Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару



бет58/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   80
Курс лекции каз

20.4 -сурет. Лондондағы Хитроу әуежайы

Әуежайда жолаушыға толып жатқан әкімшілік-кедендік тексерулерден өтуге тура келеді. Ұшып кететін жолаушылар мен олардың жүгіне қызмет көрсетудің үлгі технологиялық сызбасы мынадай операцияларды қамтиды:



  • билетті тіркеу және жүкті рәсімдеу;

  • кедендік тексеру;

  • санитарлық-карантиндік тексеру;

  • төлқұжат тексеру;

  • жолаушылар мен жүкті арнайы тексеру (қауіпсіздік бақылау);

  • ұшаққа отырғызу.

Жолаушы мен оның жүгін рейске тіркеу, әдетте, бірінші рәсім болып табылады. Жолаушы ұшу алдында әуежайға, әуе бекетіне немесе тасымалдаушы хабарлаған басқа жөнелту пунктіне билетті тіркеу және жүкті рәсімдеу үшін белгіленген уақыттан кешікпей келуі тиіс. Әдетте уақыт билетте көрсетіледі; халықаралық әуежайларда ол ұшу алдында 1сағат, ішкі рейстерде – 30 минут болады.
Жолаушының ұшуға келмеуіне байланысты әуе кемесін жөнелту тоқтатылмайды. Жолаушының тіркеуге дер мезгілінде келмеуіне байланысты туындайтын залалдар үшін тасымалдаушы жолаушы алдында жауап бермейді, жолаушының кешігіп келуі сол әуе компаниясының басқа рейсінің кідіруінен болатын жағдай бұған жатпайды.
Әлемнің көптеген әуежайларында көбіне негізгі тіркеу әдісі қолданылады, мұнда жолаушылар әуе компаниясын бетпе-бет құжаттары мен жүгін тіркеуге ұсыну үшін ертерек келеді. Тіркеу кезінде ең алдымен билеттің осы рейске жарамдылығы тексеріледі.
Алайда, қазір тіркеудің жаңа түрлері пайда болуда. Мысалы, ұшу қарсаңында кешкісін телефонмен Интернет арқылы, тез тіркеуге арналған автоматтарды пайдаланып факспен, тіпті тіркеу үстеліне автомобильмен келіп тіркеу өмірге келуде. Мысалы, Lufthansa әуе компаниясы өзінің әуе жолаушылары үшін тіркеудің барлық осы түрлері қолдануда:

  • тұрғылықты жеріне қарамастан, жолаушы etixR жүйесінің көмегімен кез келген рейске тіркеле алады. Ол үшін интерактивті тіркеу бетіне кіріп, есімді және Miles and More картасының немесе несие картасының нөмірін енгізу және керекті рейске тіркелу керек. Германиядан ұшып шығатын рейстерге берілетін отырғызу талондарын тез тіркеу автоматтары немесе арнайы үстелдер ұшудан 45 минут береді. Германиядан тыс жерлердегі әуежайларда отырғызу талонын алу мерзімі елге байланысты өзгеріп отырады;

  • егер жолаушы Lufthansa әуе компаниясы ұсынатын ұшу алдында тіркейтін жаңа қызметті пайдаланбақ болса, оның әуе сапары тыныш әрі алаңдаусыз басталады. Германияның 12 әуежайы ұсынатын бұл қызмет жолаушыларға өз жүгін тіркеуден өткізіп, ұшу қарсаңындағы кеште отырғызу талондарын алуға мүмкіндік береді. Ал ұшатын күні таңертең жолаушы тікелей тиісті есікке келіп, ұшаққа бет алады;

  • жолаушы WAP-қосылуы бар ұялы телефонын пайдаланып, etixr жүйесі арқылы жер шарының кез келген нүктесінен рейске тіркеле алады. Lufthansa WAP wap.Lufthansa. com порталының мекен-жайын теріп, өз есіміңізді, Miles and More картасының немесе несие картасының нөмірін көрсетсеңіз болғаны, керекті рейске тіркелесіз;

  • б ірінші және бизнес-кластың жолаушылары Еуропа аймағындағы кез келген нүктеден телефон немесе факс арқылы оңай тіркеле алады. Мысалы, Германияда 0561-99-39-99 телефон нөмірін теру немесе 0561-99-33-155 нөмірі бойынша факс жөнелту жеткілікті – отырғызу талоны жолаушыны әуежайда күтіп тұратын болады;

  • – бірiнші және бизнес-кластың жолаушылары тіркеу үстеліне тіпті автомобильмен келе алады. Lufthansa әуе компаниясын Франкфурт және Мюнхен әуежайларында осындай қызмет ұсынады. Қосымша ақы үшін сіздің машинаңызды тұраққа қояды;

  • – жаңа билет автоматтары тіркеу ісін қарапайым балалар ойынына айналдырды. Жолаушыда магнит жолақты немесе электрондық билет (etixr) болуы тиіс. Ұшақтағы орын туралы өз пікіріңізді енгізсеңіз болғаны, автомат жолаушыға қажетті жол құжаттарын береді. Тез тіркеу жүйесі Германияның барлық әуежайларында (Падерборн мен Эрфурттан басқа), сондай-ақ Амстердам, Брюссель, Лондон (LHR), Лион (LYS), Париж (CDG) және Вена әуежайларында қолданылуда. Тез тіркеу автоматтары бір мезгілде бір рейстің үш жолаушысына билет бере алады.

Т іркеу барысында жүк өлшенеді, габарит пен орын саны анықталады. Осымен бірге, әуе билетіндегі ұшу купонының тиісті графаларына жүк орнының саны мен (немесе) жалпы массасы енгізіледі. Жолаушының тіркелмеген жүгі болса, ұшу купонының тиісті графасын сызып тастау керек.

Тіркелген жүктің әрбір орнына жүк биркасын толтырып, оны жүкке бекіту керек, ал бұл бирканың ұқсас бөлігін әуе билетінің жоғарғы мұқабасына онда жазылған тасымалдау шартының талаптарын жазып қалмайтындай және бүлдірмейтіндей, баратын әуежай биркадан жақсы көрінетіндей етіп бекіту қажет.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет