5.1-кесте. Тасымалдаудың келтірілген жоспары
Жолдан
|
Жолға
|
Барлығы
|
А
|
Б
|
В
|
А
|
1800
|
1500
|
800
|
|
Б
|
1200
|
2000
|
400
|
|
В
|
700
|
|
|
|
Бұл «шахматка» әр жолға техникалық мөлшерлерді құрастыру үшін негіз болып табылады (айдың 28 жұлдызына қарсы). «Шахматканың» негізінде жолдардың түйіспе бекеттері бойынша вагон ағындарының корреспонденциясы құрастырылады.
Тасымалдау департаментінде, жолдың бөлімшелері мен телімдерінде жұмысты белгілеу үшін әр станцияның жүк тиеу жоспары және тиелген вагондарды қабылдау мөлшерлерінің негізінде, жол ішіндегі тиелген вагон ағындарының ведомості құрастырылады (жол ішіндегі “шахматка”).
5.2-кестеде жол үшін тиелген вагон ағындарының көлденең кестесі (сызбасы 5.1-суретте келтірілген) көрсетілген.
Б
Бөл. II
А Бөл. I Бөл. III В
5.1-сурет. Жол сызбасы
5.2-кесте. Тиелген вагон ағындарының көлденең кестесі
-ға
-дан
|
Бөлімшелер
|
Жалпы
|
Көрші жолдар
|
Жалпы
|
Барлығы
|
I
|
II
|
III
|
А
|
Б
|
В
|
I
|
Жергілікті қатынас
|
|
Әкету
|
|
Жолдың тиеуі
å
|
II
|
|
|
III
|
|
|
Жалпы
|
|
|
|
å
|
|
|
|
å
|
А
|
Әкелу
|
|
Транзит
|
|
Тиелген вагондарды қабылдау
å
|
Б
|
|
|
В
|
|
|
Жалпы
|
|
|
|
å
|
|
|
|
å
|
Барлығы
|
Жолдың түсіруі å
|
Тиелген вагондарды тапсыру å
|
Жұмыс
|
5.2-кестеден тиелген вагон ағындары - қатынас түрлері бойынша жергілікті қатынас, әкету, әкелу, транзит болып жіктелетіндігі көрініп тұр. (сурет 5.2).
жол
Бөл. I Бөл. II Бөл. III
ә келу
ж ергілікті
қ атынас
ә кету
т ранзит
5.2-сурет. Тиелген вагон ағындарының жіктелу сызбасы
Әкелу – басқа жолдардан қабылданған және берілген жолда түсірілетін вагондар.
Әкету – берілген жолда басқа жолдар үшін тиелетін вагондар.
Жергілікті қатынас – жолда өзінің тасымалдау бөлімшелері үшін тиелетін вагондар.
Транзит – басқа жолдардан қабылданатын және жүк операциялары орындалмай басқа жолдарға тапсырылатын вагондар.
5.2-кестеден вагон ағындары бойынша сандық көрсеткіштер вагон ағындарының сәйкес үйлесімі ретінде анықталатыны көрініп тұр:
тиеу - әкету мен жергілікті қатынастың қосындысынан тұрады:
Uтиеу=Uәкету+Uж.қ., ваг;
түсіру - әкелу мен жергілікті қатынастың қосындысынан тұрады:
Uтүс=Uәкелу+Uж.қ., ваг;
тиелген вагондарды қабылдау - транзит пен әкелудің қосындысынан тұрады:
Uқабтиел=Uтр+Uәкелу, ваг;
тиелген вагондарды тапсыру - транзит пен әкетудің қосындысынан тұрады:
Uтаптиел=Uтр+Uәкету, ваг;
Жол жұмысы қатынас түрлері (транзит, әкелу, әкету және жергілікті қатынас) бойынша вагон ағындарының қосындысынан тұрады:
U=Uтр+Uәкелу+ Uәкету+Uж.қ., ваг.
Жол (тасымалдау бөлімшесі) үшін бастапқы операциялар болып тек тиеу ғана емес, сондай-ақ берілген құрылымдық бөлімге тиелген вагондарды қабылдау да табылады, соңғы операциялар болып, тек түсіру ғана емес, сондай-ақ тиелген вагондарды тапсыру да табылады. Сондықтан жол (тасымалдау бөлімшесінің) жұмысын тиелген вагондар және тиелген күйде қабылданған вагондар санымен (бастапқы операциялар бойынша) анықтау қабылданған. Бұл түсірілген және тиелген күйде тапсырылған вагондар санына (соңғы операциялар) сәйкес келеді. Сонымен, жол (тасымалдау бөлімшесі) үшін жұмыс:
U=Uтиеу +Uқабтиел=Uтүс +Uтаптиел, ваг
Жұмыс бойынша вагондар паркы анықталады:
п=U´Q, ваг (5.3)
мұндағы Q – вагон айналымы, тәу.
Техникалық мөлшерлеу жүйесінде жол және тасымалдау бөлімшелерінің жұмысы вагондардың жұмыс паркының барлық категориялары үшін анықталады, мұнда есептеудің ыңғайлылығы үшін тасымалдау үрдісінің бастапқы немесе соңғы операциялары қолданылады. Сондай-ақ бос вагондар паркы да “жұмыс” атқарады деп шартты түрде қабылданады да, тиелген вагондардың жұмысы секілді есептеледі.
Тиелген вагондардың вагон километрлері жалпы åпSтиел және қатынас түрлері: жергілікті åпSж.қ., әкелу åпSәкелу, әкету åпSәкету және транзит åпSтр бойынша есептеледі. Мұнда транзит және әкету әр шығу бекеті бойынша, ал әкелу және жергілікті қатынас бөлімшелер және бағыттар бойынша жіктеледі.
Транзитті ағындардың жүрген жолының қашықтығы вагондарды қабылдау және тапсыру бекеттерінің арасындағы қашықтық бойынша қабылданады.
Әкету және жергілікті қатынаста жүретін вагондардың жүрген жолының қашықтығы, станциялық тасымалдау жоспары бойынша, жүк тиеу станциясынан жүк түсіру станциясына немесе шығу бекетіне дейінгі қашықтық арқылы анықталады.
Әкелінетін вагондардың жүрген жолының қашықтығы көрші жолдан қабылдау бекетінен бастап, бөлімшеге кіру бекетіне дейінгі дәл қашықтық бойынша, ал бөлімше ішіндегі жүрген жолы бөлімшеге кіру бекетінен бастап, бөлімшедегі шартты жүк түсіру орталығына дейінгі жуық қашықтық бойынша анықталады.
Жүк вагондарын уақыт бойынша қолданудың кешенді көрсеткіші болып вагон айналымы табылады.
Вагонның айналым уақытын есептеу үшін әдетте үш мүшелі формула қолданылады. Жалпы жұмыс паркы үшін бұл формула келесі түрде сипатталады:
, тәу (5.4)
мұндағы lтиел – вагонның тиелген күйдегі рейсі, км;
α – бос жүріс коэффициенті;
Vтел – телімдік жылдамдық, км/сағ;
Lтех – вагон өрісі, км;
tтех – вагонның техникалық станцияда орташа аялдауы, сағ;
kж.ж.– вагондардың жалпы жұмыс паркы үшін жергілікті жұмыс коэффициенті;
tжүк – вагонның бір жүк операциясында орташа аялдауы, сағ.
Вагон айналымы формуласының бірінші элементі вагон өзінің айналым уақытының қай бөлігін жолға жұмсайтынын, яғни жүрісте және аралық станцияларда тоқтауын көрсетеді. Екінші элементі вагонның айналым уақыты ішінде техникалық станцияларда аялдауын көрсетеді. Мұнда шамасы вагонның айналым уақыты ішінде өткен техникалық станциялардың орташа санын көрсетеді. Үшінші элементі вагонның айналым уақыты ішінде тиеу және түсіру станцияларында аялдау уақытын сипаттайды.
Жұмыс паркының категориялары бойынша вагонның айналым уақытын есептеу 5.3-кестеде көрсетілген формулалар бойынша жүргізіледі
5.3-кесте. Парк категориялары бойынша вагон айналымының есепті формулалары
Парк категориялары
|
Формулалар
|
Вагондардың жалпы жұмыс паркы,
соның ішінде:
а) тиелген вагондар паркы
б) бос вагондар паркы
|
, тәу
, тәу
, тәу
|
Жергілікті жүк тиелген вагондардың жалпы паркы,
соның ішінде:
а) бөлімшенің өзінде түсірілетін
б) көрші бөлімшелерге берілетін
|
, тәу
, тәу
, тәу
|
Транзитті жүк тиелген вагондардың жалпы паркы,
соның ішінде:
а) А шығу бекеті арқылы
б) Б шығу бекеті арқылы
|
, тәу
, тәу
, тәу
|
Жалпы жұмыс паркының вагондарын қолдануды терең талдау үшін вагон айналымының бес мүшелі формуласы қолданылады:
, тәу
мұндағы Vт – техникалық жылдамдық, км/сағ;
β – жылдамдық коэффициенті;
Lөңд, Lтр – сәйкесінше өңделетін және өңделмейтін транзитті вагондардың вагон өрісі, км;
t өңд, tтр – сәйкесінше өңделетін және өңделмейтін транзитті вагонның орташа аялдауы, сағ.
Вагон айналымының бес мүшелі формуласының бірінші элементі вагонның жүрісте болу уақытын, екінші элементі аралық станцияларда болу уақытын, үшінші элементі вагондарды өңдейтін техникалық станцияларда болу уақытын, төртінші элементі транзитті вагондарды өңдейтін техникалық станцияларда болу уақытын, бесінші элементі тиеу-түсіру станцияларында болу уақытын білдіреді.
Вагонның орташа тәуліктік жүрген жолы вагонның тәулікте жүріп өткен қашықтығын көрсетеді. Оны келесі формулалар бойынша анықтауға болады:
, км/тәу (5.5)
, км/тәу (5.6)
мұндағы l – вагонның толық рейсі, км;
Q – вагон айналымы, тәу;
∑nS – вагондардың жалпы жүрген жолы, вагон-км;
п – вагондардың жұмыс паркы, вагон-тәу.
Орташа тәуліктік жүрген жолды жұмыс паркының категориялары бойынша есептегенде, жүріп өткен жолдың, парктың, рейстің және айналымның сәйкес шамаларын қолдану керек.
Достарыңызбен бөлісу: |