«Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

жүктеу 420.71 Kb.
бет1/3
Дата07.07.2016
өлшемі420.71 Kb.
  1   2   3
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2013 жылғы __ __________ № ___

қаулысымен бекiтiлген

«Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы «Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқаларын беру» (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет).

2. «Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi – стандарт) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен әзірленген.

3. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Өнеркәсiп комитетi (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) немесе «электронды үкiметтiң» www.egov.kz немесе www.elicense.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрi - Портал) көрсетедi.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын әзірлеу тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алғанға дейін порталға сұраныс бергеннен бастап:

лицензия беру және (немесе) лиценцияға қосымша – 15 (он бес) жұмыс күннен кешiктiрмей;

лицензиялар түпнұсқасын беру және (немесе) лиценцияға қосымша – екі жұмыс күні аралығында;

көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызмет берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін шекті күтілетін уақыт мерзімі – 20 минуттан аспайды;

көрсетілетін қызмет алушыға максималды қызмет көрсету уақыты – 20 минуттан аспайды.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электронды (толығымен автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі тау-кен, пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру болып табылады немесе қағаз түрінде немесе электронды құжат нысанында Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауап беру.

7. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін көрсетілетін қызмет алушыдан лицензиялық жиын өндіріледі.

Жиын ставкалары республикалық бюджет туралы заңнамамен белгіленген және жиынды жинау кезеңінде қолданыстағы айлық есептік көрсеткіш көлеміне қарай анықталады және құрады:

лицензия беру кезінде – 10 АЕК;

лицензия түпнұсқасын беру кезінде – 1 АЕК;

лицензияны қайта рәсімдеу кезінде - 1 АЕК.

Төлеу тәсілі – қолма-қол есеп айырысу немесе екінші деңгейлі банктер және банктік операциялардың белгілі бір түрін іске асыратын ұйымдар арқылы ақша аудару арқылы іске асырылады.

Мемлекеттік қызметті Портал арқылы алуға электронды ұсыныс жасаған жағдайда, төлем «электронды үкімет» төлем шлюзі арқылы іске асырылады.

Лицензияға қосымша беру кезінде (лицензия қосымшасына түпнұсқа) лицензиялық жиын өндірілмейді.

8. Көрсетілетін қызмет көрсетушінің жұмыс кестесі:

көрсетілетін қызметті беруші - демалыс және мереке күндерін қоспағанда күнделікті 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүргізіледі.

Порталда – тәулiк бойы.

9. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (қызметтiң кiшi түрлерi болған жағдайда) алу үшiн мынадай құжаттар беріледі:

1) осы стандартқа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес лицензия алуға белгiленген үлгiдегi өтiнiш;

2) заңды тұлға үшiн – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы;

3) жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

4) дара кәсiпкер үшiн – көрсетілетін қызметті берушiнi дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;

5) көрсетілетін қызметті берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;

6) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

7) осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.

Осы тармақтың 2), 3) 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну олардағы ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда, талап етілмейді.

Лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:

осы стандартқа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес лицензия алуға белгiленген үлгiдегi өтiнiш;

осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес қызметтiң кiшi түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлiнген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқығы бар.

Егер лицензия қағаз жеткiзгiште берiлген болса, көрсетілетін қызметті алушы телнұсқаны алмастан, оны өтiнiш бойынша электрондық форматқа аударуға құқылы.

Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлiнген бланкiлерi көрсетілетін қызметті алушының лицензиарға жазбаша өтiнiш берген күнiнен бастап жарамсыз деп есептеледi.

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай:

жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) өзгерген;

дара кәсiпкер қайта тiркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген;

заңды тұлға бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылған;

заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда қайта ресiмделуге жатады.

Қызмет түрiнiң және (немесе) кiшi түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растай отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге құқығы бар.

Көрсетілетін қызметті алушы қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.

Лицензиялық алым төленбеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеуден бас тартады.

Порталда:

Куәландырылып ұсынылған құжаттардың растығы үшін жауапкершілікті оларды ұсынып отырған көрсетілетін қызметті алушыға жүктеледі.

Порталдағы электронды сұраныстарды қабылдау қызмет алушының жеке кабинетінде іске асырылады. Құжаттар қызмет алушының электронды цифрлік қол таңбасымен куәландырылып құжаттардың электронды сканерленген көшірмелері түрінде ұсынылады.

Қызмет алушының барлық қажетті құжаттарды тапсыру кезінде:

1) қағаз түріндегі сұранысты қабылдауды растау құжат көшірмесінде күні мен құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген қызмет көрсетушінің кеңсесіндегі тіркеуден өтуі туралы бұрыштама растау болып табылады

2) Портал арқылы сұраныс беру кезінде Порталдағы жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті ұсыну үшін қызмет алушымен мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып сұранысты қабылдау туралы есеп-ескерту жолданады.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге мiндеттi. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактiлерi анықталған жағдайда лицензиар аталған мерзiмде өтiнiштi одан әрi қараудан жазбаша дәлелдi түрде бас тартады.

10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:

Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған;

қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;

көрсетілетін қызметті беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;

көрсетілетін қызметті берушіге лицензия беру келісуші мемлекеттік органмен келісілмесе;

көрсетілетін қызметті берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған;

сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті берушіге лицензия алуға тыйым салған жағдайларда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тарту жүзеге асырылады.

ҚР «Ақпараттандыру туралы» Заңының 36 және 40 баптарымен қарастырылған негіздемелердің болуы:

сұратылған электрондық ақпараттық ресурсқа қатысты қол жетiмдiлiкке шектеулер болғанда және сауал жiберген тұлғаның сұратылған электрондық ақпараттық ресурсқа қол жеткiзу құқығы болмаса;

сұратылған электрондық ақпараттық ресурс болмаса және кiмнiң иелiгiнде екенi оған белгiсiз болса;

сауалдың мәнiн нақтылау кезiнде сұрау салушы тұлғаның нақты қандай электрондық ақпараттық ресурсты беру туралы өтiнiм жасағанын анықтау мүмкiн болмағанда;

электрондық ақпараттық ресурсты сұратушы тұлға сауалды орындау шығыстарын төлемесе, егер шығыстарды төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделсе ;

электронды ақпараттық ресурстарға рұқсат алуға берілген сұраныста келесі мәліметтер көрсетілмеген:

ақпаратты сұратқан тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты;

заңды тұлға атынан сауалмен жүгiнген кезде - заңды тұлғаның толық атауы, сауалмен жүгiнген тұлғаның лауазымы, тегi, аты және әкесiнiң аты;

сауалмен жүгiнген адамның байланыс деректерi (почталық мекенжайы немесе электрондық почта мекенжайы, не телефонның немесе телефакстiң нөмiрi), олар арқылы ақпараттық жүйенiң меншiк иесi немесе оны иеленушiсi электрондық ақпараттық ресурстарды беруi немесе ақпаратты сұратқан тұлғамен байланысуы мүмкiн;

сұратылған электрондық ақпараттық ресурстың мазмұны, құжаттың атауы мен мазмұны немесе оған белгiлi құжаттың деректемелерi;

сауалды орындау үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер;

сауалды орындаудың тiлекке сай тәсiлi көрсетiледi.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы негізді жауапты көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушiден немесе электронды құжат түрінде Порталдағы «жеке кабинетінде» алады.

3. Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, сондай-ақ көрсетілетін қызмет берушілердің және (немесе) олардың лауазымдық тұлғаларының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілген қызметтер нәтижесіне келіспейтін жағдайда немесе қате қызмет көрсетілген болса, шағым қағаз түрінде Астана қ., «Транспорт Тауэр» ғимараты, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, № 2117 кабинет, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік), байланыс телефоны: 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 беріледі немесе көрсетілетін қызмет алушы заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша сотқа шағымдануға құқылы.

Қабылданған шағым Министрліктің кеңсесінде тіркеледі. Шағымды қабылдауды растау ретінде шағым берген көрсетілетін қызмет алушыға шағымды қабылдау күні, уақыты, жауапты лауазымды тұлғаның аты-жөнін беру, шағымға алынатын жауап мерзімі мен орыны, шағымда қарастыру туралы ақпаратты алуға болатын тұлғаны байланыс телфондарын беру болып табылады.

Портал арқылы көрсетілетін қызмет алушының сұранысын қабылдауды растау ретінде оның жеткізілуі және тіркелуі туралы ескерту болып табылады.

Бұл ретте көрсетілетін қызмет алушыға сұраныстың орындалуы, қарастырылуы және бас тартылу туралы жаңартылған ақпарат қол жетімді болады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін, ерекшеліктерін ескергендегі өзге де талаптар

12. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.

13. Әлеуметтік қорғалмаған халық санатына жатқызылатын, қызмет берушіге жеке бару мүмкіндігінің болмауын ескере отырып, қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету сенімхат арқылы немесе пошта қызметімен іске асырылады: 010000, Астана қаласы, «Транспорт Тауэр» ғимараты, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайы интернет –ресурстарда көрсетілген: www.comprom.kz, www@mint.gov.kz.

15. Көрсетілетін қызмет алушы электронды цифрлік қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік қызметті Портал арқылы электронды түрде алуға құқылы.

16. Порталда көрсетілетін қызмет алушы жойылған рұқсат режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы Бірыңғай байланыс орталығының нөмірі: (1414) немесе 8 (7172) 24-05-84, 24-07-45.

18. Көрсетілетін қызмет алушылар үшін мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы қысқаша ақпарат аталған стандартқа 6 қосымшада белгіленген. Мемлекеттік қызметті алу схемасы аталған стандартқа 7 қосымшада белгіленген.

«Тауарлардың, оның iшiнде экспорттық 
бақылауға жататын өнiмнiң экспорты мен
импортына лицензия беру, қайта ресiмдеу,
лицензия телнұсқаларын беру»      
мемлекеттiк қызметiнiң стандартына   
1-қосымша                

Экспорт лицензиясына өтiнiш

1. № ЛИЦЕНЗИЯ

2. Өтiнiш берушi, оның мекен-жайы, телефоны

3. Тапсырма бойынша (ұйым, кәсiпорын, оның мекен-жайы, телефоны)

7. Сатып алушы, оның мекен-жайы

4. Әзiрлеушi, оның мекен-жайы

8. Сатып алушының елi

5. Баратын елi

9. Қолданылу мерзiмi

6. Кеден органы

10. Мәмiле сипаты

11. Төлем валютасы

12. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы

13. Тауардың ҚР СЭҚ ТН бойынша коды

15. Өлшем бiрлiгi ҚР СЭҚ ТН бойынша (негiзгi/қосалқы

17. Жалпы құны (мың):
төлем валютасында:
теңгеде:
USD долларында:

14. Тауардың бақылау тiзiмдерi бойынша коды

16. Саны

18. Лицензия сұрау үшiн негiз

20. Келiсiлдi

19. Өтiнiш берушiден
Т.А.Ә.
лауазымы
қолы, МО     күнi

21. ҚР мемлекеттiк органы -
лицензиар
Өтiнiш қарауға қабылданды
200__ ж. "___" __________

22. Есеп айыру (валюталық) шоттарының нөмiрлерi, банк бөлiмшелерiнiң атауы

23. Лицензияның ерекше шарттары

«Тауарлардың, оның iшiнде экспорттық 
бақылауға жататын өнiмнiң экспорты мен
импортына лицензия беру, қайта ресiмдеу,
лицензия телнұсқаларын беру»      
мемлекеттiк қызметiнiң стандартына   
2-қосымша                

Импорт лицензиясына өтiнiш

1. № ЛИЦЕНЗИЯ

2. Өтiнiш берушi, оның мекен-жайы, телефоны

3. Тапсырма бойынша (ұйым, кәсiпорын, оның мекен-жайы, телефоны)

7. Сатушы, оның мекен-жайы

4. Тұтынушы, оның мекен-жайы

8. Сатушының елi

5. Шыққан елi

9. Қолданылу мерзiмi

6. Кеден органы

10. Мәмiле сипаты

11. Төлем валютасы

12. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы

13. Тауардың ҚР СЭҚ ТН бойынша коды

15. Өлшем бiрлiгi ҚР СЭҚ ТН бойынша (негiзгi/қосалқы)

17. Жалпы құны (мың):
төлем валютасында:
теңгеде:
USD долларында:

14. Тауардың бақылау тiзiмдерi бойынша коды

16. Саны

18. Лицензия сұрау үшiн негiз

20. Келiсiлдi

19. Өтiнiш берушi
Т.А.Ә.
лауазымы
қолы, МО     күнi

21. ҚР мемлекеттiк органы -
лицензиар
Өтiнiш қарауға қабылданды
200__ ж. "___" __________

22. Есеп айыру (валюталық) шоттарының нөмiрлерi, банк бөлiмшелерiнiң атауы

23. Лицензияның ерекше шарттары

«Тауарлардың, оның iшiнде экспорттық 
бақылауға жататын өнiмнiң экспорты мен
импортына лицензия беру, қайта ресiмдеу,
лицензия телнұсқаларын беру»      
мемлекеттiк қызметiнiң стандартына   
3-қосымша                

Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына лицензия беру туралы өтiнiш

1. № Өтiнiш

2. Қолдану кезеңi
ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап
ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңiне|

3. Лицензия типi
          |ЭКСПОРТ

4. Келiсiм-шарт
     жылғы ________ № ________

5. Өтiнiш берушi|

6. Сатып алушы

7. Тағайындалған елi|

8. Сатып алушының елi|

9. Келiсiм-шарт валютасы|

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шыққан елi|

13. Саны

14. Өлшем бiрлiгi

15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы|

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшiн негiздеме

18. Өтiнiм берушiнiң уәкiлеттi тұлғасы
Т.А.Ә
Лауазымы
Телефоны

Қолы және мөрi         Күнi

  1   2   3

©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет