Тарих сабақтарында баспа текстермен оқыту жұмысынын тәсілдері


б/ тезис және конспект құру және басқа тәсілдер



бет4/6
Дата07.11.2023
өлшемі33.07 Kb.
#482621
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Тарих сабақтарында баспа текстермен оқыту жұмысынын тәсілдері

б/ тезис және конспект құру және басқа тәсілдер. Оқулықпен оқушылар өзіндік жұмыс жасау барысында оның мәтінін түсінуге, оқиғаны есінде сақтап, қайта әңгімелеп беруге, жай және күрделі жоспар жасауға тезис, конспект жазуға үйренеді. Бұның өзі оқушылардың түрлі дерек көздерімен баспасөз материалын және сабақтан тыс алған мәліметтерін еркін пайдалануға, өмірлік тәжірибеде дұрыс қолдануға мүмкіндік береді. Оқушының толық, терең, жүйелі білім алуы оқулықпен дұрыс жұмыс істеуіне байланысты. В.А.Сухомлинский оқушының өздігінен, ынтасымен кітап оқуын ақыл-ой тәрбиесінің екінші бағдарламасы деп есептеген.
Тамыры тереңде жатқан таным құндылықтар, бабалардан қалған тәлімдік өнегелер бүгінгі ұрпақ тарихи даму барысында өзін-өзі тануына игі ықпал ететін құбылыс.
Тарих оқулықтарының құндылықтарды қалыптастыруда оқушылардың өздік жұмыстарынан аңғаруға да болады. Ол пән мұғалімінің шебер ұйым-дастыруының арқасында ғана нәтижелі болмақ. Әсіресе, жоғары сыныптардағы сабақтарда мұғалімнің ауызша баяндау әдістері, тарихи құжаттар, мерзімді баспасөз, оқулық пен хрестоматияны пайдалану және оқытуды қоршаған ортамен, қазіргі кезеңмен байланыстыру оқушылардың өздік жұмыстарын орындауы барысында байқалады.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда мынадай қағида- ларды есте сақтау керек.
1.Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарламадағы талаптар- ға сәйкес болуы тиіс.
2.Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау кабілетін дамытуы тиіс.
3.Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әр түрлі болу керек.
4.Әрбір өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек. Өз бетінше жұмыстың нәтижелілігі оның балаға түсінікті болуына және алдын-ала дайындалуына байланысты. Сабақтың тақырыбы, мазмұнына қарай бір сабақта бірнеше өзіндік жұмыстар тапсыруға болады.
Баланың жеке қасиеттерін ескеріп, саралап оқыту әдісін пайдаланған дұрыс. Өйткені, әр баланың танымдық қабілеттері, кызығуы, бейімділігі, білімі әр түрлі. Сондықтан жалпылама берілетін тапсырмаларды орындату ешқандай нәтижеге жеткізбейді, бала үшін де ондай жұмыстың берері аз.
Өз бетінше жұмыстар оқушының ойлауын шығармашылықты талап ететіндей болып келгені дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет