Тазарту әдістерінің жалпы сипаттамасы



бет8/22
Дата15.02.2022
өлшемі45.04 Kb.
#455411
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Ауыз суды дайындау әдістерін гигиеналық бақылау

Жанаспалы мөлдірлегіш жедел сүзгінің бір түрі, мұнда су төменнен жоғары қарай, яғни сүзгіш материал ретінде ірі түйіршікті заттардан, майда түйіршікті заттарға қарай ағады. Су мөлдірлегішке түсер алдыңда коагулянтпен араласады, онда ішінде ластағыш заттарды ұстап қалуды қамтамасыз ететін гравийлі және құм қабатынан өту арқылы жанаспалы коагуляция жүреді. Бұл үшін судың лайлылығы 150 мг/л-ден, түстілігі 150°-тан аспауы қажет. Судың лайлылығы 20-30 мг/л, түстілігі 80-100° кезінде жанаспалы мөлдірлендіру тиімділігі едәуір жоғары. Жанаспалы мөлдірлегіштерді қолдану бір сатылы схемамен суды тазартуға, пайдаланатын қондырғылар көлемін қысқартуға (коагуляция үрдісін, тұндыруды, сүзуді жүргізетін қондырғы) және коагулянт шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жанаспалы мөлдірлегіште суды тазарту тиімділігі тазарту стансасындағы суды тазарту тиімділігінен кем түспейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет