Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


тақырып. ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕГІ ТӘРБИЕНІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ



бет121/226
Дата10.04.2023
өлшемі0.96 Mb.
#471983
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   226
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

4 тақырып. ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕГІ ТӘРБИЕНІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ


4.1. Тәрбие – тұтас педагогикалық үдерістің құрамдас бөлігі.
Педагогиканың негізгі категориялары мен ұғымдарын тәр-бие, білім беру, оқыту, дамыту, қалыптастыру, әлеуметтендіру, табыстылық, құзыреттілікті қамтиды.
Адамның өз тұрмысына маңызды мән беріп, өмірлік мәні бар мәселелерді шешуге ұмтылуы – оның өз өмірін әртүрлі өмірлік жағ-дайлардың сабақтастығынан құралған үдеріс ретінде тануға ұмтылы-сы. А.Маслоудың пікірінше, адамның мінез-құлқының басты тенден-циясы – оның тұрмыстық құндылықтарды іздеуі. Өмірдің мәні туралы осындай түсініктер адам өмірін нақты тарихи жағдайлардағы объек-тивті міндеттер мен мақсаттарға бағындырады. Демек, өмірдің мәнін ашу адамның әлеуметтік қатынастарға дұрыс ене алуын толық қамтамасыз ете алмайды. Адамның даралық бағыты оны өзінің субъективтілігі шегінен асырмайды, ал көпшілік немесе әлеуметшілдік бағыт адамның жеке тұрмысын кең әлеуметтік қоғамдастықтардағы қиыншылықтармен, тіптен бүкіл адамзаттық мәселелерімен тығыз байланыстырады. Жеке адамның тұрмыс-тіршілігі басқа кеңірек, үлкенірек адамзаттық тіршілікке кіретін болғандықтан, өмірдің құндылық негізін әлеуметтік қоғамдастықтың, жалпы қоғамның мақсат-мүдделері мен қажеттіліктерінен іздеуді қажетсінеді. Өзінің ғана өмірімен айналысқан адам сирек жағдайда ғана өз бақытын таба алады. Өйткені адам әлеуметтік тұлға. Оның барлық тіршілік әрекеті басқа адамдармен байланысты. Көпшіл-дік, әлеуметшілдік тұжырымдардың түйісуі адамның өзін-өзі және бас-қаларды түсінуіне көмектеседі.
Қазіргі жалпы білім беретін мектеп тәрбие институты ретінде мыналарды қамтиды:

  • білім беретін және тәрбиелейтінұйым, тәрбиені оқыту әрекеті арқылы жүзеге асырады;

- оқу үдерісінен тыс уақытта педагогтардың оқушылардың өмірін ұйымдастыруы;
- әлеуметтік-психологиялық топтардағы (жалпы мектеп және соның ішіндегі кішігірім топтар) педагог ұйымдастырмаған оқушылар-дың еркін қарым-қатынастары.
Мектептегі тәрбиені осылай бөліп көрсету арқылы оқушылар-дың өзара әрекеттесу белсенділігі жүзеге асырылып, жеке тұлғалық сапалары жетілдіріледі.
Мектеп ашық әлеуметтік жүйе ретінде мынадай жұмыс түрлерін ұйымдастырады:
- мектептің отбасымен қатынасын кеңейту;
- мектептің қосымша білім беру ұйымдары, мәдени және басқа да әлеуметтік институттармен бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
- педагогтардың ұйымдастыруымен оқушыларды қоғамдық ортамен байланыстыру, (мысалы, мектеп түлектері, ардагерлер, мәдениет және спортбірлестіктері)

  • педагогикалық ұжымның көмегімен өзге балалар шығарма-шылық ұйымдарымен біріккен іс-шаралар ұйымдастыру;

  • сабақ пен сабақтан тыс іс-шараларды мектептен тыс орындарда жүргізу (шеберханалар, зертханалар, табиғат аясында)






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   226




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет