Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару


Тақырып 13. Флот жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері



бет69/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   80
Курс лекции каз

Тақырып 13. Флот жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері


Лекция № 25.
1.Флоттың жұмысын ұйымдастыру.

2.Лайнерлік теңіз жүрісі


3. Ассоциацияланбаған желілер

Қазақстан Республикасының теңіз көлігі қалыптасуы кезеңінде жаңа көлік коридорларының қалыптасуына, логистикалық модульді елдер көлік жүйесіне қосылуына байланысты оған көп үміт артылып отыр.


Негізінде теңіз көлігі төмендегідей үш негізгі қызмет атқарады:

  • елдердің теңіз халықаралық байланысын қамтамасыз етеді:

  • теңіз көлігі ел ішіндегі каботажды жүзу қажеттіліктерін қанағаттандырады:

  • көлігі шетел кеме жалдаушыларының (ГИФ) жүктерін тасымалдайды.

Теңіз көлігінің артықшылығы: үлкен жүк көтергіштігі (бірнеше жүз мың тоннаға дейін); басқа көлік түрлерімен салыстырғанда көлік құралдарын жобалап, салуды қажет етпейді, түзу өткізу қабілетінің шектелмеуі. Порттар, каналдар және басқа да жасанды құрылыстардың өткізу қабілеттерін шектейді, тасымалдау бірлігіне кеткен энергия шығыны мен отынның шығындары өте аз, өйткені су көлігінде құрғақтағы көлік түрлеріне қарағанда қозғалысқа қарсы кедергілер аз; халықаралық қатынастардағы теңіз көлігімен тасымалдау негізінен, алыс және өте алыс қашықтықтарда орындайды, осыған байланысты жүктерді тасымалдаудың орта қашықтығы 3567 км-ді құрайды, ол басқа көлік түрлеріне қарағанда өте жоғары. Бұдан басқа көлік түрлерімен салыстырғанда тасымалдың өзіндік құны төмен.
Теңіз көлігінің кемшілігіне географиялық ерекшелік пен метеошарттарға тәуелділігі, (ағыстар, желдер, навигациялық кезеңнің созылмалығы); порт шаруашылығы мен теңіз флотына кеткен көп мөлшердегі капитал салымдары жатады.

Лайнерлік теңіз жүрісі


“Лайнер“ сөзінің мағынасы - теңіз кемелерінің немесе ұшақтарының тұрақты жұмысының қызметі (сервисі). Жалпы алғанда бұл желілік кеме жүрісі терминінің ең нақты түсінігі болып табылады. Бұл әр түрлі айлақтармен тұрақты жұмыс істейтін теңіз көлігінің қызметіне арналған атау. Біз P&О, ACL, Maersk пен Evergreen секілді кеме компанияларына назар аударайық, олар кеме желілерінің (Schipping line) үлгісі бола алады, сондықтанда лайнер (line) сөзі туындаған.
Белгілі бір сапарларда жұмыс істемейтін жүк кемелерінің теңіз жүрісі.
Бұл кемелердің түрі лайнерге қарағанда едәуір аз дәрежеде күрделі және оларға әдетте бір аймақтан келісіміне дейінгі жүретін, бірақ тұрақты емес негіздегі жағалық кемелерді жатқызуға болады. Мұндай кемелер түсіру кезінде көмек көрсету үшін бағыттамалармен немесе крандармен жабдықтала алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет