Тау-кен және бикен ұйымдарының қалдық және қойыртпақ шаруашылығын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет1/3
Дата01.07.2016
өлшемі302 Kb.
#170047
  1   2   3
Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2008 жылғы «29» қазандағы

№ 189 бұйрығымен

бекітілген

Тау-кен және бикен ұйымдарының қалдық және қойыртпақ шаруашылығын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Талап Қазақстан Республикасы аумағында тау-кен және бикен ұйымдарының қалдық қоймалары мен қойыртпақ қоймаларын (бұдан әрі – қалдық қоймасы) пайдаланудан шығару кезіндегі жобалауға, салуға, жөндеуге таратылады.

Осы Талап ағынды суды тазарту жүйесінің құрылысына, өнеркәсіптік ағынды жинаушыларға, сорғытылған қалдықтарды тасымалдау және төсеу жүйелеріне қолданылмайды.

2. Қалдықтарды төсеу жобаға және жыл сайын ұйымның техникалық басшысы бекітетін қалдық қоймасын жуу және толтыру кестесіне (жоспарына) сәйкес жүргізіледі.

3. Қалдық қоймасын, қойыртпақ қоймасын пайдаланатын ұйымда өндірістік бақылау туралы ереже, технологиялық регламенттер және аварияларды жою жоспары әзірленеді.

4. Жобаланатын, салынатын және пайдаланылатын қоймалар үшін олардың қоршау және су жинау құрылыстарының бұзылу салдары, аумақты ықтимал су басу, жер асты және жер бетіндегі судың ластану аймақтарының шектері анықталады.

Ықтимал су басу аймақтарының шегінде қалдық қоймаларын пайдаланумен байланысы жоқ объектілерді салуға жол берілмейді.

5. Технологиялық сызбаға, аппаратура рәсіміне, қалдық қоймасын авариядан қорғау жүйелеріне өзгерістер жобалық құжаттама болған жағдайда енгізіледі.

6. Жобаға сәйкес құрылысы аяқталмаған қалдық қоймасын пайдалануға беруге жол берілмейді.

7. Қалдық қоймасын жобада қарастырылған қолданыстағы, пайдалану режимінде кешенді сынақтан өткен дабыл құрылғылары, бұғаттағыш, асыра жүктемеден қорғағыш, бақылау-өлшеу аппаратурасы, бақылау-өлшеу аспаптары, байланыс құралдары мен жарықтандыру болған және қабылдау комиссиясының актісіне қол қойылған кезде ғана пайдалануға болады.

Бақылау өлшеу аспаптары металл бөліктері тот басудан қорғалады. Жер бетіне шығынқы қорғағыш қақпақтарға немесе құдықтардың бетіне өшірілмейтін сырмен бақылау өлшеу аспаптарының нөмірі жазылады.

Пьезометрлерді жұмысқа жарамды күйде ұстау үшін қоқыстан жабылатын қақпақтармен, ал зақымданудан диаметрі үлкен жерге орнатылған металл немесе темірбетон құбырлармен қорғалады.

8. Барлық қалдық қоймасы объектілеріне автокөлік құралдары мен тетіктердің жылдың кез келген мезгілінде өтуі қамтамасыз етіледі. Жолдың өту бөлігінің ені мен құрылымы жобада анықталады. Кірме жолдарға жол белгілері орнатылады және жарамды күйде ұсталады. Кірме жолдардың, адамдар мен көлік қозғалысының сызбалары қалдық қоймасына қызмет көрсететін бөлімшеде ілінеді. Қозғалыс сызбасымен объектідегі жұмысқа жұмылдырылған барлық автокөлік құралдарының жүргізушілері таныстырылады. Қалдық қоймасы аумағына бөгде автокөліктердің өтуіне болмайды.

9. Қалдық қоймасы аумағында адамдардың тек арнайы жүргінші жолдар, өту жолдары, сатылар мен алаңдар бойынша жүріп-тұруына жол беріледі.

10. Әрбір қалдық қоймасы үшін аварияларды жою жоспары және қалдық қоймасын ұстау және оның паспортын дайындау тәртібі туралы ұсынысқа (1-қосымша) сәйкес қалдық қоймасының паспорты құрылады.

11. Адамдарды құтқару мен аварияларды жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға арналған қажетті мөлшердегі байланыс құралдары, техникалық және материалдық құралдар жарамды және аварияларды жою жоспарында қарастырылған орындарда болады.

12. Технологиялық процестер, коммуникация сызбалары өзгерген, жабдық ауыстырылған жағдайда өндіріске өзгерістер енгізілгенге дейін авариялық жою жоспарына және технологиялық регламенттерге тиісті түзетулер енгізіледі.

13. Қалдық қоймаларында авариялардың салдарларын шектеу және жою іс-қимылдарына дайындықты қамтамасыз ету мақсатында пайдаланушы ұйым авариялардың алдын алу бойынша алдын алу жұмыстарына кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерін жұмылдырады.

14. Құрылыс-монтаждау және арнайы құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде ҚНжЕ 3.2.5 еңбекті қорғау және құрылыстағы қауіпсіздік техникасы талаптары сақталады.

15. Құрылыстарды, желілер мен жабдықты жөндеу жыл сайын ұйымның техникалық басшысы бекітетін жоспарлы-сақтандыратын жөндеу кестесі бойынша жүргізіледі.

Авариялық қалпына келтіретін жөндеу жұмыстары авария болған сәттен бастап қысқа мерзімде орындалады, ал адамдардың өміріне қауіп төндіретін немесе төтенше жағдайлардың пайда болуына әкелетін зақымдар дереу жойылады.

16. Қалдық қоймаларының ғимараттары мен құрылыстары қолданыстағы өрт қауіпсіздігі ережесінің талаптарына сәйкес өрттен қорғағышпен қамтамасыз етіледі.

17. Қалдық қоймасын пайдалануды қамтамасыз ету үшін:

1) жобалық және атқарушылық құрылыс құжаттамасы;

2) құрылыстарды аспаппен бақылау және геотехникалық бақылау материалдары;

3) қада белгілерді, таңбаларды, пьезометрлерді салу бойынша атқарушы қабылдау актілері;

4) жоба, жұмыс құжаттамасын құру үшін жүргізілген инженерлік ізденістер туралы және басқа да мақсаттағы есептер;

5) ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есептер;

6) құрылыстарды пайдалануға қабылдау актілері;

7) төлқұжат пен жабдықты пайдалану бойынша зауыт нұсқауы;

8) объектінің қауіпсіздік декларациясы;

9) қалдық қоймасының паспорты, құрылыстардың техникалық паспорты;

10) қалдық қоймасының қауіпсіздік мониторингі бойынша материалдары;

11) технологиялық регламент пен басқалары болады.

2-бөлім. Қалдық қоймаларына қойылатын жалпы талаптар
18. Әрбір жыл басталғанға дейін қалдық қоймасын жуу, толтыру жоспары мен кестесі, құрылыстар мен жабдықты жоспарлы-сақтандыратын жөндеу кестесі бекітіледі.

19. Қалдық қоймасын олардың түріне қарамастан қауіпсіз пайдалану үшін:

1) қалдықтарды жыл сайын бекітілетін жоспар мен кестеге сәйкес төсеу, жобада қабылданған толтыру кестесін, ұлпаны шығару тәсілдерін, қалдықтарды төсеу технологиясы мен жуу қарқындылығы сақталынады. Қалдықтарды ретсіз және ұйымдаспаған күйде төсеуге жол берілмейді;

2) қалдық қоймасында жобада қарастырылған су көлемін ұстап тұру қажет, қалдық қоймасына келіп түсетін және одан алынатын су мөлшерінің (әсіресе, су айналымы 100 % болғанда) тәулік сайын есебі жүргізіледі. Су көлемінің ең төменгі шегінен жобада берілгеннен төмен азаюына және көлемнің ең жоғарғы шегінен астам артуына жол берілмейді;

3) құрылыстардың жай-күйін бақылауды жүзеге асыру және құрылыстарды пайдалану қауіпсіздігінің жобада берілген өлшемдерінен асырылмайды;

4) жөндеу жұмыстары мен қалдық қоймасы мен оның құрылыстарында жұмыс режимінде орын алған олқылықтарды жою бойынша іс-шаралар дер кезінде орындалады;

5) жобада қарастырылған барлық табиғатты сақтау іс-шаралары мен қалдықтардың тозаңдануынан алдын алу шаралары орындалады.

20. Қалдық қоймасын пайдалануға беру кезінде оның ішінде жиналған судың көлемі өндірісті алғашқы іске қосу кешенінің айналымдық сумен жабдықтау үшін жеткілікті көлемінен асырылмайды. Жобада негіздеме болған жағдайда судың артық көлемінің жиналуына жол беріледі.

21. Қалдық қоймасының тұнба тоғанында, бақылау үшін ыңғайлы орында қалдық қоймасындағы судың деңгейін бақылауға арналған сантиметрлік бөліктері бар өзгеріске ұшырамайтын материалдан жасалған су өлшеу рейкасы орнатылады. Рейканың нөлдігі негізгі қада белгіге қосылады. Су өлшеу рейкасына тоғандағы су деңгейі белгіленеді. Рейка су деңгейін қашықтықтан бақылау аспабының болу-болмауына қарамастан орнатылады.

22. Қалдық құю қоймалары бөгет жотасының белгісінен немесе қалдық жуу қоймалары құлама бөгеттің жоғарғы еңісіндегі су бетіндегі жаға белгісінен су деңгейінің артуы барлық пайдалану мерзімі ішінде жобаға сәйкес болады және кемінде 1,5 м қамтамасыз етіледі.

Жеке жағдайларда, қоймалар, ондағы су мөлшерінің өлшемі және нысаны пайдалану сирек шарттарына байланысты қоймадағы су мөлшерінен бөгет жотасының көтерілуінің көрсетілген мәнінің төмендеуі жобада көрсетілінеді.

23. Қалдық жуу қоймасын пайдаланудың барлық мерзімі ішіндегі су бетіндегі жағаның ұзындығы бөгет сағасы баурайының жалпы және сүзбе тұрақтылығы негізінде әрбір жуу қабаты үшін жобада белгіленген ретке сәйкес келеді. Жобада су бетіндегі жағаны бақылау болмаған жағдайда ол жергілікті жағдайларға байланысты 20-50 м шегінде орнатылады.

24. Ұлпаны жағаға шығару кезінде бөгет жотасы мен саға баурайына төгілуін болдырмау үшін алғашқы бөгет пен жаға бетінің жоғарғы баурайындағы құлама бөгеттердің жотасының артуы ұлпа шығару диаметрінің мөлшерінде қамтамасыз етіледі, бірақ 0,5 м-ден кем болмайды.

25. Қалдық қоймасына жобада қарастырылмаған ағынды суды жіберуге, материалдарды үймелеуге, жобада берілгенмен салыстыру бойынша артық су көлемінің жиналуына жол берілмейді.

Суды жинағыштан залалсыздандырып тазаламай табиғи су айдындарына жіберуге болмайды.

26. Қалдық қоймасын пайдалану кезінде және қоршау бөгеттерін жасанды түрде ұлғайту кезінде топырақты тілуге, қазбалар мен қазаншұңқырларды төменгі бьефте және бөгеттің саға баурайында, жобалық толтыру шегінде қалдық қоймасының бөлігінде орнатуға жол берілмейді. Осы учаскелерде топырақты жобада негіздеме болған жағдайда қазуға болады.

27. Қалдық қоймасы орналасқан аймақта жарылыс жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі мен шарттары жобада белгіленеді.

Жарылғыш заттар мен жекелеген бәсең сатылардың жалпы массасы осы қалдық қоймасының шекті сейсмикалық жүктемесі негізіндегі есеппен анықталады.

28. Қалдық қоймасы аумағында бөгде адамдардың жүруіне, тұнба тоғанын шомылуға, шаруашылық-ауыз су мақсатында және жануарларды суару үшін тоғандағы суды пайдалануға болмайды.

29. Кіреберіс жолдарда және қалдық қоймаларына ықтимал өту жолдарында «Қауіпті аймақ. Бөгде тұлғалардың өтуіне және кіруіне тыйым салынады!» деген плакаттар орнатылады.

30. Бермалар мен қалдық қоймасының бөгет (плотина) жоталарына өту жолдары оның ұзындығы бойынша 2 км сайын сирек болмайтындай етіп орнатылады, бұл ретте бөгетке кемінде екі өту жолы орнатылады.

31. Жобада қарастырылған жағдайлардан басқа, автокөлік пен құрылыс машиналары жүйелі түрде өтуі үшін бөгет (плотина) жотасы мен бермаларды пайдалануға болмайды.

32. Көлік құралдарының өтуі мен адамдардың жағада жүру мүмкіндігі технологиялық регламентпен анықталады.

33. Қоршау бөгеттерінің, арналардың, дренаждардың, туннелдер мен ұлпа бөлгіштердің құрылыстардың ұзындықтарын, олардың жер астына немесе су астына жасырынған коммуникациялармен (кабелдермен, су жолдарымен және тағы басқаларымен) қиылысу орындарын пикет бойынша белгілейтін белгілері болады.

34. Қысымды ұлпа өтетін бөгеттердің (плотиналардың) жасанды жарықтандырғышы болады.

35. Қалдық қоймасындағы қалқыма құралдардың жүк көтергіші көрсетілген жазбасы, құтқару құралдары (құтқару дөңгелектері немесе шарлар, кендір арқан) мен суды сарқуға арналған шөміштер болады.

Судағы жұмыстар рұқсат наряды бойынша жүргізіледі.

36. Қысқы уақытта алдын ала сынақтан өткізбей тұнба тоғанының мұзымен, қалдықтардың су бетіндегі онша қатпаған қабаттарымен өтуге болмайды. Қалыңдығы 10 см аз болатын мұздың бетімен өтуге болмайды.

Жұмысты бастағанға немесе қайта жөндеуге дейін мұздың қалыңдығы өлшенеді. Белгіленген жармалардағы көршілес қуыстардың арасындағы қашықтық шамамен 10 м етіп қабылданады. Орындардағы өлшемдік қуыстар межелермен белгіленеді.

37. Мұздың қалыңдығы 1 кестеде көрсетілгендей болған жағдайда персоналдың жүріп-тұруына және қалдық қоймасындағы мұзды қайта жөндеуді ұйымдастыруға болады.

1-кесте


Объект

Мас-са, тонна

Ауа температурасы

-10 С-тан -20 С-дейін болғанда мұз қабатының қауіпсіз қалыңдығы (см)





Көлік арасындағы ең қысқа қашықтық, м


Қару-жарағы бар адам

0,1

10

5

Жүк көтергіші 1,5 т жүгі бар автомашина

3,5

25

20

Жүгі бар автомашина

6,5

35

25

Жүгі бар автосамосвал немесе бульдозер

8,5

40

25

Жүгі бар автокөтергіш немесе трактор

10

40

30

Жүгі бар шынжыр табан кран

20

60

-

Көктемде мұздың беріктігі екі есе кемиді. Есептеу кезінде мұздың тек берік қабатының қалыңдығы ғана алынады.

Мұздың көрсетілген қалыңдықтары 1000 мг/л дейін минералдандырылған суға жатады.

Мұздың шекті қалыңдығының мәнін соңғы үш тәуліктегі ауаның орташа температурасы минус 5ºС болған кезде 1,1 есе; температура 0ºC болғанда 1,4 есе; температура 0ºC жоғары болған кезде 1,5 есе арттырылады.

38. Мұздағы жұмыстар жұмысты ұйымдастыру жобасы бойынша жүргізіледі.

39. Қалдық қоймаларындағы кезекші персонал үшін саны мен орналасатын жері жоба бойынша анықталатын жылу берілетін, электрлендірілген және телефондандырылған қызметтік бөлмелер жабдықталады.



3-бөлім. Қалдық қоймаларының бөгеттері мен плотиналары
40. Алғашқы бөгеттер мен қалдық қоймасының құлама бөгеттерін тұрғызу жоба бойынша жүргізіледі.

41. Бөгеттерді қоршаған екі және одан астам бөліктерден тұратын сарқырамаларды түзетін қалдық қоймаларын салу және қайта құру кезінде тік ядро немесе жоғарғы еңіс бойынша көлбеу экран түріндегі сүзбеге қарсы элементтердің құрылғысы бар ірі түйіршікті топырақтар немесе тасты тау массасы төселеді және кеңейтіледі. Мұндай қалдық қоймаларының бөгеттерін кеңейту саға бөліктері жағына қарай жүргізіледі.

Құз аршымасы болмаған жағдайда сарқырамадағы бөгет биіктігін ұзарту экранды кеңейте отырып, тек саға бөлігіне қарай жүргізіледі.

Сарқырама түзетін бөліктердің жоғары орналасқан бөліктердің бөгеттері бұзылған кезде түзілетін сел ағысын құю үшін жеткілікті резервтік көлемдері болады немесе сел ағысының өтуін және қауіпсіз орынға бұруды қамтамасыз ететін су жинағышы (арнасы) болады.

42. Алғашқы бөгеттер мен құлама бөгеттерді тұрғызу кезінде бөліктердің жобалық құламаларын ұлғайтуға және берманың ені бойынша ауытқушылықтарды арттыруға жол берілмейді.

Бақылау өлшемдері бөгеттің ұзындығы бойымен әрбір 50 м сайын оны тұрғызу бойынша жүргізіледі. Жобалық өлшемдерден ауытқушылықтар дереу қалпына келтіріледі.

43. Аршу жыныстарын бөгет кескінінің әр түрлі аймақтарына салу реті мен жүйелілігі кестемен және қалдық қоймасын толтыру технологиясымен байланысты болады. Жоба талаптарын сақталып салынады.

44. Аршу жыныстарынан бөгеттерді үйінді түзу әдісімен орнату кезінде:

1) топырақты бөгетке төсеу технологиясы;

2) жобада берілген қабаттар мен баурайлардың құламаларының биіктігін сақтау;

3) жобада берілген бөгеттерді кеңейту мен қалдық қоймасындағы су деңгейін арттыру қарқыны бақыланады.

45. Бөгетті кеңейтудің немесе жуу қабатының әрбір кезегі үшін мыналарды:

1) бөгеттің жобалық және нақты өлшемдері, оның элементтері (дренаж және тағы басқалары) мен белгілері көрсетілген түсірмесін;

2) бөгеттің өзіндік көлденең қималарын;

3) бөгетті салу немесе жуу және тірек призмасын жуу кезіндегі геотехникалық бақылау нәтижелерін;

4) жұмысты бүркеу актілерін қамтитын атқар құжаттамасы дайындалады.

46. Бөгет денесінде қысымды ұлпалар мен су жолдарын төсеуге жол берілмейді.

47. Бөгет денесінің тұтастығы бұзылған, еңістер едәуір мүжілген немесе судың және қалдық қоймасынан қалдықтың жарылу және ағу қаупін келтіретін өзгерістер болған жағдайда оған ұлпа жіберу тоқтатылады, судың деңгейі ең төменгі белгіге дейін төмендетіледі және аварияны жою жоспарына сәйкес іс-шаралар орындалады. Қалдықтардың келесі төсемі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталғаннан кейін және оларды жобалау ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен комиссия қабылдағаннан кейін жүргізіледі.

48. Ұлпаның бөгет жотасына және саға баурайына ағуына жол берілмейді. Бөгет бойымен төселген бөлу ұлпа бөлгіштерден ағатын ағындылар дереу қалпына келтіріледі.

49. Ұлпаларды жуу және босату кезінде ұлпа мен суды бөгеттің (плотинаның) саға баурайына шығаруға жол берілмейді.

50. Берма мен бөгет жотасында жобада берілген шамадан астам шөгінділер, бойлық немесе көлденең сызаттар пайда болған, еңістер ішінара жылжыған кезде осы учаскеге ұлпа тастауды тоқтатып, өзгерістің пайда болу себебі анықталады және бөгет денесін қалпына келтіру шараларын қабылдау қажет. Тұнба тоғаны аймағындағы жоғарғы еңістің бұзылған бекіткіші жобаға сәйкес қысқа мерзім ішінде қайта қалпына келтіріледі.

51. Жота арқылы судың ағу қаупін келтіретін бөгеттің жергілікті орындары бөгетке салынған топырақпен бітеп жабылады. Бітегіштегі топырақтың тығыздығы жобада бөгет денесі үшін берілген шамадан төмен болмайды.

52. Тұнба тоғаны аймағындағы жоғарғы еңістің бұзылған бекіткіші қысқа мерзім ішінде жобаға сәйкес немесе жобалау ұйымының келісімі бойынша суға төзімді және мұзға төзімді тастан жасалған тас бойымен қайта қалпына келтіріледі.

53. Пьезометрдегі су деңгейінің жобада белгіленген көрсеткіштен жоғары артқаны байқалған жағдайда жобалау ұйымының бөгетті одан әрі пайдалану мүмкіндігі мен шарттары туралы қорытындысы алынады.

54. Топырақтың ұсақ бөліктерін сүзбе сумен плотина еңісіне шығару (механикалық диффузия) кезінде оның алдын алу және осы учаскедегі судың сүзілуін үздіксіз бақылауды ұйымдастыру шаралары орындалады.

55. Сүзбе сумен топырақ бөлігін бөгеттің саға еңісіне шығару (суффозия) анықталған кезде осы учаскедегі жуу жұмыстары дереу тоқтатылады және суффозия себебін жою және еңісті қалпына келтіру шаралары қолданылады.

Егер аталған шаралар нәтиже бермесе, жобалау ұйымының шешімін алады.

56. Судың ағысы бақыланатын жабық құбырлы учаскелер дереу тексерілуі қажет. Егер тексеріс құбыр мен дренаждың шығынқы бөлігі бөгде заттармен толтырылмағаны анықталса, жобалау ұйымының келісімі бойынша жобалау құжаттамасына тиісті өзгерістер енгізе отырып, қолданыстағы дренажды қайта құру немесе қосымша дренаж салынады.

57. Егер жобада берілген жуу технологиясын сақтаған және су бетіндегі жағаның ұзындығындағы бөгеттің саға еңісіне сүзбе судың өтуі байқалатын болса, жобаны дайындаған ұйым жобалау құжаттамасына түзетулер енгізеді.

58. Қалдықтарды жағаға жууды ұлпаның жаға бойымен бөгет шүлдігіне қалыпты ағуын қамтамасыз ете отырып, жуу фронтының ұзындығы бойымен учаскелерде бірдей жүргізіледі.

Ұлпаның жобада қарастырылған жағдайлардан басқа, жоғарғы еңіс бойымен немесе бөгет шүлдігіне параллель шығуы мен ағуына жол берілмейді. Қабаттардың қалыңдығы мен жуудың шекті қарқыны жобада анықталады.

59. Ұлпа шығарғыш ұзындығы құлама бөгеттерді су шайып кету қаупін, ал олардың арасындағы қашықтық құлама бөгеттердің маңында іркілген аймақтардың түзілу мүмкіндігін болдырмайды.

60. Ұлпаның қалған шығынын түсіру үшін шығару құралдарының ұзындығы жобада берілген су бетіндегі жаға ұзындығының шегінен ұсақ шашыранды қалдықтардың бөліну мүмкіндігін болдырмайды.

61. Авариялық сыйымдылықтан тірек призмасының денесіне қотарылатын қалдықтарды жобалау ұйымының келісімінсіз төсеуге болмайды.

62. Бөгеттерді екі жақты жуу және бір жақты кескінді жуу кезінде тұнба тоғанының шектері жобада берілген шекте болады.

63. Бөгетте үлкендігі жобада қарастырылғаннан кем болатын қалдықтарды жууға жол берілмейді.

64. Егер геотехникалық бақылаумен жобалық жуу технологиясын сақтаған жағдайда тірек призмасында жуылатын қалдықтардың физикалық-механикалық мәндерінің жобалық шамадан (ұсақ фракциялардың көп болуы, тығыздығының жеткіліксіздігі, жарылған топырақтың болуы және басқалары) ауытқушылық анықталса, жуылған сілемдердің нақты қасиеттерін ескере отырып, бөгет тұрақтылығының бақылау есептерін орындайтын жобаны әзірлеген ұйым хабарландырады және жууды жалғастыру мүмкіндігі туралы қорытынды береді немесе жуу технологиясын түзетеді.

65. Негізсіз қалдық қоймаларының тірек призмаларында қалдықтарды ауаның анықталған орташа тәуліктік температурасы -5° С жоғары болған кезде жууға болады.

66. Бөгеттер мен тірек призмаларын ауа температурасы -5° С төмен болған кезде жоба бойынша жууға болады.

Жобалау кезінде тірек призмаларына қалдықтарды қысқы төсеу қажеттілігі пайда болған жағдайда қысқы жуу жобасы қалдық қоймасының жалпы жобалау бөлімі болып табылады.

67. Аймақтың климатына, қалдық қоймасының орналасу орнына, жиналатын қалдықтардың ірілігіне, шығынға, ұлпаның консистенциясы мен температурасына байланысты жобада бөгеттің беріктігі мен қалдық қоймасын қауіпсіз пайдалану негізделген жағдайда ауа температурасы -10°С дейін болған кезде қалдықтарды тірек призмаларына төсеуге болады. Жобада қысқы жуудың орны, тәсілі мен ұзақтығы негізделеді.

68. Ұлпаны тұнба тоғанының мұз бетіне шығаруға, мұз бен қарды тірек призмасына жіберуге жол берілмейді.

69. Қалдық қоймасын қысқы жағдайда жұмыс істеуге дайындау кезінде жыл сайын қалдықтарды қыста жинауды қамтамасыз етуге арналған тоған көлемінің есебі мен оның нақты бар-жоғына тексеріс жүргізіледі.

70. Қалдықтарды жылдың жылы мезгілінде қысқы жуу учаскелерінде қатқан қабат толығымен ерігеннен кейін немесе қысқы жуу бойынша жобадағы нұсқауларға сәйкес төсеуге болады.

71. Жуатын қалдық қоймаларындағы жуу учаскесінде тұрақты кезекшілік қамтамасыз етіледі. Кезекші персонал жууды жедел басқаруды және құрылыстың жай-күйін бақылауды жүзеге асырады.

72. Жаға аймағындағы қалдықтарды қазумен байланысты кез келген жұмыстарды жобада белгіленген шектер мен тереңдікте жүргізуге болады. Жағада шұңқырлар мен бөгетке қарай кері еңісі бар учаскелердің пайда болуына жол берілмейді.

Жерасты кеуектіктерін төсеуге пайдалану, құрылыс жұмыстары және олардың құрамында пайдалы бөліктер мен улы заттардың болуына химиялық талдаусыз, ол үшін жобалық ұйымның беретін рұқсатынсыз басқа да мақсаттар үшін қалдықтарды алуға болмайды.

73. Бөгеттер мен басқа да гидротехникалық құрылыстарды күрделі жөндеу жоба бойынша жүргізіледі.

Пайдаланылатын құрылыста жөндеу жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жобасын қалдық қоймасын пайдаланушы ұйымның техникалық басшысы бекітеді.

Жөндеу жұмыстарын қабылдауды пайдаланушы ұйымның бұйрығымен тағайындалған комиссия жүргізеді, ол актімен ресімделіп, құрылыстың паспортында көрсетіледі.

74. Жаңа төгілген тығыздалмаған топыраққа, еңісі кранның паспортында көрсетілгеннен үлкен алаңда крандарды орнатуға болмайды.

75. Плотиналар мен бөгеттердің баурайларында жұмыс істеу кезінде адамдардың тайғанамауы және құламауы үшін қауіпсіздік шаралары қабылданады, жиылмалы басқыштар, сақтандыру белбеулері мен персоналдың орнықтылығын қамтамасыз ететін басқа да құралдар қолданылады.

76. Баурайларға бөгет жотасынан тастарды, бөренелерді, фашиналарды беру кезінде материалдардың құлауы мүмкін аймақтарда адамдардың болуына жол берілмейді.

77. Қысқы уақытта плотинада жұмыс істемес бұрын жұмыс орындары қар мен мұздан тазартылады.



4-бөлім. Қалдықтардың гидравликалық көлік жүйесі
78. Ұлпаның (сұйық қалдақтардың немесе қойыртпақтардың) гидрокөлік жүйесін қалыпты пайдалану үшін мыналарды:

1) тасымалданатын ұлпаның сипатын анықтауды;

2) жүйенің жұмыс режимінің өлшемдерін анықтауды және талдауды;

3) жүйенің жұмысындағы (тозудың алдын алу, батпақ басу, гидросоққы және тағы басқалары) кемшіліктердің алдын алу бойынша сақтандыру шараларын дер кезінде орындауды;

4) құрылыстар мен жабдықты жоспарлы-алдын ала жөндеуді дер кезінде жүргізуді қамтитын технологиялық бақылау жүзеге асырылады.

79. Ұлпа сорғы станциясының бөлмесінде барлық агрегаттар мен тиекті-реттеу арматурасының стационарлық нөмірлерін көрсете отырып, станциядағы сорғы, энергетикалық және басқа да жабдықтың, құбырлар мен оларды іске қосқыштардың жалпы сызбасы ілінеді.

80. Ұлпа сорғы станциясының бөлмесіндегі жұмыс орындарында:

1) белгіленген механикалық, гидромеханикалық, электрлік, көтергіш-көлік жабдығын пайдаланудың технологиялық регламенті;

2) ұлпа сорғы станцисы аварияларды жою жоспарынан көшірме мен персоналдың ұлпа сорғы станцияларымен технологиялық байланысты объектілерде авария кезінде іс-қимыл жасау тәртібі;

3) жабдықтың жұмысын есепке алу және бақылау журналы болады.

81. Монтаждау мен күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілмес бұрын магистралдық қысымды ұлпа жолдары, гидромеханикалық жабдық сынау актісі дайындалып, беріктігі мен герметикалығына сыналады.

Жабдықты пайдалануға беру қауіпті аймақтан адамдар мен бөгде заттар шығарылғаннан кейін жұмыстың жауапты басшысының қатысуымен жүргізіледі.

82. Машина мен жабдықтың барлық қозғалатын бөлшектері қоршалады. Қоршаулар алынған және жарамсыз болған кезде тетіктердің жұмыс істеуіне және жұмыс істеп тұрған тетіктерде қандай да бір операция жүргізуге жол берілмейді.

83. Сорғылардың авариялық өшірілгені, қалдық және дренаждық зумпфтар мен астаулардың асып толғаны туралы хабарлауға арналған дабыл жұмысы күн сайын журналға жазылып бақыланады. Анықталған ақаулықтар қалпына келтіріледі.

84. Ұлпа сорғы станциясы дренаждық жүйесінің (астаулардың, зумпфтардың, авариялық жолдар мен басқаларының) тексеру және тазалау үшін жолы болады және жұмыс күйінде ұсталады. Оның ішінде бөгде заттар мен қатты шөгінділердің жиналуына жол берілмейді.

85. Авариялық және буферлік сыйымдылықтар мен оларды тазалауға арналған жабдық техникалық жарамды күйде ұсталады. Оларды сумен және қалдықтармен толтыру деңгейі жобада көрсетілген белгіден аспайды.

86. Авариялық және буферлік сыйымдылықтарды ең жоғарғы белгіге дейін толтыруға болмайды. Авариялық сыйымдылықтың еркін көлемі әрқашан жобада көрсетілген уақыт ішінде ұлпа қабылдауды қамтамасыз етеді.

87. Авариялық сыйымдылыққа ұлпа сорғы станциясына келіп түсетін ұлпа шығынының бөлігін тастауға болмайды.

88. Гидрокөлік жүйесіне гидрокөлік жүйесінің өту қабілетінен асатын және үнемі авариялық сыйымдылыққа технологиялық төгілуге әкелетін шығыны бар ұлпа беруге болмайды.

89. Ұлпа өткізгіштерді пайдалану кезінде:

1) ұлпа өткізгіштегі қысымды бақылауды жүзеге асыру және ол номинал шамадан жоғары асқан жағдайда себебін анықтап жойылады;

2) қысқы уақытта ұлпаның температурасын фабрикадан шығатын кезде, ал бөгеттерді жуу кезінде қалдық қоймасынан шығатын кезде бақыланады;

3) астауларда ұлпа ағысы деңгейінің жобада көрсетілгеннен артуына жол берілмейді;

4) ұлпаның ұлпа өткізгіштен ағып кетуін болдырмау шаралары қолданылады;

5) ұлпа өткізгіштердің эстакадаларын жүйелі түрде қардан, мұздан, қоқыстардан тазалап отырады, эстакадалардағы ұлпа өткізгіштерін мұз басуды болдырмайды; күзде және көктемде қар ерімес бұрын ұлпа өткізгіштердегі су өткізгіш құбырларды, кюветтер мен биік орлар тазаланады;

6) трассаның төсемін жөндеуді және негіздер, жолдар мен ұлпа өткізгіштерге кіретін жолдардың өзгерген орындарында ұлпа жолдарын тегістеу дер кезінде жүргізіледі;

7) ұлпа өткізгіштердің жобада көрсетілген лай қабатының қалыңдығынан астам лайлануына және мұз тығындарының түзілуіне жол берілмейді;

8) тоқсан сайын бір реттен кешіктірмей арматура құбырларын, соққыға қарсы құралдар мен кері клапандар тексеріледі. Тексеріс нәтижелерін тексеріс жүргізген тұлға қолын қойып, журналға жазылады;

9) ұлпа өткізгіштегі компенсаторлар мен жылжымайтын тіректердің жай-күйін тексеріп, оларды жөндеу дер кезінде жүргізіледі;

10) ұлпа бөлуді шығару жолдарында қыспалы бекіткіш, ысырма, ернемек қақпақша, шиберлік жапшық түрінде бекіту арматурасы орнатылады, тығындарды пайдалануға болмайды;

11) қалдық зумпфтары мен астауларды ұлпа жолдарына бөгде заттардың түсуін болдырмайтын торлармен жабдықталынады.

90. Ұлпа өткізгіштер мен қысыммен жұмыс істейтін арматураларды жөндеу кезінде дәнекерлеумен, бұрғылаумен және осы сияқтылармен байланысты жұмыстарды жүргізуге болмайды.

91. Резервтік ұлпа өткізгіштерді мақсатсыз пайдалануға (қосымша ағынды суларды ағызу үшін) болмайды. Резервтік ұлпа жолы ай сайын технологиялық, климаттық және тексеріс барысында қалыптасқан өзге де факторларды ескере отырып, оны пайдалану жарамдылығына тексеріледі.

92. Бекіту арматурасы мен соққыға қарсы құрылғыларды пайдалану қалдық қоймасы құрылыстарын пайдаланудың жобасы мен технологиялық регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.

93. Ұлпа өткізгіштерді жолға босатуға арналған шығарғыштар мен олардың бекіту арматурасы жарамды күйде болады, ұлпа өткізгіштерді босату кезінде ұлпаларды қабылдауға арналған ыдыстың ұлпа өткізгіш учаскелерінде босатылатын кемінде екі еселік еркін көлемі болады.

94. Ұлпа беруді ұлпа қабырғасының жарылуын болдырмас үшін сыртқы ауа температурасы -10º С төмен болғанда бір ұлпа өткізгіштен келесісіне ауыстыруға болмайды. Авариялық ауыстыру кезінде іске қосылатын ұлпа өткізгіштің арматурасы мен жабдығы мұқият тексеріледі. Ажыратылған ұлпа өткізгіш босатылады.

95. Құбыр жолды арматура мен соққыға қарсы құрылғысы бар ұлпа өткізгішті пайдалану кезінде:

1) ақаулы ысырмалар мен сыртқы клапандарды жөнделеді немесе ауыстырылады;

2) соңғы учаскелердегі ысырмалардың тез жабылуына жол берілмейді;

3) соққыға қарсы құрылғыларды дер кезінде тексеріледі, жөнделеді.

96. Барлық жабдық толық істеп тұрған кезде және ұлпа өткізгіштер жолдарында жөндеу жұмыстары болмаған кезде топырақ сорғыны іске қосуға болады.

97. Қысымы жоқ ұлпа өткізгіштерді пайдалану кезінде қабырғалар кеңейтіліп, астауларға жөндеу жүргізіледі.

98. Ұлпа өткізгіштің жарылуына әкелетін ұлпа өткізгіш астындағы негіздердің (шөгінділердің, тұнбалар) өзгергенін анықтаған жағдайда оларды жою бойынша шаралар қолданылады.

99. Ұлпа өткізгіштердің учаскелері, ауыспалы күйге көшкен қабырға қалыңдығы (қысымды ұлпа өткізгіштегі құбырларды алдын ала бұруды ескере отырып) ауыстырылады. Қабырғалардың ауыспалы қалыңдығы жобада белгіленеді және қалдық қоймасының құрылыстарын пайдалану жөніндегі технологиялық регламентпен реттеледі.

100. Болат пен құбырлардың дәнекер қосқыштарына тоттану әсерін тигізбейтін ұлпаларды тасымалдауға арналған ұлпа өткізгіш қабырғаларының ауыспалы қалыңдығы (мм) мынадай формула бойынша анықталады:
t=PД/0,8 R,
мұндағы Р – құбырдағы ең жоғарғы жұмыс қысымы, МПа;

Д – құбырдың сыртқы диаметрі, мм;

R – құбыр материалының созылуға есептік кедергісі, МПа.

Ұлпа өткізгіштердің қабырғаларының тозу дәрежесі бұзылмайтын бақылау әдістерімен анықталады.

101. Ұлпа өткізгішті жұмысқа қосқаннан кейін техникалық персонал оны трасса бойымен тексереді және тексеріс нәтижелерін құрылыстарды көзбен көріп, тексеру журналына жазады.

102. Ұлпа өткізгіш трассасы қызмет көрсету үшін қол жетімді болады. Автожолдар мен трассаға кіреберіс жолдар жылдың кез келген уақытында өту жүруге дайын күйде ұсталады.

103. Құбырлар мен астаулардың көрнекті орындарында трассаны жобалық ажыратуға сәйкес пикетаж қойылады.

104. Эстакадалар мен галереяларға төселетін ұлпа өткізгіштердің бойымен оларға қауіпсіз қызмет көрсету үшін ені кемінде 1 м қоршаулары бар өту жолдары орнатылады.

105. Бөгетке төселетін диаметрі 600 мм астам бөлгіш ұлпа өткізгіштерде ені кемінде 1м сатылары мен биіктігі 1 м екі жақты қанаты бар тасымал көпіршелер орнатылады. Бөлгіш ұлпа өткізгіштің ұзындығы бойымен көпіршелер арасындағы қашықтық 500 м, магистралдық ұлпа өткізгіш ұзындығы бойымен 1000 м аспайды.

106. Ұлпа өткізгіштер төселетін туннелдер желдеткішпен, авариялық жарықтандырғышпен және қызмет көрсетуші тұлға үшін өту жолымен жабдықталады. Туннелдердің аэрозациялық және желдеткіш ойықтары үнемі жұмыс күйінде болады.

107. Қалдық қоймаларында қалқыма балшық сорғыштарды пайдалану кезінде қолданыстағы Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі қауіпсіздік Талабы сақталады.

108. Сыртқы клапандар мен соққыға қарсы құралдарды балшық сорғыштарда және қалқыма ұлпа өткізгіштерде жобасыз орнатуға болмайды.

109. Балшық сорғышты қысқы жағдайларда жұмыс істеуге дайындау кезінде:

1) барлық тораптардың майын қысқысымен ауыстырады;

2) машина залы мен балшық сорғыштың палуба құрылысын жылыту қажет, қосалқы сорғылар мен құбырларды жылыту қамтамасыз етіледі, машина залына термометр орнатылады;

3) балшық сорғыш пен қалқыма ұлпа өткізгіш жанында майна береді және оны орындайды;

4) қалқыма ұлпа өткізгіштердің понтондарының жай-күйі бақыланады;

5) қалқыма ұлпа өткізгіштерді босату үшін. шығарғыштарды жұмыс күйінде ұстайды;

6) понтонның үстіңгі палубасы люгінің судан қорғау борты қамтамасыз етіледі;

7) палубаны, басқышты, көпіршені, бұрылыстар мен балшық сорғыш сатыларын таза күйде ұсталынады. Палубаны қар мен мұздан тазартылады.

110. Люгі ашық, понтонында сызаты бар балшық сорғышты пайдалануға болмайды.

111. Балшық сорғыштың көрнекті жерінде құтқару құралдары (дөңгелектер, құтқару жилеттері) орналасады.

112. Балшық сорғыштың жағадағы оператормен (диспетчермен), ұлпа сорғы станцисымен тұрақты радиобайланысы болады.

113. Балшық сорғыштағы өрттен қорғау жабдығы, аспаптар жарамды күйде болады. Өрттен қорғау жабдығының тізбесі жобада анықталады.

114. Балшық сорғыштарды технологиялық орналастыруды жүзеге асыруға арналған майнаның ең кішкентай ауданы 2-кестеде келтірілген.

2-кесте



Балшық сорғыштың судағы өнімділігі, м3/ сағ

1000- 1200

1600-

2400


2400-

3600



4000


5000


10000

Майнаның ауданы, м2

600- 800

1000- 1200

1400-

1600



1800-

2000



2500-

3000



3500

- 4000

2-кестеде көрсетілгенмен салыстырғанда майна ауданын 20 % аспайтын және ауа-райы күрт төмендеген жағдайда тек қысқа мерзімге азайтуға болады. майнаның өлшемдерін 2 кестеде көрсетілгенмен салыстырғанда өнімсіз энергия шығындарының артуынан және тазартылатын сыйымдылық жылуының табиғи қорының айрылуынан арттыру орынсыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет