарихи оқиғаны сол эрекет - қимыл болған жермен
байланыстыру, тарихи оқиғаны монолизациялау - жергіліктендіру...) тарихи
география - географиялық ортаның оқиғаның, қогамның, мемлекеттің т.б.
дамуына қалай эсер ететіні туралы түсінік қалыптастырады.

в) тарихи қозғалыс.

Сонымен тарихты оқыту барысында үш түрлі түсінік қалыптастырады екен.

Осы түсініктерді қалыптастырудың әдістемесін білу де маңызды. Өйткені ол үшін көптеген эдіс , тэсілдер қолданылады: ауызша эдістермен қатар, көрнекі қүрал, эсіресі - бояулы суреттер, схемалар, кестелер, аппликациялар, сынып тақтасы қосымша эдебиет т.б. Бірақ та оларды қолдану: 5-6, 7-8, 9-11 сыныптарда түрлдіше.

Тарихи үғымдарды қалыптастыру. Кез келген пэнді, ғылымды білу, меңгеру деген, оның үғымдар жүйесін меңгғру деген сөз. Мектеп қабырғасында оқушылар тарих пэнін жеті жыл оқығанда оларды 300-дей үғым қалыптастырады. Әрине олар тек тарих пэнінің үғымдары емес. Тарихи білімді меңгеруде үғымдарды қалыптастыру маңызды орын алады.

Оқыту барысында тарихи түсінік те үғым да қатар қалыптаса береді. Бірақ айыр- машылығы мынада. Тарихи түсінік эр оқушыда түрліше қалыптасуы мүмкін, ал үғым бэрінде бірдей қалыптасады немесе қалыптасуы тиіс.



Дүниетаным - адамның табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары. Дүниеге көзқарас - ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу.

Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын қүрметтеуге тәрбиелеу;

Тарих курстарының, демек, Қазақстан тарихының да сабақтарында оқытылатын тарихи материалдың бәрі дерлік тәрбиелік мақсатқа пайдалануға колайлы. Өйткені тарих адамзаттың басынан өткізген тарихи-мәдени тәжірибесін, алдымен күндылыктарын оқытып үйретуді мақсат етеді.

Қазакстан тарихының барлык сабактарының алдына белгілі бір тәрбиелік міндет қойылады десек, мұның өзі тарихшы мүғалімге үлкен жауапкершілік жүктеледі деген сөз.

Қазакстан Республикасы азаматтарын тәрбиелеу мәселесі казіргідей мемлекеттік деңгейде колға алынып отырғанда, бұл істе мектеп шешуші орын алатыны белгілі. Бұған барлык пәндер үлес косуға міндетті.

Мұндай маңызды міндетті ойдағыдай орындау, әрине, алдын ала дайындыкты талап етеді. Ол үшін мұғалім өзі сабақ беретін сыныбы аныкталысымен, сонда окытылатын тарих курстарының Мемлекеттік білім стандартымен, оку бағдарламаларымен, окулықтарымен, оқу-әдістемелік кешенімен, баска да құралдармен танысуы тиіс. Егер де сол сыныптағы тарих курсын окыту туралы әдістемелік кұрал болса, онда міндетті түрде курсты окытудағы тәрбиелік міндеттерді жүзеге асырудьщ әдістемелік жолдары немесе жеке сабактардың тәрбиелік міндеттерін жүзеге асырудың әдістемесі қарастырылады. Бұл құралдармен де жаксылап танысып алу кджет. Сабақтың тәрбиелік міндетін толық жүзеге асыру үшін мұғалімге қосымша материалдар пайдалануға тура келеді. Келесі жұмыс— кандай тақырыптарды өткенде кандай қосымша материал қажеттігін аныктап, оларды күнтізбелік жоспар жасағанда арнайы бағанада корсетіп кою.

Ең негізгі жұмыс жеке сабақ жоспарларын жасағанда және сабақты ұйымдастырып өткізгенде жүзеге асады. Сабақтың тәрбиелік міндетін аныктау өтілетін такырыптың мазмұнына байланысты. Кейбір сабакта тарихтың бірнеше жағы: мәселен, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалык жағдайлар, ал ұлт-азаттық козғалыс болса азаттық, тәуелсіздік жолындағы күрес, жеке кайраткерлердің қызметі баяндалады. Мұғалім сабактың тәрбиелік міндетін аныктағаннан кейін, окулыкта берілген материалды саралап, оның сол өткелі отырған сабактың тәрбиелік міндетін қаншалықты жүзеге асыруға жеткіліктігін шамалайды. Егер оқу материалы жеткіліксіз болса, онда қосымша материалды карастырады, оны негізгі оқу материалының кай кезеңінде, кай әдіс, тәсілдің кемегімен пайдаланатынын белгілейді. Қазақстан тарихыан косымша материалдың жеткілікті екенін мүғалімдер жақсы біледі.

Тарих сабағында окушыларды тәрбиелеудің арнайы немесе ерекше әдісі жоқ. Негізінен, бүрыннан белгілі окыту әдіс-тәсілдері: әңгіме, баяндау, әңгімелесу; картаны, түрлі көрнекті құралдарды, тарихи көркем әдебиетті, тарихи құжаттарды, өлке материалын пайдалану; интерактивті әдістер, оқулыкпен, мерзімді баспасөз материалымен жүмыс істеу сияқтылар пайдаланылады. Окушылардың өздігінше аткаратын жұмыстарын ұйымдастырып, ездеріне тәрбиелік мәні бар корытындылар жасату да тиімді.

Осы және басқа да әдіс, тәсілдерді тәрбиелік мақсатқа пайдалануга койылатын негізгі талап — қолданған әдісіміз окушылардың жүрегіне, сезіміне, ішкі жан-дүниесіне эсер етуі, оларды толғандырып, тебірентуі, олар өздерін сол баяндалып түрған оқиғаға катысып жүргендей сезінуі тиіс. Өтіліп жаткан тарихи фактінің, құбылыстың мазмұн-сипатына қарай оқушылар көңілденіп, шаттанып, оларда мактаныш сезімі байқалса немесе олардың қамығып, ренжіп, дұшпанға, шапкыншыға деген жек көру, тіпті, кек алу сезімі пайда болса ғана мұғалімнің тәрбиелік максатта қолданған әдіс-тәсілдері нәтиже берді деуге болады. Өйткені мұғалімнің майын тамыза айткан әңгімесі, тарихи романнан оқылған, баспасөзден пайдаланылған үзінділері, мұғалім әңгімесі бойынша экранда етіп жаткан кадрлар, сәулетгі ғимаратты суреттеп, сипаттаған көркем сөз, оқушылардың белгілі тарихи күжатпен ездігінше жүмыс істеп, өздерінше баға беріп, қорытынды жасауы, ақын-жыраулар, ауыз әдебиеті шығармаларынан келтірілген үзінділер, қайраткерлердің, ғалымдардын, үнтаспа аркылы берілген жігерлі сездері, т.б. окушыларға эсер етеді, оларда терең із қалдырады, оның үстіне осындай әдіс-тәсілдердің көмегімен түсіндірілген тарихи материал оқушылардың есінде берік сакталады.

Күнделікті окытылатын тарихи материалды алдын-ала, әрі қажетті дайындыкпен тәрбиелік максатка тиімді пайдалансақ, жұмысымыз нәтижелі болады. Мұғалім шәкіртімен тығыз ынтымактастык катынас орнатса, олардың жүріс-тұрысын, мінез-құлкын, білімнің өсуін, т.б. ерекшеліктерін үнемі назарда ұстаса, шәкірттерінің тәрбиесінде болып жаткан өзгерістерді өзі де байқайды. ¥стаз бұдан тиісті қорытынды жасай отырып, өзінің осы бағытта жүргізіп жатқан жүмыстарын одан әрі жетілдіре түседі.



Дәл казір мектепте тарихтан сабақ беретін тарихшы мұғалімді коғам кайраткері десе артық емес. Өйткені бір мұғалімнің алдынан бір оку жылында 200-250 окушы етеді. Ал елімізде жиырма мыңға жуык тарихшы мүғалім бар екенін ескерсек, олардан каншама мындаган жастар тәрбие алады. Бұл жастар — коғамның болашак құрылысшылары. Қоғамның тағдыры солардың қолында. Ендеше жас ұрпакты заман талабына сай тәрбиелі етіп дайындау — аса маңызды міндет. Үлы ғүлама ғалым Әл-Фараби айткандай тәрбиесіз білім адамзат жинаған кұндылыкка зиянын тигізеді. Жоғарыда айтылған, маңызды міндетті орындауға тарихшы мүғалім комакты үлес коса алады. Өйткені ол бүкіл адамзат жинаған өркениетті окытып үйретеді.

Тарих білім берудің құрылымы.

5 сынып.


Қазақстан тарихы (элементарлық курс)

Жалпы тарих (элементарлық курс)

6 сынып

Ежелгі Қазақстан тарихы



Ежелгі дүние тарихы

7 сынып


Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы (V – ХVғғ.)

Орта ғасырлар тарихы (V – ХV ғғ.)

8 сынып

Жаңа замандағы Қазақстан тарихы (ХVІғ. – 1918ж)



Жаңа заман тарихы (ХVІғ.- 1918ж)

9 сынып


Қазіргі заман Қазақстан тарихы (1918ж. – 1990ж.)

10 сынып


Қазақстан Республикасының тарихы (1991ж.–бүгінгі күнге дейін)

Қазіргі заман тарихы (1991ж – бүгінгі күнге дейін)

Қатар жүретін пропедевтикалық курстар отандық және дүниежүзілік тарих бойынша қарапайым түсініктер қалыптастыру міндетін орындауы тиіс. Бұл курстарда кейбір жаңа ұғымдар мен терминдер, тарихи уақытты өлшеу негіздері, Қазақстан мен шетелдер тарихының жекелеген тарихи оқиғалары мен құбылыстары оқытылады.

Ұғым – заттар мен құбылыстардың мәнді ерекшеліктерін, байланыстарын және қатынастарын, олардың қарама-қайшылығы мен дамуы үрдісінде бейнелейтін ой формасы, белгілі бір класқа жататын заттардың жалпы және тек соларға ғана тән ерекшеліктерін жинақтап көрсететін ой немесе ой жүйесі. Ғылыми ұғымдар заттар мен құбылыстардың мәнді және қажетті қасиеттерін бейнелейді, ал оны белгілейтін сөз бен таңбалар (формулалар) ғылыми термин болып табылады.

Ұғымдарды реттеу жолдары:


  • Зерттеу тақырыбына сай қажетті ұғымдарды жинақтау, оларды мағынасына қарай бөлу.

  • Олардың мән-мағынасын ашып, білу, түсіну.


Өзіндік бақылау сұрақтары:

1.Негізгі идеялар мен түсініктерге анықтама беріңіз

2.Курстың оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ерекшеліктері неде?

3. Мектепте 8-9 және 10-11 сыныптардағы Қазақстан тарихы курсының құрылымы қандай?



  1. Қазақстан тарихын оқыту процесінде тарихи үғымдарды қалыптастырудеген не?


Дәріс тақырыбы. Кино-фото құжаттарын, кезеңдік баспа материалдарын пайдалану.2 сағат.

Мақсаты. Кино, бейне таспа, Баспадағы тарихи мәліметтермен жұмыс әдістері, баспа мәтіндері Қазақстан тарихы бойынша білім ҚР құжаттары, тарихи қүжаттар, мектептегі тарихи хрестоматиялар коркем әдебиеті, азақстан тарихы бойынша көрнекі құралдарды классификациялау (топтастыру) пәндік көрнекілік, (бейнелеу) суретті көрнекілік, шартты-графикалық (схемалық) көрнекілік оның түрлерін білу ол жайлы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру

Жоспар:

  1. Кино, бейне таспа, Баспадағы тарихи мәліметтермен жұмыс әдістері.

  2. Баспа мәтіндері Қазақстан тарихы бойынша білім (Қазақстан Республикасы құжаттары, тарихи қүжаттар, мектептегі тарихи хрестоматиялар коркем әдебиеті).

  3. Қазақстан тарихы бойынша көрнекі құралдарды классификациялау (топтастыру) пәндік көрнекілік, (бейнелеу) суретті көрнекілік, шартты-графикалық (схемалық) көрнекілік.

Заттарды көріп қабылдау арқылы оқыту үрдісінде оқушыларда бейнелік ұғым қалыптасады. Көрнекі құралдар оқушылардың сабақты қызығып тыңдауын қамтамасыз етеді және материалды түсіну жолдарын оңайлатады. Көрнекі құралдарды қолдануға байланысты былай бөлуге болады :



Табиғи көрнекі құралдар – бұл әлі өзгертілмеген табиғи түрдегі көрнекі құралдар болып табылады, оған: түрлі өсімдіктер, жануарлар мен жәндіктер, олардың коллекциялары, машина, оның детальдары жатады.

Эксперименттік көрнекі құралдар – оған эксперименттік тәжірибелер, лабараториялық жұмыстар жатады.

Көлемдік көрнекі құралдар – оған геометриялық фигуралар, макеттер, тұлыптар жатады.

Бейнелеуші көрнекі құралдар – оған түрлі фотосуреттер, таблицалар жатады.

Техникалық көрнекі құралдар – оған оқу фильмдері, диапозитивтер, диафильмдер, фильмоскоп, эпидоскоптар арқылы көрсетілетін көрнекіліктер жатады. Дыбысты көрнекі құралдардан әр тақырыпқа байланысты, радио, теледидар, үнтаспаны пайдалануға болады. Компьютер.

Символды көрнекі құралдар – географиялық, тарихи, зоологиялық карталар, жоспарлар жатады. (экономикалық, саяси, физикалық, схемалық, тақырыптық, мылқау карталар).

Графикалық көрнекі құралдар – оған, сызбалар, диаграммалар, таблицалар, үлгілер, сызықпен түсірілген бейнелер жатады.

Ішкі көрнекілік – мұғалімнің сөзі арқылы құрылтын бейнелер.

Жалпы көрнекіліктерді қазіргі таңда сыртқы белгілеріне қарай:



Мазмұнына қарай:

  • пәндік, бейнелеуші және шартты-графикалық деп бөледі.

Көрнекілік әдістер екі үлкен топқа бөлінеді. Олар : иллюстрация әдісі және демонстрация әдістері.

Демонстрация әдісі (көрсету) - түрлі құбылыстар, процестер және заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Нысананы көрсету оның сыртқы көрінісінен басталады (көлемі, түсі, формасы, өзара байланысы). Келесі кезекте оның ішкі құрылысы немесе жекелеген құрамы бөлініп көрсетіледі. Демонстрациялау көбінесе оқушылардың іс тәжірибелік оқу әрекетімен ұштаса жүргізіледі. Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың оқу материалын жеңіл әрі терең ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың ойлау әрекетін жандандырып, қосымша ақпараттар береді. Демонстрациялық көрнекі құралдарға :

  • Экранды және экранды дыбыстық : ( техникалық оқыту құралдары), оқу киносы, диапозитив, диафильм, радио, үнтаспа, киноскоп, кинопроектор, диапроектор, эпипроектор, графопроектор, эпидоскоп, теледидар, видеофильм, компьютер (мультимедиа) секілді техника құралдары қолданылады.

  • Заттар мен құбылыстарды қажеттігіне сай табиғи ортада көрсетуге болады, онда табиғат, оның құбылыстары, жан-жануарлар, өсімдіктер, ауылшаруашылығы техникалары, өндіріс құралдары, заттардың муляждары, макеттер, модальдер, экспонаттар қолданылады.

Оқытудың көрсету құралдарын қолдануға қойылатын талаптар :

  • көрсету құралымен жұмыс жасай білу керек.

  • көрсету құралдары, көрсетілетін заттар пайдалануға дайын болу керек.

  • көрсетіліп отырған материал барлық оқушыға көрінетіндей болу керек.

  • көрсету құралдарымен жұмыста техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау керек.

  • көрсету құралын сабақ барысында қажетті уақытта ғана қолдану керек.

  • сабақ барысында көрсету құралдарын 10-15 минут шамасында ғана қолдану керек.

  • Қолданылатын көрнекіліктер оқушының жас ерекшелігіне сай болу керек.

Иллюстрация әдісі – демонстрация әдісімен тығыз байланысты. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды көрсетуде қолданады. Бұл әдістің нәтижелі болуы оның қолдану тәсілдерін оқытушының қаншалықты меңгергеніне байланысты болып келеді. Ол арқылы оқу материалын табысты игеріп, ғылыми ұғымдарды жеңіл меңгеруге септігін тигізеді. Иллюстративті құралдарға:

  • Бейнелеушілік: картиналар, аппликациялар, суреттер, тақтаға жазу, сызу, шиырмалар, плакаттар жатады.

  • Шартты-графикалық: карталар, сызбалар, графиктер, таблицалар, планшеттер, картасхемалар жатады.

  • Таратпа материалдар: карточкалар, перфокарталар, оқу лотолары, суретті-карточкалар, шығармашылық үлгідегі тапсырмалар.т.б жатады.

Қандай ғылымда болмасын өзінің ұғымдары болады.

Ұғым – заттар мен құбылыстардың мәнді ерекшеліктерін, байланыстарын және қатынастарын, олардың қарама-қайшылығы мен дамуы үрдісінде бейнелейтін ой формасы, белгілі бір класқа жататын заттардың жалпы және тек соларға ғана тән ерекшеліктерін жинақтап көрсететін ой немесе ой жүйесі. Ғылыми ұғымдар заттар мен құбылыстардың мәнді және қажетті қасиеттерін бейнелейді, ал оны белгілейтін сөз бен таңбалар (формулалар) ғылыми термин болып табылады.

Ұғымдарды реттеу жолдары:

  • Зерттеу тақырыбына сай қажетті ұғымдарды жинақтау, оларды мағынасына қарай бөлу.

  • Олардың мән-мағынасын ашып, білу, түсіну.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1.Кино, бейне таспаны қазақстан тарихы сабақтарында қалай пайдалануға болады?

2.Қазақстан тарихы бойынша тарихи қүжаттар, мектептегі тарихи хрестоматиялар коркем әдебиетпен жұмыс түрлері қандай?

3.Қазақстан тарихы бойынша көрнекі құралдарды классификациялау (топтастыру) пәндік көрнекілік, (бейнелеу) суретті көрнекілік, шартты-графикалық (схемалық) көрнекіліктерге сипаттама беріңіз.


Дәріс тақырыбы. Қазақстан тарихы сабағы.3 сағат.

Мақсаты: Қазақстан тарихы сабағы, оған қойылатын талаптар, сабақты ұйымдастыру , Қазақстан тарихы сабағыиың типтері, сабақ жоспарын құру, Қазақстан тарихын оқытудыц дәстүрлі емес түрлері жайлы білімді меңгерту

Жоспары.

  1. Қазақстан тарихы сабағы- мектепте оқытуды ұйымдастырудың түрі.

  2. Қазақстан тарихы сабағына қойылатын талаптар.

  3. Ұғымдардың ара-қатынасы: сабақты ұйымдастыру жайы, сабақты ұйымдастыру ережесі, Қазақстан тарихы сабағына қойылатын талаптар. Қазақстан тарихын оқытудың дидиктикалық принциптері.

  4. Қазақстан тарихы сабағыиың типтері. Сабақ жоспарын құру әдістсрі.

  5. Қазақстан тарихын оқытудыц дәстүрлі емес түрлері.

Қазақстан тарихы сабағы- мектепте оқытуды ұйымдастырудың түрі.

Қазақстан тарихы сабағына қойылатын талаптар:

  • Тақырыпқа сай болуы тиіс;

  • Мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сай болуы тиіс;

  • Оқу бағдарламасының тақырыптарына негізделген болуы тиіс;

  • Сабақ мазмұнын ашатындай, ғылымилық тұрғыдан ұйымдастырылған болуы тиіс;

  • Оқытушының шығармашылық еңбегңне байланысты болуы тиіс

  • Бүгінгі күнмен байланысты болуы тиіс

  • тақырыпты ашуға керекті мәліметтерді іріктеу, оқуға керекті тірек білімдерді анықтау;

  • негізгі материалды, дәлірек айтсақ сабақтан оқушы түсініп, есінде қалу керек мәліметтерді анықтау;

  • сабақтың құрылымын, типін, мақсатқа жеткізетін әдіс-тәсілдерін белгілеу;

  • тақырыптағы мәліметтердің басқа тақырыптағы мәліметтермен байланысын ашу;

  • сабақтың барлық кезеңінде мұғалім мен оқушылар атқаратын жұмыстарды, әсіресе жаңа білімдер мен іскерліктерді меңгеру кезеңдегі жұмыстарды анықтау

  • Оқушыларға өз білімдерін өзгерген жағдайларда қолдандыру;

  • сабаққа керекті дидактикалық құралдарды, атап айтсаң, кино және диафильмдерді, суреттерді, плакаттарды, карточкаларды, сызбаларды, көмекші әдебиеттерді және басқаларды іріктеу;

  • тарихи құжаттармен жұмыс

  • тарихи танымды ашу

  • тарихи білімнің бүгінгі таңдағы тарихи білім беруге қойылатын талаптарға сай келуі т.б.

Сабақ құрылымы - сабақ кезеңдерінің жүйелі құрылып, бөлімдерінің үйлесуіп келуі.

Кіріспе және жаңа материалды игеру сабағы

Сабақтың міндеттері. Кіріспе сабақ оқушыларға алдыңғы курстарда алған негізгі білімдерін жаңғыртып, тарихтың жаңа курсының негіздеріне жалпы сипаттама беруі тиіс. Кіріспе сабақтың мазмүнында оқушылардың жаңа тақырьшты игеруіне көмектесетін мақсаттардың болғаны дүрыс. Қажет болған жағдайда мүғалім бүл сабақта оқушылардың базалық білімін, негізгі дағдыларын айқындайды.

Жаңа материалды игеру типіндегі сабақтардың мынадай түрлерін атауга болады: материалды мүғалімнің мазмүңцау сабағы; мектеп дәрісі; саяхат сабақ; киносабақ; оқушылардың хабарламалары мен баяндамаларына арналған сабақ. Жаңа материалды игеру сабагында оқу әрекетінің бүл түрлері басым болып келеді және сабақтың едәуір бөлігін қамтиды. Ал бекіту, қайталау, оқушылар білімін тексеруге аз уақыт, аз көлем бөлінеді. Көбіне мүндай сабақтар алдыңгы сабақтармен байланысы жоқ тақырыптарды оқыи үйреыгенде немссе күрделі үғымдары мен түсініктсрі мол тақырыптарды түсіндіргенде колданылады.



Аралас сабақ және оның құрылымы.

  • Ұйымдастыру кезеңі

  • Үй тапсырмасын сұрау

  • Сабақтың мақсатын қою

  • Жаңа тақырыпты түсіндіру

  • Оқу материалымен жұмыс

  • Оқушы білімін бақылау, бағалау

  • Сабақты қорытындылау, бекіту

  • Үйге тапсырма беру

  • Сабақты аяқтау

Білімді тексеру, есепке алу және бақылау сабагы

Бақылау сабағы тақырът немесе бөлім бойынша кезендік бақылау жүргізіп жөне оқушылар біліміндегі ақаулықтарды анықтау үшін еткізіледі. Бүл жүмыс тарихи диктант немесе тестілеу, синхронды салыстырмалы кесте қүрастыру, кескін карта толтыру сияқты тәсілдерді қүрайды. Бақылау мақсатында мүғалім түсіндірген немесе сабақ үстінде оқып үйренген материал бойынша жазбаига сүрау жүргізгеп тиімді. Оқуіпыларга жазба жүмысты оқулық мәтінімен салыстырып, өз қатесін анықтау қызықты болмақ. Мысал келтірейік; "1920-1930 жылдардағы біздің ел" тақырыбына екі сағат бөлінген. Бірінші сабақта оқушылардың жартысы тапсырманы жазбаша, ал екінші бөлігі ауызша орындайдьі. Екінші сабақта өрекет сипаты езгереді. Жазбаша тапсырма бірнеше нүсқада беріліп, Қүжатпен жүмыс, тестілеу, кескін картамен жүмыс, үғымды түсіндіру сияқты тапсырмаларды қүрайды.

Бұл жерде білімді жинақтау емес, оны анықтау жөне бағалау міндеті қойылады. Бүл сабақ тақырып бойынша мүғалімнің кіріспе сөзімен басталады. Жан-жақты әңгімелеу барысында оқушылардың жауабын жолдастары тольіқтырьт немесе түзегіп отырады. Жазбаша жүмысты тексеруде мүғалім тесті талдайды немесе тапсырма нүсқаларын белгілеп, үлгілердің жауабын ойластырады. Жазбаша жүмысты мүғалім кейінгі сабақтарда тексеріп бағалайды немесе окушылар бір-бірінің жүмысына пікір айтады.

Егер мүғалім оқушылардың тақырыпты қалай меңгергенін тексергісі келсе, негізгі сүрақтардан бірнеше тақырыпты жазбаша жауап беру үшін оқушылардың өздеріне таңдатады. Парталастар бір-бірінен көшірмес үшін оларға өртүрлі нүсқадағы тапсырма беріледі. Жүмыс барысында оқушылардың қандай мәселелерді ескермегендігі анықталады. Мүғалім ол олқылықтарды келесі сабақтарда жоюға тырысады.

Әңгіме және өзара сүрақ. Жан-жақты әңгімелеуді үйымдастыру кезінде сүрақтардың мазмүны мен өңгімені жүргізудің техникасына назар аудару керек. Бүкіл сыныптағы оқушылардың жүмысқа белсенділігін арттыру үшін мүғалім оларға сүрақ қойып, ойлануға аз гана уақыт береді. Содан соң оқушыны жауап беруге шақырады. Оқушылардың ес, ойлау жөне зейін лроцестерін іске қосу үшін мугалім "Қане, еске түсірсйік", "Сеіщср қалай ойлайсыңцар?" "Осылай деген дүрыс па?" деген сүрақтар қояды.

Жауаптағы қателерді өңгімелесу барысында мүғалім немесс оқушылардың өздері түзетіп отырады. Қажет болған жағдайда мүғалім қосымша сүрақтар қояды. Жоспардың әрбір пункті бойынша мүғалім қорытынды жасайды. Әңгімелесу сүрақтары мазмүны жағынан қысқа, ғылыми көзқарас түрғысынан дәл, дидактикалық түргыдан одай жәнс корнекті болуы тиіс.

Әңгімелесу тарихи дсректерді салыстыруга, олардың өзара байланысын анықтауға, басты мазмүнды анықтап, оқушылардын белгілі бір түжырым жасауына көмектесуі тиіс. Әңгімелесу оқушылардың ойлауын ынталандырып, оларды алға қойған міндетгерді шешуге үмтылдырады. Дайындығы жогары сыныптарда оқушылар жинақтауды ез беттерінше жүргізе алады. Ал, дайьіндығы темен сьшьштарда мүғалімнің өзі қысқаша қорьпынды жасап, баға қояды.

Сабақ барысында оқушылардың өзара сүрак, қою төсілі де қолданылуы мүмкін. Ол үшін мүғалім тақырып бойынша сүрақтар мен тапсырмалар түзуге үй тапсырмасын береді. Сабақ қарсаңьшда ол сүрақтар мен талсырмалар тексеріліп, түзетіледі. Сүрақ беруші оқушы оның жауабын өзі білуі тиіс, өйтпесе жауапты түзетіп, бағалай алмайды. Сабақта жақсы дайындалған бір немесе бірнеше • оқушы тақтаға шақырылады (одарға ойлануға біршама уақыт беріледі). Мүгалім атаған оқушылар кезегімен сүрақ қояды. Сол кезегімен жауап беріледі. Тақтадағы бір оқушы жауап берсе, екінші оқушы жаңа сүраққа дайындалып түрады. Бүндай езара сүрақ беру жарысын екі оқушының арасында немесе бүкіл сынып оқушыларын қатыстырып өткізуге болады.



Білімді білік және дағдыларды қолдану сабағының құрылымы:

• сабактың басын үйымдастыр

- оқушыларға сабақтың тақырыбын және оның алдында тұрған міндеттерді айту;

• іскерлікті қалыптастыруға керекті жаңа білімдерді оқып-үйрену;

• біліктілікті бірнеше рет үйрету, жаттықтыру, үлгілер бойынша жүмыс істету;

• білімді және біліктілікті шығармаіпылықпен қолдану;

• дағдыларды бекіту үшін жаттығулар беру;

• үйге тапсырма;

• оқушылардың жүмыстарына баға беру және сабақты қорытындалау.

Білім, іскерлік және дағдыларды дамыту сабақтарының құрылымы.

• оқу жұмысының маңсатын оңушыларға хабарлау;

• оқушылардың тапсырманы орындауға керекті білім, іскерлік, дағдыларын естеріне түсіріп қолдануы;

• оқушылардың түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындауы;

• олардың орындаған жүмыстарын тексеру;

• қателерді талдау және оларды түзету;

• қажет жағдайда үйге тапсырма беру;

Қайталау сабағы. Бүл сабақтардың максаты - оқушылардын, білімдерін еске түсіру және кеңейту.



Қайталау сабағының қүрылымы:

• ұйымдастыру бөлімі;

• білімдік, төрбиелік, дамыту міндеттерін қою;

• негізгі үғымдарды, онымен байланысты біліктілік, дағдыларды (тәжірибелік және аңыл-ой) ңайталау үшін үйге берілген тапсырманы тексеру. Келесі сабақтарда қайталанатын материалдарды анықтау, оларды үйге беру; • тексерудің нәтижесін шығару, сабақ үстіндегі оқу жұмысының нәтижелерін тексеру;

• үйге тапсырма.

Іскерлік және дағдыларды қалыптастыру сабағының құрылымы:

• сабақтың мақсатын ңою;

• жаңа іскерлік, дағдыларға керекті бүрынғы іскерлік, дағдыларды қайталау;

• бүрынғы іскерлік, дағдыларды тексеру үшін оқушыларға тапсырма беру;

• жаңа іскерлікпен таныстыру, жасап көрсету;

• жаңа іскерлікті меңгеру үшін оңушыларға түрлі жаттығулар жасату;

• іскерлікті шыңдап, бекіту үшін жаттықтыру жүмыстарын жүргізу;

• үлгі, алгоритмге, нүсқау бойынша машықтану;

• іскерлік пен дағдыны үқсас жағдайларда қолдануға жаттығу;

• шығармашылық жаттығулары;

• сабақтың қорытындысы;

• үйге тапсырма.

Қазіргі кезде білім беру үрдісінде оқу іс-әрекетінің жаңа түрлері , дәстүрлі емес сабақтар қолданылуда.

Дәстүрлі емес сабақтар – арнайы құрылымы жоқ сабақтар. арқылы педагогикалық ойлардың дамуын, мектептегі демократияландыру бағыттарын анықтауға болады. Дәстүрлі емес сабақтарлдың көптеген типтері , түрлері, өзіндік мақсаты, міндеті, әдістемесі болады. Олар оқушының қызығушылығы мен еріктеріне сай құрылады. Осындай сабақтар арқылы оқушы танымын жаңаша ашып, тұлғалық дамуын қалыптастыруға , ой –толғамдарын ашу , ізденістерін дамыту шараларын да дәстүрлі емес сабақтар арқылы жүргізуге болады.

Дәстүрлі емес сабақтар қайталау, қорытындылауға арналған тренингтер, оқу процесін бақылау сабағы, кіші мектеп оқушыларының дамуын диагностикалау , балалардың логикалық ойлауын дамытуға арналған сабақтар т.б. Дәстүрлі емес сабақтардың мағынасы мынада :

А) Оқушылардың таным белсенділігін көтеру . Оқу сабақтарына қызығушылығын арттыру.

Б) Оқушылардың белсенділігін, шығармашалығын дамыту.

В) Оқушының үнемі ізденуіне жол беріп , шығармашылық әрекетін қалыптастыру.

Г) Оқушылардың шаршауын болдырмай, оқу –тәрбие үрдісінде оларға қолайлы жағдай жасау.

Д) Іскерлік дағдыларының қалыптасуына жағдай жасау, саналылық ұстамының талаптарына сай, білімге деген саналы көзқарасты дамыту, қабілеттерін ашу.

Дәстүрлі емес сабақтың түрін әртүрлі мақсаттарға орай таңдап алады: Оқушылардың жас ерекшеліктеріне,оқушылардың дайындық дәрежесіне, дүниетанымына, жеке психологиялық ерекшеліктеіне т.б.

Дәстүрлі емес сабақтардың әдістері соңғы шығармашылық ізденістен туындаған дәстүрден тыс әдіс-тәсілдердің жүйелі бірлігі, жоғары белсенділікті туғызу әдістері болып табылады.

Мысалы : Тірілген туынды, көңіл-күйді көшіру, ұстап тану, ауада сурет салу, ауызша сурет салу әдістері оқушылардың бойында шығармашылық ізденіске деген құштарлықты арттырып, өзіндік бейне , өзіндік іс-әрекет жобасын құруға мүмкіндік жасайды. Дәстүрлі емес сабақтардың мынандай түрлері бар : ойын- семинар, не?қайда? қашан? , брейн-ринг, ғасыр лидері ,ойындар мерекесі, логикалық марафон, тренингтер т.б.Дәстүрлі емес сабақтардың 45 тен астам түрлері бар: КВН сабағы. Ойын сабағы, сот сабағы, дебат сабағы, блок сабағы, ертегі сабақ, театрланған сабақ т.б.



Өзіндік бақылау сұрақтары.

  1. Қазақстан тарихы сабағы, оны ұйымдастыру ерекшеліктері қандай?

  2. Қазақстан тарихы сабағына қандай талаптар қойылады?

  3. Қазақстан тарихы сабағыиың типтеріне сипаттама беріңіздер

  4. Қазақстан тарихын оқытудыц дәстүрлі емес түрлеріне сипаттама беріңіздер

  5. Сот сабағының жоспарын құрастырыңыздар.


Іс-тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар мен жоспарлар



Іс-тәжірибе сабақтардың мақсаты:

Семинар студенттермен жұмыс істеудің дәстүрлі формасы, студенттердің кәсіби біліктілігі мен дағдыларын дамытып, дерек көздерін жеткілікті меңгеруге мұмкіндік туғызады. Ұсынылып отырған сабақтардың тақырыбы мен мазмұны білім стандартына сай келеді.



Іс-тәжірибе сабақтардың міндеттері:

  • Пән бойынша лекцияларда алған білімдерін бекіту, тереңдету және кеңейту

  • Теориялық материалды тереңдетіп оқыту, пән бойынша алған білімдерді жүйелеу

  • Тұрлі тарихи деректерді саралай отырып жалпы теориялық білімді нақтылай тусу

  • Сту денттердің тархи әдістермен , ғылыми мақалалармен өздігімен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру , көпшілік алдында сөйлеу, өз көзқарастарын қорғау, дағдылары қалыптасады

1 Іс-тәжірибе сабағы. 1 сағат.



Тарих пәнінің жоспарлары мен бағдарламалары.

Іс-тәжірибе сабағының мақсаты: Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі Қазақстан тарихы және Әлем тарихы пәндері бойынша оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары туралы білім-біліктерін қалыптастыру.

Әдістемелік нұсқау: Қазіргі қоғам оқытушылардан үздіксіз, жүйелі де берік білім беруді іске асыру міндетінің орындалуын талап етуде. Әр мұғалім осы бағытта оқу үрдісінің жалпы мазмұнын білу, кәсіби терең білімнің болуы және білім беру құжаттарымен жұмыс істей білу талаптарын орындап, іске асыра білуі шарт. Студенттер Қазақстан Республикасы Жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа ала отырып, мазмұнымен танысуы қажет және оқу үрдісін ұйымдастырудағы оқу бағдарламаларымен танысу, тәжірибеде қолдану.

Білім беруді анықтайтын құжаттарға: білім стандарты, оқу жоспары, оқу бағдарламалары, оқулықтар жатады. Оқу үрдісін ұйымдастыратын әрбір оқытушы аталған құжаттармен жұмыс істей алуы керек. Себебі олар білім алудың негізгі құралдары болып табылады.



Студенттердің жұмыс түрлері:

  1. Тарих пәндері бойынша білім беру стандартының мазмұнымен танысу.

  2. Стандарт бойынша оқушылардың Қазақстан тарихы бойынша және Әлем тарихы бойынша білім-білік дағдыларын жазу.

  3. Пән бойынша типтік оқу, оқу жұмыс бағдарламаларымен танысу, тәжірибеде қолдану.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы Білім беру Заңы. А., 2007ж.

  2. Қазақстан Республикасы білім беру концепциясы.

  3. ҚР Жалпыға міндетті білім беру стандарты. А., 2000.

  4. Қазақстан тарихы пәні бойынша типтік бағдарлама. А., 2006.

  5. Әлем тарихы бойынша типтік бағдарлама. А.,2006.

2 Іс-тәжірибе сабағы. 1 сағат.



Тарихты оқытуда белсенді және инновациялық әдістерді қолдану.

Іс-тәжірибе сабағының мақсаты: Тарих пәнін оқытудағы нәтижелі, сапалы білім көзі- интерактивті және инновациялық әдіс-тәілдерді білу, оны тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Әдістемелік нұсқау: Тарих пәні бойынша студенттің таңдауы бойынша келелі тақырып алынып, ол бойынша ойын түрлерін қолдану әдістемесінің жоспарын әзірлеу қажет, ның презентациясын әзірлеу.

Оқытудың ойындық формасына кіретін әдістерге – ролдік ойындар, конкурстар, жарыстар, тренингтер, интеллектуалдық шолулар, брейн – ринг т.б. іс-шаруалар өз кезегінде оқушылардың осы пәнге деген ынтасын арттырары сөзсіз. Қолданылатын ойын атауларын тізбелесек, олар: «Тарихи шынжыр», «саяхат», «Жас деректанушы», «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Проблемалық полемика», «Тестік конкурс», «Тарихи сахналық қойылымдар», т.б.



Студенттердің жұмыс түрлері:

  1. Тарих пәні бойынша сабақта ойын түрлерін қолдану әдістемесін көрсету:

  • іскер ойын;

  • рөлді ойын;

  • дебат;

  • танымдық-шығармашылық ойындар;

  • дамыта-оқыту ойындары т.б./

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Б. Әбділғұловп «Қазақстан тарихын оқытудың кейбір мәселелері», ||Қазақ тарихы №2, 2005ж.

  2. А. Қайдарова «Инновациялық тәжірибе ерекшеліктері», ||Қазақстан мектебі №1, 2005ж.

  3. Батталханова Е. «Инновациялық іс-әрекетке мұғалім даярлау жолдары», ||Қазақстан мектебі №3, 2002ж.

  4. Әбділғұлова Б. «Қазақстан тарихы сабақтарындағы танымдық тапсырмалар», ||Білім берудегі менеджмент №1, 2002ж.

3,4 Іс-тәжірибе сабағы. 2 сағат.



Тарихты оқытуда көрнекілік құралдарын пайдалану.

№3,4 Іс-тәжірибе сабатарының мақсаты: Білім берудің жаңа талаптарына сай тарих сабақтарын дидактикалық-көрнекілік жағынан қамтамасыз ету ерекшеліктері мен жолдарын қарастыру.

Әдістемелік нұсқау:



  • Білім берудің жаңа талаптарына сай тарих сабақтарын дидактикалық-көрнекілік жағынан қамтамасыз ету ерекшеліктерін анықтау.

  • Дидактикалық – көрнекі құралдардың қызметімен таныстыру.

  • Олармен жұмыс істеу жолдарын көрсету.

  • Оқу үрдісін ұйымдастыру барысында оларды басшылыққа алу міндеттілігін түсіндіру.

  • тарих сабақтарын дидактикалық-көрнекілік жағынан қамтамасыз ету, жабдықтау жолдарымен таныстыру, көрсету.

  • Дидактикалық-көрнекі құралдардың маңызына тоқталу.

Студенттердің жұмыс түрлері:

  1. Тарихты оқытуда көрнекілік құралдарын пайдалану әдістемесін меңгеру.

  2. Тарих кітаптарындағы иллюстарциямен жұмыс істеу тәсілдері.

  3. "Картаны оқу" шеберлігі картамен жұмыс істеу методикасы.

  4. Өз қолдарымен түрлі көрнекіліктер жасау.

Тарихты оқытуда көрнекті құралдарды және компьютерлік техниканы пайдалану.

Студенттердің жұмыс түрлері:



  1. Техникалық құралдарды тарих сабағында қолдану әдістемесін меңгеру.

  2. Тарихты оқытуда компьютерлік техниканы пайдалану жолын меңгеру.

  3. Электрондық оқулықтар, Он-лайн жүйесін оқу үрдісіне енгізу мәселелері.

Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Короткова М.В. Наглядность на уроках истории. М.,2000.

  2. Штейнберг В.Э. « Семантические фракталы Штейнберга» для технологий обучения.// Школьные технологии, 2002, №1, стр. 204.

  3. Дмитриев А.Е., Дмитриев Ю.А. Тренинговые и контрольные занятия по дидактике. – М.: Флинта: Наука, 1998.

  4. Төлебаева Т. Тарихи білім беру – жаңа кезеңде. ||Қазақ тарихы №4, 1995ж.

  5. Тұрлығұл Т. «Тарихи таным және тәрбие», ||Қазақ тарихы №3, 2002ж.

  6. Әзішбаева Г. «Тарих сабағын жетілдірудің кейбір жолдары», ||Қазақ тарихы №2, 2003ж.

5 Іс-тәжірибе сабағы. 1 сағат.



  1. Тарих сабақтарында тарихи мәліметтер мен құжаттарды пайдалану.

Іс-тәжірибе сабағының мақсаты: Тарих сабақтарындағы теориялық материалды баяндаудағы мәліметтер мен дерек көздерін, құжаттарды қолдану әдістемесін меңгеру.

Әдістемелік нұсқау: Тарих пәні бойынша тақырып таңдап, хрестоматия бойынша құжаттарды қолдану әдістемесін меңгеру керек, оны тәжірибеде қолдану.

Студенттердің жұмыс түрлері:

1.Тарихи құжаттар мен мәліметтерді зерттеу методикасын меңгеру..

2.Мәліметті конспектілеу. Тарихи мәліметтердің сипаты: авторы, жасалу уақыты, жанры, негізгі идеялары, тақырыптары мен көркемдік ерекшеліктерін анықтау.

3.Тарихи мәліметтермен, құжаттармен жұмыс істеу оқушылардың зерттеушілік дағдысын калыптастырып, анализдеуге (сараптауға) үйретеді, ойлау қабілетін жетілдіру.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Төлебаева Т. Тарихи білім беру – жаңа кезеңде. ||Қазақ тарихы №4, 1995ж.

  2. Тұрлығұл Т. «Тарихи таным және тәрбие», ||Қазақ тарихы №3, 2002ж.

  3. Тұрсын Хазретәлі. Тарихты оқыту әдістемесі. Оқулық.

№ 6 Іс-тәжірибе сабағы. 1 сағат.



Тарихты оқыту жұмыстарын ұйымдастыру формалары.

Іс-тәжірибе сабағының мақсаты: Тарих пәндері бойынша тақырыптық сабақ жоспарын құру, әзірлеу, құрылымын меңгеру.

Әдістемелік нұсқау: Тарих пәндері бойынша , студенттердің таңдауы бойынша тақырып алынып, тықырып бойынша сабақтың тақырыптық жоспары жасалынады. Онда негізгі басшылық оқу бағдарламасы, оқулық, күнтізбелік-тақырыптық жоспар алынады.

Студенттердің жұмыс түрлері:

1. Тақырыптық сабақты жоспарлау.

2. Сабақтың жұмыс жоспары мен оның негізгі компоненттері.

3. Тарих сабағының дидатикалық жабдықтары.


  1. Сабақ жоспарларын әзірлеу:

    • Мұғалім баяндаған жаңа материалды түсіну сабақтары.

    • Дағды мен шеберлікті қалыптастыру білімділікті тексеру сабақтары. Жалпылама немесе қайталама- жалпылау сабақтары.

    • Білімділік пен шеберлікті тексеру сабақтары.

    • Семинар сабақтар.

    • Ықпалдастық сабақтар т.б.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Короткова М.В., М.Т. Студеникин. Методика обучения истории в схемах, таблицах, описаниях. М.,1999.

  2. Актуальные вопросы методики обучения истории в среднй школе./ под ред. А.Г. Колоскова . М.,1984.

  3. Дайри Н.Г. Как подготовить урок истории? М.,1969.

№ 7 Іс-тәжірибе сабағы. 1 сағат.



Тарихты оқыту әдістері мен әдістемелік тәсілдер.

Іс-тәжірибе сабағының мақсаты: Тарих пәндері бойынша оқыту әдістері мен әдістемелік тәсілдерді меңгеру іскерліктерін қалыптастыру.

Әдістемелік нұсқау: Студенттер сабақта салыстырмалы әдіс бойынша Ауызша оқу әдістері, Практикалық әдістер, Көрнекілік әдістерді жалпылама белгілер және айырмашылықтары бойынша анықтау, Венн диаграммасын шығару.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Адамбасынов К. «Разработки уроков по инновационным технологиям», ||История Казахстана №1, 2004г.

  2. Нысанбаева Н. «Тарих сабағаындағы әңгімелесу методы», ||Қазақ тарихы № 9, 1991ж.

  3. Г. Сайшыбаева «Модульдік сабақ», ||Бастауыш мектеп №5, 2005ж.

  4. Әбілдаев Е. Педагогикалық практиканың рөлі. ||Қазақстан мектебі №11,№12 2005ж

  5. Т. Қариева «Жаңашылдық керек», ||Қазақстан мектебі №12. 2003ж.

  6. Ғ.Кертаева «Дамыта оқыту идеясын жүзеге асыру», ||Қазақстан мектебі №6, 2002ж.

№ 8 Іс-тәжірибе сабағы. 1 сағат.



  1. Антикалық және ежелгі дүние тарихын оқытудың ерекшеліктері.

Іс-тәжірибе сабағының мақсаты: Студенттерге антикалық және ежелгі дүние тарихын оқыту әдістемесін меңгерту.

Әдістемелік нұсқау:5-6 сыныптың ежелгі дүние тарихы оқулығы бойынша оқу материалымен және жұмыс дәптерлерінің мазмұнымен танысу, пән бойынша оқу-әдістемелік жұмыстарды өз таңдаулары бойынша ұйымдастыру.

Студенттердің жұмыс түрлері.

1. Студенттердің таңдауы бойынша төмендегі ұсынылған тақырыптар бойынша оқу әдістемесін құру:

Алғашқы деректі қолдану. Эгей әлемінің пайда болуы мен құлауы, крит, треон және микен мәдениетінің гүлдену кезеңі, полистер әлемі мен оның күйреуі, эллиндік дөуірдегі Жерорта теңізі. Ұлы Рим державасының қалыптасуы, рим республикасының дағдырысы мен құлауы, принципат дөуіріндегі императорлық Рим, 3-ші ғасыр дағдарысы мен доминат кезеңі. Классикалық Рим қүқықтары. Императорлық Рим архитектурасы.



  1. Тәрбиелеу мақсаттарында ежелгі Рим кейіпкерлерін үлгі ретінде пайдалану.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Төлебаев Т., Құсайынова Р., Дәкенов М.Ежелгі дүние тарихы. Жалпы білім беретін орта мектептің 5,6 сыныптарын арналған оқулық. А., 2006.

  2. Андюсев Б.Е. История древнего мира. Материалы к учебному курсу: опорные конспекты. //История. 1996г. № 31. с. 8-13.

  3. Андюсев Б.Е. Оппорные конспекты по истории древнего мира.: 5 кл. Пособие для учителя. М.: Гум. Изд. Центр ВЛАДОС, 1999 г.

  4. Аппарович Н.И., Борзова Л.Г., Драхлер А.Б. Из рабочей тетради по истории древнего мира. //История. 1997 г. № 39 с-6.

№ 9 Іс-тәжірибе сабағы. 1 сағат.



  1. Орта ғасырлар тарихын оқыту ерекшеліктері.

Іс-тәжірибе сабағының мақсаты: Студенттерге орта ғасырлар тарихын оқыту оқыту әдістемесін меңгерту.

Әдістемелік нұсқау:7-8 сыныптың орта ғасырлар тарихы оқулығы бойынша оқу материалымен және жұмыс дәптерлерінің мазмұнымен танысу, пән бойынша оқу-әдістемелік жұмыстарды өз таңдаулары бойынша ұйымдастыру.

Жоспар:


1.Төмендегі ұсынылған тақырыптар бойынша оқу әдістемесін құру:

Ерте ортағасыр, ортағасырлық гүлдену кезеңі. Орталықтанған мемлекеттердің пайда болуы. Орталық Еуропадағы феодалдық күйреу. Батыс Еаропа мәдениеті. Ұлы географиялық ашулар және отарлық шапқыншылық. Еуропа елдерінің кейінгі ортағасыр тарихы. Еуропа елдерінің экономикалық , әлеуметтік және моделі дамуындағы түбегейлі өзгерістер, ерте капиталистік қатынастардың пайда болуы. Англия, Германия, Франция мемлекеттік құрылымындағы түбегейлі озгерістер. Реформация, контрреформация, қайта өрлеу сияқты жалпы еуропалық процестер. Еуропалық және Азиялық аймақтардағы экономикалық жөне саяси дамуға географиялық және климаттық ерешеліктердің ықпалы.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Орта ғасырлар тарихы. Жалпы білім беретін орта мектептің 7-8 сыныптарын арналған оқулық. А., 2006.


№ 10 Іс-тәжірибе. 1сағат.

Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі.

Іс-тәжірибе сабағының мақсаты:

Мектепте және орта арнаулы оқу орындарында Қазақстан тарихын оқыту әдістемесін меңгеру, оны тәжірибеде қолдану.



Әдістемелік нұсқау: Қазақстан тарихын оқытудың мақсаттары, міндеттері, базалық білім-білік, негізгі талаптарды меңгеру.
№ 11 Іс-тәжірибе. 1 сағат.

Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің қалыптасуы және оның қазіргі жағдайы.

Іс-тәжірибе сабағының мақсаты:

Қазіргі білім беру ордаларындағы Қазақстан тарихының оқытылуы, әдістемелік жағынан қамтамассыз етілуі, БҰТ-ке Қазақстан тарихы пәні бойынша дайындық мәселесі туралы студенттердің білімдерін тексеру.



Әдістемелік нұсқау: Дөңгелек-стол басында «Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің қазіргі жағдайы» мәселесін талқылауда ҚР Конституциясы, «Мәдени мұра» бағдарламасы, ҚР Білім туралы Заңы негізінде өзекті мәселелерді талқыға салыну қажет.

  1. Дүйсембінова Райфа «Жаңашылдық талапыныстары», ||Қазақстан мектебі №7. 2002ж.

  2. Г.Жақыпбекова «Оқыту үрдісінің кейбір мәселелері», ||Қазақстан мектебі №10, 2003ж.

  3. Батталханова Е. «Инновациялық іс-әрекетке мұғалім даярлау жолдары», ||Қазақстан мектебі №3, 2002ж.

  4. Т. Тұрлығұл «Жаңа оқу жылындағы жаңашыл қандай?», ||Қазақ тарихы №3, 2005ж.

  5. Жусанбаева Г. «Траих пәнін оқыту сапасы» ||Қазақ тарихы №4, 2005 ж.

12 Іс-тәжірибе. 1 сағат.

Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық оқытудың ерекшеліктері.

Іс-тәжірибе сабағының мақсаты: Студенттерге ежелгі және орта ғасырлар тарихын оқыту оқыту әдістемесін меңгерту.

Әдістемелік нұсқау: 7-8 сыныптың Қазақстанның орта ғасырлар тарихы оқулығы бойынша оқу материалымен және жұмыс дәптерлерінің мазмұнымен танысу, пән бойынша оқу-әдістемелік жұмыстарды өз таңдаулары бойынша ұйымдастыру.

Іс-әрекет түрлері:



    1. Тақырып бойынша қалалық өлкетану мұражайына саяхат ұйымдастыру әдістемелік- жоспарын әзірлеу.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақстанның орта ғасырлар тарихы. Жалпы білім беретін орта мектептің 7-8 сыныптарын арналған оқулық. А., 2006.

13 Іс-тәжірибе. 1 сағат.

Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихын оқытудың ерекшеліктері.

Іс-тәжірибе сабағының мақсаты: Студенттерге Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихын оқыту оқыту әдістемесін меңгерту.

Әдістемелік нұсқау: 9,10,11 сыныптардың Қазақстанның орта ғасырлар тарихы оқулығы бойынша оқу материалымен және жұмыс дәптерлерінің мазмұнымен танысу, пән бойынша оқу-әдістемелік жұмыстарды өз таңдаулары бойынша ұйымдастыру.

Жоспар:


1. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихының негізгі оқиғалары бойынша кездесу ұйымдастырудың әдістемелік- жоспарын әзірлеу.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы. Жалпы білім беретін орта мектептің 9,10,11 сыныптарын арналған оқулық. А., 2006.

14.Іс-тәжірибе. 1 сағат.

Кино-фото құжаттарын, кезеңдік баспа материалдарын пайдалану.

Іс-тәжірибе сабағының мақсаты: Студенттерге Қазақстан тарихы бойынша кино-фото құжаттарын, кезеңдік баспа материалдарын пайдалану жолдарын және әдістемесін меңгерту. оқыту әдістемесін меңгерту.

Әдістемелік нұсқау: Отандық тарихқа байланысты сабақта кино-видео қолдану және фото құжаттарын қолдану дағдыларын қалыптастыру, әдістемелк көмек беру.

Жоспар:


  1. Сабақтың құрылымын анықтау, соған сәйкес сабақ барысында тарихи киноны қолдану.

  2. Сабақтың құрылымын анықтау, соған сәйкес сабақ барысында фото құжаттарын қолдану әдістемесі.

  3. Сабақтың құрылымын анықтау, соған сәйкес сабақ барысында баспа материалдарын пайдалану әдістемесі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ж.Сардарова «Жаңа ақпараттық технолгияның шығармашылық қабілет дамытудағы рөлі», || Қазақстан мектебі №5, 2003ж.

  2. Т. Тұрлығұл «Жаңа педагогикалық ақпараттық технологияларға бет -бұрсақ», ||Қазақ тарихы №4, 2003ж.

  3. 39. Б. Әбділғұловп «Қазақстан тарихын оқытудың кейбір мәселелері», ||Қазақ тарихы №2, 2005ж.

  4. 40. А. Қайдарова «Инновациялық тәжірибе ерекшеліктері», ||Қазақстан мектебі №1, 2005ж.

№ 15. Іс-тәжірибе. 1 сағат.

Қазіргі таңдағы Қазақстан тарихы сабағы.

Іс-тәжірибе сабағының мақсаты: Студенттерге қазіргі таңдағы Қазақстан тарихы сабағының талаптары және жаңа педагогикалық технологияларға сай сабақты ұйымдастыру жолдарын игерту.

Әдістемелік нұсқау: Тарих сабағы бойынша новаторлар еңбегімен танысу, пікір-алмасу, тарих сабақтарында тиімді нәтижеге жету жолындағы жаңа технологияларды қолдану:

  • «Модульдік оқыту технологиясы

  • «Оқытудың проблемалық технологиясы»

  • Тақырып: «Ойын технологиясы»

  • «Дебат технологиясы»

  • «Тірек-сызбалар арқылы оқыту технологиясы»

  • «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы»

Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. В.П. Бесполько «Слагаемые педагогической технологий», М-1989 г.

    2. Н.Р. Юсуфбекова «Общие основы педагогической инноватики» М-1991.

    3. В.Монохов «Проектирование и внедрение новых технологий обучения» М-1990 г.

    4. М.В.Кларин «Педагогическая технология в учебном процессе», М-1989.

    5. Байғазиева Гүлнұр «Педагогикалық технологияларды меңгеру- міндет» |Қазақстан мектебі №1, 2006ж|.

    6. Мусина Сапура “Оқыту технологияларын енгізу жлдары”, Қазақстан мектебі №86 2002ж|.

    7. Бұзаубақова Клара «Жаңа педагогикалық технолиялар», ||Қазақстан мектебі №4, 2005 ж.

    8. Қажығалиева Ажар «Модулмен оқытуды ұйымдастыру», ||Қазақсьан мектебі №26 2006ж

    9. Құрмансейтова Г. «Жаңа технологияны жандандыру жолында», ||Қазақ тарихы №56 2004ж..


«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша ОСӨЖ орындауға

әдістемелік нұсқау

ОСӨЖ тақырыбы: Қазақстан Республикасының нормативтік-құжаттары.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының нормативтік-құжаттарын білім берудің негізгі көзі ретінде оқыту

Түрі: Жарыс сөз.

  1. Әдістемелік нұсқау: Білім беруді анықтайтын құжаттарға: Қазақстан Республикасының Конституциясы;Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, білім стандарты, оқу жоспары, оқу бағдарламалары, оқулықтар жатады. Оқу үрдісін ұйымдастыратын әрбір оқытушы аталған құжаттармен жұмыс істей алуы керек. Себебі олар білім алудың негізгі құралдары болып табылады. Қазақстан Республикасы президентінің жаңа ғасыр- жаңа ұрпақ тәрбиелеудегі ой түйіндері, «Жаңа әлемдегі- жаңа Қазақстан» негізгі басымдықтар, білім берудегі мәселелер туралы ой толғаныс, пікір білдіру.

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.А.,2004.

  2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.

  3. Қазақстан Республикасының « Білім туралы Заңы»

  4. Типтік оқу бағдарламалары.(2002 ж.)

  5. Оқу-жұмыс жоспары.

  6. Оқу-жұмыс бағдарламалары

  7. Пән оқулықтары.

  8. Семушина Л.Т. Ярошенко П.Г. Содержание и технологии обучения в средних специальных учебных заведениях. М., 2001 г.


ОСӨЖ тақырыбы: Патшалы Ресей мектептеріндегі тарих пәнінің оқытылуы. Кеңес елі мектептерінде тарих пәнінің оқытылуы.

Мақсаты: Студенттердің салыстырмалы дағдыларын дамыту;

Түрі: Кесте, Салыстырмалы талдау жасау.

Әдістемелік нұсқау: Төмендегі кесте бойынша Патшалы Ресей мектептеріндегі тарих пәнінің оқытылуы және Кеңес елі мектептерінде тарих пәнінің оқытылуы туралы ақпарат жазу.


Патшалы Ресей мектептеріндегі тарих пәнінің оқытылуы

Кеңес елі мектептерінде тарих пәнінің оқытылуы






ОСӨЖ тақырыбы: Қазіргі білім беру үрдісіндегі негізгі жаңалықтарды басшылыққа ала отырып, әдістемелік мәселелерді шешу:

Мақсаты: Тарих пәнін оқытудағы түбірлі өзгерістердің қажеттігі, мектепте Отандық тарихты оқытудағы келелі мәселелерді оқытудағы әдіснамалық мәселелер туралы білім-біліктерін қалыптастыру.

Түрі: Кешен әзірлеу

Әдістемелік нұсқау: Тарихи білім беру тенденциясының дамуы мен қазіргі мәселелері тақырыбында эссе жазу.

ОСӨЖ тақырыбы: Тарихи түсініктерді қалыптастыру әдістемесі.

Мақсаты: Тарихи ұғымдарды қалыптастыру әдістемесін студенттерге меңгерту.

Түрі: Әдістемелік жоспар

Әдістемелік нұсқау: ОСӨЖ төмендегі кесте бойынша жүргізілінеді:

Тарихи түсінік

Оқушыларға түсіндіру мен меңгертудің әдістемелік жолы

Мысалы:

«Қырғи қабақ соғыс»



Дебат технологиясы бойынша пікір алмастыру, «Қарлы кесек» ойыны арқылы оқушыларға меңгерту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет