3.5-сурет. Кеміту уақыты: а – жартылай автоблокировкалы қосжолды; б – даражолды желiде
Бiрiншi қосылғыш тiкелей жолаушылар пойызының графиктен неше жүк пойызын (немесе жүк пойызының қандай бөлiгiн) кеміте алатынын, екiншi қосылғыш – қосымша кеміту уақытында жүк пойызының қандай бөлiгi кемітілетінін көрсетедi.
Бұдан әрi негiзгi кеміту коэффициентiн (жолаушылар пойызының эквивалентiн) былай белгiлейтiн боламыз:
, (3.12)
Қосымша кеміту коэффициентiн:
, (3.13)
Сонда жалпы кеміту коэффициенті мынаған тең болады:
(3.14)
3.6-сурет. Қалыпты даражолды графикте бір пар жолаушылар пойызының жүк пойыздарын кеміту уақыты
Қосымша кеміту уақыты, демек, қосымша кеміту коэффициентi нольге тең болуы мүмкін жағдайда, ең аз кеміту коэффициентi жолаушылар пойызының эквивалентiне тең болады. Егер жүру уақыты, станциялық интервалдар, графиктiң басқа да элементтерi, сондай-ақ графиктiң түрi мәлiм болса, жолаушылар пойызының эквивалентiн дәлме-дәл есептеп шығаруға болады.
Даражолды телiмдерде аралықта болу уақытын тиiсiнше бір пар жолаушылар және бір пар жүк пойыздары үшiн, қосжолды телiмде – әрбiр жүрiс бағытындағы тиiстi санатты бір пойыз үшін жеке анықтайды. Даражолды телiм автобло-кировкамен жабдықталған жағдайда және қалыпты (пакеттiк емес) график болғанда бір пар жолаушылар пойызының аралықта болу уақыты мынадай (3.7-сурет):
,
Бір пар жүк пойыздарының аралықта болу уақыты:
Сонда негiзгi кеміту коэффициентi (жолаушылар пойызының эквивалентi):
Әдеттегi графикте даражолды және қосжолды телiмдердегi жолаушылар және жүк пойыздары жылдамдықтарының арақатынасына қарай кеміту коэффициенті тең.
Мынадай формуланы да пайдалануға болады:
, (3.15)
мұндағы – шектегіш аралықтағы жүк және жолаушылар пойыздарының жылдамдық қатынасы:
.
Достарыңызбен бөлісу: |