логикалық және жинақтай ойлау іскерлігін дамытатын салыстыруға берілетін тапсырмалар: шығарма кейіпкерлерін, геометриялың фигураларды, оқиғаларды салыстыру.
ақыл-ойдың алгоритмдік түрін дамытатын тапсырмалар: оқиғаны жоспар бойынша баяндау, суретті үлгіге қарап сипаттау, есепті шығару жоспарын жасау, алгоритмдік нұсқамаларды пайдалану, оларды өз бетімен құрастыру.
талдауға байланысты тапсырмалар: заттарды, құбылысарды топқа бөлу.
Ғылыми әдеби кітаптармен жұмыс істегенде оқушылардың ақыл-ой мәдениеті байқалады. Оқушыларды жұмыс істеуге дағдыландыру үшін оларды кітаппен жүмыс істеудің көптеген тәсілдеріне үйрету қажет. Олар:
кітап мазмұнын ұтымды пайдалану,
мәтіннің түсініксіз жерлерін бөлу,
мәтінге сұрақтар қою, оларға жауап қайыру,
жұмысты жоспарлау,
конспектілеу,
қысқаша желісін дайындау, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |