Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару



бет17/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80
Курс лекции каз

3.5-сурет. Кеміту уақыты: а – жартылай автоблокировкалы қосжолды; б – даражолды желiде

Бiрiншi қосылғыш тiкелей жолаушылар пойызының гра­фик­тен неше жүк пойызын (немесе жүк пойызының қандай бөлiгiн) кеміте алатынын, екiншi қосылғыш – қосымша кеміту уақытында жүк пойызының қандай бөлiгi кемітілетінін көрсетедi.


Бұдан әрi негiзгi кеміту коэффициентiн (жолаушылар пойызы­ның эквива­лентiн) былай белгiлейтiн боламыз:


, (3.12)

Қосымша кеміту коэффициентiн:




, (3.13)

Сонда жалпы кеміту коэффициенті мынаған тең болады:




(3.14)



3.6-сурет. Қалыпты даражолды графикте бір пар жолаушылар пойызының жүк пойыздарын кеміту уақыты
Қосымша кеміту уақыты, демек, қосымша кеміту коэффи­циентi нольге тең болуы мүмкін жағдайда, ең аз кеміту коэффициентi жолаушылар пойызының эквивалентiне тең болады. Егер жүру уақыты, станциялық интервалдар, графиктiң басқа да элементтерi, сондай-ақ графиктiң түрi мәлiм болса, жолаушылар пойызының эквивалентiн дәлме-дәл есептеп шығаруға болады.
Даражолды телiмдерде аралықта болу уақытын тиiсiнше бір пар жолаушы­лар және бір пар жүк пойыздары үшiн, қосжолды телiмде – әрбiр жүрiс бағытын­дағы тиiстi санатты бір пойыз үшін жеке анықтайды. Даражолды телiм автобло-кировкамен жабдықталған жағдайда және қалыпты (пакеттiк емес) график болғанда бір пар жолаушылар пойызының аралық­та болу уақыты мынадай (3.7-сурет):


,

Бір пар жүк пойыздарының аралықта болу уақыты:




Сонда негiзгi кеміту коэффициентi (жолаушылар пойызының эквивалентi):




Әдеттегi графикте даражолды және қосжолды телiмдердегi жолаушылар және жүк пойыздары жылдамдықтарының арақатынасына қарай кеміту коэффициенті тең.


Мынадай формуланы да пайдалануға болады:


, (3.15)

мұндағы – шектегіш аралықтағы жүк және жолаушылар пойыздарының жылдамдық қатынасы:


.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет