Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы



жүктеу 404.21 Kb.
бет1/3
Дата13.06.2016
өлшемі404.21 Kb.
  1   2   3
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 06.05.2013 11:53:48
Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы
2003 ж. 1 шілдедегі № 444-II Қазақстан Республикасының Заңы

(2012.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)



 

 1-тарау. Жалпы ережелер                                (1 - 5 баптар)

  2-тарау. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті      (6 - 9 баптар)

           сақтандыру жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету                     

  3-тарау. Тасымалдаушының жауапкершілігін               (10 - 15 баптар)

           міндетті сақтандыру шарты                                      

  4-тарау. Сақтандыру сыйлықақылары                      (16 - 18 баптар)

  5-тарау. Сақтандыру жағдайын, келтірілген зиянның      (19 - 24 баптар)

           және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау                

  6-тарау. Қорытынды ережелер                            (25 - 26 баптар)



 

Осы Заң тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы туындайтын қатынастарды реттейді және оны жүргізудің құқықтық, қаржылық және ұйымдық негіздерін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;

2) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі - тасымалдаушының жолаушыларды тасымалдау кезінде олардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген өтеу міндеті;

3) сақтандырылушы - өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;

4) жолаушы - тасымалдаушымен ауызша немесе жазбаша нысанда тасымалдау шартын жасасқан жеке тұлға;

5) тасымалдаушы - меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде темір жол, теңіз, ішкі су, әуе, автомобиль көлігі құралын, қалалық электр көлігін қоса алғанда, иеленуші және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жолаушыларды және олардың мүлкін ақы төлеу немесе жалға алу бойынша тасымалдауды жүзеге асыруға құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;

6) жәбірленуші - тасымалдауды жүзеге асырған кезде өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген жолаушы;

7) сақтанушы - сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы, бір мезгілде сақтандырылушы болып табылады;

8) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушы сақтандырушыға соңғысы сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жасауға міндеттемелер қабылдағаны үшін төлеуге міндетті ақша сомасы;

9) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;

10) сақтандыру төлемі - сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы;

11) сақтандыру жағдайы - басталуына орай сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;

12) сақтандырушы - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жасауға міндетті заңды тұлға;

13) франшиза - сақтандырушыны белгілі бір мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату.

2-бап. Қазақстан Республикасының тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3-бап. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың объектісі

Тасымалдаушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген жолаушыларды тасымалдау кезінде олардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүддесі тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (бұдан әрі - тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру) объектісі болып табылады.

4-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандырудың мақсаты мен негізгі принциптері

1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандырудың мақсаты жолаушыларды тасымалдау кезінде олардың мүліктік мүдделерін қорғауды сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады.

2. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандырудың негізгі принциптері:

жәбірленушілердің мүліктік мүдделерін осы Заңда белгіленген көлемде және тәртіппен қорғауды қамтамасыз ету;

өзінде тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі болған жағдайда тасымалдаушының жолаушыларды және олардың мүлкін тасымалдауды жүзеге асыруы;

тараптардың тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуі болып табылады.

5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыруға жататын тұлғалар

1. Жолаушыларды және олардың мүлкін темір жол, теңіз, ішкі су, әуе, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың - Қазақстан Республикасы резиденттерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандырылуға жатады.

2. Тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі жолаушыларды және олардың мүлкін тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралының әр бірлігі бойынша сақтандырылуға жатады.

Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің ерікті сақтандыру шартын жасасуы тасымалдаушыны тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттен босатпайды.

2-тарау. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету

 

6-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау

2009.11.07. № 185-IV Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді  

1. Сақтандыру ұйымдарының қызметін мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

2. Тасымалдаушының осы Заңды тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу бөлігінде орындалуына мемлекеттік бақылау жасау:

1) автомобиль көлігін және қалалық электр көлігін пайдалануға қатысты ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелеріне;

 2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен 2) тармақша  өзгертілді  

2) темір жол, теңіз, ішкі су және әуе көлігін пайдалануға қатысты көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға;

2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен 3) тармақшамен  толықтырылды; 2010.06.01. № 238-IV Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3) кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктеледі.

 

7-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынсыз жолаушыларды тасымалдауға жол бермеу



1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаспаған тасымалдаушының жолаушыларды тасымалдауына жол берілмейді.

2. Халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушы Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес тасымалдаушының жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасуға міндетті.

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3-тармақ толықтырылды

3. Жолаушылар мен олардың мүлкін тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралын жүргізуші адам тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисін өзімен бірге алып жүруге және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бұған уәкілеттігі бар адамдарға оны тексеру үшін көрсетуге міндетті.

Ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелері және көліктік бақылау органдары құжаттарды тексерген кезде жолаушылар мен олардың мүлкін тасымалдауды жүзеге асырушы автомобиль көлігі құралын жүргізуші адамнан тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисін көрсетуін талап етуге міндетті.

2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы баптың 1-тармағын бұзғаны үшін тасымалдаушы лицензиясының қолданысын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.

8-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері

2009.30.12. № 234-IV Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн:

1) Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен қатысу шартын жасасуға және көрсетiлген Қорды құру және оның қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртiппен оның акционерi болуға;

2) оның астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы мiндеттi.

2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен ( бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 185-IV Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда -шоғырландырылмаған қаржылық есептілігін және аудиторлық есебін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын кемінде екі мерзімді баспа басылымында қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын жариялауға міндетті.

3. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, бір сақтандырушыларға басқалар алдында тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі негізсіз артықшылықтар беруге немесе оларды алуына, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауға бағытталған қызметке жол берілмейді.

4. Мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңдарына сәйкес тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша көрсететін сақтандыру қызметін алуға міндетті.

5. Сақтандырушылар тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру тәуекелдері, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдері бойынша деректердің ақпараттық базасын қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымды құруға қатысуға құқылы.

9-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл

1. Ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелері жолаушылар автомобиль көлігіндегі көлік оқиғасына қатысушыларға сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжаттардың бір-бір данасын, оның ішінде жол оқиғасының схемасымен қоса Жол жүрісі ережелерінің бұзылуы туралы хаттаманың көшірмесін тегін береді.

2. Жолаушылар көлігіндегі оқиға және оның салдары туралы ақпаратқа ие Ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелері, прокуратура органдары, соттар, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар сақтандырушы өтініш жасаған кезде бұл ақпаратты тегін беруге міндетті.

3. Жолаушыларды автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушының, жәбірленушінің немесе олардың мұрагерлерінің сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлауға мүмкіндігі болмаған кезде ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелері тиісті сақтандырушыны осы көлік оқиғасы туралы хабардар етуді жүзеге асырады.

Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы туралы кез келген басқа тұлғаның да хабарлауға құқығы бар.

3-тарау. Тасымалдаушының жауапкершілігін

міндетті сақтандыру шарты

10-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және оны жасасу тәртібі

1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру осы Заңға сәйкес сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.

2. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында мүліктің тауарлық құнының жоғалуын, сондай-ақ жәбірленушінің тауарларды жеткізудің немесе жұмыстарды жүргізудің (қызметтер көрсетудің) мерзімдерін, оның келісім-шарттар (шарттар) бойынша өзге де міндеттемелерді бұзуына байланысты тұрақсыздық айыбын өтеуді қоса алғанда, жәбірленушінің моральдық зиянын және ала алмаған пайдасын өтеуді қоспағанда, жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіру салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделеді.

3. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты міндетті сақтандырудың осы түрі (сыныбы) бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы тиіс.

Сақтанушы сақтандырушыны таңдауда ерікті.

Сақтандырушының сақтанушыға тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан бас тартуына құқығы жоқ.

Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға осы Заңда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді.

4. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисін беру арқылы жазбаша нысанда жасалады.

Сақтанушының өтініші тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін негіз болып табылады.

Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетуге тиісті талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, ол дау сақтанушының пайдасына шешіледі.

5. Сақтандыру полисінде, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 826-бабында санамаланған талаптардан басқа, сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемінің мөлшері көрсетілуге тиіс.

Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисін ресімдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарында белгіленеді.

6. Сақтандыру полисі жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) жазбаша өтініші негізінде оған сақтандыру полисінің дубликатын беруге міндетті.

Сақтандыру полисінің бланкісін жасауға және оның дубликатын ресімдеуге жұмсалған шығыстарды сақтанушы (сақтандырылушы) өтейді, бұл орайда өтілетін шығыстардың жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес өтініш берілген күнге белгіленген 0,1 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.

7. Егер сақтандырушы тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтанушының (сақтандырылушының) немесе жәбірленушінің жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасасса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) және жәбірленушінің алдында осы Заңда белгіленген талаптар бойынша міндетті болады.

11-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылуы

1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты осы Заңға сәйкес жәбірленуші деп танылған барлық адамдарға қатысты қолданылады.

2. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты, егер тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының талаптарында өзгеше көзделмесе, сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген, ал оны төлем мерзімін ұзартып төлеген кезде - бірінші сақтандыру жарнасын төлеген кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.

3. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, күшіне енгізілген күннен бастап он екі ай мерзімге жасалады.

Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырудың барлық мерзімі ішінде қолданылады және бірінші сақтандыру жағдайының басталуы бойынша қолданылуын тоқтатпайды.

4. Егер тасымалдаушының жолаушыларды және олардың мүлкін тасымалдауды жүзеге асыру құқығы он екі айдан кем мерзім ішінде аяқталатын болса, онда тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты тек осы мерзімге ғана жасалады.

2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен  4-1 тармақпен  толықтырылды



4-1. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы - мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторларымен (сақтанушыларымен) он екі айдан кем мерзімге жасасуға жол беріледі.

5. Егер Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі.

12-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату

1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

2. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату үшін сақтанушы (сақтанушы қайтыс болған жағдайда - оның мұрагері (мұрагерлері) сақтандырушыға жазбаша өтініш береді.

3. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін мынадай мөлшерде қайтарып алуға құқығы бар:



Рет

N  


    

    


    

    


 Тасымалдаушының жауапкершілігін    

 міндетті сақтандыру шарты күшіне   

 енген кезден бастап ол мерзімінен  

 бұрын тоқтатылғанға дейін өткен    

 мерзім                             

                                     



 Сақтандырушы ұстап    

 қалатын сақтандыру    

 сыйлықақысының мөлшері

 (жылдық сақтандыру    

 сыйлықақысынан процент

 есебімен)             



1  

             2                      

           3           

1  

2  


3  

4  


5  

6  


7  

8  


9  

10 


11 

12 


1 айға дейін, қоса алғанда          

1 айдан 2 айға дейін, қоса алғанда  

2 айдан 3 айға дейін, қоса алғанда  

3 айдан 4 айға дейін, қоса алғанда  

4 айдан 5 айға дейін, қоса алғанда  

5 айдан 6 айға дейін, қоса алғанда  

6 айдан 7 айға дейін, қоса алғанда  

7 айдан 8 айға дейін, қоса алғанда  

8 айдан 9 айға дейін, қоса алғанда  

9 айдан 10 айға дейін, қоса алғанда 

10 айдан 11 айға дейін, қоса алғанда

11 айдан жоғары                     



        20             

        30             

        40             

        50             

        60             

        70             

        75             

        80             

        85             

        90             

        95             

        100            



 

 

13-бап. Сақтанушының құқықтары мен міндеттері



1. Сақтанушы:

1) сақтанушыдан    тасымалдаушының    жауапкершілігін    міндетті сақтандырудың  талаптарын,  тасымалдаушының  жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша өзінің  құқықтары  мен  міндеттерін  түсіндіруді талап етуге;

2) сақтандыру полисі жоғалған жағдайда оның дубликатын алуға;

3) жәбірленушінің денсаулығына  және  (немесе)  мүлкіне  келтірілген зиянның мөлшерін бағалау үшін  тәуелсіз  сарапшы  көрсететін  қызметтерді пайдалануға;

4) сақтанушы немесе тәуелсіз сарапшы  жасаған,  келтірілген  зиянның мөлшерін  бағалаудың  нәтижелерімен  және  сақтандыру  төлемі  мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;

5)  тасымалдаушының  жауапкершілігін  міндетті  сақтандыру    шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға;

6) сақтандырушының сақтандыру  төлемін  жүзеге  асырудан  бас  тарту немесе оның мөлшерін азайту  туралы  шешіміне  Қазақстан  Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дау айтуға;

7) осы Заңда көзделген жағдайларда сақтандыру төлемін алуға құқылы.

Тасымалдаушының   жауапкершілігін   міндетті   сақтандыру   шартында сақтанушының  Қазақстан  Республикасының  азаматтық  заңдарына қайшы келмейтін басқа да құқықтары көзделуі мүмкін.

2. Сақтанушы:



1) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде  осы  Заңға  сәйкес  тасымалдаушының  жауапкершілігін міндетті сақтандыру  шартына  енгізу  үшін  қажетті  мәліметтерді   сақтандырушыға ұсынуға;

2)  тасымалдаушының  жауапкершілігін  міндетті  сақтандыру  шартында белгіленген   мөлшерде,   тәртіппен   және   мерзімдерде       сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге;

3) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне  белгілі  болғаннан бастап шұғыл түрде, бірақ үш жұмыс күнінен  кешіктірмей,  қолдан  келетін тәсілмен (ауызша, жазбаша) бұл туралы сақтандырушыға хабарлауға міндетті.

Ауызша нысандағы хабарлама кейіннен (жетпіс  екі  сағат  ішінде)  жазбаша түрде расталуға  тиіс.  Сақтанушы  мен  сақтандырылушы  бір  тұлға  болып табылмайтын  жағдайларда,  сақтандыру  жағдайының  басталғаны      туралы сақтандырушыға хабарлау жөніндегі міндет сақтандырылушыға жүктеледі. Егер сақтанушының    (сақтандырылушының)    дәлелді    себептермен     аталған іс-әрекеттерді орындау мүмкіндігі болмаса, ол мұны  құжаттармен  растауға тиіс;

4) сақтандыру жағдайы басталған кезде ықтимал  шығындарды  болдырмау немесе азайту үшін қалыптасқан мән-жайларда  дұрыс  және  қолдан  келетін шаралар алуға, оның ішінде мүлікті құтқаруға және зардап шеккен адамдарға көмек көрсету шараларын қолдануға;

2008.26.05. №

  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет