Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару


Халықаралық тасымалдарды ұйымдастыру негіздері



бет54/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   80
Курс лекции каз

Халықаралық тасымалдарды ұйымдастыру негіздері
1958 жылы Женева қаласында Халықаралық Автомобиль тасымалының (ХААТ) кең көлемді дамуы бойынша ең алғаш рет көлік құралдарының бөлшектері мен жабдықтарын бір үлгіде қабылдау туралы Келісімі қабылданған. Кеңестік елдер бұл келісімге 1987 жылы қосылған.
Осы уақытқа дейін БҰҰ ЕЭК 90-нан астам Ережелер жасаған. Бұл Европа жолдарында жаңа автокөлік құралдарының қозғалысын қанағаттандыру үшін. Ережелердің барлығы автокөлік құралдарын жасап шығарушыларға әсер етеді.
Тасымалдаушыны екі ереже толқытуы мүмкін, ол жылжымалы құрамның экологияға және салмақты, габаритті шектеулерге қатысты.
Европа қауымдастығының көлік бойынша Комиссиясы жүк автокөлік құралдарының рұқсатты габаритті шектеулерін бекітті:
биіктігі 4 м. аспауы;

  • ені 2,55 м. аспауы (2,6 м. тек рефрижераторлар мен изотермикалық шанақты жылжымалы құрам үшін);

  • дара автокөлік құралдары ұзындығы 12 м. аспауы, жартылай тіркемелі тягачтарға -16,5 м., тіркемелі автопоездар үшін - 18,75 м., екі тіркемемен- 25,9 м.;

  • минимальды жол просветі 160 мм-ден кіші болмауы және егер тіркеменің аралық осьтері 11,5 м. көп болғанда онда 190 мм. кем болмауы керек.

Жартылай тіркемелі автопоездың жалпы ұзындығы 15,5 м. асса, онда бұрылудың ішкі радиусы 12,5 м. және 5,3 м. болуы керек (автомобиль тасымалдайтын автокөлік құралдарынан басқасы).


Тақырып 10. Әуе жолы көлiгiнiң тасымалдарын ұйымдастыру


Лекция №19.
1.Әуе жолы көлiгiнiң тасымалдарын ұйымдастыру
2.Әуе тасымалын мынадай көрсеткіштері.

Дүниежүзілік азаматтық авиация – бұл құрамына халқы әр түрлі тілдерде сөйлейтін 188 ел кіретін өте күрделі жүйе, 900-ден астам әуе компанияларын, 5000 пайдаланушыны, 16000 ұшақта ұшатын 150000 ұшқышты, 240000 техникалық қызметкерлерді, сондай-ақ 1350 ірі және 10000 шағын әуежайларды қамтиды.


Жаңа ғасырдың басталуы қарсаңында әлемде шамамен 37 млн.км дүниежүзілік көлік жолы қызмет етіп тұрды, соңғы онжылдықта оның жыл сайын өсуі 4,5 % деңгейінде тұрақтанды. Сарапшылардың бағалауынша, бұл үрдіс 2020 жылға дейін сақталады. Мұның өзінде әуе жолдарының ұзындығы барынша тез қарқынмен өседі. Ол 1970 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 2,1 есе артады.
Халықаралық азаматтық авиация ұйымының деректері бойынша дүниежүзілік әуе көлігі өнеркәсіптің авиациялық және сабақтас салаларын қоса алғанда 21 млн жұмыс орнын жұмыспен қамтамасыз етіп, дүниежүзілік жалпы өнімге шамамен 700 млрд АҚШ долларын қосады. 2004 ж. дүниежүзілік әуе тасымалының көлемі 460348 млн ткм болған.
Дүниежүзілік әуе тасымалында әзірше Солтүстік Америка басым болып отырғанына қарамастан, XXI ғасырдың екінші онжылдығында Азия-Тынық мұхит аймағы көшбасшылыққа шығатын болар. Азия-Тынық мұхит аймағы географиялық себептер бойынша бөлшектенбегендіктен және бөлшектенуі мүмкін болмайтындықтан, Батыстан Шығысқа қарай бұлайша ығысудың зор маңызы бар. Қытайды есептемегенде, Азия елдерінің көпшілігінде елге келетін бір ғана нүкте бар. АҚШ әуе компаниялары мұны асқан қиындықпен түсінді. Қазіргі уақытта АҚШ-тың екі әуе компаниясы – Northwest және United – ғана Тынық мұхит арқылы ұшады, оның екеуі де Токионы негізгі келу әуежайы ретінде пайдаланады. Бұл аймақты бөлшектеп пайдалануға тырысқан басқа американдық әуе компаниялары, жұмсартып айтқанда, одан ығыстырылып қалды.
Азияаралық барлық әуе маршруттарының орталық бөлігін алып жатқан Қазақстанның осынау геосаяси жағдайды пайдалана отырып, өзінің азаматтық авиациясын дамытуға сирек кездесетін мүмкіндігі бар. Еуропа мен Азия арасындағы жалпы транзиттік әуе қозғалысының шамамен 30 пайызы ҚР арқылы өтетін Атлант мұхиты аралық маршруттар желісіне келеді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет