Бағыттамалар мен сигналдарды электрлі орталықтандыру (ЭО-ЭЦ). Стансадағы бағыттамалар мен бағдаршамдарды, электр тізбектерінің көмегімен, орталықтан басқару жүйесі болып табылады. ЭО-да бағыттамалар мен бағдаршамдарды басқару орталықтандыру қосынында іске асырылады.
ЭО құрылғысы стансаның өткізу қабілетін, пойыздар жүрісінің қауіпсіздігін, сондай-ақ еңбек өнімділігі мен еңбек мəдениетін көтеруге мүмкіндік береді. Бағыттамалар мен бағдаршамдарды электрлі орталықтандыруда стансаның өткізу қабілеті, маршруттарды дайындауды жəне оларды автоматты түрде ажыратуды тездетуге байланысты жоғарылатылады. Егер күрделі маршрутты дайындауды қолмен басқарғанда 10...15 мин жұмсалса, ЭО-да – 5...7 с жұмсалады. ЭО-ны енгізгенде стансаның өткізу қабілеті 2 есе өседі.
Жүріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, стансадағы барлық жүрістер орталықтандырылады жəне маршруттандырылады, олар бағдаршамдардың рұқсатымен іске асырылады, ал станса жолдары мен бағыттамалар секциялары электрлі рельс тізбектерімен жабдықталады.
Тақырып 2. Желінің өткізу және тасымалдау қабілеті
Лекция № 3
1.Желінің өткізу және тасымалдау қабілеті туралы ұғым.
2.Жүк жеткізудің логистикалық тізбегінде желінің өткізу және тасымалдау қабілеті. Нақты және қажетті өткізу қабілеті.
3.Дара және қосжолды желенің нақты өткізу қабілетін есептеудің жалпы принциптері.
4.Желінің тасымалдау қабілеті және оны анықтау әдістері.
Желінің (телімнің) белгілі бір техникалық жабдықталуы және қабылданған жүрісті ұйымдастыру жүйесі (график түрі) жағдайында бір тәулік ішінде осы желі (телім) арқылы өткізілетін белгіленген массадағы пойыздардың немесе пар пойыздардың ең көп саны теміржол желісінің (телімінің) өткізу қабілеті деп аталады.
Нақты өткізу қабілеті – әлде бір күрделі жұмыстар атқармай-ақ, қолда бар техникалық жабдықтар арқылы жүзеге асырылады.
Жобалық өткізу қабілеті – телімнің техникамен жарақтануын күшейту үшін белгіленген қайта құру және құрылыс жүргізу жұмыстарын жүзеге асырғанда орындалады.
Қажетті өткізу қабілеті – әрбір нақты бағытта мемлекеттің мүддесімен анықталатын резервті ескере отырып, берілген жүк және жолаушылар ағынын өткізе алатын телім болуға тиіс.
Бұдан әрi телiмнiң аралықтар арқылы өткiзу қабілетін есептеп шығару әдiстемесi баяндалады. Техникалық құрылғылардың өткiзу қабілетін басқа пәндер зерттейдi.
Телiм аралықтарының өткiзу қабілеті түрлiше болады, сондықтан телiмнiң аралықтар арқылы өткізу қабілетін анықтау үшiн алдын ала өткiзу қабілеті өте аз аралықты табу қажет, оны шектегіш аралық деп атайды, оның өткізу қабілетін есептеп шығарып, осы арқылы, тұтас алғанда, телiмнiң өткiзу қабілетін анықтау керек.
Аралықтың өткiзу қабілеті графиктiң түрiне және оның элементтерiнiң мөлшеріне, сондай-ақ бөлiм бекеттерiндегi жол тарамдарына байланысты. Аралықтардың өткiзу қабілетінің жалпы түрі:
, (3.1)
мұндағы – жолдарды, түйiспе желiлердi және басқа құрылғыларды күнделiктi күтiп-баптауға арналған графиктегi технологиялық «толас кездің» ұзақтығы; – техникалық құралдардың сенiмдi жұмыс iстеуiн ескеретiн коэффициент; – график периоды; – график периодындағы пойыздар (пар пойыздар) саны.
Достарыңызбен бөлісу: |