Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару



бет33/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   80
Курс лекции каз

9.1 - сурет. Жол қозғалысын ұйымдастырудың негізгі зерттеу әдістері


Шынайы зерттеулер уақыттың берілген кезеңінде факт жүзінде өтетін жол қозғалысының нақты жағдайларын және көрсеткіштерін тіркеуге негізделген. Әдістердің бұл тобы қазіргі уақытта кең таралған және өзінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Шынайы зерттеулер жолдардың күйі туралы нақты ақпараттарды алудың жалғыз (бірыңғай) әдісі болып табылады және іс жүзіндегі көлік және жүргізушілер ағындарының дәл сипаттамасын беруге мүмкіндік етеді.
Жол қозғалысы сипаттамаларының шынайы зерттеулері ақпаратты алу әдісінен және алынған ақпараттың сипатынан тәуелді екі топқа бөлінуі мүмкін:

  • көптеген сипаттамаларды және олардың уақыты бойынша өзгерулерін алуға мүмкіндік беретін стационарлық кедендерде зерттеу;

  • жол қозғалысының алуан түрлі себепкерлерінің кеңістіктің және кеңістікті-уақыттың сипаттамаларын алуға мүмкіндік беретін жылжымалы құралдардың көмегімен зерттеу.

Екінші топқа жататын зерттеулерді көбінесе автомобиль-зертхананың немесе ағында “жүзетін” автомобильдің көмегімен жүзеге асырады. Барлық шынайы зерттеулер үшін жалпы шарт жол-көше торабының зерттелетін нүктесінде бақылаушының қатысуы қажеттілігі болып табылады. Жол қозғалысының нақты зерттеулері белсенді немесе енжарлы әдістермен жүргізіледі.
Енжарлық әдіс (қарапайым бақылау) кезінде қозғалыстың тек факт жүзінде калыптасқан тәртіптері ғана тіркеледі де, тәжірибе жүргізуші оларға араласпайды және өзгертпейді, яғни іс жүзіндегі жағдайдың “фотографиялық суретін” алады.
Шынайы зерттеу әдістемелері. Көлік құралдары мен жүргіншілердің қозғалысын зерттеу және нысанды талдау үшін жол жағдайлары туралы жеткілікті толық мағлұматтарға ие болу қажет. Жол жағдайларына келесілер жатады: жолдың геометриялық элементтері мен техникалық күйі; оның жабдықтары мен жарақталуы. Жол жағдайларының сипаттамасын алу үшін тораптың зерттелетін аумақшасының жоспарын құрастыру (М 1:5000 немесе 1:10000), негізгі геометриялық элементтердің мәнін және жабдықтардың болуын, оның ішінде жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын көрсету қажет. Сипаттаманың манызды құрама бөлігі аңыз (жазба) болып табылады, мұнда қозғалыс қауіпсіздігіне және жылдамдығына әсер ететін жолдың барлық ерекшеліктері мен кемшіліктері айқындалады. Қозғалыстың әрбір жеке бағыты үшін өзіндік аңыз құрастырылуы мүмкін. Жол жағдайларын зерттеу тек қозғалыс тәртіптерін оқып-үйренуге керекті шартты мәндерді алу үшін ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді кезеңді түрде тексеріп отыру үшін де қажет.
Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қарапайым шарттарына да назар аударған жөн. Оларға автомобиль-жүргізуші жүйесінің қалыпты бернеленуіне қажетті ең төменгі жағдайларды, яғни қозғалыс жылдамдығының қанағаттандырарлық мәні кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шарттарды, атап айтқанда, төмендегілерді жатқызуға болады:

  • қозғалыс бағытындағы жол көрінісінің айтарлықтай жеткілікті қашықтығын, қиылыстардағы бүйірлік көріністі, сондай-ақ реттеудің және де жүргізушілер ақпаратының барлық құралдарының ажыратылуын қамтамасыз етуді;

  • жолдың негізгі геометриялық элементтерінің көлік құралдарының ептілігін сипаттайтын негізгі өлшемдер мен параметрлерге сәйкестігін;

  • доңғалақтардың жолмен ілінісу сенімділігіне кепілдік беретін жол төсемінің күйін.

9.1 - кестеде автомобильдің немесе автопоездың ұзындығынан тәуелді алынған жолдың екі жолақты жүру бөлігінің кеңеюінің қажетті шамасы туралы мағлұматтар келтірілген. Доңғалақтардың жолмен ілінісу сенімділігі жол төсемінің тегістігімен немесе кедір-бұдырлығымен қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет