«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет17/19
Дата26.05.2022
өлшемі0.7 Mb.
#458658
түріКонспект
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
«Тарихты о ыту дістемесі» п ні бойынша д рістер конспекті Та ыр

 
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 
1. Қазіргі заман тарихы қай уақыт аралығын қамтиды? 
2. Қазіргі заман тарихын оқытуда қандай әдістер қолдану тиімды? 
 
Тақырып№13: Тарихты оқытудағы жаңа технологиялар 
Дәріс мақсаты: Тарихты оқытудағы жаңа технологиялармен таныстыру 
 
1. Тарихты оқытудағы инновациялар 
2. Оқытудың модульды технологиясының сипаттамасы және ерекшелігі
 
Соңғы жылдары тарих сабақтарында оқушылардың өз бетімен іздену, 
зерттеу, басқаның пікірін тыңдай білу дағдыларын, шығармашылық 
қабілеттерін қалыптастыру, жеке тұлғаны дамыту жолында жұмыс 
жүргізілуде. Оның мақсаты - оқушыларды белсенділікке, өз бетімен білім 
алуға, ізденуге, өздерін тұлға ретінде сезіне білуге үйрету. 
Педагогикалық әдістемедегі оқыту кезендерінде қайталау тәсілін 
пайдалансақ, оқыту құрлымы ортақ, мазмұны әртүрлі жекелеген блоктардан 
тұратын модульдік сипат алады. 
Модульдік технологиямен окыту нұсқасында білімді толық игеруді 
негізге ала отырып, қазіргі дидактика талабына сәйкес балаларды оқыту ғана 
емес, тұлғаның танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу үрдісін диалогтық 
қарым-қатынас негізінде құруға болады. Бұл оқу үрдісі мен мұғалімнің 
жқмысына кейбір өзгерістер туғызады. Оның жалпы нұсқасы мынадай: 
1. Оқушыларды оқу мақсатымен таныстыру. 
2. Сыныпты мазмұндары ұқсас бірнеше тақырыптан түратын (тарау) 
блок модулімен таныстыру. 


3. Мұғалімнің белгілік (знак) жүйе бойынша (сызба, кесте, т.б.) 
қысқаша мазмұндауы (оқушыларға материал кодталған түрде түсіндіріледі, 
не зерттеу, іздену бағыты негізге алынады). 
4. Оқушының таным қызметіне негізделген диалогтық қарым-қатынасы 
мен сабақ сайын «әрбір оқушының білім нәтижесінің бағалануын 
ұйымдастыру. 
5. Оқу материальша негізделген ортақ тақырыптарға (тарауға) 4-7 ретке 
дейін қайта-қайта орала отырып, үдемелі (қайталау емес) түрде зерттеу. 
6. Бүкіл тақырып бойынша (модульдегі) тест өткізу (тесттің әртүрін 
пайдалану) 
7. Тақырып бойынша денгейлік (релелік) сынақ, бақылау жұмысы
тарихи сынақ хат т.б. 
Деңгейлік — әр оқушыға үш деңгейлік (қиьш, орташа, оңай) жүйе 
бойынша билет таңдауға мүмкіндік беру. Рейтингтік жүйені пайдалануға 
болады. 
Оқу модулі үш бөлімнен тұрады: кіріспе, диалогтық және қорытынды 
бөлім. 
Бір модуль шамамен 5-12 сағатты қамтуы мүмкін (өзгертуге болады). 
Кіріспеге 1-2 сағат, қорытындыға 2-3 сағат, қалған уақыт диалогтық бөлімге 
арналады.
Диалогтық бөлімде оқушылардың тақырыпқа бірнеше қайта оралуы 
(оқыту ойындары, бірін-бірі оқыту және тексеру) оқу материалын жақсы 
меңгеруге, қарапайымнан күрделіге, жай тапсырмадан шығрмашылық 
ізденуге мүмкіндік береді. Әр оқушы тақырыпты түсіну дәрежесінен білімді 
жеткізе білу дәрежесіне көтеріледі. Диалогтық бөлімде таным үрдісі 2, 4, 7, 
т.б. адамдық топтарға бөлінеді, ол оқушылардың бір-бірін оқыту, ойындар 
арқылы қарым-қатынас жасауына негізделеді. 
Мысалы, Ежелгі Қазақстан тарихынан "Қола дәуіріндегі Қазақстан" 
модуль-сабағына 4 сағат бөлінген. 
1-сабақта (кіріспе бөлім) модулге кіріспе, саяхат сабақ, тірек сызбамен 
жұмыс жүргізіледі. 
2-сабақ оқыту ойындарына арналады. 
3-сабақ. Картамен жұмыс жасау. Сөзтізбек шешу.
4-сабақта деңгейлік (релелік) сынақ өткізіледі Бұл жүйе оқушыларды 
ынталандырады. 30 және одан да көп оқушысы бар сыныптарда әрбір баланы 
сабақ сайын бағалау және біріне-бірін бағалату оның белсенділігін арттырып, 
сенімін күшейтеді. 
Жаңашыл мұғалімдер идеясын сабаққа қолдану 
Оқу мазмұны үздіксіз жаңаруда. Білім берудің жаңа философиясы, 
теориялық негізі, әдістемелік, дидактикалық практикасы сапалық жаңа 
кезеңге қадам басты. Тарихи білім жүйесі де жетілдірілуде. Жаңа мазмұнға 
жаңа әдістер жүйесі қажет. Мемлекеттік стандарт, оқу бағдарламалары 
қасандықтан догмалық арылған, оған шығармашылықпен даму қағидаларына 
тән. Содан да білім беру жүйесінде мұғалімдердің қызметі үнемі ізденумен, 


өзін-өзі дамытумен ерекшеленеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда оқу-тәрбие 
процесіндегі жаңалыққа ұмтылушылық мұғалімдердің бәріне тән болуы тиіс. 
Жаңашыл мұғалімдердің идеясын сабаққа қолданудың маңызы зор. Бұл 
жағдай сабақты, оқыту процесінің үдістерін түрлеңдіре отырып, жаңа білімді 
игерудегі оқушылардың әрекетін жеңілдетуге көмектеседі. Жаңашыл 
мұғалімдер, олардың идеялары да көп. Әр мұғалім өзінің қабілеті мен 
бейіміне, мүмкіндігіне қарай өзі таңдап алуы керек. Бұл жерде біз жаңашыл 
идеялардың бірнешеуін үлгі ретінде мысалға келтіреміз. 
В.Ф.Шаталовтың әдістемелік жүйесінің мынадай ерекшеліктерін бөліп 
атауға болады: мұғалімнің жан-жақты түсіндіруі; оқу материалын тірек-
сигналдармен жазылған плакат бойынша қысқаша мазмұндау; тірек-
сигналдарды үлестірмелі материал бойынша әрбір оқушының танысуы; 
оқулықпен және тірек-сигналдар парағымен окушының үйде жұмыс жасауы
тірек, сигналдарды келесі сабақта жазбаша жаңғырту; тірек-сигнал бойынша 
жауап беру; бұрын оқылған материалдарды үнемі тереңдету және қайталау. 
Ал А.Литвановтың икондық үлгілеу әдісі осыған ұқсас көрінгенімен 
өзіндік ерекшелігі де мол. Оның мәні — оку материалындағы негізгі ұғымдар 
мен құбылыстарды сұлба немесе сурет түрінде беру. Ол мынадай тәсілдерден 
құралады: — мұғалім түсіндіре отырып, тақтаға сурет салады, ал оқушылар 
оны өз дәптерлеріне түсіреді; 
— тақтадағы жазбалар бойынша мұғалімнің қайталап түсіңдіруі; 
— оқушылардың оқулық және конспект бойынша үйде жұмыс жасауы; 
— келесі сабақта оқушының тақтадағы конспект бойынша жауап беруі. 
С.Д.Шевченконың әдістемесінде ауызша сұрауды оқушылардың өздері 
кезектесіп жүргізеді, келесі кезенде үйде дайындалған материал бойынаша әр 
оқушының өзіне-өзі баға беруі іске асады; одан соң қарама-қарсы сұрақ қою 
арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды; тірек-сигнаддарды жаңғырту 
бойынша жазбаша бағылау жұмысы; жаңа материалды түсіндіру; тірек-
сишалдарды қолданып жаңа материалдардың мазмұны қайталау. Бұл әдістер 
бойынша оқу дағдыларын қалыптастыру бір сабақтың, тақырыптың
бөлімнің, тұтас оқу жылының негізінде белгіленеді. 
Соңғы жылдары республикадағы білім беру саласында жаңашыл 
мұғалімдердің іс-тәжірбиелері жинақталып, насихатталуда. Солардың 
қатарында 
М.М.Жанпейісованың 
модульдік 
оқыту 
технологиясы, 
Б.А.Тұрғанбаеваның 
дамыта 
оқыту 
технологиясы 
бағыттарындағы 
жаңашылдық істерін атап айтуға болады. 
Қорыта айтқанда, жаңашыл оқыту білім беру жүйесінде болашағы зор 
аса маңызды міндеттердің бірі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет