Таусоғарова А


Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар тізімі



бет16/33
Дата14.11.2023
өлшемі0.57 Mb.
#483222
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33
annotation18047

Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар тізімі:



  1. Скрипт – табиғи тілді өңдеуде кейбір арнаулы тапсырмаларды орындаушы фрейм түрі, сана құрылымы типтерінің бірі: әдеттегі жағдаяттар скрипт тұрғысынан оқиғалардың стереотиптік ауысуы сияқты сипатталады. Көпшілік скрипттер тікелей тәжірибе арқылы немесе басқа адамдар әркетін бақылау кезіндегі толқыныстар нәтижесінде балалық шақта меңгеріледі: адамның өз басы банк тонауға, я ұшақ ұрлап кету, азаптау істеріне қатыспаса да, кітаптар, кино, теледидар арқылы аталмыш әрекеттердің қалай жүзеге асырылатыны туралы түсініктері біршама қалыптасқан, яғни сәйкес скриптерді меңгерген болып табылады. Өмірдің көптеген жағдаяттарын және сол жағдаятқа қатысушыларды қайсыбір пьеса «мәтінінде» алдын ала даярлап қойған рөлдерін «ойнап» жатқандай талқылауға болады. Даяшы өзінің даяшылық рөліне, ал тапсырыс беруші өзіне сәйкес рөлде әркет етеді. Нақты бір таптаурын жағдаятта адамның өзі қалай әрекет етеді және басқалар қалай әрекет тұрғысында өмірлік тәжірибемен қалыптасқан білім скрипт болып табылады (қара. Кубрякова Е. С., Демьянков В.З., Панкрац Ю.Г., Лузина Л.Г. Краткий словарь когнитивных терминов. М., 1996).

  2. Схема – операциялы ақпаратты тану әдісі. Когнитивті психологияда түсінік келіп түсетін және шығатын ақпараттар ағынын ретке келтіретін құрылымдар ретінде тірек етіледі. Когнитивтік тұрғыдан өңделетін сыртқы сигналдар (қабылдау, сезіну) және ішкі қозулар (іс-әрекетке кірісердегі өзіндік импульсі туралы танымы-түсінігі, сезімі т.б.) өзіндік мезгілдік бірізділігінде сананың осы ағымын құрайды. Түсініктердің құрылымдануы онда тәртіп орнатып, жүйеге келтіріп, ұқсастықтар басқалардан іргесін аулақтайды. Нәтижесінде схема пайда болады. Түсініктер «түсінік иерархиясында» ретке келтіріледі, білім құрылымы мен скриптер нәтиже ғана емес, ақпаратты өңдеу барысындағы тәртіпке келтіру шарттары болып табылады. Адам «жағдаят схемасы» деп аталатын және семантикалық интерпретацияға берілетін тілдік формаларды формалды өңдеу алгоритміне ие. Схеманың басты белгісі болып айнымалылармен толығып отыратын тұрақты каркасының және бір схеманың басқаларын тірек ету мүмкіндігінің бар болуы қарастырылады (қара. Кубрякова Е. С., Демьянков В.З., Панкрац Ю.Г., Лузина Л.Г. Краткий словарь когнитивных терминов. М., 1996).



  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет