Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару



бет59/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   80
Курс лекции каз

20.5-сурет. Жүк биркасы мен әуе билеті

Бірқатар әуежайларда кедендік тексеру жолаушыларды тіркеуден кейін жүргізіледі. АҚШ-тың халықаралық әуежайларында ұшу алдында кедендік тексеру жүргізу көзделмеген. Жолаушылар кеден залына өтеді, кедендік декларацияны толтырып, өзінің жүгін кедендік декларациямен және төлқұжатымен бірге кеден инспекторына ұсынады.


Жолаушылар кедендік тексеруден өткен соң отырғызу талонына тиісті белгі соғылады. Кейбір әуежайларда кедендік тексеру жолаушыларды тіркеумен және жүкті рәсімдеумен бір мезгілде жүргізіледі.
Санитарлық-карантиндік тексеру ұшатын жолаушыларда транзит, трансфер еліне немесе баратын елге кіру үшін талап етілетін егу жасалғаны туралы медициналық сертификаттың болуын көздейді. Жолаушы тиісті егудің бәрі жасалуы жөнінде алдын ала қам жеуі тиіс. Жасалған егулер туралы сертификаттар болмайынша, жолаушыға ұшуға рұқсат берілмейді.
Төлқұжаттық тексеру ұшатын жолаушыларда нағыз төлқұжаттың, келу және кету визаларының, сондай-ақ қажетті жағдайларда трансфер елінің транзиттік визасы болуын көздейді.
Ұшу алдында жолаушылар түгел дерлік ұшу қауіпсіздігі тексеруінен өтеді, ол жолаушыларда және олардың қол жүгінде әуе көлігімен тасымалдауға тыйым салынған заттардың болмауын қадағалайды. Ондай заттарға мыналар жатады:
- атылатын және қауіпті қару;
- оқ-дәрілер және жарылғыш заттар;
- улы және уландырғыш заттар;
- жарылу қаупі бар және тез тұтанатын заттар;
- сығылған және сұйытылған газдар, сондай-ақ ерекше жағдайларда тасымалдауға қабылданатын басқа да заттар.
Жолаушыларды тексеру әуежайда (қалалық әуе бекетінде) жүргізіледі. Жолаушы тексеруден өтуден бас тартатын жағдайда тасымалдаушы әуе тасымалы шартын бұзып, тасымалдау ақысын қайтаруға құқылы.
Жолаушының қол жүгі оның қатысуымен тексеріледі. Кейінге қалдыруды күтпейтін жағдайларда мұндай жүк жолаушының қатысуынсыз тексерілуі мүмкін.
Соңғы жылдары әуе көлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері елдердің салалық әкімшіліктерінің ғана емес, сонымен қатар әлем жұртшылығының жіті назарында болып отыр. Әуежайларда тасымалдауға тыйым салынған заттарды анықтайтын осы заманғы ең соңғы құралдар, қауіпті деп танылатын әуе жолаушыларын анықтайтын ең жаңа жүйелер қолдануда. Мысалы, Американдық ғалымдар ойлап тапқан құрылғы экранда оның бетінің болмашы бөлігі ғана көрінсе де қалың топ ішінен керекті адамды тауып, оны анықтауға, егер дерек қорында бар болса, тиісті мәліметтерді тауып, оның бұдан былайғы жүріп-тұруын қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл құрылғы дерек қорындағы нұсқаларды минутына 60 миллион адамды тексеретін жылдамдықпен сұрыптайды.
Дүние жүзінің әуежайларында адамды барлық параметрлері бойынша бірден салыстыра қарайтын биометриялық техника енгізілуде. Жолаушы тексеру пунктіне жақындау үшін қоршаудың тұтқасынан ұстап, оны ашады– оның саусақтарының таңбасы алынды деген сөз. Жолаушы кеденшімен әңгімелеседі – оның дауысы жазылып, салыстырылады. Бірақ көздің тор қабатын түсіріп алу үшін жолаушыға арнайы камераға кіруге тура келеді.
Әрбір жолаушы өзімен бірге әуе тасымалы кезінде “жүк” деп аталатын заттарды алып жүреді. Әлемде ұшу кезінде жүк тасымалдаудың әртүрлі екі нормасы бар. Оларды “салмақ жүйесі” және “орын жүйесі” деп атайды.
“Салмақ жүйесі” дегеніміз – бұл килограммен есептелетін, тегін алып өтетін жүк нормасы, ол балаларды қоса алғанда (2 жасқа дейінгі сәбилерден басқа) барлық санаттағы жолаушыларға таралады. Елдер арасындағы ұшу сапарында бүкіл дүние жүзінде іс жүзінде нақ осы жүйе қолданылуда. Бүкіл аумағында “орын жүйесі” кең таралған АҚШ-тағы, Канададағы, Германиядағы ұшу сапарында бұл жүйе қолданылмайды. Жүкті алып ұшу нормасы жолаушыға қызмет көрсету классына байланысты, ол әдетте, экономикалық класта-20 кг, бизнес-класта – 30 кг және бірінші класста – 40 кг болады.
“Орын жүйесі” АҚШ-та, Канадада, Оңтүстік және Орталық Американың кейбір елдерінде, сондай-ақ басқа да көптеген елдерде қолданылады. Бұл екі жүйенің арасында айтарлықтай айырмашылық бар: біріншіден, барлық қызмет көрсету кластарына (экономикалық, бизнес, бірінші) бір жүйе қолданылады. Кез келген жолаушы өзімен бірге 2 жүк орнын алып жүруге құқылы. Бұл жүйе нормалы жолаушы алып жүре алатын жүк орнының саны бойынша анықтайды, ол әдетте Атлантаралық рейстерде қолданылады.
Барлық қызмет көрсету кластарының жолаушыларына әрқайсысының салмағы 32 кг-ға дейінгі екі жүк орнының тегін алып жүруге рұқсат етіледі. Үш өлшеудің жиынтығында орынның өлшемі эконом-класс үшін 158 см-ден аспауы, бірінші және бизнес-класс үшін – 203 см болуы тиіс. Орындардың салмағы қосылмайды. Бұл бір орынның салмағы 32 кг-нан асатын жағдайда артық норма үшін, тіпті екінші орынның салмағы 32 кг-нан кем болса да, қосымша ақы алынады дегенді білдіреді.
Жолаушы ұшақтың салонына салмагы 5 кг-нан аспайтын тіркелмеген жүк алып кіре алады, ол тегін алып жүретін жүктің жалпы салмағына қосылады. Үш өлшеудің жиынтығы бойынша оның өлшемі 115 см-ден аспауға тиіс.
Жолаушының ұшу барысында пайдаланатын заттары өлшенбейді. Оларға мыналар жатады:

  • әйелдер сөмкесі немесе қағаз салатын папка ;

  • ұшу кезінде оқитын баспасөз басылымдары;

  • бала тағамы және бесігі (бесік-арба емес);

  • қ олшатыр немесе жіңішке таяқ;

  • пальто немесе плащ;

  • жиналмалы мүгедектер арбасы немесе қажет болатын жағдайда – балдақ.

Жүк орнына жануарлар тасымалданатын ретте әрбір компания мұндай жүкті тасымалдауда өз талаптарын белгілеуге құқылы, бірақ ұшақта жануарларды тасымалдаудың ортақ стандарттары да бар. Әуе компанияларының барлығы дерлік ұшақ салонында тек мысық пен итті тасымалдауға рұқсат етеді, мұнда олардың салмағы 8 кг-мен шектелген. Қалған жануарлардың барлығы ұшақтың оқшауланған жүк орнында тасымалданады. Жануарларды тасымалдауда олардың сыртындағы қоршауымен қоса алғандағы толық салмағы үшін ақы төленуі тиіс. Жануар салонда немесе жүк бөлігінде сапар шегетініне қарамастан, арнайы контейнерлерде тасымалдануға тиіс. Контейнер ИАТА-ның талаптарына сай болуы керек. Жануарларды тасымалдау үшін жөнелтетін, баратын, транзиттік және трансфер елдердің талаптарына сәйкес барлық қажетті құжаттар толтырылуы тиіс. Кейбір елдер жануарларды әкелуге өте қатаң шектеулер қояды. Мысалы, Ұлыбританияға, Мальтаға, Жаңа Зеландияға немесе Ирландияға жануармен бірге бару үшін жануарға арнайы мекемелердегі карантинде 6 айдай, Гонконгта – 4 ай, Франция, Израиль, Македония, Словения және Египетте 3 айға толмаған жануарларды әкелуге тыйым салынған. Аргентинаға келерде қолыңызда елдің консулы қол қойған малдәрігерлік куәлік болуы керек. Канадаға 3 айға дейінгі жануарды әкелу үшін ол 30 күндік карантиннен өтеді. Литваның шекарасы арқылы транзитпен өтуде жануардың сирек кездесетінін әрі қымбат тұратынын айтып жатудың қажеттігі жоқ, өйтпейінше кепіл салып, кепілдік сенімхатын толтыруға тура келеді. Швеция мен Кипр өз елінің Ауыл шаруашылығы министрлігінен алдын-ала арнайы рұқсат алуды талап етеді. Құтыруға қарсы егу – барлық елдер үшін негізгі және міндетті егу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет