Тау-кен және бикен ұйымдарының қалдық және қойыртпақ шаруашылығын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


-бөлім. Үстемелеп қазылатын және карсты аумақтардағы қалдық қоймасының қосымша қауіпсіздік талаптары



бет3/3
Дата01.07.2016
өлшемі302 Kb.
#170047
1   2   3

9-бөлім. Үстемелеп қазылатын және карсты аумақтардағы қалдық қоймасының қосымша қауіпсіздік талаптары
206. Үстемелеп қазылатын аумақта орналасқан қалдық қоймасын пайдалануды жүзеге асыратын бөлімшеде (цехта, учаскеде):

1) қалдық қоймасының, қалдық қоймасы орналасқан аймақта жерасты жұмыстарын жүргізетін, қолданыстағы және өңдеу үшін жоспарланып отырған кеніш (шахта) басшылығымен келісілген, жерасты тау-кен қазбаларының тереңдігін көрсете отырып, олардың бірлескен жоспары;

2) қабаттарды жуу орындары;

3) су өткізу сызаттарының түзілген түзілуі мүмкін аймақтарының, сынықтар мен жарылу, ықтимал топырақ және тасқын су басу аймақтарының шектері бар карта;

4) қалдық қоймасы құрылыстарынан соңғы белгіге дейін оны толтыру кезіндегі жүктемені ескере отырып, жер бетінің өзгеруін болжау және қазылған кеңістікке сүзбе ағысын болжау;

5) қазба үстіндегі қабат шөккен кезде құрылыстарды қорғау шаралары;

6) үстемелеп қазылатын аумақтарда орналасқан, қалдық қоймасы орналасқан жерде жерасты жұмыстарын жүргізетін кеніш (шахта) басшылығымен және әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметімен келісілетін қалдық қоймасынындағы аварияны жою жоспары болады.

207. Ұлпа түсіру мен су жинау шамасы тұрақты болған жағдайда тұнба тоғанындағы су деңгейі төмендеген кезде тау-кен қазбаларындағы су ағысының шамасын бақылауды арттыру бойынша шешім қабылдау үшін кеніш басшылығына хабарланады.

208. Қалдық қоймасындағы су деңгейі күрт төмендеген жағдайда оған ұлпа түсіру тоқтатылып, ұлпадан суды ұйымдасқан түрде бұру және түсіру үшін шаралар қолданылады.

209. Қазба үстіне немесе оған жақын төселген жерасты төсемдерінің су тартқыларында, сынықтар, сызаттар немесе су өткізгіштігі жоғары басқа да жыныстар аймағында, трассаның басында және соңында шығын өлшегіштер орнатылады, олар арқылы жүйелі түрде алынатын және келіп түсетін судың көлемі бақыланады. Трассадағы судың азаюын анықтаған жағдайда резервтік су тартқыға ауыстырып, зақымданған орындарды анықтау және ағып кетуді болдырмау шаралары қолданылады.

210. Карст аумағында орналасқан қалдық қоймалары үшін:

1) анықталған карст шұңқырлары мен сызаттарды баяу түсетін топырақпен бітейді;

2) тоғандағы ұлпаны тазарту және сыртқы сумен жабдықтау жағдайларынан қажетті судың көлемін ұстап тұру қажет, оның асыра толып кетуін болдырмайды;

3) сүзілетін судың азаюын болдырмау мақсатында қалдықтардан экранды алдын ала жуып, ложаның едәуір өтетін учаскелерін арнайы жуу қажет; экранның су бетіндегі қабатының желден жарылмауы үшін қорғағышы болады;

4) сүзбе су шығатын орындарда, жер бетіндегі су ағысына жақын орналасқан су мен су айдындарында, су алу және су азайту ұңғымаларында қоспалардың құрамы бақыланады;

5) Аварияны жою жоспарларында жабық карст қуысы арқылы оның үстіндегі жабынның бұзылу нәтижесінде судың апатты түрде ағу жағдайы қарастырылады.



10-бөлім. Қойыртпақ қоймасының қосымша қауіпсіздік талаптары
211. Қойыртпақ қоймасын пайдалану кезінде жобада қарастырылған мыналарды:

1) қойыртпақтарды құрғату үшін секцияларды немесе алаңдарды толтыру реті;

2) қойыртпақ қоймасы секцияларындағы дренаждарды іске қосу тәртібі мен мерзімі;

3) қойыртпақтарды құрғату мен қазу уақыты сақталады.

212. Қойыртпақтарды қойыртпақ қоймасында құрғақ қазу техникасымен оларды құрғатпай (кептірмей) екцияны немесе қазуға дайындалған жуу картасын инженерлік-геологиялық тексермей қазуға болмайды.

213. Қойыртпақтарды қазу және тау-кен көлігі машиналары мен электр механикалық жабдығын пайдалану Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі бірыңғай қауіпсіздік талабына сәйкес жүргізіледі.

214. Қойыртпақ қоймаларын тазалау үшін пайдалану кезінде бекіткіштердің немесе олардың түптері мен баурайларының қаптауының бұзылуына әкелетін тәсілдер мен тетіктерді пайдалануға болмайды.

11-бөлім. Тозаңмен күрес, радиациялық қауіпсіздік
215. Аршылған қабаттан тозаңның қарқынды ұшуы белгіленетін қалдық қоймаларында тозаң басу (байланыстырушы еріткіштер, қорғағыш қабығымен жабу, көгалдандыру және басқалары) шаралары қолданылады.

Тозаң қосылымы белгіленген шекті рұқсат қосылымынан артық жұмыс орындарында қызмет көрсетуші тұлға тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Тозаң қарқынды бөлінетін орындарда оны басу шаралары жалпы қалдық қоймасын пайдалану және консервациялау (қалпына келтіру) жобаларымен анықталады.

216. Қалдық қоймасында радиациялық қауіпті факторлар болған жағдайда радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар кешені жүзеге асырылады.

Қалдық қоймасын радиациялық қауіпті объектіге жатқызуды, іс-шараларды әзірлеуді және бекітуді мамандандырылған ұйымды жұмылдыра отырып, ұйым әкімшілігі жүзеге асырады.

Қалдық қоймасының радиоактивті ластану дәрежесін анықтау үшін үш жылда бір кемінде бір рет технологиялық регламентте белгіленген мерзімде радиациялық жағдайды тексеру жүргізіледі.

217. Жұмыскерлер, радиоактивті ластанған қалдық қоймасындағы қызмет көрсетушілер радиациялық қауіпсіздік бойынша оқудан өтеді.

218. Радиациялық қауіпсіздік нормаларының сақталуын бақылау ұйым басшылығына жүктеледі.

219. Қалдық қоймасын пайдалану кезінде жуу баурайындағы беттен тозаң түзілу және радиоактивті аэрозольдердің таралау мүмкіндігін жою үшін қабат қалыңдығы жобада анықталған жобалық белгіге дейін жуу мүмкіндігі бойынша таза топырақ төселеді.

220. Радиоактивті қауіпті қалдық қоймасын консервациялау жобаға сәйкес және тек жуылған материалдарды табиғи тығыздағаннан кейін ғана орындалады. Бұл ретте барлық радиоактивті ластанған бөлшектенетін жабдық шекті деңгейге дейін зарарсыздандырылады.



12-бөлім. Санитарлық-тұрмыстық қамтамасыз ету
221. Қызмет көрсетуші тұлғаның тәулік бойы тұрақты кезекшілігі қарастырылған қалдық қоймасының құрылыстарында қысқы маусымда жылыту және жаңбыр болғанда жабу үшін жұмыс орнынан (сорғы станциясынан) 300 м алыс емес қашықтықта орналасқан тұрмыстық бөлмелер орналастырылады.

Көрсетілген бөлмелер жедел байланыс құралдарымен жабдықталады, үстелдері, отыруға арналған орындық, қол жуғыш, ауыз су бар сыйымдылық, сыртқы киімді ілуге арналған ілгіш болады.

Бөлмелерді жылыту үшін ауа температурасы кемінде 20°С болады.

Санитарлық-тұрмыстық бөлмелерді тұрақты жұмыс орнынан 1 км астам қашықтықта орналастырған жағдайда жұмыскерлер жұмыс орнына жұмыс орнынан түскі асқа көлікпен жеткізіледі.

222. Қалдық қоймасының құрылысына қызмет көрсетуші жұмыскерлер арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Құрамына қалдық қоймасы кіретін ұйым арнайы киімді жууды, аяқ киімді және арнайы киімді жөндеуді ұйымдастырады.

223. Қалдық қоймасын пайдаланумен айналысатын бөлімшеде алғашқы медициналық көмек бекеті ұйымдастырылады. Бекетті ұйымдастыру және жабдықтау жобада анықталады.

Көрсетілген бөлімшедегі жұмыскерлер саны 100 адамнан кем болса, жұмыскерлерге медициналық қызмет көрсетуді жақын орналасқан емдеу мекемесінде жүргізуге болады.

Әрбір тұрмыстық бөлме алғашқы медициналық көмек көрсету сөмкесімен қамтамасыз етіледі.

224. Зардап шеккендерді немесе жұмыста кенет ауырып қалған адамдарды емдеу мекемесіне жеткізу үшін басқа мақсатта қолдануға болмайтын жабдықталған санитарлық машина қамтамасыз етіледі.



13-бөлім. Қалдық қоймасын пайдалану
225. Қалдық қоймасының иегері мен пайдаланушы ұйым:

1) қалдық қоймасын салу, пайдалануға беру, пайдалану, жөндеу, қайта салу, консервациялау, пайдаланудан шығару және тарату кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары мен ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді;

2) қалдық қоймасының жай-күйінің, табиғи және техногендік әсерлердің көрсеткіштерін бақылауды (мониторингін) қамтамасыз етеді және алынған деректердің негізінде қауіпсіздікті бағалауды, зиянды табиғи және техногендік әсер ету жағдайларында қалдық қоймасының жұмысын ескере отырып, оның төмендеу себебін, шаруашылық және өзге де қызмет нәтижелерін талдауды, объектілерді өзен арнасында және оған жапсарлас аумақтарда қалдық қоймасынан төмен және жоғары орналастыруды жүзеге асырады;

3) қалдық қоймасының қауіпсіздік өлшемдерін әзірлеуді және дер кезінде анықтауды қамтамасыз етеді;

4) қалдық қоймасын жүйелі түрде тексеруді қамтамасыз етеді;

5) қалдық қоймасындағы аварияларды жоюға арналған қаржылық және материалдық қорды құрады;

6) қалдық қоймасын пайдалануды ұйымдастырады және ұйымды пайдаланатын жұмысшылардың тиісті біліктілігін қамтамасыз етеді;

7) қалдық қоймасындағы төтенше жағдайлар туралы жергілікті хабарлау жүйесін үнемі дайындықта ұстайды;

8) авариялардың алдын алу мәселелері бойынша азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар органдарымен өзара бірлесуді жүзеге асырады. Аварияның қаупі туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін, басқа да мүдделі мемлекеттік органдарды, жергілікті билік органдарын және қысымды фронтының тікелей жарылу қаупі төнген жағдайда халықты және ықтимал су басу аймағындағы ұйымды дереу хабардар етеді;

9) іс-шараларды әзірлейді және қалдық қоймасына төтенше жағдайлардың туындауына әкелетін авариялардан күзетуді ұйымдастырады;

10) қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету іс-шараларын, қалдық қоймасындағы авариялардың алдын алу және жою жұмысын қаржыландырады.

14-бөлім. Қалдық қоймасын консервациялау, тарату
226. Қалдық қоймасы жобалық белгіге дейін толтырылғаннан және оны толтыру бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін жобаға сәйкес консервациялауға немесе таратуға жатады.

227. Консервациялауға (таратуға) жататын қалдық қоймасына оны консервациялау (тарату) үшін әзірленетін жобаны ескере отырып, оның жай-күйі мен қоршаған ортаға әсері туралы сараптау қорытындысы алынады.

228. Улы ағысты қамтитын қалдық қоймаларын тарату:

адамдардың өміріне қауіп келтіріп, елді мекендерде орналасқан;

сүзбеге қарсы құрылғы жер астындағы және жер бетіндегі суларды оларға улы ағыстың түсуінен қорғауды қамтамасыз етпей, ол су қорғау аймағы шегінде орналасқан жағдайда жүзеге асырылады.

229. Консервациялау (тарату) жобасы:

1) құрылыс жоспары мен оның жұмыс аяқталған сәттегі кескінін;

2) бөгеттерді қоршаған, олардың ұзақ уақыт бойы тұруын қамтамасыз ететін өлшемдер туралы қорытындыны;

3) затқа өзіне қарап байқау құрамы мен қалдық қоймасы пайдаланудан шыққаннан кейін бақыланатын өлшемдерді;

4) су жинағыштың жоғарыда орналасқан алаңынан беткі ағысты ұстауды (өткізуді) ұйымдастыру және қалдық қоймасының алаңына шығарылатын атмосфералық тұнбаларды бөлу бойынша іс-шараларды;

5) құрылыстарды су және жел жарылысынан қорғау бойынша іс-шараларды;

6) су жинау, дренаждық және су бөлу құрылыстарын жұмысқа қабілетті күйде ұстау негіздемесін немесе пайдаланудан шығару тәртібін;

7) көлік коммуникациялары мен жабдықты бөлшектеу тәртібін;

8) қалдық қоймасын қалпына келтіру бойынша техникалық шешімді;

9) қалдық қоймасының консервациялау жөніндегі жұмысты жүргізгеннен кейін қоршаған ортаға әсерін бағалауды;

10) консервациялау (тарату) бойынша жұмысты аяқтау мерзімін қамтиды.

230. Барлық атқару құжаттамасы мен қалдық қоймасын консервациялау бойынша жұмысты жүргізу барысында өткізілетін бақылау байқауларының материалдарын белгіленген тәртіпте сақтауда тапсырады.

231. Қалдық қоймасын консервациялау (тарату) консервациялау (тарату) туралы актіге қол қойғаннан кейін аяқталған деп есептеледі.

232. Консервациялауға (таратуға) жататын қалдық қоймасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді иегер мен пайдаланушы ұйым консервациялау мен оны жою мақсатында пайдаланудан шығаруға берілетін рұқсатқа сәйкес жүзеге асырады.

15-бөлім. Қалдық шаруашылығын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету бойынша жобалық құжаттамаға қойылатын талаптар
233. Есептік сыйымдылықтың тасқын ағысын қауіпсіз қабылдауды қамтамасыз етпейтін қалдық қоймаларында авариялық су жинағыш қарастырылады.

234. Өзен ағысын қабылдау және қалдық қоймасынан бөлу үшін арналған шоғырланған сыйымдылықтар мен су бөлу құрылыстары қалдық қоймасының класына тиісті ең жоғарғы пайыздық қамтамасыз етілетін судың есептік шығынын қабылдауды және өткізуді қамтамасыз етеді.

235. Ұлпа өткізгіштер төселген жер асты камералары мен галереяларының өту жолы, желдеткіш құрылғысы, авариялық жарықтандырғышы, далдаларында монтаж люгі және ұлпа өткізгіштерді жөндеу мен ауыстыруды қамтамасыз ететін көтергіш-көлік құралдары болады.

236. Камералар мен галереялардан ұлпа сорғы станциясының дренаждық жүйесіне авариялық шығу жолы қамтамасыз етіледі немесе олардың ең төменгі нүктесіне кілттер орнатылады және ұлпа өткізгіш жарылған жағдайда ұлпаны шығару үшін сорғы қарастырылады.

237. Ұлпа сорғы станцияларында сорып алынатын келтеқұбырлар мен ұлпа өткізгіштерді жуу үшін су беру қамтамасыз етіледі.

238. Ұлпа сорғы станциясы шетіндегі ұлпа өткізгіштерге сыртқы клапандар орнатылады.

239. Түпкірдегі сорғы станцияларында машина залынан авариялық шығу қарастырылады.

240. Дренаждық және авариялық сорғылардың электр қозғалтқыштарының негізгі және резервтік қорегі болады.

241. Ауыстырып қосу камерасы қарастырылмаған ұлпа өткізгіштерде қалдық жуу қоймасы үшін ұлпа сорғы станцияларының технологиялық шешімі оған орналасқан әрбір топырақ сорғысына негізгі құрамды ұлпа беруді қамтамасыз етеді.

242. Сорғы станциясындағы жабдықты жинақтау мен желілерді ажырату топырақ сорғыларының электр қозғалтқыштары және қысымды су жолдары мен ұлпа өткізгіштер ажыраған кезде басқару қалқандарының қатардан шығуын болдырмайды.

243. Машина залдары түпкірге қарай орналасқан сорғы және ұлпа сорғы станцияларында су жолдары (ұлпа өткізгіштер) немесе ғимараттың ішінде және оған жақын орналасқан ысырмалар жарылған жағдайда судан басудан берік қорғағыш қарастырылады. Су баспайтын белгіге авариялық шығу жолы болмаған жағдайда машина залын су басу қаупі төнген кезде суды сорып алуды қамтамасыз ететін авариялық сорғылар орнатылады, су өткізбейтін қалқандарды орнатып, машина залын секцияға бөлу қарастырылады.

244. Сорғылардың авариялық ажыратылуы туралы, қалдық және дренаждық астаулар мен зумпфтардың асыра толтырылғаны, сорғы станциясының бұзылғаны, кернеуді алу туралы хабарлау үшін дыбыс және жарық дабылы қарастырылады.

245. Операторлық бекеттегі гидротехникалық құрылысын пайдалану учаскесіндегі басқару қалқанында персоналсыз автоматты режимде жұмыс істейтін сорғы станцияларының агрегаттарын авариялық сөндіру дабылының таблосы қарастырылады.

Ұлпа сорғы және сумен жабдықтау сорғы станциялары машинистерінің оператор бөлмесінде орнатылған диспетчерлік байланыс телефондары машина залында орнатылған шақыру дабылын қайталағышпен бұғатталады.

246. Электр энергиясы өшірілген жағдайда ұлпа сорғы станцияларының бөлмелері мен аумақтарын жарықтандыру жүйесі авариялық электрмен жабдықтау көзіне қосылады.

247. Биіктігі 1 м астам эстакада бойымен төселген ұлпа өткізгіштерді тексеру және қызмет көрсету үшін қанатты қоршауы бар жүріс көпіршесі болады. Ұлпа өткізгіш астынан жалпы мақсаттағы автомобиль жолдарымен қиысу орындарында сақтандырғыш шашыраңқы тор орнатылады.

248. Ұлпа өткізгіш трассасының бойымен пайдаланылатын автожол орналасады. Бір жақты өтетін жолдарда ұзындығы бойынша 500 м сайын және бұрылыс бұрыштарында бұрылу алаңдары қарастырылады.

249. Ұлпа өткізгіш трассасында оларды босату үшін ұлпаны қабылдауға арналған шығарғыштар мен арнайы сыйымдылықтар (апандар) қарастырылады. Сыйымдылық толған сайын тазартылып отырады. Бірінші шығару ұлпа сорғы станциясы ұлпа сорғы станциясының ұлпа өткізгішінде орнатылған сыртқы клапан жағынан ұлпа өткізгіш жарылған кезде оны су басуды болдырмайтын қашықтықта орналасады.

250. І-ІІІ санатты автомобиль және темір жолдардың астынан ұлпа өткізгіштер қорғағыш футлярға салынады. Футлярлар жолдың шетіне кемінде 0,3 м шығыңқы болады.

251. Ұлпа шығарғыштардың ұзындығы құлама бөгеттердің шайылу қаупін болдырмайды.

252. Ұлпаның қалдық шығынын түсіруге арналған шығыңқы бөліктің ұзындығы жобада берілген су бетіндегі жаға енінің шегінде ұсақ шашыранды қалдық қабатының түзілуін болдырмайды.

253. Ұлпа шығарғыш арасындағы қашықтық жу жағасында тұнба аймағының түзілу мүмкіндігін болдырмайды.

254. Қалдық қоймасына авариялық сыйымдылықтан алынатын қалдықтарды түсіру нүктесі жобада көрсетіледі.

255. Ұлпа өткізгіштерге қатысты пайдаланылатын жолдың орналасуы олардың әрқайсысын осы мақсатта жобада қарастырылған көтергіш-көлік құралдарымен бұру және қайта төсеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

256. Ұлпа өткізгіш пен электр беру желілерінің соңғы сымының олардың бір-біріне параллель болғанда кездегі арасындағы қашықтық Электр қондырғыларын орнату талабына сәйкес болады.

Ұлпа өткізгіштердің электр беру желілері қиысатын жерінде:

1) электр беру желілері құбырда қуыс пайда болған немесе жарылған кезде ұлпа ағысының қысқа тұйықталуынан сақтау үшін ұлпа өткізгішке қорғағыш күнқағар орнатылады;

2) сым үзілген жағдайда ұлпа өткізгіштің үстінен онымен электрлік түрде байланыспаған торлы қоршау қарастырылады. Торлы қоршау жерге орнатылады. Жерге қосу кедергісі 10 Ом аспайды.

Қорғағыш күнқағардың ұзындығы, қолданыстағы электр беру желілеріндегі торлы қоршаудың ені мен ұзындығы электр беру желісін пайдаланушы ұйымның келісімі бойынша қабылданады.

257. Жобада ұлпа өткізгіштерді олар жұмыстан ажыраған кезде босату мәселесі шешіледі. Ұлпа өткізгіштерді босату жүйесі жергілікті жерді, беткі су айдындары мен жер асты су көздерін ластауы тиіс.

258. Қалдық қоймасы орналасқан аймақта кеніштер мен басқа да массалық жарылыс болатын объектілер болған кезде су тарту құрылыстарының екі жақты қақпағында техногендік сейсмикалық өлшемдері анықталады және ескеріледі.

259. Қалдық қоймасының қызмет мерзімі жеткен кәсіпорындарда қалдықтарды қайта өңдеу немесе оларды халық шаруашылығының басқа салаларында пайдалану көзделеді, қалдық қоймасының құрылымы бөгет тұрақтылығын бұзбай және қайталама шикізатты жоғалтпай қалдықтарды қазуды қамтамасыз етеді.

260. Тасымал телефонды бөгетке қосу нүктелері арасындағы қашықтық 1 км аспауы тиіс. Тасымал радиостанциялардың жұмыс істеу радиусы бөгеттің кез келген нүктесінен цехтың, бөлімшенің, учаскенің операторымен (диспетчерімен) тұрақты байланысты қамтамасыз етеді.

261. Топырақ аз өтетін алғашқы бөгеттің қалдық жуу қоймаларында құлама бөгеттің алғашқы қабатының дренажы қарастырылады.

262. Үстіртін ағыс келіп түсетін және су жинау құрылысы қарастырылмаған қалдық қоймаларында тоғанда қалыпты қысымды су деңгейін ұстап тұру үшін тұрақты су құятын су алу құдықтарын орнатуға болмайды.

263. Шахталық су алу құдықтың құрылымы су құю шегін қалдық қоймасындағы су деңгейінен жоғары ұлғайтқан кезде оған судың ағуын болдырмайды және түпкі шығарғыштардың авариялық жабылу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Су жинау коллекторын құдықпен қосу негіздер шөккен және температуралық әсер болған кезде олардың өзгеріске тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.

264. Жуу массивінде, бөгет денесінде немесе негізінде төселетін су жинау коллекторлары үшін бөлінген құбырлармен қосылған құбырларды пайдалануға болмайды.

265. Жуу массивінің астынан, бөгет денесінде және негізінде төселетін диаметрі 600 мм және одан астам су бұру коллекторлары үшін барлық дәнекерлеу монтаждау жапсарларын радиографикалық бақылау, беріктігі мен герметикалығына сынау қарастырылады. Мұндай бақылауды орындау мүмкін болмаған жағдайда жапсарларды құрсаулау қарастырылады.

266. Су алу және су жинау құдықтарынан су бұру коллекторларында және сыртқы сумен жабдықтау сорғы станциясының сорғы коллекторында құдықты пайдаланудың соңғы нүктесінде пайда болатын қысымға есептелген ысырмалар орнатылады.

267. Құрылыста орнатылатын барлық бақылау өлшеу аспаптары екі жақты байқау қақпақтарында, оларға қызмет көрсету, жөндеу және қалдық қоймасын пайдалану және кеңейту барысында құрылыс машиналары мен көлік құралдарымен зақым келтіру мүмкіндігін болдырмайтын орындарда орнатылады.

268. Бөгет пен оның негізінде орнатылатын бақылау өлшеу аспаптарының нөмірленуі бақылау өлшеу аспаптары шартты белгіленген екі жақты байқау қақпағының нөмірі мен екі жақты қақпақтағы аспаптың нөмірінен тұрады. Екі жақты қақпақтағы аспаптардың нөмірі саға баурайының төменгі жиегінен басталады. Төменгі бьефте орнатылатын аспаптар үшін аспаптың реттік нөмірінің алдында «нөл» цифрі жазылады. Мысалы, 1 ПМ-4 – (бақылау өлшеу аспаптары бірінші жарма қақпағында орнатылған саға баурайының биіктігі бойынша төртінші қабаттың таңба); 2 МГС-1 – (бақылау өлшеу аспаптары екінші жарма қақпағында орнатылған баурайдың биіктігі бойынша бірінші көлденең қиысқан таңба); 5 П-01 – (бөгеттің төменгі бьефінде орнатылған бақылау өлшеу аспаптары бесінші жарма қақпағындағы бірінші пьезометр).

269. Жобада су алу және су жинау құрылыстарын пайдаланудан шығару бойынша құрылымдық шешімдер қамтамасыз етіледі.

270. Сорғы станциясы шегіндегі қысымы 1 МПа артық су тартқыларда болат ысырмалар қарастырылады.

271. Қалдық қоймасының айналасына санитарлық аймақ салу және қоршаған табиғи ортаны қалдық қоймасының зиянды әсер факторынан қорғау шаралары оны толтырудың әрбір кезегінде жүзеге асырылады.

272. Құрылыстың қауіпсіз жай-күйін және пайдалануды бақылауды қамтамасыз ету үшін жобалық құжаттамада (жобада, жұмыс құжаттамасында):

1) гидротехникалық станциялар жоспары және бөгеттер мен плотиналардың ең жоғарғы жобалық биіктігіндегі көлденең қималары және жобада белгіленген құрылыстардың класы, тоғандағы ең жоғарғы су деңгейі мен ең жоғарғы толтыру жиегі;

2) есептік қамтамасыз етудің тастық ағысының көлемі, атмосфералық жауын-шашын және су бетінен, әр түрлі қамтамасыз етілетін бөгет пен жаға бетінен булану бойынша деректер;

3) жобалық қисық алаңдар мен көлемдер;

4) пайдалану жылдары бойынша су теңгерімі мен сыйымдылықтарды толтыру кестесі;

5) қалдық қоймасын толтыру сызбасы мен жазғы жә»не қысқы маусымда қалдықтарды төсеу технологиясы бойынша нұсқаулар;

6) құрылысты тұрғызу мен пайдаланудың әр түрлі кезеңдеріне, бөгет денесінің температуралық режимін, қабысулардың ложалар мен құрылыс орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін басқа маңызды нәрселерді болжау;

7) қауіпті аймақ шектері мен оның шегінде орналасқан халық шаруашылығы объектілерін қорғау бойынша іс-шаралар;

8) (пикеттердің) қиылыстарын, негіз топырағы мен құрылыс денесінің қабылданған физикалық-механикалық сипаттарын көрсете отырып, есептік қисық құламаларды, депрессиялық қисық және құрылыс салу кезегі баурайлардың немесе қалдық қоймасын толтыру қабаттарының алынған тұрақтылық коэффициентін енгізе отырып, бөгеттердің (плотиналардың) есептік сызбасы.

Егер бөгеттің (плотинаның) көлденең қимасы мен құрылымы ұқсастық бойынша немесе есептерді орындамай құрылымдық түрде қабылданса, бұл жөнінде сызбада көрсетіледі;

9) бақылау өлшеу аспаптарын орналастыру және орнату жобасы (мониторинг жобасы), заттың өзіне қарап байқау бағдарламасы мен тиісті нормалар мен ереженің талаптарына сәйкес плотиналар мен олардың негіздері жай-күйінің қауіпсіздік өлшемдері;

10) қауіпті аймақ шектері және қалдық қоймасының қауіпті аймағында орналасқан халық шаруашылық объектілерін қорғау бойынша іс-шаралар келтіріледі.

273. Гидротехникалық станция жоспары мен сызбаларында:

1) қоршау бөгеттерін, олардың дренаждық және сүзбеге қарсы құрылғыларын орнату үшін топыраққа қойылатын талаптар;

2) бөгет жобасының су деңгейінен ең төменгі артуы;

3) жуу қабаты бойынша су бетіндегі жағаның ұзындығы;

4) шекті жуу қарқыны мен жекелеген қабаттарды жуу арасында жағада демалу уақыты;

5) жоспарды және сынама алу орындары мен бақыланатын өлшемдердің мәндерін көрсете отырып, қиылыстарды қамтитын құрылысты салуды геотехникалық бақылау паспорты;

6) қалдық қоймасын толтыру қабаты (кезегі) бойынша бөгет денесіндегі шекті депрессиялық сызық қалпы мен пьезометрлердегі судың деңгейін белгілеу кестесі;

7) дренаждың қабаты мен тармақтары бойынша судың шығыны;

8) жұмыс істеп тұрған су алу құдығындағы судың ең тайыз тереңдігі, су құю орнындағы қысым; екі қатарлы шандорлары бар құдықтар үшін – шандор арасындағы кеңістікті пайдалануға мүмкіндік беретін құдықтың биіктігі бойынша шандорлардың саны;

9) су жинау құдықтары су бұру коллекторларын тексеру мерзімділігі мен тәртібі келтіріледі.

274. Қысқы жуу жобасы:

1) температураның өзгеруі мен байыту фабрикасынан жинағышқа түсіру нүктесіне дейінгі ұлпа өткізгіштің ұзындығы бойымен ұлпа құрамында жылудың болуын болжауды;

2) ұлпаны қажетті оң температурада картаға беруді қамтамасыз ететін іс-шараларды;

3) қысқы уақытта жуылатын қабаттардың ең үлкен қалыңдығын;

4) мыналарды:

жаға бойымен ұлпаның бастапқы температурасын және өлшемдеріне, ауаның температурасына байланысты және мынадай:

тірек призма шегінде ұлпа легінің қатуын болдырмау;

қалдық қоймасы сыйымдылығының шығынына әкелетін шайылған көп жылғы жота мұзы түріндегі ауыспалы(тоған аралық) судың немесе көктемгі еру маусымында тұнба тоғанының авариялық асыра толуына әкелетін көлемдегі жағаға қатқан мұз түріндегі судың шоғырлануын болдырмау өлшемдерін сақтау негізінде жүру жолы ұзындығымен ұлпа сипатының өзгеруін ескере отырып, ұлпа легінің жүру жолының ұзындығын бағалауды;

қалдықтарды картаға жуу инфильтрациясы мен қарқындылығы факторларын ескере отырып, ұлпа өткізгіштердің жұмыс режиміне байланысты жуу картасының беткі қабатында қату – еру процестерінің динамикасын; карта беті мен тұйық учаскелердегі қатқан қабаттардың (қалдықтар мен мұздардың) толық еру уақытын болжауды;

қалдық қоймасы денесінде (оның әр түрлі аймақтарында) қатқан топырақ пен мұздың болу мүмкіндіктері мен жағдайларын бағалауды;

қысқы уақытта құрылыста жуылған топырақтың құрамы мен геотехникалық сипатына қойылатын талаптарды қамтитын қысқы жуу шарттарының жылу физикалық негіздемесін;

5) қысқы жуу технологиясы салдарларының қоршау бөгеттерінің тұрақтылығы мен сүзбе беріктігіне әсерін бағалауды;

6) мыналарды:

қалдық қоймасының жуу жүргізілетін аймақтарын;

мынадай жуу: шоғырландырылған және шоғырландырылмаған тәсілдерін; жуу технологиясын сипаттауды;

ұлпа өткізгіштер мен ұлпа шығарғыштардың техникалық сипаттарын (ұлпаның диаметрі, ұзындығы, лайлануы, оны шығару ерекшелігі, жылыту және тағы басқалары);

қысқы (мүмкін жазғы) жуу маусымы барысында ұлпа шығарғыштардың жұмыс кестесін; ұлпа картасына берілетін өлшемдерді: жуылатын топырақтардың (қалдықтардың) температурасын, үлестік жылу сыйымдылығын, үлестік шығынын, консистенциясын, түйіршік өлшеу құрамын, олардың орташа диаметрін, минералдық бөліктің тығыздығын;

қысқы жудың теріс салдарларын бейтараптандыруды қамтамасыз ететін жазғы технологияны қажетті түзетуді;

жуу картасының өлшемдерін: жуу орны, өлшемдері, құлауы, еңістері, реті (кестесі) қамтитын ауаның қолайсыз температурасының шамасына байланысты қысқы жуудың технологиялық кестесін;

7) бақылау өлшеу аспаптарының сипаттамасын, бақыланатын өлшемдердің тізбесі мен шекті мәндерін, мерзімділігін, өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістерін қамтиды.

275. Қалдық қоймасы гидротехникалық станциясы қауіпсіздік мониторингінің жобалық құжаттамасы мынадай негізгі бөлімдерді қамтиды:

1) қалдық қоймасына мониторинг енгізу қажеттілігінің негіздемесі мен мониторинг объектілерін бөлу;

2) мониторинг объектілерінің тізбесі мен қысқаша сипаттамасы;

3) әрбір мониторинг объектісінде заттың өзіне қарап, аспаптық және көзбен байқау құрамының негіздемесі мен көлемі;

4) мониторинг объектілері жай-күйінің тексеріс көрсеткіштерін белгілеу;

5) әрбір мониторинг объектісі бойынша қауіпсіздік өлшемдерін әзірлеу;

6) барлық мониторинг объектілері бойынша заттың өзіне байқау жүргізу әдістері;

7) мониторинг қызметі мен оның функцияларын сипаттау, міндеттерді бөлу мен есеп беру тәртібін қамтитын мониторингті ұйымдастыру кестесі;

8) пайдаланушы персоналды дайындау және оқыту тәртібі;

9) ұйымда мониторингті әдістемелік қамтамасыз ету;



10) мониторинг жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

________________

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет