Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару



бет16/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   80
Курс лекции каз

3.3-сурет. Даражолды пакеттік график: а - к = 2, б - к = 3 болғанда

Пакеттiк графикте даражолды аралықтардың өткiзу қабілеті
Пакетте екi пойыз болатын жағдайда (к=2) пакеттiк жұп график периоды, мин (3.3-сурет): , егер , онда период .
Жалпы жағдайда период .
Пакетте болғанда өткізу қабілеті, пар пойыз:


,
ал жалпы жағдайда:
, (3.8)

Пакеттiк графикте өткiзу қабілеті өте жоғары болады. Алайда мұндай гра­фикте пакеттік пойыздардың өзара кездесу салдарынан пакет­тегі пойыздар ұзақ аялдай­ды. Сонымен қатар, пойыздардың кездесіп айырылысуы және басып озуы кезiнде станцияда қосымша жолдардың көп болуы қажеттiгi туады. Осыған орай, iшiнара-пакеттiк график кең таралған (3.4-сурет), оны мынадай пакеттiк коэффициентi сипаттайды:




(3.9)

мұндағы – тиісінше тәулiк iшiнде және iшiнара-пакеттiк график периодында пакетпен салынған пар пойыздар саны;


– тиісінше тәулiк iшiндегi және график периодын­дағы пар пойыздардың жалпы саны.
Пакетте екi пойыз болғандағы iшiнара-пакеттiк график перио­ды:
,

, болатынын ескере отырып, мынаны табамыз:


Демек, өткiзу мүмкiндiгi, пар пойыз:




(3.10)



3.4-сурет. Ішiнара-пакеттiк жұп график периоды ( )
Параллель емес графиктің өткiзу қабілеті.
Қалыпты (параллельді емес) график әр түрлi санаттағы және жылдамдығы түрлiше пойыздардың (жолаушылар және жүк пойыздарының) жүрiсiн сипаттайды. Мұндағы есептеу параллельді график үшiн табылған өткiзу қабілетін телiмнiң әр түрлi санатты пойыздарына бөліп беруден тұрады. Қалып­ты графикте телiмнiң аралықтарының өткiзу қабілеті аралық бөлiм бекеттерiнiң жол дамуына, аралықтардың тең еместік дәрежесiне, жолаушылар және жүк пойыздарының жүрiс жылдамдығының арақатынасына, жолаушылар, қала­маңдық, жеделдетiлген және құрама пойыздардың санына және олардың графикте орналасуына байланысты.
Талдау әдiсінде қалыпты графиктің өткiзу қабілетін кеміту коэффициентiн енгiзу арқылы анықтайды. Бiр жолаушы­лар пойызының, сондай-ақ жеделдетiлген жүк, құрама және басқа түрлі пойыздардың графиктен неше жүк пойызын кемітетінін көрсететiн сан кеміту коэффициентi деп аталады.
Графиктiң кез келген түрi үшiн кеміту коэффициентiн бiле отырып, қалыпты графикте телiм аралықтарының жүк пойыздарын өткiзу қабілетін, пар пойыздар, есептеп шығаруға болады:


(3.11)

мұндағы – параллельді графиктің өткiзу қабілеті;


– тиiсiнше жолаушылар, жеделдетiлген жүк және құрама пойыздардың жүк пойыздарын кеміту коэффициенттерi;
– жолаушылар, жеделдетiлген жүк және құрама пойыздар саны.
Кеміту коэффициентiн мынадай ережелердiң негiзiнде анықтайды. Жолау­шы­лар (жеделдетiлген жүк, құрама) пойызының аралықтан өтуiне байланысты аралықта болу уақытын кеміту уақыты деп атайды. Жалпы жағдайда кеміту уақыты (3.5-сурет) мыналардан құралады:

  • тiкелей жолаушылар пойызының өтуiне жұмсалатын уақыт



,


  • жолаушылар пойыздарының арасындағы уақыт аралығы график периодына немесе жүк пойызының жүру уақытына еселiк болмайтындықтан, жүк пойызын салуға пайдаланыла алмайтын уақыт. Бұл қосымша кеміту уақыты .

Бұдан толық кеміту уақыты:


,

Қосымша кеміту уақыты жолаушылар пойыздарының графикте орналасуына байланысты. Әдетте, мұндай шығыннан арылу қиын, өйткенi жолаушылар пойыздарының графиктегi орнын ауыстыру олардың басқа телiмдердегi орналасу жағдайына, бастапқы станциялардан жөнелту уақытына және т.с.с. байланысты болады. Жолаушылар пойыздарын графикте орналастыруда қосымша кеміту уақытын қысқартуға тырысу қажет.


Жолаушылар пойызының кеміту коэффициентiн былай анықтайды:


,

мұндағы – жүк пойызын өткiзуге жұмсалатын уақыт. Демек:










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет