«Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешені



жүктеу 4.49 Mb.
бет9/20
Дата22.02.2016
өлшемі4.49 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

Жаңа буын оқулықтарының кемшілікткері. Мектепте «Тарих» курсын оқытудың басты мақсаты: оқушыларға адамзат дамуының ежелгі заманынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру, бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени-тарихи тәжірибенің негізін меңгерту.

Сондықтан оқулық – адамзат тарихында білім беру міндеттерін шешуге бағытталган оқудың озық құралы. 2001 жылдан бастап тарих пәніне жаңа буын оқулықтары енгізілді. Осы оқулықтардың басты ерекшелігі:

1. Оқулықтың мемлекеттік тілде жазылып, бірнеше тілге аударылуы:

2. Оқу материалдарының басым көпшілігі Қазақстанның даму кезеңдерінен (тарихы. мәдениеті. дәстурі, т. б.) алынуы;

3. Әдістемелік кешенінің дайындалып, шығарылуы;

4. Оқулықтарға қойылатын педагогикалық талаптардың ескерілуі.

Сонымен бірге тарих пәні мұғалімі болғандықтан, жаңа буын оқулықгарында жіберілген қате-кемшіліктер туралы сын-пікірлер айтуды өз міндетім деп есептеймін. Оқулықтардағы жіберілген қателіктер:

1.Оку материалының көлемділігі;

2.Тілі күрделі, оқушылардың қабылдауына қиындық туғызады;

З.Суреттер мен иллюстрациялардың сапалы берілмеуі;

4.Тарихтағы кейбір даулы мәселелер, мысалы: Қазақ хандығынын құрылу мезгілі, Шыңғыс ханның. Әмір Темірдін тарихтағы ролі. т. б. туралы әр түрлі бағыттағы көзқарастар мен тұжырымдардъң оқулықта жазылмауы.

«Көш журе тузеледі» демекші, кеткен қателіктерді ендігі, алдағы басылымында жібермеудің жолдарын көрсеткен достық ұсыныстарымызды авторлар ұжымы ықыласпен қабылдап, оқулықтар мен олардың оқу-әдістемелік кешендерін жетілдіре, жақсарта түседі деп сенемін.


Бекіту сұрақтары:

1. Педагогикалық білімге сүйене отырып оқыту дегенді қалай түснесін?

2. Тарих пәнінің тәрбиелік маңызын атап беріңіз ?

3."Қазақстантарихын оқу әдістемесі" пәнінің құрамында қандай жұмыстардың бөлімі болу керек ?


Әдебиет:

1. Білім заңы РК. Учитель Казахстана от 15 авг. 1992 г.

2. Тарих бағдарламасы 5-11 сынып А., 1993 А., 2000

3. Отан тану курсының бағдарламасы. Отан тану курсын оқыту туралы әдістемелік ұсыныстар). А., 1992


3 Дәріс Тарихты оқыту процесінде оқушылардың іскерлігінің қалыптасуы.

Негізігі ұғымдар: «қабілет» ұғымы, оқушылар іскерліктерінің қалуыптасуы

Мақсаты: Оқушыларды оқыту процесінде дамитын іскерлігін бекіту жолдарының әдістемелік жолдарын меңгеруге үйрету.
Жоспар:

1.Тарихты оқыту процесінде оқушылардың қабілеттері мен біліктерін дамыту.

2. Тарихты оқыту процесінде ақыл-ойлық біліктерінің дамуы, әдістемелік жолдар, көмекші құралдар, деректер, құжаттар, тарихи өлеңдер.

3. Оқу іскерліктері мен біліктерінің сипаттамасы.

4. Оқушылар іскерліктерінің қалуыптасуының методикасы мен кезеңдері.
1.Тарихты оқыту процесінде оқушылардың қабілеттері мен біліктерін дамыту. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жанару жолында» атты Жолдауында «Бәрі де мектептен басталады...» - деп, еліміздің көк байрағын жоғары көтеретін, тәуелсіз мемлекетіміздің тізгінін өз қолдарына мықтап ұстайтын азамат тәрбиелеуге басты назар ауда-рып отыр.

Әрбір тәуелсіз, дамыған ел өз мемлекетінін, халқынын тарихын оқытып үйретуге, алдымен оны мектепте оқытуға ерекше мән береді. Өйткені кез келген мемлекеттін азаматы өз елінің, мемлекетінің, сол мемлекетті мекендеп отырған халықтардын, оның өзінде де алдымен сол елге аты берілген халықтың тарихын білуге міндетті. Ал, Тәуелсіздік жолын жаңа ғана бастаған Қазақстанға жаңа қоғамды құрушы, сонда өмір сүруші жастарды оқытып, тәрбиелеу аса маңызды міндет болып тұр. Ал еліміздің тарихын жаппай оқытып үйрететін бірден-бір оқу орны - жалпы білім беретін мектеп. Тарих пәні небір тамаша тарихи фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды, жеке тарихи қайраткерлердің халық үшін жасаған қызметін, ерен ерлігін баяндайды, ал осылардың бәрі жас ұрпақтың сөзіміне әсер етеді, адамгершілігі жоғары, саналы азамат қалыптасуына үлес қосады. Тарих -ғылым, білім ретінде қоғамда да, адам өмірінде де ерекше маңызды орын алады. Қоғам мүшелерін қажетті дәрежеде тарихи біліммен қаруландырмай, оларда тарихи сананы қалыптастырмай ешбір мемлекет тарихи дамудың жоғарғы сатысына жете алмайды.

Тарихты оқытудың алдында тұрған білімділік-тәрбиелік міндеттердің ойдағыдай шешілуі үшін оқушылардың тарих курсының мазмүнын қалай меңгеріп отырғандықтарын білудіңмаңызы зор. Тарихты оқыту процесінде мұғалім мектеп оқушыларына білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту жөніндегі бір-бірімен тығыз байланысты міндеттерді шешеді. Оқушылар негізгі тарихи фактілерді меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар оларды ой елегінен өткізе отырып, теориялық білімдерді, яғни курстың идеялары мен ұғымдарын игеру, тарихи процестің кейбір заңдылықтарын біліп алуы керек.

Білімнің терең меңгерілуі оқушылардың ойлауын дамытуды: фактілерді талдай және қорытындылай білуді, оқиғалар мен кұбылыстарды салысты-рып, саралай білуді, оларды ез бетімен бағалай білуді көздейді. Соған коса тарих нұскаулары, косымшатарихи әдебиеттер мен карталар және көрнекі кұралдармен өз бетімен жұмыс істеу шеберлігі мен дағдысын игеруі, оқушы-лардың ауызша және жазба тілін дамыту карастырылады.

Тарихтын оқу пәні ретіндегі ерекшелігі сол, бұл пәннен окушыларға білім бергенде мәнерлі сөздің релі орасан зор. Мұғалімнің әсерлі, кызғы-лықты әңгімесі оқушының өткендегінің жаркын бейнесін ойша көз алдына елестетуіне, оку материалын айкын бейнелі түсінік қалыптасқанға дейінгі дәрежеде нактылай түсуіне, сондай-ақ, тәрбиелеу міндетін шешу үшін аса қажетті болатын, оқушыға эмоциялықәсер етуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Материалдарды ауызша баяндау кезінде мұғалім пікір алысудың және тарихи окиғалардын өзара байланысын түсіндірудің үлгісін көрсетіп береді. Материалдарды ауызша баяндау кезінде материалды нактылай түсудің төмендегідей әдістері колданылады:

- айқын эпизодтар келтірілетін суретті әңгіме (мысалы: сақтардың тұрмысы туралы);

- оқушыларға ойша өте ерте замандардағыны көз алдына келтіріп, соған «қатысушы ретінде сезіндіретін өткендегіге саяхат» түріндегіге әңгіме (мысалы: тарихи - мәдени сәулет ескерткіштері жәніндегі әңгіме):

- тарихи окиғалар мен кұбылыстарды байланыстыру әдісі, бұл жағдайда типтік фактілер тарихи адамныңтағдыры арқьшы көрсетіледі (мысалы, XVIII ғасырдағы Кіші жүздің Ресейдің қол астына кіруі жөніндегі документті материалға кұрылған әңгіме);

- тарихи оқиғалар мен кұбылыстарды драмалы әңгіме ретінде айтып беру әдісі, бұл жағдайда типтік фактілер бірнеше тарихи адамдардын немесе ойдан шығарылған адамдардың қақтығысуы арқылы беріледі (мысалы, XVIII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы кезіндегі казақ батырларынын ерлігін баяндау);

- әңгімеге қызықты детальдар мен тәртіптеп суреттеуді енгізу, бұл ба-яндалып отырған оқиғалар мен құбылыстарды нақты етеді және оларды «жа-қындата» түседі (Моңғолдардың Отырарды жаулап алудағы айлакерлігі мен қатыгездігі женіндегі фактілер).

Бұл әдістердің тиімділігі - оқушының қиялдау мен сақтау қабілетіне күшті әсер етеді. Оқушылар айтылғанды есте жақсы сақтап қалады, тіпті біраз уақыт өткеннен кейінгі кезде де мұғалімнің әңгімесіне енгізілген типтік диалогтарды, өмірбаяндық мәліметтерді, қызықты детальдарды қайталап айтып бере алады.

Орыстыңатакты педагогі В. Сухомлинский: «Мектеп дегеніміз - еңал-дымен кітап» - деген екен. Байқайсыз ба, өте терең айтылған сөз. Бала бір

6-ғана мұғалімнің айтылғанымен шектеліп, оқулықтарды ғана қанағат тұтса, қайтіп қанаттанады. Аясы тар түсініктің ғана өрісінде шектеліп калады. Осының бәріне кең жол ашатын - кітап. Кітап - ол жансыз мұғалім. Ол сені білім нәрімен сусандрек. Білімнің терең меңгерілуі окушылардың ойлауын дамытуды: фактілерді талдай және қорытындылай білуді, оқиғалар мен кұбылыстарды салыстырып, саралай білуді, оларды өз бетімен бағалай білуді көздейді. Соған коса тарих нұскаулары, қосымша тарихи әдебиеттер мен карталар және көрнекі кұралдармен өз бетімен жұмыс істеу шеберлігі мен дағдысын игеруі, оқушылардың ауызша және жазба тілін дамыту карастырылады.

Тарихтын оқу пәні ретіндегі ерекшелігі сол, бұл пәннен окушыларға білім бергенде мәнерлі сөздің релі орасан зор. Мұғалімнің әсерлі, қызғы-лықты әңгімесі оқушының өткендегінің жарқын бейнесін ойша көз алдына елестетуіне, оку материалын айқын бейнелі түсінік қалыптасқанға дейінгі дәрежеде нақтылай түсуіне, сондай-ақ, тәрбиелеу міндетін шешу үшін аса қажетті болатын, оқушыға эмоциялықәсер етуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Материалдарды ауызша баяндау кезінде мұғалім пікір алысудың және тарихи окиғалардын өзара байланысын түсіндірудің үлгісін көрсетіп береді. Материалдарды ауызша баяндау кезінде материалды нақтылай түсудің төмендегідей әдістері колданылады:

- айқын эпизодтар келтірілетін суретті әңгіме (мысалы: сақтардың тұрмысы туралы);

- оқушыларға ойша өте ерте замандардағыны көз алдына келтіріп, соған «қатысушы ретінде сезіндіретін өткендегіге саяхат» түріндегіге әңгіме (мысалы: тарихи - мәдени сәулет ескерткіштері жәніндегі әңгіме):

- тарихи окиғалар мен кұбылыстарды байланыстыру әдісі, бұл жағдайда типтік фактілер тарихи адамның тағдыры арқьшы көрсетіледі (мысалы, XVIII ғасырдағы Кіші жүздің Ресейдің қол астына кіруі жөніндегі документті материалға кұрылған әңгіме);

- тарихи оқиғалар мен кұбылыстарды драмалы әңгіме ретінде айтып беру әдісі, бұл жағдайда типтік фактілер бірнеше тарихи адамдардын немесе ойдан шығарылған адамдардың қақтығысуы арқылы беріледі (мысалы, XVIII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы кезіндегі казақ батырларынын ерлігін баяндау);

- әңгімеге қызықты детальдар мен тәптіптен суреттеуді енгізу, бұл ба-яндалып отырған оқиғалар мен құбылыстарды нақты етеді және оларды «жа-қындата» түседі (Моңғолдардың Отырарды жаулап алудағы айлакерлігі мен қатыгездігі женіндегі фактілер).

Бұл әдістердің тиімділігі - оқушының қиялдау мен сақтау қабілетіне күшті әсер етеді. Оқушылар айтылғанды есте жақсы сақтап қалады, тіпті біраз уақыт өткеннен кейінгі кезде де мұғалімнің әңгімесіне енгізілген типтік диалогтарды, емірбаяндық мәліметтерді, қызықты детальдарды қайталап айтып бере алады.

Орыстың атақты педагогі В. Сухомлинский: «Мектеп дегеніміз - еңал-дымен кітап» - деген екен. Байқайсыз ба, өте терең айтылған сөз. Бала бір ғана мұғалімнің айтылғанымен шектеліп, оқулықтарды ғана қанағат тұтса, қайтып қанағаттанады. Аясы тар түсініктің ғана өрісінде шектеліп қалады. Осының бәріне кең жол ашатын – кітап. Кітап – ол жансыз мұғалім. Ол сені білім нәрімен сусандырады.

Сондықтан да оқушы білімін үнемі жетілдіріп, тәуелсіз еліміздің тарихи кезеңдеріне саяси, экономикалық және мәдени материалдар берілген кітаптар, кітапшалар, энциклопедияларды, мерзімді баспасез беттерінде берілетін тарихи-қоғамдық материалдарды оқушылардың өз бетінше ізденуіне бағыт-бағдар бере білу керек. Ел тарихын оқытуда сыныптан тыс оқу, қосымша көркем тарихи әдебиеттерді сабақта пайдалану - оқушылардың білімінің, тарихи ұғымдардың жүйелілігіне әсер етеді; оқушылардың ақын-ойын, танымын, сезімін дамытуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, оқушыны еңбектене білуге үйретіп, қызығушылығын арттырады. «Махамбеттің жебесі», «Көшпенділер», «Алмас қылыш», «Абылай хан», «Сырым туралы сыр», «Кенесары хан», «Қызылдар қырғыны», «Нәубет», және тағы басқа тарихи көркем әдебиеттер оқушыларға тарихи оқиғалар мен адамдық тұлға жөнінде жан-жақты мағлұмат бере отырып, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді, сана-сезімінің жетілуіне әсер етеді.

Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себептен педагогикалық үрдісті, процесті технологияландыру мәселесі маңызды.

Өздік, танымдық жұмыс – оқушылар бойындағы танымдық қабілетінің, шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол ашады.

Тарих сабағында тарихи материалдарды, көркем әдебиетті, деректі құжаттарды, баспа ағындарын мақсатты пайдалану арқылы оқушылардың ақыл ойын, адамгершілігін, эстетикалық, интеллектуалдық таным сезімін дамытып, өздігінен ізденуіне қолайлы жағдай тудырады.

Сабақ беру әдісінде оқушылардың өз бетімен танымдық кабілетін дамытуға бағытталған тапсырмалар берілуі тиіс. Оқушылар әңгімелер, өлеңдер, өтірік өлеңдер, диалог-журнал, реферат, сахналық қойылымдар, конспект, келешектегі болжау өмірнамалар жазып, сапарнамалар құрастырып, өз бетімен кітап оқып, журнал-газет шығарады.

Әртүрлі ақпараттарды-кітап, оқулық, көркем әдебиет, баспа беттері, көмекші құралдар, деректер, құжаттар, тарихи өлеңдер, шежірелерді зерттеу үшін бастыны іріктейді, цитаталар алу, конспектілеу, жоспар, тезистер құрастыруға машықтанады.

2. Тарихты оқыту процесінде ақыл-ойлық біліктерінің дамуы.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсінуді талап етеді.

Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе олар қоғамдык тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап көрсетеді.

«Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті» - деп жазады Т.Тәжібаев. Ал «Шығармашылық» ұғымы - жаңа нәрсе «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек, бұрын тәжірбиеде болмаған жаңа нәрсе ойлап, жетістікке қол жеткізу деген сөз. Ал шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я.Н.Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені, әрбір жаңалык, әсіресе, интеллектуалдық тұрғыдағы баланы жаңа техникалық сапаға көтереді. Шығармашылық әрекет өте күрделі үрдіс және ол адамға ғана тән. Шығармашылық қабілеті дамыған тұлға калыптастыру - қазіргі оку үрдісінің ең басты талаптарының бірі. Шығармашылық тұлға қалыптастырудың бір жолы ең алдымен оқушылардың танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастырумен жүзеге аспақ. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Оқушыны шығармашылыкқа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау - өте күрделі үрдіс. Оқушының шығармашылық мүмкіндігі оның жеке тұлға ретінде қалыптастыру үрдісінде пайда болады. Егер шығармашылық оқушының жас кезінде бағалы бағдар болып қалыптаспаса, онда болашақта оның қалыптасуы екі талай. Жалпы алғанда, оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда түрлендірілген сабақтың берері мол. Оқушылардың белсенділігін арттыру, олардың іс-әрекетін басқару арқы-лы іздестіру, зерттеу, ой таласын туғызумен қатар, сабақта өмірмен ұштастыру, оқу материалдарының мазмұнын қоршаған ортаның өзгерісімен, қозғалысымен, шындығымен үнемі байланыстыру - оқыту үрдісінің ең негізгі мақсаты.



  1. Оқу іскерліктері мен біліктерінің сипаттамасы.Тарихи қайраткерлердің тарихи образы, егер ол нақты және оқиғалы материалдарға байланысты баяндалса білім берік және ұзақ есте сақталады. XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының саяси жағдайы мен жоңғар шапқын-шылығы кезіңдегі қазақ батырларының ерлігін баяндауда М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасынан үзінді келтіруге болады. Мысалы: ақын поэманың басты кейіпкерлеріне - Абылай хан, Баян батырды және бір топ батырларды атап, олардың әрқайсысына мінездеме береді.

...Жиылды өңшең ноян ығай - сығай,

Байжігіт, Тасболат пен би Толыбай.

Ту баста Абылайды хан көтерген

Қамқоры Қарауылдың шешен Қанай.

Ашуы жауған қардай, шөккен нардай,

Қарты қыран Қанжығалы карт Бөгенбай - деп, Қанайдың басқаларға қарағанда шешендігін, оның батырлығын, ал Бөгенбайдың басқаларға қарағаңда жасы үлкендігін, ал мінезін ашу үшін «қыран» деген теңеуді шебер қолданған.

Не болмаса, жауынгер жырау Қазтуғанның (XV ғ.) тәлімдік идеяларын қолдану.

...Жатып қалған бір токты,

Жайылып мың қой болған жер.

...Шырмауығы шеккен түйе таптырмас,

Балығы көлге жылқы жапсырмас - деген өлең жырларынан Қазтуған-жыраудың туған жеріне деген сүйіспеншілігін көреміз. Мектеп оқушыларына тарихи танымдарды насихаттау, отансүйгіштік тәрбие беруде «Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы» екенін, құлыны талдай, қыздары айдай керінетін жер қадірін, ел қадірін сездіру тарих білімдерін меңгертумен тығыз байланысты. Бала тәрбиесі қай заманда, қай қоғам процесінде болсын үздіксіз ізденуде ізгі мұрат екені баршаға аян. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлаумен бала бойында үнемі үйретілетін ізеттілік, қайырымдылық, әдептілік, елін-жерін сүюшілік асыл қасиеттерден бастау алатыны белгілі. Елдік қасиеттер аспаннан түспейді, жоқтан жаралмайды. Өзі туған топырақпен, ана сүтімен ұйыған елжандылық арнасында өскен ортасы мен азаматы ретінде қалыптастырған қоғамы дарытар терең де, текті дүниетаным негізінде ғана бітеді. Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» деген еңбегінде: «Біздін тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз - қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу» - деп маңызды міндеттердің бірі ретінде алға тартуының сырын содан іздеген жөн. Қазақ халқы «Отан» деген ұғымды бала бойына ерте бастан сініруге тырысқан. -Мұны еңалдымен туған жер, атамекен, ел, жұрт деген ұғымдар мен барынша кеңінен байланыстырған. Сондықтан да болар, соншама кең далада өмір сүрсе де, ата-бабаларымыз үшін «Атамекен, туған жер» ұғымы - әрдайым қастерлі де қасиетті ұғым. Бұл қасиеттер ұрпақ бойына оқумен, біліммен, үйренумен, талпынумен бітеді. Жоғарыда айтып еткеніміздей ұрпағын өз халқының патриоты етіп тәрбиелеу - қай халықтың болса да тәрбиелеу жүйесінің негізгі талаптарынын бірі. Ал біздің халқымызда бұл талап әрдайым жоғары болған.

Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы - тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы - батыр халық». Қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қаған, жерін жауға бермей, ұлан байтақ елкесін қазақ ліне мәңгі қоныс ету мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңіреп өткен хас батырлар қаншама десеңізші! Бұлардың ерлігі кейінгі ұрпақка қашан да болса өнеге болмақ.

Біздің жыл санауымызға дейінгі 530 жылы Сақ патшасы Томирис өз кезінде ешкімнен жеңілместей көріп асқақтаған парсы патшасы Кирді жеңіп, өзінің 7 мың атты әскерімен төбенің басына шығып: «Массагеттер! Сендердің патшаларың сезінде тұрды! Ал, Парсы патшасы, сенің аңсағаның қан еді, енді тойғаныңша іш!» деп, қолындағы қоржыннан Кирдің басын алып, меске толтырылған қанға өз қолымен батырған екен. Міне, бұл да осы ұлан байтақ даланың төсінде өткен қайсарлық. Бұл қасиеттер ұрпақ бойына оқумен, біліммен, үйренумен, талпынумен бітеді. Отанға, ел тарихына деген құрмет, ерлік рухын, ата салтын қалыптастыру, оны кеңінен таратуға, соның нәтижесінде оқушыларға білім мен тәрбие беруді жаңданды руда тарих пәні мұғалімдерінің рөлі ерекше.

Әр халықтың көне заманнан бері келе жатқан езіне тән әлеуметтік және мәдени мұрасы бар, әрі тәрбиедегі байлығы өз алдына. Қай кезенде болма-сын халқымыздан небір ойшыл, дана ғалымдардың, ұлы адамдардың шық-қанына оқушылардың көздерін жеткізе отырып, отаншыл, адамгершілігі жоғары, жан-жақты дамыған Қазақстан азаматын тәрбиелеуде тарих пәні үлес қосады. Әрбір Қазақстан азаматы отаншыл болмайынша, Қазақстан өркендемейді. Тарихын сақтар мен ғұндардан, әдебиетін Тоныкөк, Күлтегіннен, Қазақхандығы құрылғаннан бергі жыраулардан, музыкасын күй, терме, толғаулардан бастап айтып, оқып, естіп келе жатқан баланың рухани кіндік тұтқасы берік болып өседі. Отбасында жеті атасын, мектепте туған жер, ел тарихын оқып ер жеткен баланың көкірегінде халқына деген мақтаныш сезім орнайды. Себебі, балаға арғы атан батыр, би, шешен болған деп үйретеді, осының өзі патриотизмнің нағыз бастауы.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «XXI ғасыр қазақ халқының жұлдызы жан-ған ғасыры болатынынша сенемін» - дейді. Еңдеше, осы жұлдызы жанған ғасырдың азаматтарын тәрбиелеуге үлес қосайық.

Өз бетінше жұмысты балалар үлкендердің көмегінсіз, өздігінен орындауы үшін берілетін тапсырманың мақсаты айқын, оқушыға түсінікті болуы керек. Мұндай жұмыс тапсырылғанда оның ауыр-жеңілдігіне, қанша уақытта орындалатынына баса назар аударған дұрыс. Өз бетінше жұмысты сабақтың кез келген кезеңінде тапсыруға болады. Мысалы: жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде, қайталау сабағында, сабақты бекіту кезеңдерінде, т. б.

Мұғалім оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыс түрлерін, әр пәннің ерекшелігін ескере отырып, алдын-ала дайындалуы керек. Сонда ғана сабақ жүйелі, өзіндік жұмыстар сапалы болады. Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу әрекеті бірден қалыптаспайды. Ол өте күрделі болғандықтан, қарапайым сатыдан күрделі сатыға карай дамиды.

Білім беру жүйесіндегі жаңа бағыттар, Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты, міндеттері, білім мазм9ны, оған қойылатын дидактикалық принциптер мен талаптар және оларды іске асыру шаралары негізделген "Қазақстан тарихынан тарихи білім беру тұжырымдамасы " жасалынды.

6. Бүгінгі таңда білім беру саласында болып жатқан өзгерістер, республикамыздағы мектепті реформалау ісі, педагогикағылымдарындағы соңғы жаңалықтар негізінде оқулықты оқыту үрдісінің негізгі өзегі, оқу пәнінің моделі деп қараумен қатар, біз оқулықты жеке тұлғаны жоғары сапамен оқытуға, елжанды азаматты төрбиелеуге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге, жеке түлғалық бағдарлы оқыту процесін тиімді ұйымдастыруға бағытталған құрал ретінде қарастырамыз. Оқулық-мемлекеттік білім стандартыньщ талабына сөйкес оқу


бағдарламаларында анықталған білімнің дайындық деңгейлері мен
оқу-әрекет түрлерінің негізделген минимумын дамытуы тиіс.

4. Оқушылар іскерліктерінің қалуыптасуының методикасы мен кезеңдері. Тарих сабақтарында жаңа технологияларды пайдаланып ойлау қабілетін дамыту арқылы шығармашылыққа баулу Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, онымен бірге үнемі езгеріп отырады. Қай кезеңде де жалпы білімнің атқаратын кызметі - жас ұрпақтың да нымдық дүниесін байытып, дамуын қамтамасыз ету.

Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030» Жолдауындағы маңызды басымдықтардың бірінде - «Орта білім жүйесін одан әрі жетілдіру» - деп көрсетсе, 1999 жылғы 7-маусымдағы «Білім заңының» 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттык және жалпы адамзаттық қүұндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» - делінген. «Қазақстан Республикасының 2015 - жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты -жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуде, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға, өз бетінше дұрыс адамгершілік түрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру - деп көрсетілген.

Жоғарыдағы қүжаттар негізінде қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің басты міңдеті - білім берудің ұлттық моделіне жету арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау, мектептен шыққан шәкіртті өмірге жан-жақты да-ярланған тұлға етіп шығару.

Тарих - мектепте оқылатын негізгі қоғамдық пәндердің бірі. Жеке түлғаны калыптастырып, дамыту үшін тарих пәнінің орны ерекше. Өйткені, бұл пән - адам баласының, барлық халықтың басынан кешкен оқиғаларын, мемлекеттердің құрылуы тарихын оқытады. Сондықтан ақын

М. Әлімбаев: «Тарихтың авторы мен жаны - халық,

Халықтың қимылының бәрі - тарих» ,– деп бекер айтпаған.

Өткенді білу арқылы болашаққа көз тіге аламыз.

Сабақ - оқытудың негізгі үрдісі. Оны есте қаддыру, оқушы санасына терең сіңіру әрбір мүғалімнің өзіңдік шеберлігін қажет етеді. Сондықтан пән мұғалімі қазіргі оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін, жетістіктерін пайдаланып сабақтың сапасын, ғылымилығын арттырып, оқушының өзіндік ойлау қабілетін дамытып, шығармашылыққа бағыттауы кажет. Тарих пәндерінде оқушыларға жас ерекшелігіне, бағдарламаға сай қоғамның даму тарихы туралы жүйелі білім бере отырып, ғылыми көз қарастарын қалыптастырып, өз бетінше жұмыс жасай білуге, саралай, тұжырымдай білуге үйретіп, шығармашылыкка баулимын. Оларды жүзеге асыру үшін оқытудың қазіргі технологияларын тиімді пайдалануға тырысамын. Көрнекті педагогтардың еңбектерін басшылыққа аламыз.

Қазіргі кездегі жаңа технологиялардың бірі деңгейлеп оқыту. Оқушының ойлау дағдысы бойынша 4 деңгейге бөлеміз.


  1. Міндетті деңгей. Өзіндік жұмыстарды қиналып орындайды. Ойлау дағдысы қалыптаспаған. Бағдарлама көлемін дұрыс игермеген. Бұл оқушылар тарихи факті, дата, тұлғаларды жаттап алады.

  2. Алгоритмдік деңгей. Өзіндік жұмыстарды өз бетінше орындауға ты-рысады. Мүғалімнің түсіндіргені бойынша айтып бере алады. Бағдарлама көлемін игерген. Ойлау дағдысы қалыптасқан.

  3. Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ойланып, ізденіп, өзі қосымша әдебиетді пайдаланып жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындағанда оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

  4. Шығармашылық деңгей. Жаңа тақырыпты оқушы өзінің ізденуі арқылы шығармашылыққа ұмтылады. Мұғалімнің көмегінсіз әрекет ете алады. Ойлау дағдысы жоғары денгейде қалыптасқан. Берілген тапсырмаға өз бетімен мәнжазба, баяндама, зерттеу, саралау жұмыстарын жүргізе алады.

Оқушының ойлау қабілетін дамыту үшін қазіргі оқытудың түрлері: түсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивті, проблемалы жеке ізденіс, зерттеушілік қолданылады. Осылар арқылы оқушының кызығушылығын ояту, танымдық-логикалық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға болады.

Мен өз сабақтарымда оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында мынадай жұмыс түрлерін жүргіземіз.

1. Сабақта тірек-схемаларды пайдалану. Мұнда тақырыпқа, оның мазмұнына сәйкес тірек-схемалар сыздым. Сол сызба арқылы түсіндіре келе, оқушыға проблема туғызатын «Неге? Неліктен?», «Оны немен түсіндіресің?» деген қосымша, жетекші сұрактар қойылады. Мұндай сұрактар оқушының материалды саналы түрде жүйеге келтіруіне, теңестіре отырып сөйлеуіне мүмкіндік береді.

Мысалы: 9-сыныпта өтілген «Қазақтардың Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы» тақырыбы бойынша сызылған сызба: Қазақтардың Е. Пугачев бастаған көтеріліске қатысуы

Сабақ барысыда тақырыпқа сәйкес көркем әдебиет, баспасөз материалын олардың өмірімен, жергілікті жермен байланысын ұштастырамыз.

Бұл оқушының ойлауын дамытуда маңызы зор.

Мысалы: 1836-1838 жж. Шаруалар көтерілісіне Махамбет өлендерін, 1837-1847 ж ж. Кенесары көтерілісіне Е. Бекмахановтың «Кенесары хан» еңбегін 1920-1930 жж. тарихты өткеңде «Зобалаң» Т. Омарбеков, туған жер тарихы туралы 3. Байдосовтың «Үш ғасыр перзенттері», Ж. Оралмағанбетов пен М. Есмағанбетовтың «Аңыздар мен ақиқаттар өлкесін» пайдалануға болады. Танымдық-логикалық қабілеттерін дамыту мақсатында тест түрлерін, логикалық есептер, сөзжұмбақтар ребус т.б. жұмыстар жүргіземіз.

Тест әдісі - оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Әр оқушы өз білім дәрежесін өзі бекітеді, өз бетімен жұмыс істейді уақытты тиімді пайдаланады. Тестті әбден ойластырып жүйелі түрде кұрылуы шарт. Төменгі деңгейдегі оқушының ойланбай белгілей салмауын кадағалаймыз. Оқушының сұраққа түсіне, ойлана жауап беруін қадағалаймыз.

Пайдаланатын тест түрлері:

1.Сәйкестендіру тесті

Кез-келген, анықтаманы оқушы сызу арқылы белгілейді.
1.Ежелгі Египет Ганг езені.


  1. Ежелгі Қытай Хуанхэ өзені.

  2. Ежелгі Үндістан Тигр езені.

  3. Ежелгі Өзен аралығы Ніл өзені.

2.Толықтыру тесті

Көп нүктенің орнына тиісті жауапты кою.

Ежелгі грек ақыны.... «Илиада», «Одессея» поэмаларын жазды. (Гомер)

3.Дұрыс жауап таңдау тесті

Дұрыс жауаптың астын сызу аркылы белгілейді. Отырарды Монғолдар қашан қоршады?

1.1218жылы. 3.1220жылы.

2.1219жылы. 4.1217 жылы.

4.Баламалы тесті

Сұрақтың жауабын «иә» немесе «жоқ» сөздері арқылы белгілеу.

1) М.Х. Дулати 1499 жылы дүниеге келді ме? (Иә).

2)'Шыңғысханның шын есімі «Сабалак» па? (Жоқ).

Тарих логикалық есептер шығару – логикалық ойлауды қалыптастырудың тиімді формаларының бірі. Тарих сабақтарында логикалық есептер шығару оқушының ойлау қабілеттерін арттыра түседі. Мысалы: 6-сынып «Ежелгі дүние тарихы» бойынша.

1.Спартак бастаған құлдар көтерілісі б.э.б. 71-74 ж.ж болды.

Көтеріліс бұдан неше жыл бұрын болған?

2.Б.э.б. 2600 ж. Хеопс пирамидасы салынған, б.э.б.1500 ж. Тутмос перғауын болды. Қай оқйға бірінші болған? Қайсысы бізге жақын аралықта болған?

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет