Тасөткел орта мектебі ТӘрбие сағаттарының жинақтары жинақтаған география пәнінің мұғалімі: Қожабекова Айжан Жанғылышбаевна Хромтау қаласы



бет3/6
Дата09.06.2016
өлшемі1.08 Mb.
#124256
1   2   3   4   5   6

Сабақтың тақырыбы: «Сыры көп, айтары аз қыз баланың»
Эпиграф.
Адамшылықтың алды-махаббат, ғаделет сезім.

Абай
Мақсаты: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру , оқушыларға сезім туралы, салт- дәстүр сыйлау, адамгершілік обал мен сауапты ойлау, қариядан бата алу сияқты тәрбие тамырын түсіндіру.
Балалар, сіздер міне үлкен сынып оқушысыздар. Өздеріңізді қоршаған ортаға, айналаларыңызға басқаша көз қараспен қарайсыздар. Қазақта «он үш жас - отау иесі» деп бекер айтпаған. Жан - жағымызға қарап, дұрыс сөйлеп, дұрыс жүретін кез келді. Сіздер үйлеріңізде ардақты аналарыңызбен, мектепте өздеріңізге жақын адамдарыңызбен және жақын ұстаздарыңызбен сырларыңызды, ойларыңызды бөлісіп, айтуларыңызға болады. Олай болса бүгінгі сабағымызды сырласу сабағы деп айтайық.

«Сараң адам да махаббатты басынан кешсе, сондай мейірімді болып кетеді» дейді, адал махаббатты дәріптеуші жазушымыз-

Әбілхан Нұршайықов. Шын сөз.

Әттең, қыз жүрегінің тілі байлаулы. «Сыры көп, айтары аз қыз баланың» демекші, ұятты ойлаймыз. Сезімімізді жүректе тұншықтырып аламыз. Бұл – бір жағынан, қыз баланың баға жетпес байлығы да. өкінішке қарай, соңғы кезде осы асыл қасиеттеріміз жоғалып барады. Әзілхан атамызша: «Қыздың бір ғана байлығы бар, ол – арының тазалығы».

Мен де бұл сөзге қосыламын. Сол үшін қыздар қызға жарасымды қылығы мен сүикімділігімен жоғалтпаса екен деп тілеп отырамын.

Сабақтың барысы:

Кіріспе сөз:

“Жетелі елдің баласы,


жеті жаста баспын дер.
Жетесіз елдің баласы,

жеті жаста жаспын дер,”-деген аталы сөздің мағынасында жеті саны үлкен мағыналы екенін айтады. Қазақта жеті санымен ата тегі, аптаның жеті күні, жігіттің жеті қазынасы, қазақтың ата заңы жеті жарғысы, әлемдегі ең ғажап туындылар жеті керемет, жер бетіндегі жеті жоқ, жеті шелпек нан тығыз байланысты.

Жеті шелпек нан”
Үлкендер бір нәрседен қорыққанда, жаман түс көргенде , жеті нан шелпек пісіреді. Оны қасиетті жұма күндері өлі аруақтарға арнаса , сәрсенбінің сәтті күні жолым болғай деген ырыммен пісірген.

Жеті жарғы”

Қазақ халқының бірлігін , тірлігін ойлап өткен бір туар ұлдарының бірі Тәуке хан ел басқару ісінде “Жеті жарғы” заңын жазды .

Тәуке ханның жеті жарғысы

1-жарғысы: Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.

2-жарғы: Түркі халқының мүддесін сатып, еліне опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.

3-жарғы: Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын.

4-жарғы: Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасаған ақ некені бұзушыларға өлім жазасы бұйырылсын.

5-жарғы: Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.

6-жарғы: Төбелесте мертігудің түріне қарай мүліктей құн төленсін.

7-жарғы: Ұрланған жылқы өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірсін.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” бағдарламасы жеті стратегия-лық бағыттан тұрады.
1. Ұлттық қауіпсіздік.
2. Саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.

3. Нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу.


4. ҚР азаматтарының денсаулығы , білім мен әл –ауқаты.
5. Энергетика ресурстары.
6. Инфрақұрылым әсіресе көлік және байланыс.
7. Кәсіби мемлекет.

« Жеті қазына»

Қазақ халқы адамның жеті қазынасы бар деген. Ол қазына қорған, тамақ, сүйеніш, ақыл, білім, сауық-сайран, тірек болған. Сондықтан жеті қазынаны қастерлеп, қиыншылық пен таршылықта сүею болады деп сенген.



«Жеті керемет»

Адамзат даму денгейінде жаңа бір туынды, жаңа бір ғажайып творчестволық туынды жасаған. Бұл мәдени мұралар қайталанбас туынды. Әлемдік мәдинетте жеті туынды болса, қазақ мәдениетінде жеті қайталанбас туынды бар.Олар:



  1. Есік қорғанынан табылған, сақ дәуіріндегі алтын киімді адам.

  2. Қазақ жеріндегі тамаша сәулет өнері ескерткіштерінің бірі – Түркістан қаласындағы ислам дінінің ғұламасы, сопы Қожа Ахмет Йасауидің басына тұрғызылған кесене. Бұл кесене 1396 -1404 жылдары Әмір Темір бұйрығымен салынған.

  3. Ерте кезден сақталған ғимараттардың бірі – Айша бибі кесенесі. Ол 11-12 ғасырларда Тараз қаласының маңына салынған.

  4. Қожа Ахмет Йасауидің кесенесінің ортасында үлкен тайқазан орналасқан.

Шағармашылық жұмыс «Менің жеті атам»

Оқушылар өз жеті аталарын атап, қатесіз жазу.



Қорыта айтарым , 7 саны киелі де , қастерлі сан.

Өйткені, қазақ тәрбиесінде бала санасына жетік енетін, өмір мен қоршаған ортаны байланыстыратын сан.

күлімсіреп жауап бергенінен екінші кісі де жылылық сезіп, ол адамның жақсы екендігіне көз жеткізгендей болды.

Мұғалім: Өте дұрыс. Демек, әлгі адамның бойында жақсы адамға тән ізгі қасиеттердің бар екендігін, адаммен қалай сөйлесу керектігін білетін тәрбиелі жан екенін байқадыңдар. Эстетикалық көркемдік пен этикалық көркемдік етене байланысып, адамның әдептілік мұратын қуаттап тұр. Әдептілік осы тұрғыдан адам баласының асыл мұраты ретінде ұлы шығыс поэзиясында қызықты әрі мол жырланады. Мысалы әлемге әйгілі «Ләйлі - Мәжнүн» ғашықтық дастанында екі ғазиз жастың кіршіксіз махаббаты әдептілік пен көркемдіктің біте қайнасқан бірлігі ретінде өте әсерлі бейнеленген. Шындығына келгенде әдепті әсемдіктен бөліп қарауға болмайды. Өкінішке орай бүгінгі таңда осы жағындағы тәрбиенің жеткіліксіздігінен, жалпы отбасы мен мектепте эстетикалық және этикалық тәрбиеге жете мән берілмегендіктен ақсайтынымыз анық. Мәселен адамның киім киюінің өзі үлкен тәрбие екендігін аңғара бермейміз. Кейбір адамдар сұлулық деп әйтеуір сәнді, қымбат киім кигенді түсінетіндей. Кісінің киген киімі шаш қойысы мен тарасы, түр-түсі оның қайталанбас өзіндік келбетін қалыптастырады. Әйтпесе, адам жеке даралық, өзіндік келбетінен айырылып қалады. Кейбір қыздар мен ер балалар осы жағын ескермегендіктен жұрт көзіне ала бөтен оғаш көрініп немесе күлкіге ұшырап жүргендері де жоқ емес.

Әсіре сәншілдік, әсіре боянымпаз – сыланымпаздық сияқты, бойын күтпеу, олпы-солпы киіну, сақал-шашын, тырнағын уақытымен алып, таз ұстамау, аяқ киімінің бауын ұқыптап байлап, майлап, тазартып кимеу сияқты әдеттер де көркемдік тәрбиедегі кемістіктер болап табылады.

Мәселен Әл-Фараби былай деген екен: «Музыкалық әуендер жақсы мінез-құлық машықтарын, адамның қоғамдық мұраттарын қалыптастыруда елеулі роль атқарады.... Музыка мен ән адамда эстетикалық сезімдерді туғызу арқылы кісінің өзін-өзі тәрбиеленуіне, бойдағы нашар қасиеттерден арылуына ықпал етеді» - десе қазақтың халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы: «Домбыра – қазақтың қасиетті дүниесі. Оны тарта алмасаң да, қадірлей біл. Себебі баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңіру домбырадан басталады. Домбыраның сырлы сазына ауызданбаған бала уызына жарымаған көтерем қозыдай болады. Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді. Ал халықтың жанын түсінбеу деген –

санасы мен қоғамдық санада ежелден бері-ақ бір бүтін нәрсе ретінде түсініліп келеді. Сөйтсе де адамның айналадағы дүниеге қатысына табиғи тән эстетикалық сезімінің айқын межеленген өзіндік сипаттары бар. Сұлулық – адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсантатын, тәнті ететін, сүйіндіретін көрініс, қимыл-әрекет, пішін немесе ой-қиялдың жемісі. Солардың ішіндегі ең кереметі қоғам мен табиғаттың ерекше перзенті – адам, соның сұлулығы.

Адам анадан сырт бейнесі, пішіні сұлу болып туылуы мүмкін, ал ішкі жан сұлулығы өзінің мінез-құлқы, қылығы, ісі. Басқа адамдарға деген байланысы арқылы қалыптасады. Әдетте, біз қыздың немесе жігіттің сұлулығы, көркемдігі жайында айтқанда оның бойының сымбаттылығына, үнінің назды, әуезділігіне, шырайының таза, балғын, қалың шашының толқындай төгілгендігіне қарап баға береміз. Бұл – адамның сыртқы сұлулығы. Ал, адамдағы басты сұлулық – ішкі жан дүниесі, мінезі, қалыптасқан әдептілігі.

Абайдың да айтар ойы осымен ұласады. «Шу дегенде көрінер сұлу артық», - деп сақтандыра келе «Әйел жақсы болмайды көркіменен, мінезіне көз жетпей баға берме» - дейді.

Адамның сыртқы сұлулығы ішкі рухани сұлулығымен сәйкес келсе нағыз сұлулық сол болмақ.

Ал енді осы сұлулық жайында айтылған халық сөзіне мақалына тоқталсақ. (оқушылар кезекпен тұрып мақал айтады).

«Сұлу – сұлу емес, сүйген сұлу», «Сөзі райлының – жүзі шырайлы», «Жаманның сөзі – түйеден түскендей», «Жылтырағанның бәрі – алтын емес», «Адамның жылтыраған сыртына емес, сұлу ішіне қызық».

Көрініс.(оқушылар рөлінде)

Көшеде бір бейтаныс адам келе жатады. Оған қарсы тағы бір адам ұшырасады да: - Айтып жіберіңізші Абылай хан көшесіне қалай баруға болады?

Кісі (тоқтайды, күлімсірейді): - Е, ол жап-жақын. Осы бетіңізбен тура жүріңкіреп барып, оңға бұрылыңыз.

Екінші кісі: Сізге көп рахмет!


  • Оу оның не қиындығы бар! (тағы күлімсірейді).

Міне, осы бір сәттен нені байқадыңдар, балалар?

Оқушылар жауабы: Бұл көріністе көптеген мәнді жайттар бар. Сіздің дауысыңызды естіп, қасыңыздан өтіп бара жатқан кісі мойын бұрып, тұра қалды да, сізге сұрақты көзбен жылы ұшырай қарады. Кісінің



Сабақтың тақырыбы: Тіршілік тірегі – ғазиз ана.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды дүниенің тірегі, өмірді жалғастырушы, баланың ең жақын, ең қымбат, ең қамқоршы - ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интериактивті тақта, компютер, слайд, батыр ана лардың суреттері, мерекелік зал.
Сабақтың тәрбиелік бағыты: рухани-адамгершілік, отбасылық тәрбие.

Сабақтың барысы:

Кіріспе сөз:

- Оқушылар менің мына сұрағыма жауап беріңдерші.

Ғалымға, данаға, ақынға тіршілік сыйлаған кім?

- Ол - Ана !

- Ұстазға, батырға, сәбиге тіршілік сыйлаған кім екен?

- Ол – Ана !

- Бақытты, байлықты, меирімді сыйлайтын кім екен ?

- Ол – Ана !

- Ендеше, Ана өмірдің бастауы. Ананың тілі, ананың махаббаты тіл жетпес бір тұңғиық теңіз емес пе?! Па, шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді!

Шырылдап жерге түскеннен – ақ сенің ең жақын, ең қамқор досың, ең жанашыр ұстазың бар. Ол – АНА!

Қара жерді баспай жатып, тырмысып жабысатының, шырылдап жылап іздейтінің –анаң.

Ол саған бәрінен қымбат. Сен үшін ол жалпақ дүниеден де ең үлкен.

Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан болуы мүмкін емес. Мен білетін қазақ әйелі, қазақпын дейтін қара көз баланың анасы – сенің жүрегің нәзік, сенің махаббатың балаға тіл жеткісіз биік. Ана жеті қабат жұмыр жерді де, ақ пейілді адамзатты да, құлпырған дүниені де дамытты. Ендеше, ол – Ана, сол тіршіліктің тірегі. Міне бүгінгі тәрбие сағатымыздың негізгі тақырыбы «Тіршілік тірегі – ғазиз ана». Мақсаты ұрпақтың ана еңбегін бағалау, оны құрметтеу. Ендеше құрметті аналар бүгінгі тәрбие

сағатымыздың төрінен орын алыңыздар. Менің шәкірттерімнің, сіздің сәбилеріңіздің бүгінгі сіздерге арналған жүрек жарды өлең –жырларын қабыл алыңыздар.



1-жүргізуші: Бастаймын сөзімді «Ана» деп мен,

Себебі анам ғой мені адам еткен.

Өмірдің бар асылын бойына жиып,

Дүниенің ардақтысы анам екен.



2-жүгізуші: Ананың алдында асқар тау да аласа,

Дүниенің жарық күні анамыз!

Жарық күннен қуат алған санамыз,

Ұлы болсаң анаменен данамыз.



1-жүргізуші: Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар!



2-жүгізуші: Бәрімізге анасың

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын анашым!



1-жүргізуші: Арым да, ардағым да анам екен,

Ана деген адамға атамекен

Түн ұйқысын төрт бөліп берген сүтті

Жүрегіңде жыр болып жатады екен .



2-жүгізуші: Ана – барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық

асыл қасиет кннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам. Ана – құдіретті жан, ендеше бүгінгі

мерекелеріңіз құтты болсын, Аяулы аналар!!!

1-жүргізуші: Ендеше, сіздердің құрметтеріңізге арналған Азамат балаларыңыздың орындауында «Тойбастар» әнін қабыл

алыңыздар.



2-жүргізуші: Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі – аналар,

Ана деп бас иеді күллі халық.



1-жүргізуші: Жан кешкен баласы үшін, бағы үшін де,

Халқының, отбасының қамы үшін де.

Бізге бақытты, бейбіт өмірімізді жасап берген Ұлы тұлғалар есімін мақтанышпен айтамыз.

«Менің Қазақстаным» әні хормен орындалады.



Қорытынды: Өз отанымыз Қазақстанды болашақта гүлденген, дамыған елдердің қатарына қосу үшін, үлгілі, тәртіпті болу, үлкенді сыйлау, іздену мен талаптану мақсатын ұстануымыз керек.

Сабақтың тақырыбы: Сүйкімі дүниенің сұлулықта.

Сабақтың мақсаты: Адам мінез-құлқының, іс-қимылының дүниедегі ең сұлу мәнге ие екендігін дәлелдеу, сол арқылы оқушылардың жан дүниесінің сұлу болуына ықпал жасау. Яғни оқушылар бойындағы эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.

Көрнекілігі: Көркем әдебиеттер. К.Ахметова

«Шуақты күндер», Абай еңбектері.

Барысы:


Құрметті балалар! Мен бүгінгі сабақты Абайдың мына тамаша өлеңдерінен бастағым келіп тұр.

Жүректен қозғайын,

Әдептен озбайын.

Өзі де білмей ме,

Көп сөйлеп соз байын.

Тереңдеп қарайсың,

Телміріп тұрмайсың.

Бейхабар жүргенсіп,

Бек қатты сынайсың.

Кең маңдай, қолаң шаш,

Я бір кез, я бір құлаш.

Ақ тамақ, қызыл жүз,

Қарағым бетіңді аш.

Абай сұлудың сыртқы сұлулығын осылайша жыр әуезіне қосады. Қарасаң шынымен де адам тамсанатындай көз алдыңа ару елестейді.

Адамның қылығы, мінез-құлқы мен іс-қимылының жөні әрі этикалық, әрі эстетикалық мәнге ие. Сондықтан олар бір жағынан, әсемдік не сұрықсыздық ретінде, екінші жағынан, жақсы не жаман деп бағалануы мүмкін. Бұл екеуі яғни сұлулық пен адамгершілік жеке адам

Күндер өтті кешегі,

Жігер құм боп жасыған.

Несіне оны жасырам?

Әнұраным бүгінгі –

Баға жетпес асыл ән.



Мұғалім: - Әнұран туралы не айтасыңдар? Туы, Елтаңба жөнінде......

1– оқушы: Қазақстан Республикасының Әнұраны – бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етеді. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, төзімділікке, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.

1оқушы: Мемлекеттік Ту 1992 жылы маусым айының 4 – жұлдызында қабылданып, 6 – маусым күні күшіне енді. Тудың ортасына шұғылалы күн, оның астына қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Жобасын жасаған Шәкен Ниязбеков. Ол егемен еліміздің, қазақ халқының ұлттық туы.

2оқушы: Елтаңбаның архитекторы Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов. Көркемдік шешімі: шаңырақ, жұлдыз, сондай-ақ аңызға айналған пырақ пен Қазақстан деген жазуы бар.

Шаңырақ – бейбітшілік пен тыныштықтың айғағы. Түндік – көк аспан асыл шырақ күн бейнесін елестетсе, уықтары – одан тарап жатқан алтын сәулелерді белгілейді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос тұлпар – астықтың масақтарын бейнелейді, яғни бұл еңбектің, молшылықтың белгісі іспеттес. Бес бұрышты жұлдыз – біздің құшағымыз бен жүрегіміз бес құрлыққа ашық деген сөз.



Мұғалім: Кел жастар, біз бір түрлі жол табалық,

Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.

Өшпес өмір, таусылмас мал берелік,

Бір білімді данышпан жан табалық

Ал, енді олай болса, кімді алалық?...

Оқушылар: «Атаның емес, адамның ұлы бол» деген ұлы Абайға жүгінелік.

Мұғалім: Жалыналық Абайға, жүр баралық,

Білімді сол кісіден ізденелік!

Әдейі іздеп біз келдік Сізге делік!

Оқушылар: Шіркін, ақынның асыл сөздері - ай!

«Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел, алдыңғы толқын – ағалар, кейінгі толқын – інілер....»

«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,» - деген де Абай емес пе еді...

Аналар – шексіз әлем, күннің нұры,

Тіршілік көзі жатыр әр ісінде ,- дей келе Қызғалдақ қыздарыңыздың орындауында Т.Айбергеновтың «Ана» өлеңін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Ана десем алғыс алам халқымнан.

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым

Ана десем әділдікті ұғамын.

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар,

Ана деген тіршіліктің тірегі.

Аман болшы, қасиетті аналар, - деп ортаға жас әншілер Нұргүл мен Рустамды шақырамыз. Ән « Сенің анаң алтын», қабыл алыңыздар.



1-жүргізуші: Анашым ақ сүт беріп өсіріп ең

Қатемді меннен талай кешірін ең

Төрт бөліп түн ұйқысын әлдилеткен

Айналдым ана деген есіміңнен



2-жүргізуші: Көктемде көңілді ,құстар кеп жатқанда

Құлпыртып өңірді, гүл ектік бақтарға,

Біз доспыз гүлдермен, текке оны жұлмаймыз

Той күні бір –бірлеп аналарға сыйлаймыз.



1-жүргізуші: Құрметті аналар сіздердің назарларыңызға «Айтыс» атты тамаша көрнісімізді ұсынамыз. Көңілдеріңіз көтеріңкі

болсын.


Мұғалім: Дана Абайды, ғұлама Шоқанды аналары, әжелері аңыз әңгімелер, жыр –қисалар, дастандар оқи отырып тәрбиелеген екен. Ендеше, бүгінгі жаханданған заманда аналар әлі де тоғыз ауыз сөздің тобықтай түйіні болған, қазақ сөзінің мәйегі болған мақал – мәтелдер мен жұмбақтар оқи отырып бала санасын жетілдіретіні сөзсіз. Сондықтан оқушылар болып, аналар болып жұмбақтар шешіп, оның жауабына мақал сөздер айтып көрелік.

1-жүргізуші: Ендеше, бірінші жұмбағымыз мынадай:

Бар екен дүниеде жалғыз көзді,

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.

Әлемді он сегіз мың киіндіріп,

Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді.

2- жүргізуші Жұмбақ жауабы- ине. Ине сөзіне мақал айтайық, қанеки.

- Оқу инемен құдық қазғандай.



1-жүргізуші: Екінші жұмбағымыз:

Құрғақ жерде сақтайсың

Онсыз тамақ татпайсың.

2-жүргізуші: Жұмбақтың жауабы- тұз. Тұз сөзіне мақал айтайық.

- Доссыз адам – тұссыз ас.



1-жүргізуші: Үшінші жұмбақ, қанеки кім жауабын шапшаң табар екен.

.Екі семсер айқасқан,

Оқта-текте шайқасқан.

2-жүргізуші: Жұмбақтың жауабы- қайшы. Қайшы сөзіне мақал айтайық.

- Асыл қайшы пішуге сән,

Күміс қасық – ішуге сән.

1-жүргізуші: Төртінші жұмбақ:

Арық ат қарны қабысқан

Бір көлді ішіп тауысқан.

2-жүргізуші: Бұл жұмбақтың жауабы – қасық. Қасық сөзіне мақал айтайық.

- Құрғақ қасық ауыз жыртар.

1-жүргізуші: Бесінші жұмбақ:

Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды.

2-жүргізуші: Бұл жұмбақтың жауабы- дастархан. Дастархан сөзіне мақал айтайық.

- Қоныс көркі – там,

Дастархан көркі – нан.

Тақырыбы: « Отаным – алтын бесігім»



Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылар өзінің елін, жерін, тарихын сүю арқылы қазақстандық патриоттық сезімге тәрбиелеу. 2. Оқушыларды өз Отанын, елін, жерін қорғауға және сүюге баулу, ұлы тұлғалардың ел тәуелсіздігіне қосқан үлестерін үлгі, өнеге ету.

Сабақтың әдісі: Әңгіме

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы, еліміздің рәміздері, Шәкәрім Құдайбердиев, Абай Құнанбаев, Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллин суреттері.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Мемлекеттік Әнұран айтылады.

Мұғалім: Отан, Отан

Сен болмасаң не етер ем?

Мәңгілік бақытсыз боп өтер ем!

Өмірден бұл өксуменен кетер ем,-

Байқайсың ба, байтақ далам қалай паң,

Өң бойыңнан өзгеше бір тарайды ән!

Ән салдырып, тамсандырып әлемді

Аппақ сүттей келеді атып арай таң -

Дегендей, Егемендігін бүкіл әлемге паш еткен халқымыз бүгінгі таңда тәуелсіз елдің туы астында өмір сүріп жатыр.

Оқушылар « Елім менің» әнін орындайды.



1.Қазақстан Республикасы Президенттің басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктердің бірден-бір бастауы – халық.

Ең бірінші байлығым – халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса – мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

Өз тілімдей тіл қайда еркін басар,

Тілім барда еркіме кім таласар!?

Туған тілім күрмеліп әлсіресе,

Ыстық қаным суынып, сиқым қашар.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран.

Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленеді.

8-оқушы: Елбасының тарихта ірі әріппен жазылатын, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 1 съезінде сөйлеген сөзінен, делегаттардың тынысы кеңігендей, көңіл төрінен көп күдік сейілгендей болғанын анық байқауға болады. Президенттің сөйлеген сөзіне құлай ұйыған дін өкілдері Н.Ә.Назарбаевтың қолын қысып, құттықтасып, ризалықпен қоштасып елдеріне қайтіп жатты. Мына суреттерден көріп отырғандарыңыз сол съезден көріністер және Астанадағы жаңа мешіт бейнесі.

Журналист рөлінде оқушы: - Қымбатты 7-сынып оқушылары: Біз қазір «Орел – Астана» телекөпірін, яғни Астанамен тікелей байланысу мүмкіндігін жүзеге асырмақпыз. Сондықтан сұрақтарыңызды қоюға дайындалып отырыңыздар.

Сұрақ: - Сізге Астана қандай жер қалдырды?

Жауабы: - Астана әркімнің көргісі келетін – арман қала, маған ондағы тазалық, Сарыарқаның самал желі, құрылыстардың қайталанбас әдемілігі ерекше әсер қалдырды. Әсіресе Еуразия университетінің бүгінгі заманға лайық оқу орны екендігіне көзім жетіп қайтты.

Сұрақ: Сен Астананың қандай жерлерінде болдың?

Жауабы: Мен Астананың ең көркем, тарихи-мәдени құндылықтар орналасқан жерлерінің бәрінде болдым. «Бәйтерекке» ерекше толқумен шығып, «Еліміз өркендей берсін деп, тілек тіледім».

Сұрақ: Сен Астанаға қайта барғың келеме?

Жауабы: Әрине. Мен мектепті үздік бітіріп, еліміздегі ең таңдаулы оқу орны Еуразия университетінен білім алам деймін.

Журналист: - Телекөпірге қатысушыларға рахмет айтамыз. Енді назарларыңызды «Астана – жаңа қала» атты фотомонтажға аударыңыздар. (Астананың ең көрнекті жерлері, музейлері, басқа да тарихи-мәдени орындармен таныстырады).

Қорытынды: Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген:

«Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа, қазір 15-20 жасқа толған және одан да ересектеу Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағы сыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңізбен, балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда.



1-жүргізуші: Алтыншы жұмбақ, қанеки кім жауабын шапшаң табар екен..

Бір сусын бар жұртымда,

Ішсең уыз ұртыңда.

Бәрі содан шығады,

Ірімшік май құртыңда

2-жүргізуші: Бұл жұмбақтың жауабы – сүт. Қане, сүт туралы мақалды кім біледі.

-Жылқыда өт жоқ

Құста сүт жоқ.

1-жүргізуші: Келесі жұмбақ, қанеки кім жауабын шапшаң табар екен.

Дастарханға шуылдап,

Күніне үш жиылар,

Жарты сағат қимылдап,

Жарты сағат жуынар.

2-жүргізуші: Бұл жұмбақтың жауабы – ыдыс– аяқ.Қане, ыдыс-аяқ туралы мақал айтайық.

-Шешесін көріп, қызын ал,

Ыдысын көріп асын іш.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет