Тастөбе ауылдық округі әкімі Е. Нургалиевтың ауылдық округ тұрғындарына есеп беру кездесуіндегі баяндамасының тезисі



Дата23.02.2016
өлшемі30.61 Kb.
#4895
Тастөбе ауылдық округі әкімі Е.Нургалиевтың ауылдық округ тұрғындарына есеп беру кездесуіндегі баяндамасының

Т Е З И С І

Тастөбе ауылдық округі 1977 жылы құрылған, әкімшілік орталығы Тастөбе ауылы. Жалпы жер аумағы 9062 га, округте үш елді мекен орналасқан Тастөбе, Бесағаш, Бірлік. Тастөбе ауылдық округі бойынша аула саны-225. Тастөбе елді мекенінде-178, Бесағаш-26, Бірлік-21 үй бар. Тұрғындар саны-1150, Тастөбе елдімекенінде-922 адам, Бесағаш елді мекеніде-132, Бірлік елді мекенінде-96 адам тұрады. Барлық еңбек ресурстары-727. Экономикалық активті тұрғындар саны-620. Өз бетінше жұмыс жасаушылар-284 адам. Мектеп оқушыларының саны-187, зейнеткерлер-87, мүгедектер-11 адам. Ұлттық құрам бойынша 7 ұлттың өкілдері тұрады. Округімізде «Жамбыл » атындағы 1 орта мектеп, 1 ФАП,

1 кітапхана, 1 ЖШС «Тастөбе-АгроФуд», 95 шаруа қожалықтары, 2 сауда нүктелері, 2 сүт өнімдерін жинайтын кәсіпкерлер және 1 кірпіш шығаратын кәсіпкер жұмыс істеуде.

Ауыл әкімінің 2013 жылғы 17 қаңтардағы кезекті халықпен кездесуінде екі ұсыныс түскен:

1. Шаруа қожалықтарын құруға өтініш берген тұрғындарға жер беру туралы өтініштері толығымен қанағаттандырылды.

2. Қаратал өзенінің жағасындағы бөгетті күшейту, (дамба) салу туралы ұсыныс шешімін тауып, дамба құрлысына 47 млн. тн. бөлініп, дамба салынды.

Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы –қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» - атты Қазақстан Халқына Жолдауын және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бағдарламасы» бағыттарын ауылдық округте түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін учаскелік құрамында бес адам бар ақпараттық-насихатшылар тобы құрылған. Үгіт-насихат тобының жұмыс жоспары бекітілген. Жыл сайынғы Елбасымыздың халыққа Жолдауын үгіт-насихат тобы халыққа насихаттап жеткізіп отырады.

Округте өткен кезеңдегі әлуметтік-экономикалық дамуының тоғыз айдың ішінде атқарылған жұмыстар:



Ауыл шаруашылығы: Ауылдық округтың жалпы суармалы жер көлемі 1929 гектар, 2013 жылы егін шаруашылығы бойынша, 1704 гектар жерге төмендегідей егістік егілді: Округ бойынша 573 гектар жүгері, соя дақылы 389 га, 30 га күнбағыс, 65 га картоп, 80 га көкөніс, 10 га қант қызылшасы, 30 га бахча.

Ауылдық округ бойынша тұрғындар қысқы мал азығын дайындау барысында ауыл тұрғындары 5170 тн шөп, 1270 тн жоңышқа дайындап, соның ішінде 350 тн жоңышқа. 310 тн табиғи шөп сыртқа сатылды..



Білім саласы: Округте, 1986 жылы салынған 324 орындық «Жамбыл» атындағы бір мектеп бар, 183 оқушы білім алып, 27 мұғалім дәріс беруде. Биылғы жылы 3 оқушы грант иегері атанып, білім сапасы 88 % пайызды құрады.

Денсаулық сақтау саласы: Округте 1 Фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істеп, онда 4 орта буынды медбикелер жұмыс жасайды. 2013 жылы 20 бала дүние келді. Жұқпалы аурулар тіркелген жоқ.

Халыққа қызмет көрсету саласы: Округте 150 телефон нүктесі жұмыс істейді, байланыс мәселесі толығымен шешілген, ал пошта бөлімшесі жұмыс жасайды, газет-журнал уақытылы таратылып отырады. 2 кәсіпкер тұрғындардан күнделікті сүт өнімдерін қабылдайды. 2009 жылдан кітапхана жұмыс істейді, кітап қоры 8000 дана.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласы: Округ бойынша 2013 жылдың қаңтар мен қыркүйек айына дейін 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын жәрдемақы бойынша аз қамтылған 21 отбасына, 48 балаға барлығы 311848 теңге әлеуметтік көмек берілді.

Салық түсімдері: Тұрғындардан бюджетке түскен салықтар жоспар бойынша 451 мың теңге, қазіргі таңда 476,6 мың теңге түсіп 105,7 % құрды.

Қоғамдық тәртіп бойынша ауылдық округ орталығы Тастөбе ауылында бір учаскелік полиция пункті бар. Мектеп мұғалімдерінен құралған қоғамдық сақшылармен кешкі кезекшілік ұйымдастырылған. Былтырғы 2012 жылы 2 қылмыс тіркелген болатын, биылғы жылы оның 2-де ашылды. 2013 жылы қылмыс тіркелген жоқ.
Округ әкімінің ағымдағы жылға және жақын перспективаға арналған іс-қимыл бағдарламасы .

  1. Округ аумағындағы бос жатқан жерлерді анықтап, жерге сұранысы бар округ тұрғындарына бөліп беру.

  2. Жеке кәсіпкерлер мен жаңа жұмыс орның ашуға ниет білдірген ауыл тұрғындарына «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша аудандық жұмыспен қамту бөлімі арқылы жеңілдетілген несие алуға ықпал көрсету.

  3. Ауылдық округтегі елді мекендерді аббаттандыру, көркейту, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру. Елді мекендердің ішкі жолдарын жөндеп, орталық көшелерді жарықтандыру.

  4. Елді мекендердегі бұзылған үйлердің орындарын анықтап, үй құрлысын салуға ниет білдірген азаматтарға бөліп беру.

  5. Тастөбе ауылында шаштараз ашу.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет