«тарихи үдерістегі азияның РӨЛІ»



бет1/6
Дата07.07.2016
өлшемі0.82 Mb.
#182524
  1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-16-02.1.44/03- 2013



«Тарихи үдерістегі Азияның рөлі»

пәні бойынша

оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым





«ТАРИХИ ҮДЕРІСТЕГІ АЗИЯНЫҢ РӨЛІ»

пәнінің оқу- әдістемелік кешені
ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ
5В020300: «Тарих»

мамандығына арналған

Семей -2013

МАЗМҰНЫ

1 Глоссарий

2 Дәрістер тақырыбы

3 Практикалық сабақтар



4 Студенттердің өздік жұмыстары

1 ГЛОССАРИЙ
Альтернатива-бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талдап алу.

Альянс-ортақ амақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі.

Анархизм-жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-саяси ағым.

Апатридтер-ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар.

Ассамблея-халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы.

Ассимиляция- бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.

Ассоциация- белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелер бірлестігі.

Абсентеизм-халықтың саяси өмірге немқұрайды қарайтындығы

Автономия-бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрылым

Абсолютизм-жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі..

Азаматтық қоғам- әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани адамгершілік қатынастары мен мемлекеттің қызмет ету қажеттігін мойындау негізінде құралатын қоғам.

Әлеуметтік-саяси институттар- біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік және саяси жүйелік түзілім.

Әлеуметтік-саяси элита- қоғамның иерархиялық әлеуметтік құрылымындағы негізгі бұқара көпшіліктен белгілі бір ерекшеліктерімен айрықшаланып, жетекшілігі, жеңілдіктері бар және мемлекеттік билікке салмақты ықпал жасайтын немесе оны жүзеге асыратын адамдар тобы, жігі.

Бедел- белгілі бір тұлғаның немесе адамдардың салмақты ықпал жасаудағы әрекеті.

Бихевиоризм- жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт.

Буржуазиялық-демократиялық партиялар- ХІХ ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды.

Бюрократ-азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп өз міндеттерін формалды түрде атқаратын қызмет адамы.

Волюнтаризм-саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты.

Геноцид-адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау.

Геосаясат-сыртқы саясатты географиялық факторларға байланысты жүргізетін саясат.

Глобальдылық-бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт.

Гуманизм-адамзаттың еркін жетілуне негізделген мақсатты әлеуметтік қозғалыс.

Депортация-жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару.

Диверсификация-мәселенің әр түрлі, жан-жақты қаралуы, дамуы, саяси қызметтің көп түрлілігі.

Диктатура-қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік.

Еуропарламент-еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық саяси мекеме.

Егемендік-мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі.

Идеология-белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі.

Импичмент-жоғарғы лауазымды адамдарды конституцияны бұзғаны үшін немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі.

Инновация-жаңалық енгізу

Иделды тип-дәуірге сәйкес ұтымды құндылықтар бағытының эталоны және саяси - әлеуметтік ақиқатты тану туралы қызметі атқарушы. Негізін салған-М.Вебер.

Инагурация -мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты кірісуі

Охлократия-қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген тобыр билігі.

Парадигма-жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі.

Прагматизм-алға қойған мақсатқа іс жүзінде жету үшін ұстаған бағыт.

Коалиция -ортақ жауға қарсы немесе мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін бірлескен мақсатты партиялар мен қоғам қайраткерлерінің бірігіуі.

Конституция-мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң.

Көппартиялылық-мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі

Легитимдік-халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы.

Можаритарлық жүйе-сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік дауыс алуы.

Маргиналдар-белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар.

Меморандум-дипломатиялық хат жазысудың бір түрі.

Мороторий-ішкі жіне сыртқы міндеттемелерді орындауды уақытша тоқтату, үзіліс жариялау.

Саясаттану –қоғамның саяси дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары туралы ғылым

Саясаттану зерттеуі-қоғамтану зерттеуінің бір түрі, қоғамды саяси-идеологиялық тұтас жүйе ретінде қарастырады.

Саясаттану сауалдамасы-жеке адамдар мен топтарға ауызша және жазбаша түрінде сұрақтар қою жолымен алғашқы саяси- әлеуметтік ақпарат алу тәсілдері

Саяси- әлеуметтік байланыс- адамдардың немесе топтардың тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет.

Саяси даму-жаңа қоғамдық қатынастардың, институттардың, нормалардың, құндылықтардың қалыптасқан өзгерістері

Саяси- әлеуметтік қауымдастық – ортақ әлеуметтік белгілердің болуымен біріккен, бірлескен, адамдар жиынтығы.

Саяси нормалар – адамдардың іс-әрекетін реттейтін ереже.

Саяси прогресс – қоғамдық дамудың бағыты.

Саяси -әлеуметтік төңкеріс – қоғам дамуындағы сапалық, терең және жоғары прогрессивтісімен алмастыру тәсілі.

Саяси- әлеуметтік заңдар- қоғамның, мемлекеттің т.б. топтардың даму бағытын анықтайтын әлеуметтік және саяси құбылыстар мен процесстердің арасындағы тұрақты өзара байланыстар.

Саяси- әлеуметтік институттар – біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік саяси түзілім.

Саяси- әлеуметтік коммуникация – тікелей және қарым-қатынастар мен әлеуметтік және саяси субьектілер арасындағы өзара әрекет актісі мен процесі.

Саяси- әлеуметтік конвергенция – түрлі әлеуметтік және саяси жүйелердің біртіндеп жақындасуы.

Саяси- леуметтік қозғалыс – адамдардың әлеуметтік және саяси қолдау мен қарсылық көрсетуге бағытталған ұжымдық әрекетімен байланысқан әлеуметтік және саяси процестердің формасы.

Саяси- әлеуметтік мүдделер – қоғамның, әлеуметтік топтардың, қауымдастықтардың, субьектілердің әлеуметтік-саяси әрекеттерінің себептері, қайнар көздері, талаптары, мотивтерінің қызметі.

Саяси теңсіздік – адамдардың әлеуметтік және саяси жағдайларының біркелкі еместігі.

Урбанизация –қалалардың, қала халқының өсуінің, қоғам дамуындағы ролінің артуы және өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі.



  1. ДӘРІС (ЛЕКЦИЯ) САБАҚТАРЫ


1 тақырып. Кіріспе. Азия мемлекеттерінің халықаралық аренадағы рөлі

Лекцияның жоспары:

1.Тарихи үдерістегі Азия елдерінің тарихы

2.Азия елдерінің саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуы
1. Азия елдерінің мәдени, саяси, әлеуметтік және экономикалық даму процесттері сонау ерте кезден бір-біріне ұқсас дамып келеді. Олар бір-біріне бақталас та, бәсекелес те, қарсылас та болды. Әр түрлі саясат пен идеологияның ықпалына түсті. Аймақ өзінің геосаяси жағдайымен әрқашан сартқы күштерді қызықтырған. Жергілікті халықтың баста мақсаты аймақтыныштығы ме ұрпаөқ амандығы. Оған тарих дәлел.

Бүгінгі таңдағы жағдайй өткен тенденциялардың қайталамасы десек, артық айтқан болар едік. Өйткені жаһандану заманыда жоспарлы экономикадан қатал нарық ықпалына түскен Азия елдерінің жағдайы алаңдаушылық тудыруда. Қарулы қақтығыстар аймақ елдерінің саяси-экономикалық және әлеуметтік ынтымақтастығы мен мәдени-рухани құндылықтары мен салт-дәстүр өзегін сақтап қалу, өз тарихын ұмытпай, әлемдік қауымдастықта өз позициясын нақтылау болып отыр. Осы орайда тәуелсіздігін алған Азия құрылығндағы елдің бірегейі Қазақстан Республикасы ұстанған саясаты дүниежүзі елдеріне аса үлгі боларлық ұстаным болып отыр. Бұл ел тарихындағы басты назар аударатын өзекті мәселе. Азия елдерінің тарихи дамуы саяси, экономикалық әлеуметтік дамуы территориялық, аймақтық орналасуынан қарасақ та, туысқандық түркілік жағынан қарасақ та оқылатын тақырыптың өзекті тақырыбы болмақ.

Нарық саласында жаңа пайда болған егеменді Азия елдері аумалы-төкпелі қиын-қыстау кезеңін бастарынан өткізді. Яғни тарих толқынындағы дағдарыстар . Бұл жағдайлар тарихи зерттеулерді қажет ететін мәселелер. Бес мемлекет (Қазақстан, Қырғызсатн, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан) ғасыр соңында тәуелсіздігін алғаннан кейін саяси-экономикалық және әлеуметтік даму ерекшеліктері біршама шиеленісе түсті. Себеп: әрине нарықтық экономикаға көшуде ішкі әлеуметтік-этникалық, шекаралық қайшылықтармен қоса діни мәселелердің кері әсері болды.

Әлемдік ынтымақтастық пен жаһандану Азия елдерінің даму нышандарын әлемдік даму процестеріне тәуелді етті. Сыртқы күштердің әсері аймақты Балқан, Таяу Шығыстағыдай ойын алаңына айналу қаупін туғызатындай жайттар пайда болды. Мұндай геосаяси жағдайлар мен саяси жүйедегі өзгерістерді қылмыстық топтар пайдаланып қалғысы келді. Ондай жағдайлар тарихта болатындығы белгілі. Кеңес Одағы кезінде әкімішілік басшылықтар мен маңызды жұмыс орындары, маман иелері болып отырғандар әрине басқа ұлт өкілдері. Бұл да саясат тарихына кері әсер ететіндігі түсінікті. Кейде бұл жайттар мемлекет аралық кикілжіңдердің бастамасына айналып саяси күштердің қарама қарсылығын тудырады. Яғни ұлтышлыдқ пен этникалық қайшылықтар отын тұтандырады. Мысалы. әлемдегі елдердің бірі Кореяны алатын болсақ. Міне сондықтанда аймақтық проблемаларды зерттегенде әлемдік рынокқа шығу қиыншылықтарын, батыстық демократизациялау мәсеелесін мамандар жан-жақты қарастырып, Азия мемлекеттерінің негізгі мәселелерін ұлттық мәселелерді және қазіргі заманауи жағдайындағы саяси-тарихи мәселелердің шешу жолдарын қарастырған дұрыс болады.

Бүкіл 90-шы жылдар бойы Азия мемлекеттерінің негізгі саяси жағдайы КСРО-ның құлауы, Ресейдің Оратлық Азиядан шегінуі геосаяси ваккум қалдырды. Ресей ықпалының төмендеуі АҚШ, Батыс Еуропа мен дамыған Азия мемлекеттерінің қызығушылықтарын айтарлықтай арттырды. Олар Азияда өздерінің экономикалық мақсаттарын қанағаттандыратын саяси мүдде көздеді.

ХХІ ғасырда бүкіл адам баласы дамудың жаңа бір сатысына қадам жасады. Трансформация процесі қазіргі өркениеттің барлық саласын қамтыды. Бұрынғы мәдени-тарихи типтердің көптүрлі орнын жалпыға бірдей өмірлік материалды-рухани стандартты жүйе ауыстырды. Бұл планеталық деңгедегі «мобализация» деп аталды. Бұл жүйенің эпицентрі-Орталық Азия. КСРО-ның құлшауымен аймақтың биосаяси болашағы бұлыңғыр болды. Бұл мәсеелелр глобальды және геосаяси жағдайы тек ғалымдары ғана қызықтырмай тіпті бүкіл әлем жұртышылығн өз назарына аударды.



2 тақырып. Азия елдерінің саяси-әлеуметтік дамуы

Лекцияның жоспары:

1.Әлем қайшылықтары

2.Азия аймағының глобальды және геосаяси жағдайы

3.Қытай мен Қазақстан: шекара мәселесі



1. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, әлемде қарулы қақтығыстардан гөрі саяси ойындар етек алды. Ойын ошағы әрине Орталық Азия елдері болды.

Бүкіл 90-шы жылдар бойы Азия мемлекеттерінің негізгі саяси жағдайы КСРО-ның құлауы, Ресейдің Оратлық Азиядан шегінуі геосаяси ваккум қалдырды. Ресей ықпалының төмендеуі АҚШ, Батыс Еуропа мен дамыған Азия мемлекеттерінің қызығушылықтарын айтарлықтай арттырды. Олар Азияда өздерінің экономикалық мақсаттарын қанағаттандыратын саяси мүдде көздеді.

ХХІ ғасырда бүкіл адам баласы дамудың жаңа бір сатысына қадам жасады. Трансформация процесі қазіргі өркениеттің барлық саласын қамтыды. Бұрынғы мәдени-тарихи типтердің көптүрлі орнын жалпыға бірдей өмірлік материалды-рухани стандартты жүйе ауыстырды. Бұл планеталық деңгедегі «мобализация» деп аталды. Бұл жүйенің эпицентрі-Орталық Азия. КСРО-ның құлшауымен аймақтың биосаяси болашағы бұлыңғыр болды. Бұл мәсеелелр глобальды және геосаяси жағдайы тек ғалымдары ғана қызықтырмай тіпті бүкіл әлем жұртышылығн өз назарына аударды.

Азияның посткенеңстік республикалары жүйелі дағдарысты бастарынан кешіруде болды. Бұл тұрақсыздықтың негізгі ұғымы-экономика және идеология. Әрине бұл мәселелені өз еліміз Қазақстаннан бастаймыз. Жеріміз табиғи ресурстарға бай, экономиканы реттеуді қолға алдық, бүгінде өз нәтижесін беуде. Біршама саяси реформалар жүзеге асырылды. Әлеуметтік мәселелер ретімен шешілуде.

Қырғыз елінде демократия жоғары екені белгілі, бірақ саяси билік пен халық арасындағы түрлі шиеленістерді тудырды. Оппозицияның күшеюі елде қарама-қарсылық төңкерісін тудырды.

Ал, Түркменстанда Ниязовтың жеке билігі қалыптасқан болса, ол сыртқы әлемнен алшақтатылған. Халық наразы болмас үшін арзан энерго көздерімен қамтамасыз ету, т.б. игілікті істер атқарылуда, дегенмен де аймақтың тұрақсыздық бұғауына түспеуіне және одан құтқаруына ешкім кепіл бола алмайды.

Тәжікстанда азамта соғысы, аймақтағы халықтың кедейленіп, саяси тұрақсыздықтың қалыптасуынадағы жағдайында баз кешуде.

Өзбекстанда шиеленістің негізгі эпицентрі радикалды топтар, ірі державалардың ішкі-сыртқы саясатқа араласуы, көршілес елдердің діни экстремистік бағытты таратуы т.б. мәселелер . Бұлардың бәрі-әлемдік мәселелер.

Батыс елдері Орталық Азияда өз позициясын нығайтту үшін бұрынғы қатаң тоталитарлық жүйемен тәрбиеленген халықтық демократиялық және нарықтық жолға түсуге көмектесеміз деген ұранды ұстануда. Ең ірі ел АҚШ мұндай жағдайда лидер.

2.1996 жылы шілде айында Бішкек пен Қытай арасында шекара мәселесі бойынша (900 км. Ұзындық) келісімге қол қойылды. Келісім бойынша Қырғызстан Қытайға өз территориясының 87 мың га жерін беруге мәжбүр болды.

Шекара мәселесі бойынша Қытай мен Қазақстан арасында 1994 жылы сәуір айында екіжақты келісімге қол қойылды. Келісім бойынша екі ел арасындағы шекара (ұзындығы 1782 км) анықталып, 944 км2 созылған аймақ бойынша даулы жерлер талқыға салынды. Ол Талдықорған, Семей облыстары территориясы. Хан-Тәңірі таулы шыңын Қытай Қазақстанға берді. Сол екі ел арасында шекара мәселесі өз шешімін тапты. Осылайша Қытай өзіне көршілес елдермен шекара мәселесін толықтай бейбіт саясатпен шешті деуге болады. Мұнымен өзекті мәселелер аяқталды деуге болмайды. Әлі де шешімін таба алмай жатқан түткіл мәселелер көп-ақ. Ол Орталық Азия аймағының әлемдік саясаттағы рөоін анықтаған жөн.



3. 1990 жылдарға дейін КСРО мен Қытай арасында Орталық Азия территориясында (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан) байланысты шекара дауы шешілмей келген болатын. Ал тәуелсіздігін алған елдерде бұл мәсеелер келе-келе өзінің аймақтық тарих мәселелерін еш қақтығыссыз шешті. Дегенменде Қытай елінің басқа Азия елдерімен шекара мәселесін әлі де өз шешеімн таппай отыр. Мұндай қадамдар Қытаймен туындауы мүмкін проблемалардың алдын алары сөзсіз. АҚШ пен Батыс Еуропа елдері Орталық Азияны өздерінің саяси блогына айналдыру арқылы жоғары қарқынмен дамып кле жатқан Қытай және осы аймақта саяси билігінің нышаны бар. Ресейдің ықпалына шек қою көзделуде. Бірақ дұрыс саясат емес. АҚШ т.б. алпауытты мемлекеттердің Азия аймағына қызығушылығының себептері:

-аймақтағы мемлекеттер тәуелсіздігін алып, жеке сыртқы саясатын жүргізуде,

-аймақта-бай энергетикалық және табиғи ресурстар

-уран рудасы мен ядролық технологияларға ие т.б. Бұдан туындайтын саясат мақсаты- мемлекеттердің бірігу қажеттілігін тудырады.


3 тақырып. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты

Лекцияның жоспары:

1.Қазақстан дипломатиясының құрылуы

2.Әскери-саяси мемлекетаралық келісімдер

3.Қазақстандағы ядролық қару мәселесі



1. Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болады және оның даму барысында да бола бермек. Ол алдымен қоғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін керек. Алғашқы қауымдық қоғамда билік қоғамдық сипатта болды. Негізінде саяси билік құлдық қоғамда пайда болды. Сондықтан саяси биліктің пайда болуын қазіргі саясаттану негізінде мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады.

Саяси биліктің ең басты түріне жатады. Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Оны мынадан байқаймыз:



1.Экономикалық қор: (қоғамдық өндіріс пен тұтынуға керек басқа да материалдық құндылықар, құнарлы, шұрайлы жерлер, пайдалы қазба байлықтары және т,б.)

2.Әлеуметтік әдіс-құралдар-үстемдік етіп отырған билік өзіне қолдау іздейді.

3.Күш жұмсау құралдары- мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді.

4.Ақпарат құралдары-қоғамдық пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету жағынан оны 4-ші билік деп атайды.

5.Информациялық қор- білім мен ғылыми мағлұматтарды тарату т.б.

Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін, әдетте, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігі. Олардың өзіндік атқарар қызметі мен әрекеттері бар.


Билік - әлеуметтік феномен

(Кесте -1)

1.Билік

типтері

2.Билік атрибуттары

3.Билік

формалары

4.Билік жүргізу құралдары

1.Интегралды

2.Өзара әрекет билігі

3.Харизмативтік билік


-Экстентивті

-Аумақты билік

-Интенсивті


-Үстемдік

-басқару


-басшылық

-ұйымдастыру

-бақылау


-күштеу арқылы

-құқық арқылы

-салт-дәстүр арқылы

-бедел арқылы

-қысым жасау арқылы

Мемлекеттерді басқару түрі өзіндік құрылысымен ғана емес саяси тәртібі жағынан да ерекшеленеді. Саяси тәртіп деп-саяси билік, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады.

Саяси тәртіп екіге бөлінеді. Демократиялық және антидемократиялық. Демократиялық: а) адал, шынайы сайыс арқылы түрде өткізілетін сайлау; ә) үкіметтің сайлау арқылы дүниеге келуі; б) Жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың да құқығын қорғайды.

Антидемократиялық: а).тоталитарлық –бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрыым, авторитарлық- күштеуге, жеке адамның билігіне негізделген мемлекеттік-саяси құрылыс.

Қазақстан Республикасындағы саяси жүйе – Конституцияның қабылдануына байланысты биліктің жаңа жүйесі қалыптасты. Қазақстан халқы мемлекеттік өкімет билігін тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асыратын күш. Сондықтан Ата Заңның 2-бабында: «Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет » деп көрсетілген. Мемлекеттік құрылымға жаңаша сипат беретін бұл қағида Конституцияның ең басты жаңалығы. Қазақстан Ренспубликасының билік тармақтары: заң шығарушы-парламент, атқарушы-үкімет, қорғаушы-сот және соттар төрелігі деп белгіленген. Мемлекетте жергілікті билік өкілді орган - маслихат, атқарушы орган - әкімшілік деп бөлінеді.

3.Ядролық зерттеу полигонын құру туралы шешім ССРО Министрлер Кеңесінің және КОКП Орталық комитетімен 1947 жылы 21 тамызда қабылданды. Полигон «Оқу полигоны» ауызша аталды, шифр әскери бөлім 52605. Полигонның қалыптасуы Москва облысының Звенигород қаласында басталды. Алғашқы әскери бөлімдер мен жеке бөлімшелер 1947 жылғы 1 маусымнан бастап Павлодар облысының Майский ауданының Молдары поселкесіне қоныс аудара бастады. Полигон Қазақстан Республикасының Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының аумақтарында орналасқан. Жалпы ауданы-18500км кв., периметр-600 км-ге жуық. Аталған облыстардың тәрбітіне 54%, 39%, және 37% полигон аумағы тиіс келеді.

Полигон сынақтарына дайындық жұмыстары 1949 жылғы шілде айында аяқталды. Сол жылдың 29 тамыз айында ССРО-да алғаш ядролық құрылғының сынағы өткізілді. Сынаққа тікелей ғылыми жетекшілік И.В. Курчатов атқарды.

1953 жылғы 12 тамызда полигонда алғаш термоядролық құрылғы , 1955 жылы 22 қарашада – сутегі бомбасы сыналды. Ядролық сынақтар ядролық жарылыс құрылғылары және қарулардың үлгілерін сынау мақсатында өткізілді. Кейіннен халық-шаруашылық мақсатта өткізілді. Полигон күрделі ғылыми-зерттеу кешені болып саналды. Құрылымы жағынан ол базалық Курчатов қаласынан тұрды. Сынақ алаңдары құрылысымен қатар сынақ алаңынан 130 км Семей қаласынан батысқа қарай орналасқан тұрғын әкімшілік орталық салына бастады. Алғашқыда тұрғын қалашық әскери гарнизон қызмет істеді, Семей- Конечная бекеті теміржол магистралі құрылысының аяқталуынан соң айрықша құпиялылығына байланысты «Москва-400» атауына ие болды. 1947 жылдан бастап қала статусына ие болып, Курчатов аталынды. Әлемге Семей-21 ретінде белгілі (пошта бөлімшесі). Қаланың тарихы ядролық қару базасының құрылу тарихымен ажырамас байланыста.

Семей қаласынан шамамен 130 км, ағыстан төмен қарай тұрғын-үйлердің, әкімшілік ғимараттардың, техникалық құрылғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле бастады. Бос орында құрылыс бастау қиынға соқты. Жеке құрам үшін шатырлы қалашық, өзен ағысына жақын жерде су ысыту үшін темір бөшкелері бар моншалар жасалды. Сонымен қатар әскерлерге жертөлелер жасау үшін жер қазылып, фашиналар тоқылып, орманнан тіреулер алынып, жертөлелерді фашиналармен жауып, үстінен құм себілді. Офицерлер жертөлелері тақтайшалармен жабылып, ішінен фанералармен қоршалды. Отынның жеткілікті мөлшерде болмауы офицерлер үйінің қабырғаларында шық қырау қабаттарымен қапталатын. Қыс (әсіресе 1948 жылы) өте қатты болды, 40-50 градусқа дейін жететін және қол және аяқ саусақатарының үсініп, кестіру жағдайлары жиі болған. Ақпан айларының аязынан, боранынан жертөлелер есіктері жабылып қалып, көбінесе аршып алуға тура келетін. Жеке құрамға азық-түлік жеткізу үшін автожолдардың болмауынан күніне 300гр. Нан ғана жеуге рұқсат етілген.

Полигондағы өмір сүру жағдайы майдандағыдан кем болған жоқ: сол сияқты жертөлелер, жол қазандық азықтану, заттық, саудалық аттестаттар, жанұядан алыстатылу, қатаң жағдай режимі. Қойылған мәселелерді орындау, үлкен ерік күші, шыдамдылық, жеңімпаз елге деген сүйіспеншілік, әскери құрылысшыларға, командирлерге подполковник Барсуков В.М.,, Подполковниктер Евтиков М.А., Евдокимов А.А., Тран В.И. және басқаларына өте қысылтаяң мерзімде , 1949 жылдың шілде айына дейін ядролық қаруларды сынау құрылғылары мен объектілерін дайындауды аяқтау қажет болды. Қатарлас құрамына 2 құрылыс полкі кіретін 31516 әскери бөліміне жүктелген тұрғын қалашық құрылысы басталды. Әскери құрылысшалардың алдына заманға сай, толық ыңғайластырылған әскери қалашық салу міндеті қойылды. Бұл міндетті 53 инженерлік-құрылыс полкі орындады. Біртіндеп қалашық өсе бастады, адамдар өмірі ыңғайлана бастады. Жеке құрам жертөлелерден тұрғын үйлер мен казармаларға көшті және алғашқы құрылыс болып Ленин көшелеріндегі үйлер және ЖПО, 52605 ә-б гарнизондық штабы болды. Полигон басшысына арналып коттедж салынды, бірақ оған бірінші жарылыста Л.П. Берия өз қорғаушыларымен қоныстанды. 1949 жылы «Офицерлер үйі» пайдалануға енгізілді. 1950 жылы –су тазалау құрылығысының барлық кешенімен су алу бекеті құрылысы аяқталды. Ең алғашқы 36 пәтерлік үйлер 1952 жылдың жазында берілді. Бұл Первомайская 32, (құрылысшылар үйі) және Молодежная,2 (Победы). Екі қабатты казарма, госпитальдің хирургиялық бөлімі 1953 жылы аяқталды. Ертіс жағасындағы жағалау сатыларымен тас қалауларыман 1954 жылы құрылған. Офицерлердің жанұяларына келуге 1952-1953 жылдары ғана рұқсат етілді.

Тұрғын үй мәселелерін шешу үшін 2-3 айға созылған үлкен бетондардан үйлер кварталдарын салу басталды.

1956-1958 жылдары гарнизонда моншалық-кір жуу комбинаты, монша, жаңа наубайхана, Универмаг салынған.

1955 жылдан бастап кең көлемде тұрғын қалашықты жасылдандыру және көркейту басталды.

1960 жылы жасыл алқаптар 95 га. ауданды алды, 35 сәндік және 2 мың жеміс ағаштары сонымен қатар көптеген гүл түрлері болды.

1957 жылдың маусым айында 31516 ә/б құрамына Шаған бекетінде орналасқан (240 объект) бөлімдер кірді. Олардың құрамында 7-ші, 16-шы бөлек аэродромдық-құрылыстық полктер, 708 участок арнайы жұмыстар, 412 жеке монтаждау ротасы және 1008 әскери госпиталь болды. Бұл бөлімдер 1946-1947 жылдары құрылды және 1954 жылы объектіге қорғаныс құрылысының айрықша маңызды жұмыстарын орындау үшін келді. Көптеген арнайы және ұрыс кешендері салынды, ал 240 обьект ресми емес атауы «Половинкада» біздің қалашыққа кіші ағайын біздің қалашығымыздан көлемі жағынан біраз кішірек қалашық келді. «О» алаңы Ертістен шамамен бір жарым километрдей жерде сынақ полигонының ғылыми-тәжірибелік бөлімі (ҒТБ) салынып, қоршалды. Бұл аумаққа бірнеше қызметтік ғылыми-зерттеу лабораториялары (биологиялық, радиохимиялық, физикалық өлшеу ) ғимараттар және әскери техниканы сынау секторы, қазіргі уақытта –Радиациялық Қауіпсіздік және Экология Инсититуты салынды.

«Ш» алаңы 1949-1962 ж.ж. мерзімінде атмосфералық сынақ жүргізу үшін қызмет етті. Барлығы 130 атмосфералық сынақ жүргізіліп,оның 30- жерүсті ядролық сынағы болды, кейіннен алаң ядролық физика саласының тәжірибелерін өткізуге, және әскери техникаларды сынауға пайдаланылды. Алаңда зерттеу ядролық реакторы, «Сияние» стендтік кешені , 330 орынға арналған 6 қонақ үйі, 4000 адамдық казарма орналасқан.

«Балапан» алаңы Жерасты бұрғылау сынақтарын өткізуге және кәдімгі жарылғаш заттармен моделдік тәжірибе жасауды өткізуге қызмет еткен. Алаңда 131 жерасты бұрғылау сынақтары, 33 шахталық жіберу қондырмаларымен, сынауға арналған кең масштабты эксперимент өткізілген, қондырмалардың және инженерлік байланыстардың арнайы форты болды. 850 орындық 5 қонақ үйі,1100 адамдық казарма болды.1988 жылы ССРО мен СҚШ арасындағы келісім бойынша (1974 жылғы 3 шілдедегі жерасты ядролық қаруларын сынауды шектеу туралы) бақылау жөнінде біріккен эксперимент өткізілді (ББЭ). ББЭ жерасты жарылыстарының параметрлері болды.

«№ 10» алаң. Атомдық реакторлар мен жаңа технологиялардың мемлекеттік ғылыми орталығының базалық алаңы болды. (« Луч» ғылыми-өнеркәсіптік бірлестігі). Мұнда екі зерттеу реакторлары, 3 7000 орындық қонақ үйі, 524 адамдақ казарма болды.«Дегелен» алаңы.

Жерасты штольнядағы ядролық сынақ өткізуге арналған. Барлығы 233 сынақ өткізілген. Алаң физикалық тәжірибелер өткізуге перспективалы болған. Таулы- техникалық және құрылыс-монтаждық өндірістік-техникалық базасы, 1200 орындық қонақ үйі, 1100 адамдақ казарма болды. Барлық тәжірибелік алаңдарда жауынгерлік клуб, монша, орталық жылу беру, су құбыры, су жіберу құбырлары болды.Курчатовта ғылыми-зерттеу лабораторялар, жинақталды, дәрігерлер және биологтар, математиктер мен физиктер сонымен қатар шахта құрылысшылары өндірістік базасы , бұрғышылар, геологиялық барлаушылар, құрылысшылар орталығы жинақталды. Бұл ағаштармен көмкерілген, фонтандары бар, бақтары, балалар алаңы, аэродром, теміржол. Автобус бекеттері бар сонымен қатар Мәдениет сарайы, музей, өзінің теледидары, газеті бар әдемі қала болған. Тәулік бойына күнімен , түнімен сынақ алаңдарымен,орталықпен байланысты ұстау және қорғау жөніндегі күзет антеннелеры, радарлық құрылғылардың айналары аспанға қарап тұратын. Бұл Әскери-өндірістік кешеннің (ӘӨК) гүлденіп келе жатқан жабық қалашығы болатын. Мұнда зерттеу және тәжірибе жасауға арналған барлық жағдай жасалды. Қалада белгілі кеңес физактері И. Курчатов, Ю. Харитон, А. Сахаров , Я. Зельдович өмір сүріп, қызмет еткен. Оларды ядролық қарудың әкелері деп атайды.1990 жылы қала халқа 200 мың адамда құрады. Курчатво сынаушылардың бас лабораториялық-эксперименттік базасы болып саналды.

Қаланың тұрғын үй қоры 175056 кв.м, оның 69500 әскерилерге арналды. Қалада грунталған қону жолымен аэродром, 10 тонналық сүт зауыты, 143 тонналық нан зауыты, тәулік бойы өнімдер, 1150 орындық 8 мектепке дейінгі мекеме, 3000 орындық мектеп, 50 койкалы әскери госпиталь, дәрігерлік-санитарлық бөлім, «Болшевичка» тігін фабрикасының филиалы, ұсақ кәсіпорындар мен кооперативтердің бірқатары болды.

Радиактивті газадардың сынақтан соң жер бетіне тастау 1989 жылғы 19 ақпандағы ядроға қарсы күшті қозғалыс «Невада- Семей» пайда болуына себеп болды. ҚР Президентінің 29.08.1991ж. № 409 Семей полигонын жабу туралы Жарлығынан кейін қалада күрделі жағдай пайда болды. Ресей әскери бөлімдерінің полигондардан тездетіп жиналуы және дислокациялануы барлық ғылыми-өндірістік құрылым мен қаланың әлеуметтік саласын толығымен бұзылу қатеріне әкелді. Ел басшылығының Курчатов қаласы аумағында орналасқан сәйкес ғылыми ұйымдар мен объектілері және бұрынғы Семей сынақ полигоны кешенінің базасында ҚР ұлттық ядролық орталығын ұйымдастыру туралы шешімі ғылыми потенциалды сақтап қалуға себеп болды. ҚР ҰЯО қалада маңызды шетел инвестициясын тартуға және қосымша жұмыс орындарының пайда болуына септігін тигізді. Полигон дамуының ғылыми-техникалық потенциалды конверсиялау және жаңа технологияларды пайдалану мақсатында 1995 жылы қазақстан-американдық «СЕМТЕХ» кәсіпорын құрылды.

1996 жылы–«КК Интерконнект» негізігі профилі электронды құрылғылар мен печатті платаларды өндіру болып табылатын кәсіпорны құрылды. Геологиялық барлау жұмыстарымен қазақстан-американдық «ФМЛ Казахстан» кәсіпорны айналысады. ССП аумағына болашағы зор қазба байлықтары концентрациясы сипат алып келеді, бірінші кезекте, алтын мен мыс, сонымен қатар руда емес шикізаттары да байқалған. Қала аумағында «габбро» табиғи тасын қазу және өңдеу жұмыстарымен «Дегелен» кәсіпорны айналысады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет